Бағалы қағаздар нарығын реттеу



Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Бағалы қағаздар нарығын реттеу
Дайындаған: Урманов Сардорбек
Қабылдаған: Сыздықова Азиза
Тобы: ЭҚЖ - 912

Бағалы қағаздар нарығын реттеу деген оған барлық қатысушылардың іс-әрекетін және олардың арасындағы операцияларды тәртіпке келтіруге бағытталған қоғам өкілетінің қызметі.
Нарыққа қатысушылардың іс-әрекетін екі жақты- реттеуге болады.
- Ішкі
- Сыртқы
Ішкі реттеу - деген осы ұйымның, оның бөлімшелері мен қызметкерлерінің өз қызметінде ұйымның жарғысын, ережелерін және т. б. іс-әрекетін айқындайтын ішкі нормативтік құжат талаптарын орындауы.
Сыртқы реттеу - деген осы ұйымның өз қызметінде мемлекеттің, басқа да ұйымдардың, халықаралық келісімдердің нормативтік актілерін орындауы.

Кез келген бағалы қағаздар нарығын тікелей немесе жанама түрде сауда-саттыққа барлык қатысушылардың - эмитенттердің, инвесторлардың, кәсіби делдалдардың, нарық инфрақұрылымы ұйымдарының қызметін тәртіпке келтіретін уәкілетті органдар реттеп отырады.
Реттеудің түрлері:
• мемлекеттік реттеу, онымен қызмет бабына реттеу функциясы кіретін мемлекеттік органдар шұғылданады;
• нарықтың өзін-өзі реттеуі, немесе бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың өз ұйымдарының қызметін реттеуі. Жалпы мемлекеттің немесе нарыктын кәсіби мамандарының өз реттеу қызметін бастауының ең алғашқы себебі бағалы кағаздар нарығынын кейбір іс-әрекеттеріне қалың бұқара топтарының қарсылығы болып табылады;
• қоғамдық реттеу, яғни нарықты қоғамдык пікір арқылы реттеу.

Әлемдік тәжірибеде бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу екі түрлі жолмен жүргізіледі: мемлекеттік органдар уәкілі қатысуымен тікелей араласу, сонымен қатар іс-шаралар арқылы нарыққа жанама араласу.
Тікелей араласу шараларына мыналар жатады:
• бағалы қағаздар нарығы мәселелері жөнінде заң шығаратын өкілетті органдардың жұмысы;
осы мәселелер бойынша атқарушы үкімет органдарының қаулылары мен бұйрықтары;
• бағалы кағаздар нарығының жұмысына жаңа ережелер енгізетін немесе ескілерін өзгертетін басқа да мемлекеттік органдардың іс-шаралары. Негізінен бұл бағалы қағаздар нарыгына қатысушыларға лицензия беру, бағалы қағаздардың кейбір түрлерінің айналысына шек крю немесе оны тоқтату, бағалы қағаздарды тіркеу және с. с. жұмыстар.
Жанама араласу тетіктеріне мыналар жатады:
• несие үшін процент мөлшерін өзгерту арқылы айналымдағы ақша массасын және несие көлемін мемлекеттік бақылау;
• мемлекеттің салық саясаты;
• депозиттерге, несиелерге, қарыздарға үкімет кепілдігі;
• қарыз капиталы нарығына мемлекеттің араласуы (қазы-нашылық облигацияларды, вексельдерді, орта және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарды, мемлекеттік органдардың міндеттемелерін және с. с. шығару) арқылы мемлекет пен корпорациялардың арасында несие үшін тікелей бәсекенің тууы;
• мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты (шетел валютасы мен алтын операцияларын, экспорт шараларын ынталандыру және с. с. жұмыстарды реттеу) ;
• мемлекеттің сыртқы экономикалық (саяси байланыстарды ұлғайту немесе шектеу және с. с. ) іс-шаралары.

Реттеуші органдар инвесторлардың қаржысын қорғауға бағытталған негізінен үш қызмет атқарады.
Бірініиіден, нарықта шаруашылық субъектілері ретінде кызмет істейтін барлық бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды, сонымен қатар, бағалы қағаздарға тікелей қатысы бар қызметкерлерді тіркеу. Тіркеуден өтетін барлық кандидаттар қаржы жөнінен белгілі бір талаптарға сай болуы кажет, яғни олардың керекті мөлшерде (минимум) өз капиталы болғаны жөн. Инвесторлардың мүддесін қорғау мақсатында, әдетте, тіркеуші органдар тіркеуден өткізбеу құқығын алады.
Екіншіден, экономиканың барлық субъектілерін нақты хабарлармен қамтамсыз ету. Ол әдетте, бағалы қағаздарды шығару мен оны шығарушылар туралы анық та толық хабар беретін эмиссия проспектін шығарумен жүзеге асырылады. Оған алдын ала белгілі бір адамдар ғана біліп және тек солардың арасында орналастыратын жеке бағалы қағаздар қосылмайды. Одан басқа эмитенттер бұқаралық ақпарат беттерінде үнемі қаржы есебін, фирманың басшы адамдары туралы өзгерістерді жариялап тұруға міндетті.
Үшіншіден, институционалдық органдар бағалы қағаздар нарығын тексеру және ондағы құқықтық тәртібін сақтау қызметімен де айналысады. Бұл органдардың өкілі заң бұзушылардың кез-келгенін тексеріп, кінәлілерге әкімшілік шара қолданып, істерін сотқа беруге құқығы бар. Ол үшін оларға мысалы, бағалы қағаздарға және ақша қаражатына тыйым салуға (арест), құжаттарын алуға және с. с. үлкен өкілеттілік берілген.

Бағалы қағаздар нарығын реттеу мемлекеттің ең маңызды міндеттері:
• нарыққа қатысушылардың кызмет етуіне нарык ережесіне сай жағдай жасау;
• нарыққа қатысушыларды кейбір жақтардың алаяқтық, арамдық және қылмыстық іс-әрекеттерінен қорғау;
• бағалы қағаздарға сұраныс пен ұсыныс негізінде ашық баға белгілеу процесін қамтамасыз ету;
• кәсіпкерлікті ынталандыратын тиімді нарықты калыптастыру және әрбір тәуекелге барабар сыйлық беру;
• белгілі бір қоғамдық нәтижеге жеткізетін бағалы қағаздар нарығының ұлттық моделін (мысалы, экономикалық даму деңгейін көтеру, жұмыссыздық деңгейін төмендету және т. б. ) құру.

Бағалы кағаздар нарығын реттеудің мақсаты - бағалы қағаздармен келісімге келушілердің заңды мүдделері мен құқығын сақтауды қамтамасыз ету. Мемлекеттің мұндай айырықша статусқа ие болуы ол бағалы қағаздар нарығында ең ірі эмитент, әрі инвестор болуына байланысты туындайды. Сондай-ақ, бағалы қағаздар нарығына қызмет көрсететін қаржы институттарының ісін бағыттау мен реттеу мемлекеттік органдарға жүктелген.
мемлекеттік реттеу органының негізгі атқарған қызметтері төмендегідей:
• бағалы қағаздар нарығын дамыту Бағдарламасын дайындау және орындау;
• қор нарығын реттейтін заңдар мен нормативтік актілердің жобасын дайындау;
• бағалы кағаздар нарығын дамыту Бағдарламасын орындау үшін мемлекеттің каржылық, техникалық және ұйымдық ресурстарын шоғырландыру;
• бағалы қағаздар нарығында қадағалауды және бақылауды қамтамасыз ету;
• қор нарығына мамандар дайындаудың мемлекеттік жүйесін құру;
• бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын құруға әрекет жүргізу.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz