Мойын үшбұрыштарының практикалық маңызы және бас пен мойын бұлшықеттерінің қанмен және нервтендірілуі


Slide 1

Тақырыбы: Үшбұрыштарының практикалық маңызы. Бас және мойын бұлшықеттерінің қанмен қамтамасыз етілуі, веналық ағымы, нервтендірілуі.

Орындаған:Асылхан Зере

Тобы:ЖМҚБ-01-22

Қабылдаған:Молдалиева А. Ы

Шымкент 2023 ж.

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Slide 2

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

Мойын шекарасы

Мойын топографиясы

Мойынның беткей бұлшықеттері

Мойынның тері асты бұлшықеті

Мойынның тіласты сүйегінен жоғары орналасқан бұлшықеттер

Мойын үшбұрыштары

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

ЖОСПАР:

Slide 3

Қаңқасын 7 омыртқа сүйегі мен тіласты сүйегі құрайды. Бас пен адам денесін байланыстырушы. Тiршiлiк үшін маңызды функцияларды орындайды.

Мойын

Slide 4

Жоғарыдан-төменгі жақтың қыры және оның бұрышымен емізік тәрізді өсіндінің ұшы арқылы желкенің жоғарғы сызығына жүргізілген сызық.

Төменнен-төстің мойындырық ойығынан бұғана бойымен өтіп, жауырынның басы(акромион) арқылы VII мойын омыртқаның жоталық өсіндісіне жалғасатын сызыққа сәйкес келеді.

Шекарасы

Slide 5

Бұлшықеттер

Топографиялық орналасуына қарай

Беткей

Терең орналасқан

Латеральды

Медиальды

Тіласты сүйегінен жоғары

Тіласты сүйегінен төмен

Slide 6

Мойынның беткей бұлшықеттері

Мойынның тері асты бұлшықеті

m. Platysma seu subcutanea

Төс-бұғана-еміздік бұлшықеті

m. Sternocleido-mastoideus

Slide 7

Мойынның бүйір қапталында орналасып, жиырылған кезде айқын байқалатын қос қарыншалы ірі бұлшықет. Бұл бұлшықеттің медиальды аяқшасы төс сүйегінің тұтқасының алдыңғы бетінен, латеральды аяқшасы бұғана сүйегінің төстік ұшынан басталады. Бұлшықеттің аяқшалары, өрлеме бағытта өтіп, бір-бірімен өзара бұрыш құрап бірігіп, бұл бұлшықеттің қарыншасын құрап, самай сүйектің еміздік тәрізді өсіндісі мен шүйде сүйегінің жоғарғы желкелік сызықшасының бүйір қапталына барып бекиді.

Төс-бұғана-еміздік бұлшықеті

m. Sternocleido-mastoideus

Slide 8

Қызметі: Тұлғаны берік ұстап тұрып, жиырылған кезде, басты бір жағына қарай иеді. Екі жағы бірдей жиырылған кезде, басты артқа қарай шалқайтады. Басты тік ұстап жиырылған кезде, кеуде қуысын кеңейтіп, терең дем алуға ықпал етеді.

Нервтенуі:ХІ жұп қосымша нервтің талшықтары, мойын нервтің тармақтары

Қандануы: шүйделік артерия, төс-бұғана-еміздік артерия.

Slide 9

Өте нәзік және жалпақтау келіп, тері астында орналасқан. Ол куде бұлшықеттерінің беткей фасциялық табақшасынан басталып, латеральды бұлшықет талшықтары меншікті шайнау бұлшықеттің және қалқанша бездің фасциялық қабықшасына ұласса, медиальды бұлшықеттік талшықтары ерінді төмен түсіретін бұлшықет пен күлімсіреу бұлшықеттің талшықтарына ұласады.

Мойынның тері асты бұлшықеті

m. Platysma seu subcutanea

Slide 10

Қызметі: Жиырылған кезде мойынның терісін төмен қарай тартып, тері астында орналасқан веналардың қысылуынан қорғап, бас аумағынан жинақталған вена қанын жүрекке қарай өтуін қамтамасыз етеді. Ауыз езуін төмен тартады.

Нервтенуі: VІІ жұп бет ми нервінің, n. facialis, мойындық бұтағы ramus colli арқылы.

Қанмен қамтамасыз етілуі:бет артериясы, беткей мойындық артериясыaa. cervicalis superficialis et facialis арқылы.

Slide 11

Мойынның тіласты сүйегінен жоғары орналасқан бұлшықеттер

Екі қарыншалы бұлшықет m. digastricus

Біз-тіласы бұлшықеті m. stylohyoideus

Жақ-тіластылық бұлшықеті m. mylohyoideus

Иек-тіластылық бұлшықеті m. geniohyoideus

Slide 12

Мойын үшбұрыштары

Мойынның алдыңғы беті тіласты сүйек пен қосқарыншалы бұлшықеттің артқы қарыншасы арқылы екі аймаққа бөлінеді.

1 Тіласты сүйек үсті

2 Тіласты сүйек асты

Тіласты сүйек үстіндегі бұлшықеттер ауыз қуысы түбін құрайды. Бұл аймақ мойын мен бас арасындағы шекара болып есептеледі. Тіл асты сүйек үстіндегі аймақта ұшбырыштар бар. Иек астылық, ол тіласты сүйек және қосқарыншалы бұлшықеттердің алдыңғы қарыншаларымен шектеледі. Оң және сол жақ асты үшбұрыщтар, олар төменгі қырымен және қосқарыншаларымен шектеледі.

Slide 13

Медиалды үшбұрыш шекаралары медиалды жағынан -ортаңғы сызықпен, үстінен -қосқарыншалы бұлшықеттің артқы қарыншасымен, астынан -кеуде -бұғана -емізік бұлшықеттің алдыңғы қырымен шектеледі. Медиалды үшбұрышты жауырын -тіласты бұлшықеті-ұйқы және жауырын кеңірдек үшбұрыштарына бөледі. Жауырын кеңірдек үшбұрышы медиалды жағынан кеуде -бұғана-емізік бұлшықетінің алдыңғы қырымен үстінен жауырын тіласты бұлшықетінің жоғарғы қарыншасымен шектеледі . Ұйқы үшбұрышы -үстінен-қос қарыншалы бұлшықеттің артқы қарыншасымен астынан-жауырын тіласты бұлшықеттің жоғарғы қарыншасымен сыртынан кеуде-бұғана -емізік бұлшықеттің алдыңғы қырымен шектеледі.

Медиалды үшбұрыш

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Бас пен мойын бұлшықеттерінің анатомиясы мен миологиясы
Бас және мойын бұлшық еттерінің анатомиялық-топографиялық және гистологиялық сипаттамасы
Мойын лимфа тамырлары мен кеуде лимфа түтігінің мойын бөлімінің клиникалық анатомиясы
Сан бұлшықеттерінің анатомиясы: топтастырылуы, құрылымы, қызметі, нервтенуі және қанмен қамтамасыз етілуі
Ит пен қойдың мойын аумағындағы флегмонаның клиникасы мен хирургиялық емдеу әдістері
Мойын мен өңештің жарақаттары, қабынулары және емдік шаралары
Анатомиялық препараттарда мойын, кеуде, бел, сегізкөз және құйымшақ омыртқаларының құрылыс ерекшеліктері
Анатомиялық препараттарда мойын, кеуде, бел, сегізкөз және құйымшақ омыртқаларының құрылымдық ерекшеліктері
Ешкінің мойын аймағындағы абцесс: ауру тарихы және хирургиялық-пластикалық емдеу әдістері
Мойын аймақтары мен үшбұрыштары және кеуде үшбұрыштары; іштің ақ сызығы, тік ішек қынабы, шап каналы мен кіндік сақинасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz