Жүйке талшықтарының құрылымы




Презентация қосу
СРО
«Бұлшық ет және жүйке
физиологиясы»
Орындаған: Кекенова М.
Тобы: В-101
Қабылдаған: Нуржуманова Ж.
Қозғыш ұлпалардың жалпы физиологиясы
• Қозғыш ұлпалар үш түрлі физиологиялық күйде — физиологиялық тыныштық, қозу және тежелу, болуы мүмкін.
Қозғыш ұлпалар бір күйден екінші күйге баяу өрбіген сандық өзгерістер әсерінен өте шапшаң, секірмелі түрде
көшеді,
• Физиологиялық тыныштық деп жеке ұлпалар мен мүшелердің өздеріне тән әрекетін байқатпаған күйін айтады.
Мысалы, бұлшық ет жиырылмаса, без сөл бөлмесе т.с.с, оларды тыныштық күйде деп есептейді.
• Қозу деп тітіркендіру салдарынан жеке ұлпалар мен мүшелердің өзіне тән әрекетті атқаратындай белсенді
жағдайға келуін айтады. Қозу түрлі физика-химиялық, функционалдық өзгерістер жиынтығынан тұратын күрделі
биохимиялық реакция.
• Тежелу — тірі құрылымдар әрекетінің толастауымен, бәсеңдеуімен сипатталатын ерекше биологиялық күй.
Тежелу үрдісі де тірі ұлпаның тітіркендіргіштерге белсенді реакциясы нәтижесінде туындайды. Тежелу сыртқы
белгілері жағынан физиологиялық тыныштыққа ұқсас. Бұл екі күй де ұлпалар мен мүшелер әрекетінің тиылуымен
сипатталады. Бірақ тыныштық күй мен тежелудің арасында зор ішкі айырмашылық бар: тежелу кезінде ұлпалар
мен мүшелердің қозғыштығы, лабилъділігі күрт төмендейді, теріс шыңды потенциал тіркеледі. Тежелу қозу
үрдісімен бірлесе отырып тірі құрылымдардың сыртқы орта жағдайларына бейімделуін қамтамасыз етеді.
Тірі құрылым қасиеттері
• Кез келген тірі құрылымға тітіркенгіштік, қозғыштық, функционалды жылжымалық (лабильділік)
қасиеттері тән.
• Тітіркенгіштік деп тірі құрылымдардың тітіркендіруге өзіндік сипаты жоқ жалпылама реакциялармен
— зат және энергия алмасу үрдісінің өзгеруімен — беретін жауабын айтады. Бұл реакцияларға
шектелген сипат тән болады, олар тірі құрылымның белгілі бір жерінде шоғырланады, оның басқа
учаскелеріне таралмайды. Тітіркенгіштік: — жануарлар жасушаларына да, өсімдіктер жасушаларына
да ортақ қасиет. Оның әсерімен жасушалары мен ұлпалардың өсу және көбею үрдістері
атқарылады, тірі құрылымдардың қоршаған орта жағдайына баяу морфологиялық бейімделуі
жүреді.
• Қозғыштык, деп тірі құрылымдардың — ет және нерв ұлпаларының тітіркендіруге таралатын әрекет
потенциалымен — тітіркеніспен (импульспен), арнаулы өзіндік реакциялармен жауап беруін
айтады. Қозғыштық тек жануарлар ұлпасына ғана тән қасиет. Бұл қасиет ерекше белсенді күй — қозу
үрдісінің туындауына себепші болады.
• Қозу үрдісі шектеулі немесе таралмайтын және таралатын бо-лып бөлінеді. Шектелген қозу түрін
Н.Е.Введенский ашқан. Қозудың бұл түрі тітіркендіргіш күші табалдырықтан төмен болған жағдайда
туындайды. Мүндай кезде ұлпаның қозған учаскесінде әлсіз теріс электр заряды пайда болады да,
ол жан-жағына декрементті түрде (өше) жайылады. Сондықтан, бұл потенциал ұлпа бойымен
таралмай, бірнеше милиметрден соң өшіп қалады. Тітіркендіргіш күші табалдырықтан жоғары
болған жағдайда әрекет тогы пайда болып, қозу толқыны декрементсіз (өшпей) ұлпа бойымен жеке
тітіркеніс түрінде таралады.
Ұлпалардың биоэлектрлік құбылысы
• Биоэлектрлік құбылыс. Тірі жасушалардың барлығының
биоэлектрлік белсенділігі болады, яғни тірі жасушалардың
сыртқы жарғақшасында электр заряды бар. Бұл
цитоплазмадағы және қоршаған ортадағы оң және теріс
иондардың біркелкі таралмауынан іске асады. Соның
нәтижесінде кез келген тірі жасуша тыныштық жағдайда
сырттай - оң, ішкі жағында (цитоплазмада) теріс зарядталады.
Бұл заряд тыныштық әлеуеті немесе жарғақшалық әлеует деп
аталады және 60-70 милливольт (мВ) шамада болады.
• Сендер бұған дейін тітіркенгіштік, нақтырақ айтқанда
қозғыштық ұғымын кездестірдіңдер. Қозғыштық дегеніміз - бұл
тірі жүйенің тітіркендіргіш әрекетті қабылдап, оған қозу (өз
жағдайын өзгерту) арқылы жауап қайтаруы. Қозу дегеніміз -
тітіркенуге орайлы әрекет жасауы - тыныштық жағдайдан іс-
әрекет жағдайына өтуі. Ағзамыздағы жасушалардың барлығы
бірдей өз жарғақшаларындағы заряд-тардың өзгеруіне еткен
әсерге жауап қайтара бермейді. Жарғақшаларында заряд
өзгерісі пайда болған жасушалар қозгыш жасушалар деп
аталады. Жүйке, бұлшықет жөне безді эпителий қозғыш
ұлпаларға жата-ды. Бұл жасушаларда қоздырғыш өсер еткен
кезде жарғақша заряды өзгереді. Оның үстіңгі бетінде 90-120
мВ электр тогы пайда болады. Ол әрекет әлеуеті деп аталады.
Бұлшықеттердегі жөне эпителий жасушаларындағы «қозу
толқыны» таралып, көршілес үлескілердегі жарғақшаларға
беріледі. Жүйке жасушалары қозуды бір жасушадан екіншісіне
тоғысу (синапс) арқылы бере алады.
Потенциал түрлері
• Потенциометрия - теңгерілген электродты потенциал мен электрохимиялық реакцияға қатысушы
қоспалардың термодинамикалық активтілігі арасындағы тәуелділікті анықтауға негізделген
электрохимиялық зерттеудің тәсілі.
• Потенциометрлік әдіс қайтымды немесе қайтымсыз гальваникалық элеменггердегі электродта
пайда болатын электр потенциалдарының айырымын өлшеуге негізделген. Мұны ерітіндідегі
заттың мөлшері мен физикалық-химиялық сипаттамасын анықтау үшін қолданады.
• Бұл әдісте қолданылатын гальваникалық элемент индикаторлық, салыстырмалық деп аталатын екі
электродтан тұрады. Бұларды тасымалсыз элемент болатындай бір ерітіндіге немесе аралары сұйық
қосқыш арқылы жалғасқан тасымалды тізбек құратын әр түрлі ерітіндіге енгізуте болады.
Индикаторлық электродтың потенциалы ерітіндідегі анықталатын иондардың активтігіне, яғни
концентрациясына тәуелді. Ал оның мәнін өзге иондарға тәуелсіз тұрақты потенциалы бар
салыстырмалы, яғни қалыпты электрод көмегімен анықтайды. Талдауда қолданатын
потенциометрлік әдістің басты артықшылығы - оның аса дәлдігі, сенімділігі, сезімталдығы, оңай
қайталампаздығы, сұйытылған, боялған әрі лайлы ерітінділерге қолдану мүмкіндігі. Сондай-ақ, бұл
әдіспен алдын ала жеке бөліп алмай-ақ, екі не одан да көп заттан тұратын құрамдас бөліктерді де
анықтай береді. Бұл оның талдау мүмкіндігінің шеңберін кеңейте түседі. Мұндағы титрлеуді сулы,
сусыз не аралас ортада да жүргізуге болады, яғни суда бөлініп, жеке титрлене бермейтін бірнеше
құрамдас бөліктері бар қоспалардың құрамын анықтайды. Мұнымен қатар суда ерімейтін немесе
суда ыдырайтын біраз өнімдерді де талдауға болады. Бұл әдістің тағы да бір артықшылығы
сигналдарды, сенсорларды пайдаланып, титрлеу ісін автоматты жүргізуге, тіпті едәуір қашықтықтан
(не көрші бөлмеден де) басқаруға болады.
Жүйке бойымен қозудың
екі жақты өту
• Жүйке-бұлшықет препаратын даярлайды.
Сан бұлшықеттерін ашып, шонданай
жүйкесін табады. Шыны ілмекпен
шонданай жүйкесін абайлап, жамбастан
ажыратады, шамамен 1 см
арақашықтықта. Жүйкені ажыратқан соң
жамбас сүйегін және бұлшықетін
қайшымен кесіп тастайды. Сондықтан
тізе мен балтыр ьір-бірімен тек қана
шонданай жүйкемен байланысып
тұрады. Дайын шыны тақтайға қойып,
жүйкені электростимулятормен
жалғасқан электродтар үстіне салады.
Жүйкені тітіркендіріп, сан мен сирақ
бұлшықеттерінің жиырылуын
бақылайды.
Введенскийдің парабиоз туралы ілімі
• Парабиоз (гр. para — маңында, төңірегінде,
bios — өмір) — 1) екі немесе бірнеше
организмнің қан, лимфа тамырларындағы,
организмдегі сұйық заттарды жасанды
іркілдету арқылы оларда жалпы қан
айналымын қалыптастыру тәсілі;
• 2) Тірі организмнің тітіркендіргіш әсеріне
(тітіркенудің күші мен ұзақтығына қарай)
қайтаратын сатылы жауаптың әлсіреуі.
Парабиоз кезінде организмнің негізгі
қасиеттері — қозғыштық, өткізгіштік жалпы
қозу процесі қайтымды өзгеріске ұшырайды.
Парабиоз ұғымы мен теориясын
Н.Е.Введенский (1901 ж.) ашты. Парабиоз
туралы ілім организмдегі қозу, тежелу
процестерінің генетикалық бірлігін,
қозғыштық пен өткізу арасындағы
байланысты анықтады.
Ет талшықтарының құрылымы
Қаңқа еттері əрқайсысының құрамында 20–60 ет талшықтары бар жеке- жеке ет шоғырларынан
құралады. Əрбір ет шоғыры сырт жағынан дəнекер ұлпалы сыртқы етқабық - перимизиуммен, ал əр
талшық ішкі етқабық - эндомизиуммен қапталады. Жануарлар бұлшық етінде талшықтар саны көп
шамада (жүзден жүз мыңға дейін) ауытқып отырады. Əрбір ет талшығының диаметрі 10–100 мкм, ал
ұзындығы 12–16 см шамасында болады. Ет талшықтары көп ядролы симпластық құрылым жəне онда
жеке торшалар анық шектелмейді. Əрбір талшық сырт жағынан торшаның нағыз қабығымен -
сарколеммамен қапталған, оның ішінде саркоплазма, еттің жиырылғыш жіпшелері - миофибриллалар
жəне торша қосындылары - саркосомалар мен митохондриялар орналасады. Митохондрияларда
тотықпалы фосфорлау процесі жүреді де, ет талшықтарына қажет қуат бөлінеді.Миофибриллалар ет
талшығының бір ұшынан екінші ұшына дейін созыла орналасады. Олардың диаметрі 0,5–2 мкм
шамасында болады (167-сурет). Өз кезегінде миофибриллалар жіңішке жəне жуан белок жіпшелерінен -
протофибриллалардан (филаменттерден) құралған. Əрбір миофибрилланың құрамында 2–2,5 мың
протофибриллалар болады. Жіңішке - актин жіпшелерінің диаметрі 5–8 нм, ұзындығы 1–1,2 мкм, ал
жуан - миозин жіпшілерінің диаметрі 10–15 нм, ұзындығы 1,5 мкм. Микроскоппен қарағанда
миофибриллалардың ұзына бойында алма кезек орналасқан күңгірт - анизотроптық, жəне ашық -
изотроптық жолақтар көрінеді (168- сурет), сондықтан оны көлденең жолақты ет талшықтары деп
атайды. Талшықтың күңгірт учаскесі - А дискасы сəулені қосжақты шағылыстырады, ал изотроптық
учаскелерге - И дискасына, мұндай қасиеттер тəн емес. Миофибриллалардың ашық учаскелері орта
тұсында тығыз жолақпен - Z мембранасымен бөлінген. Осы мембрана миофибриллаларды жеке
сегменттерге - саркомерлерге бөледі жəне оған актин жіпшелері бекиді.
Бұлшық ет талшығы
Ет талшықтарының
физиологиялық қасиеттері
• Ет талшықтарына қозғыш ұлпалар қасиеттерінің барлығы тән. Дегенмен, қаңқа еггерінің қозғыштығы нерв
талшықтарымен салыстырғанда төмен келеді. Оньң себебі ет талшықтарында тыныштық потенциалы нерв
талшықтарымен салыстырғанда едәуір жоғары (тиісішпе -90 мВ және 70 мВ). Демек, әрекет потенциалы
туындау үшін ет талшықтары нервпен салыстырғанда көп деңгейге үйексіздену керек.
• Ет талшықтары қозу толқынын даралап, қатар жатқан талшыққа өткізбей және тітіркенген жерден қос
(қарама-қарсы) бағытқа таратады. Қозудың таралу жылдамдығы ақ ет талшықтарында секундына 12-15 м,
қызыл ет талшықтарында — 3-4 м.
• Эволюциялық даму барысында ет талшықтарының өзіне ғана тән қасиеттер де пайда болған. Қаңқа еттері
серпімді құрылым. Бұл оның құрамында белсенді және енжар жиырылғыш құрамалардың
(компоненттердің) болуына байланысты қалыптасқан қасиет. Осы құрамалар қызметіне байланысты ет
талшықтарында созылғыштық, оралымдық, икемділік қасиеттері де пайда болған.
• Созылгыштық; деп әр түрлі әсер ықпалымен ет талшықтарының ұзаруын айтады. Қызыл ет талшықтары ақ
талшықтармен салыстырғанда созылғыш келеді. Талшықтары қатарласа (параллель) орналасқан еттер
таранды (талщықтары көлбей орналасқан) еттермен салыстырғанда көбірек созылады.
• ДененІң кеңістіктегі кейпін сақтауды қамтамасыз ететін қызыл ет талшықтарының икемділігі ақ
талшықтардан жоғары болады. Ет талшықтары тонус жағдайында болады. Тонус деп бұлшық ет
талшықтарының қуатгы аз шығындай отырып, тұрақты ширығу жағдайында, кернеулі күйде болуын айтады.
Бұлшық еттің енжар (пассивті) тонусын оның икемділік қасиеті, ал белсенді (активті) тонусын баяу
нейрофункционалдық бірлестіктің үйлесімсіз (асинхронды) әрекеті қамтамасыз етеді.
• Ет талшықтарының негізгі қасиеттерінің бірі — жиырылғыштық. Жиырылғыштық деп ет талшықтарының
тітіркендіргіш әсерімен өзінің ұзындығы мен ширығу деңгейін өзгертетін қасиетін айтады.
Жүйке талшықтарының құрылымы
• Жүйке талшығы (гр. neurofibra neuron — жүйке және fibra - талшық) - жүйкелік глия (нейроглия)
жасушаларыме(олигодендроглия жасушаларымен) қапталған нейроциттің біліктік (ось) цилиндрлі (нейроцит өсіндісі).
• Құрылысына байланысты жүйке талшықтары: миелинсіз (үлпексіз) және миелинді (үлпекті) болып екі топқа бөлінеді.
• Миелинсіз жүйке талшығы — вегетативтік жүйке жүйесіне тән. Оның ішінде бірнеше біліктік цилиндр болады. Олар
сыртынан леммоциттермен ғана қапталған.
• Миелинді жүйке талшығы негізінен сомалық жүйке жүйесі жүйкелерін құрайды. ішіндегі біліктік цилиндр сыртынан екі
қабықпен қапталады. ішкі қалың миелінді қабығын сыртынан бір қабат леммоциттер қаптап жатады. Жүйке
талшықтары: қызметіне байланысты сезімтал, аралас және қозғалтқыш жүйкелерді құрайды. Жүйке толқынын сезім
мүшелерінен жүйке жүйесінің орталық мүшелеріне өткізетін жүйке талшығын — афферентті (орталыққа тепкіш), ал
жүйке толқынын, керісінше, орталық жүйке жүйесі мүшелерінен шеткі орындаушы мүшелерге (Бұлшықеттерге,
бездерге) өткізетін жүйке талшығын эфферентті жүйке талшығы деп атайды.
Жүйке талшықтарының физиологиясы
• Жүйке жүйесінің құрылысы мен функциялық
негізі – нерв клеткасы немесе нейрон.
Орталық жүйке жүйесінде нейрондарды
қосымша клеткалар – глиялар қоршаған.
Нейрондар мен глиялар нерв ұлпасын
құрайды. Глиялар нерв клеткаларының тірегі
болып, оны қоректендіреді және электрлік
изолятор қызметін атқарады. Жаңа туған
нәрестенің нейрондарының саны глиялардан
анағұрлым көп болады. 20-30 жаста олардың
саны бір-бірмен теңеседі де, кейін адамның
жасы ұлғайған сайын нейрондардың үлесі
азайып, глиялардың үлесі көбейеді.
• Нерв клеткасының құрлысы күрделі. Басқа
тірі клеткалар тәрізді оның мембранасы,
ядросы, ядрошығы мен органоидтары
болады. Нейронның басқа клеткалардан
айырмашылығы – денесінің көптеген
өсінділері болады және цитоплазмасында
нейрофибриллдері бар.
Синапстар, түрлері,
физиологиялық қасиеттері
• «Синапс» ұғымын ғылымға 1897 жылы ағылшын физиологы Ч.Шеррингтон енгізді. Синапс
құрылымында негізгі үш бөлімді айырады:1-пресинапстық звеноны немесе пресинапсты (көп
жағдайда ол аксонның ең ақырғы тармақтарынан тұрады); 2- постсинапстық звеноны немесе
пастсинапсты (көбінесе ол келесі нейрон денесі немсе дендрит мембранасының байланыс түзетін
аймағы); 3- пресинапс пен постсинапс арасындағы болар — болмас (10-50 нм-дей болатын)
синапстық саңылауды. Пресинапс пен постсинапс мембраналарының бір-біріне дәл (сай) келетін
байланыс түзетін аймағы көп жағдайда пресинапстық мембрана немесе мембрана деп те атайды.
• Электрлік синапстардағы саңылау диаметрі 2- 4 нм-ден артпайды. Онымен қоса бұл саңылауларда
диаметрі 1-2 нм-дей болатын белокты молекуладан тұратын, пресинапстық мембрана мен
субсинпстық мембранаға бойлай еніп оларды өзара байланыстыратын көпіршелер – каналдар
болады. Каналдар біраз бейорганикалық иондардың, кейбір майда молекулалардың бір жасушадан
екіншілеріне өтуіне көмектеседі. Осындай синапстарда электрлік кедергі өте аз болады да,
пресинапстық ток күші әлсіреместен постсинапстық жасушаға өтеді.
• Химиялық сиапстарға тән болатын бірнеше функциональдық ерекшеліктер бар: 1. Олар арқылы қозу
кешігіп өтеді (сиапстық кешігу), мысалы, жылықандыларда 0,2-0,5 мс. Ал электрлік синапстарда
мұндай кешігу болмайды. 2. Химиялық синапс арқылы қозу тек бір бағытта өтеді, өйткені тиісті
сигналды жеткізуге тиісті медиатор пресинапстық звенода ғана орналасады. Электрлік синапстарда
қозу көбінесе екі бағытта да өте алады. 3. Химиялық синапстардағы медиаторлар өздерінің
табиғатына, қызметіне қарай, постсинапстық (субсинапстық) мембранада қозу да, тежелу де тудыра
алады. Электрлік синапстар арқылы тек қозу ғана өте алады, өйткені пресинапстардан нерв
импульстері постсинапстық звеноға ылғи да деполяризация толқыны түрінде жетеді.
Қорытынды
• Нерв жүйесі организмді өзгеріп отыратын сыртқы орта факторларына бейімдеп, оның
біртұтастығын қамтамасыз етеді. Нерв жүйесі жасушалардың ұлпалардың, мүшелер мен
мүшелер жүйесінің қызметтерін реттеп, оларды өзара байланыстырады. Нерв жүйесі
сыртқы және ішкі тітіркедіргіштерге организмнің жауап қайыру мүмкіндігін береді.Нерв
жүйесінің жоғары бөлімдері психикалық іс-әрекеттің көрініс беріп жүзеге асуын
қамтамасыз етеді. Нерв жүйесі – информацияны жылдам жеткізетін және басқаруды
жүзеге асыратын күрделі үйымдасқан әрі жоғары дәрежеде маманданған жүйе.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
•1. Несіпбаев Т.Н Жануарлар физиологиясы: Оқулық. Өңделіп,
толықтырылған 2- басылым. - Алматы:Агроуниверситет, 2005.-
750 бет.
•2. Атлас по нормальной физиологии / Под ред. Н.А. Агаджаняна. -
М.: Высшая школа, 1986.
•3. Основы физиологии человека /Под ред. Б.И. Ткаченко. - С.-
Петербург, 1994. Т.I,II.
•4. Руководство к практическим занятиям по физиологии /Под
ред. Г.И. Косицкого, В.А. Полянцева, А.В. Коробкова. - М.: Медицина,
1988. – 280 с
•5. Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для
самостоятельной работы студентов / Под ред. А.А. Утебергенова,
Д.А. Адильбековой. - Шымкент, 2006. - 66 с

Ұқсас жұмыстар
Жүйке талшықтарының физиологиясы
Бұлшық ет және жүйке физиологиясы
Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпалары
Көлденең жолақты бұлшықет ұлпалары
Бұлшықеттерінің физиологиялық қасиеттері
Жиырылу аппараты
Пародонт ауруының құрылысы мен қызметі. Пародонт ауруының қабынуының даму механизмі
Росс Гренвилл Гаррисонның еңбек жолы
СӨЖ Бұлшықет ұлпалары эволюциялық динамикасының жалпы сипаттамасы
ЖҰЛЫН ЖҮЙКЕЛЕРІ. Жұлынның өткізгіш жолдары
Пәндер