Жапонияның діні - синтоизм




Презентация қосу
ҰЛТТЫҚ ДІНДЕР
Жоспар
1. Ұлттық діндер және олардың генезисі мен
спецификасы.
2. Үнді халықтарының діндері: брахманизм,
индуизм, сикхизм.
3. Қытай діндері: конфуцийшылдық, даосизм.
4. Жапонияның діні - синтоизм.
5. Еврейлердің діні - иудаизм.
Ұлттық халықтың діндері әр түрлі ру-тайпаның
діндерінің араласуы мен дамуы арқасында, таптық
қоғамның шығуына байланысты ұлттық мемлекет
діндері шығады.
Ерекшеліктері:
- қарапайым адамдардың күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін, әдет-
ғұрыптарын, егжей-тегжейлерін тәптіштеп талдап, ритуалдап
көрсетеді
- көптеген нәрселерге тыйым салып және көптеген нәрселерін
орындау керек екенін Құдай атынан ұсынады
- осы бір ұсынып отырған ритуалдық әдет-ғұрыптары сол бір белгілі
ұлттарға ғана тән және сол ұлттың шекарасынан шығып кетпейді,
немесе басқа ұлттарға тарамайды
Үнді халықтарының діндері: брахманизм, индуизм, сикхизм.
Брахманизм - бар әлемнің генетикалық, түп негіздік
бастамасы және олардың соңы. Брахман абыздарының
айтуы бойынша
- адамның ұзақ жасауы тікелей құрбандық жасау ритуалына
байланысты
- кім көп құрбандық ритуал жасаса, сол ұзақ өмір сүреді.
- адамның өзі туғанда толық туылмайды, ол келе келе
құрбандықтың саны мен сапасына байланысты болады.
- онсыз «карманың» құрсауынан адам еш уақытта да шыға
алмайды.
Брахман дінінің оппозиция түрінде Үнді мемлекетінің тағы
басқа діні - Индуизм діні шықты.
• Индуизм үнді халқы үшін қатардағы дін емес, ол өмір сүру формасы,
этикалық, адамгершілік және жеке адамның өмір сүру мәні болып
есептеледі. Үш құдайдың барлығына сенім бар. Брахма, Шива және
Вишну. Әрқайсысының өзінің мүсіні, мінезі және істейтін ісі бар.
• БРАХМА ШИВА ВИШНУ
Сикхизм индуизм дінінің оппозициялық түрі. Үнді халқының кастаға бөлінушілігіне
қарсы шықты. Оны басқарған Гуру Нанақ. Индуизм діндердің көп құдайлық
көзқарасын жоққа шығарады. Құдай бір ғана, жалғыз, аты «Ек» деп аталады.
Негізі діни кітап – «Грантх Сахиб» (құдай кітабы). Сикхтер киелі Алтын Амритсара
деген храмында өздерінің киелі кітаптарын сақтайды.

• әрбір адам құдайға тікелей өзі сыйыну керек дейді
• құдай алдында адамның барлығы бірдей болғандықтан, қоғамда да олар
барлығы тең
• Олар шаштарын алмайды, сақалдарын кеспейді, басына дөңгелек тақия киеді
• ет жемейді, ішімдік ішпейді, темекі тартпайды
• Әрбір сикхтер қарулы болып жүру керек
• өздерінің белдеріне қысқа семсерін байлап жүреді, әрдайым әрбір сикхтер
соғысқа дайын болып жүру керек дейді.
Даосизмнің негізін Лао Цзы
(Қарт ұстаз) салды.
Даосизмнің қайнар көзі -
«Дао-Дэ-цзин» деп аталатын
философиялық трактатта
көрсетілген.

.Дао (жол) –әлемнің түп
негізі.
Дао тек дэ арқылы белгілі
болуы мүмкін.
Дэ деген дао бойынша өмір
сүру, этикет.
У-вэй - даоға бойсұну,
табиғи әрекетсіздік, артық
тыраштанбау.
Дао = Жол ДАОСИЗМ
Даосизмнің негізгі мәселесі – Дао «Жол» туралы,
жалпылама абсолют туралы ілім. Даоны ешкім жасаған
жоқ, бірақ бәрі де содан тараған. Дао барлық жерде,
әрқашан, әр уақытта, шексіз өз үстемдігін жүргізеді. Оны
сезім арқылы көруге, естуге болмайды. Дао табиғаттың,
қоғамның, адам мінезі мен ойының табиғи, көрінбейтін
заңы. Оның бастамасы да, аяғы да жоқ. Сондықтан ол
атаусыз. Ол уақыт пен кеңістіктен тәуелсіз, солай бола
тұра, жарық дүниедегі барлық нәрсенің негізі мен
бастамасы, аты мен түрі. Дао сансыз заттарды жасаса да,
әрекетсіз күйін сақтайды; бос қуыс сияқты, бірақ мәңгі,
таусылмайды, оларды әруақытта реттеп отырады.о
заңына бағынады.
• Табиғатыңа сай өмір сүр,
адаспайсың.
• Ізгілік туралы сөз көбейген
сайын арсыздық,
қулық, сұмдық көбейеді.
• Нағыз жеңіс, ол соғыспай
жеңу.
• Алғашында бір (дао) болды,
сосын
екі (инь-ян), сосын үш (инь-
ян (оң-теріс)
ж/е ци (жан)) пайда болды.
• Жұмсақ қаттыны, әлсіз
күштіні жеңеді.
• Жеңісті қаралы күн деп
жариялау керек.
• Соғыс болса сөзсіз
ашаршылық болады.
• Білетіндер айтпайды,
айтатындар білмейді.
Конфуций Confusius
күйреген ақсүйек отбасында
туылған. 22 жас. ұстаздық
етіп, 3000 шәкірт тәрбиелеген,
оның 72-сі әйгілі адам болған.
Конфуций мектебінде төрт
пәннен дәріс оқытылған: тіл,
этика, саясат және әдебиет. 50
жасында қытайдың жеті
патшалығы арасында өз
ілімін таратты, бірақ
нәтижесі аз болды.
Конфуцының ілімі

(б.з.д. 479-551)
шәкірттері жазып қалдырған
«Лунь юий»(«Сұхбаттар мен
пікірлер») «Да Шуе» (ұлы
білім) қатарлыларда
сақталған.
1. Ескіні елеп, жаңаны жасау керек.
2. Патша патша секілді, ер ер секілді, бала бала секілді, әйел әйел
секілді болсын. Ақсүйек патшаға, әйел ерге, бала әкеге бойсұнсын.
3. Өзіңе жасамайтынды өзгеге де жасама.
4. Аспан мен адамның үйлесімі - ізгілік.
5. Ең жоғары қасиет адамды сүйе білу ізгілігі. (Жэнь)
6. Аспан адамға нені сыйласа, сол адам табиғатын құрайды.
7.Ата-анасына, еліне, Тәңіріге (тиян) опалы (сяо) , қайырымды ұл
Дегдар (сюьн цзы) болады.
8. Әр нәрсенің ортаншысы жақсы. (жоң иоң) (Алтын орта)
9. Ата-баба дәстүріне адал болғанда, салт-жоралғыны дұрыс
ұстағанда ұлт, жалық жойылмайды. (Ли)
10. Сөйлесуге тұрмайтын адамдармен сөйлесу сөзді жоғалту.
Сөйлесуге тұратын адамдармен сөйлеспеу адамды жоғалту.
11. Адамды талпындыратын төт ұмтылыс: ұзақ жасауға, даңыққа,
мәртебеге, байлыққа ұмтылыс!
12.Өзіңді біл, әдеп-ибаға қайт!

Конфуцы Ережелері
Конфуцзы Лаоцзы

Конфуцзының
Лаоцзымен кезігуі КонФуЦзының дәрісі

(Б.д.д. ІІ ғ.)
Тайшан тауындағы
КонФуЦзының
«КонЦзы» атты кино
тас кескіні
• Жапонның ұлттық діні: синтоизм.
Осы күнге дейін сақталып келген бір мемлекеттен
шықпаған ұлттық дін - Синтоизм. Синтоизм –
«синто құдай жолы», б.д.д.VI-VII ғғ. шығыс Кюсю
аралында Жапонияда пайда болды.
• «Ерте дәуірдегі жазу» немесе «Койки» деген
кітаптағы аңыз бойынша, синтоизм дінінің шығуы
туралы айтылады. Бұл әдеби жинақ б.з.д. 712ж.
жазылған. Оның негізгі мақсаты император рухын
халықтардың үстінен қарап, билеу құқығын
бекітуге арналған. Ең негізгі синтоикалық храм
Исә деген қалада. Оны Исә дзингу Аматерасу
храмы дейді. Жалпы Жапония бойынша 110 мың­
дай храмдары бар.
• Еврейлердің ұлттық діні: иудаизм
Иудаизм б.з.д. ХІІІ ғ. Еврей халқының арасынан
шыққан дін.
«Иудаизм» деген сөз Еврей тайпасынан шыққан
Иуда руының атымен аталады.
Иуда руы еврей халқының 12 рудан шыққан ең ірі
және бірінші патшасы Давидтан таралған беделді
ру болады.
Иудаизм
символдары
Олардың құдайы Яхва (Найзағай құдайы, от құдайы,
су құдайы) барлық рулардың құдайы деп алынады
да, монотеистік жеке, бір құдай болып танылады.
• Б.з.д. XIII ғ. еврейлер Палестинаны жаулап алған
соң, Яхва құдайының құрметіне Иерусалим
храмын салады.
• Саинагога еврейлердің діни институты.
Иудаизмдағы қасиетті кітаптар

Иудаизмдағы қасиетті кітапты үшке бөліп қарастырады.

Бірінші топқа Үшінші топқа
бір кітап Тора Екінші топқа бірнеше топтама
кіреді (ивритше Танах кіреді. кіреді - Талмуд
- “Заң”). (“зертеу”).

16 16

Ұқсас жұмыстар
Ұлттық діндер
СИНТОИЗМ VI-VII ғ
Жапония
ХУІІ - ХУІІІ
Жапонияның сайлау жүйесі
Діндер классификациясы: ұлттық және әлемдік
Соғыс машиналары
Жапония туралы
Синтоизм туралы ақпарат
Индуизмнің қасиетті жазбалары
Пәндер