Педагогтың жеке тұлғасы
Презентация қосу
Педагогтың жеке
тұлғасы!
Орындаған:Сәнімов Әлинұр
Ғаламды білім берудегі мұғалімнің жеке тұлғасы – дегеніміз ол мәдениетті
жеткізуші, оның атқарушысы оның мұрагері және әлемдік педагогикалық
тәжірибенің жасаушысы болмақ. Әлемдік стандарттар бойынша – қазіргі
заманғы мұғалім — ол шығармашылықты жеке тұлға, ол проблемалық-
педагоикалық және критикалық ойды игерген, ол көпвариативтік
бағдарламаны құрушы, алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибеге жәнебілім берудің
жаңа технологиясына сүйенген, оларды ол нақты педагогикалық жағдайларда
диагностикалық мақсатты рефлекция бойынша іске асырушы. Педагогтың
әлеуметтік позициясы жалпы білім беру мектептеріндегі көзқарасынан,
сенімнен және құндылықтық бағыттары арқылы қалыптасқан. Олардың
негізінде кәсіби даярлау барысында педагогикалық кәсіпке оның мақсаты мен
педагогикалық әрекетіне деген мотивациялық-құндылықтық қарым-қатынас
құрылады.
Педагог позициясы– интеллектуальды, ерік, эмоционалды-бағалы
қатынастардың қоршаған ортаға, педагогикалық шындыққа,
педагогикалық іс-әрекетке қатынастарының жүйесі. Ол бір жағынан,
қоғам қоятын талаптардан көрінсе, екінші жағынан, белсенділік
сапаларынан – педагогтың мотив, мақсат, бағалы құндылықтары,
дүниеге көзқарасы, мұраты арқылы көрінеді.Педагог позициясынан
оның жеке басы, әлеуметтік бағалы сапасы, азаматтық мінез-құлқы,
әрекеті көрініс береді.
Педагогтың әлеуметтік позициясыжалпы білім беретін мектепте
қалыптасқан пікір, түсінік, бағалы құндылықтары жүйесінен
туындайды. Кәсіби даярлық негізінде оларда педагогикалық
мамандыққа, мақсатқа, педагогикалық іс-әрекет құралдарына деген
мотивациялық-бағалы қатынас қалыптасады. Педагогикалық іс-
әрекетке деген мотивациялық-бағалы қатынас мұғалім
бағыттылығынан көрінеді.
Педагогтың әлеуметтік позициясы кәсіби позицияны да анықтайды.
Педагогтың кәсіби позициясының таңдауына көптеген факторлар әсер
етеді. Бірақ олардың арасында жеке тұлғаның кәсіби бағдары, дара
типологиялық ерекшелік, темперамент, мінез көп әсер етеді.
Л.Б.Ительсон педагогикалық позицияларға
мынадай сипаттама береді. Педагог:
1. Егер ол талап, норма, көзқараспен т.б. ғана шектелсе, онда ол – ақпаратшы.
2. Егер ол бала жанын түсінуге ұмтылса, онда ол – жолдас.
3. Егер ол тәрбиеленушілердің санасына норма мен бағалы құндылықтарды күштеп
игертсе, онда ол – диктатор.
4. Егер ол сақтық келісімді пайдаланса, онда ол – кеңесші.
5. Егер ол тәрбиеленушінің алдында төмендеп, одан қандай болу керектігін сұраса,
онда ол – сұраушы.
6. Егер ол тәрбиеленушіні мақсат, идеялармен, перспективалармен қызықтырса, онда
ол –шебер педагог.
Біріншіден, балаларды олдар қандай болса солдай жақсы көру. Тіл алмайтын, тіл алғыш, түсінігі мол,
түсінігі аз, жалқау және жақсы балалардың барлығын бірдей жақсы көру керек. Балаларды жақсы көру
мен оларға деген қайырымдылық көзқарас оларға қатты сөз айтудан сақтандырады, олардың өздерін
бағалауын төмендетпейді және жеке баланың жетістігіне ғана қуанудан сақтайды.
Екіншіден, балаларды түсіне білу және олардың жағына шыға білу, олардың жұмысын мәселесн дұрыс
қабылдап, түсіне білу. Олардың көзқарастарын сыйлай білу. Балаларды түсіну – оларды өз билігімізге
көндіру емес, олардың бүгінгі күнгі өміріне сүйене отырып олардың ертеңгі өміріне дән себу. Баланың
уайымын түсіну, оның сезімін және талпынысын сезіну, бала өзін тәрбиелеу барысында педагогпен
жақтас болса тәрбие де маңызды болады.
Үшіншіден, оптимист болу керек, тәрбие берудің күшіне сену керек. Бұл жерде оқытушы қолын алдына
салып баланың өзінің түсінігі оянғанша тосып оыратын филантропикалық оптимизм туралы айтып
отырған жоқпыз, оның санасын дамытуға кірісіп кету туралы айтып отырмын. Бұл жерде педагог
баланың ішкі сезімін танып сезініп – ол арқылы оны тәрбиелеу жолдарын іздеуді айтып отырмыз.
Төртіншіден, Оқытушының бойында барлық адамдарға ұнайтын жақсы қасиеттер болу керек, қаталдық,
байсалдылық, қарапайымдылық, шынайылық, интелегенттік, сезімталдық және өмірге құштарлық.
Осындай мұғалім болуға талпыну өте маңызды. Ол – бала мен өткен өмірдлің және қазіргі заманғы ұрпақ
арасындағы рухани құндылықты жеткізуші.
Назарларыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz