ҰСАТУДЫ СОЛ САТЫДА ҚАЖЕТ ЕТПЕЙТІН ЗАТ МӨЛШЕРІ


Slide 1

Қазақстан Республикасы ғылым және жоғарғы білім министрлігі Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Кенді ұсату

Орындаған:Шерипбаева ұлбала

Оқу тобы:Опи-21-1

Қабылдаған:Аппазова салтанат маратқызы

Slide 2

Ұсату - кенді байыту алдында онын ірі кесектерін белгілі мөлшерге дейін (сепкілдігіне байланысты) ұсату үшін жүргізіледі. Егер кен ұсақ сепкілді болса, тиісінше ұнтақтау алдында ұсату 8- 10 мм-ге дейін жеткізіледі. Ірілігіне қарай ірілеп ұсату, орташа ұсату және ұсақ ұсату сатыларына бөлінеді. Ұсату арнаулы аппараттарда - ұсатқыштарда соғу, жару және жаншу жолдарымен жүргізіледі

Slide 3

Кенді ұнтақтау үшін диірмен ішіне шарлар және біліктер салынады. Кен өзін-өзі ұнтақтайтын диірменде үлкен кесектер кішілерін ұнтақтайды.

Жарылыс кезінде қоршаған тау жынысының белгілі бір көлемін керекті мөлшерде ұсақтау. Жарылғыш заттың ұсақтау қасиеті:

онымен шектесіп жатқан жыныстың шағын көлемін ұсақтауына;

аса көлемді жынысты ұсақтауына қарай бөлінеді.

Slide 4

Ұсату процесінде кен кесегінің бастапқы диаметрінің неше есе кішірейтілгенін көрсететін санды ұсату дәрежесі деп атайды. Ол ұсату алдындағы ең ірі кен кесегінің не кесектерінің орта диаметрін ұсатудан алынған кеннің ең ірі кесегінің не кесектерінің орта диаметрінің бөлгендегі бөліндісіне тең. I=D(Ni) max/D(Ni) min

Slide 5

ұсатқан кезде қолданылатын аппараттарда кен кесектері төрт түрлі әрекеттердің -жаншу, жару, соғу және аса майдалау әсерлерімен ұсатылады. Оның негізгілері -жаншу және соғу. Ұсату процесі негізінен құрғақ күйде жүргізіледі. Тек балшықты кендерді ұсатқанда заттың ұсатқыш арқылы жүрімділігін арттырі үшін қосымша су қолданылуы мүмкін. Не болмаса шаң басу үшін қолданылатын машиналарды ұсатқыштар деп атайды. Көп таралған ұсатқыштар төрт типке бөлінеді: жақты (щекалы), конусты, валкалы және балғалы ұсатқыштар. Ұсатқыштардың жұмысының тиімділігі ұсатылған кеннің әр тоннасының шығындалатын энергиясының мөлшерімен сипатталады.

Slide 6

Алдын ала кенді елеу әсіресе бастапқы затта ұсатуды сол сатыда қажет етпейтін зат мөлшері неғұрлым көп болса соғұрлым тиімді. Ал, оның мөлшері өте аз болса, онда алдын ала елеуді қолданылады. Сол сияқты, егер байыту фабрикасының өнімділігі жоғары болып, ірі ұсату фабрикасының өнімділігі конусты ұсатқыштар қолданса алдын ала елеу процесінің тиімділігі өте төмен болады да, көпшілік жағдайда қолданылмайды. Бақылау елеуі тек ұсақ ұсату сатысында қолданылады. Қосымша ұсатуды керек ететін затты бөліп алу үшін ақырғы ұсатқыштан шыққан зат сол ұсатқыштың алдын ала жүргізетін алдын ала елеу процесіне қайтарылады.

Slide 7

Конусты ұсатқыш

Slide 8

Конусті ұсатқыштар конструкция өзгешеліктерімен және ұсатудың қай сатысында қолданылатынына байланысты ірі ұсатуға, орташа ұсатуға және ұсақ ұсатуға қолданылатын конусты ұсатқыштар болып үш түрге бөлінеді. Олардың бәрінде кен екі конусты бет аралығында жаншылу арқылы ұсатылады. Сыртқы конусты бет қозғалыссыз, ішкі қозғалмалы конус эксцентрикті қозғалатын валға орнатылған. Ол тербелістің нәтижесінде әрбір сәтте сыртқы конус бетініңбір нүктесіне жақындап аралықтағы кенді ұсатады. Сол кезде сол нүктеге қарама-қарсы бағыттағы нүктеден барынша алыстайды да, сол тұстан ұсатылған кен төменгі жырықтан шығып жатады. Демек, кен үздіксіз ұсатылып, ұсатылғаны үздіксіз шығарылады. Сондықтан бұл ұсатқыштар ең өнімді ұсатқыштарға жатады. І р і ұ с а т а т ы н к о н у с т ы ұ с а т қ ы ш т ы ң (ККД) корпусы екі бөліктен 1, 2 тұрады

Slide 9

Ұсату процесінде сырт энергия, біріншіден, заттың кристалдық структурасын деформациялауға(біразы жылуға айнала-ды), екіншіден, жаңа сыртқы бет жасауға жұмсалады. Энергияның атқаратын жұмысы Ребиндер мен Жигачтың теңдеуімен сипатталады:

мұнда

А=Ад + Аб =КV + S

А - ұсату жұмысы;

Ад- Деформациялауға шығындалған жұмыс;

Аб- жаңа сырт бет жасауға шығындалған жұмыс;

V- деформацияланған көлем;

S- жаңа пайда болған бет ауданы;

К және - пропорционалдық коэффициенттер.

Slide 10

Егер кен кесектерінің диаметрі ұсату процесінде аз ғана кішірейтілсе жұмыстың негізі деформациялауға жұмсалады. Демек, бет жасау жұмыс үлесі аз болады да, оны есептемеуге болады. Онда жоғарыда келтірілген теңдеу Кирпичев-Киктің ұсату заңымен сипатталады: А=KV Ұсату процесінде шығындалатын энергия негізінен жаңа бет жасау жұмысына жұмсалады: А=S /Риттингердің ұсату заңы/

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Өндірісте қолдануға продуценттерді жасау үшін табиғи микрофлора микро организмдердің штамдарының көзі
Фосфор тұздары
Фосфор тыңайтқыштары
Дәрілік заттардың дозасы
Қандай сан
Қауынды егістікте күту және тыңайтқышты қолдану
ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ОРГАНИЗМГЕ ЕНУ ЖОЛДАРЫ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ОРГАНИЗМГЕ
Тыныс алу жиілігін өлшеу
Тұнбалар мен қайнатпалар
Математикадан интелектуалды ойын
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz