Саяси сана. Мәдениет және өркениет



Дәріс-презентация №12
Қоғам және мәдениет
Құрастырған:
философия ғылымдардың докторы, профессор Мирзабекова А. Ш.
Қарағанды
2020-2021 оқу жылы
Орталық Қазақстан Академиясы Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы Пән: Философия

Қоғам және мәдениет
Философия тарихында «қоғам» ұғымның қалыптасуы
Қоғамдық сана ұғымы
Қоғамның типтері
Мәдениет және өркениет

Қоғам философиялық ұғым ретінде
Қоғамды әлеуметтік философия зерттейді
Философиялық мағынада, қоғам- бұл табиғаттан бөлініп шыққан және өз әрекеті мен даму заңдарына ие болып тұрған объективті дүниенің бір бөлігі .
Бұл мағынада «қоғам» ұғымы «материя қозғалысының әлеуметтік формасы», «әлеуметтік шындық», «әлеумет» деген сөздермен де беріледі.
Қоғам - бұл жері, дәуірі, дәстүрі ортақ болып тұрған және мәдениеті арқылы біріккен адамдардың әрекет етуі мен өмір сүру жүйесі

Антикалық әлеуметтік философия
Антика философиясында «қоғам» және «мемлекет» ұғымдары бір-бірінен айырылмай, синонимдер ретінде қолданылған. Платон «Заңдар» атты диалогта «…ежелгі қоғам тауда көшіп-қонып жүретін малшылардың отбасыларынан тұрған, оларды ақсақал басқарған. . . Осыдан ақсақалдың үстемдігі ретінде мемлекет пайда болған…».
Платон мінсіз (идеалды) аристократиялық мемлекет туралы ілімді ұсынған. Ол азаматтарды үш топқа бөледі: билеуші-данышпандар, жауынгер-әскерлер, «демос» (егіншілер, қолөнершілер. саудагерлер) . Мемлекет дәрежесiнiң биiктiгi - оны философтар билегенде көрiнедi.
Платон
(427-347 до н. э. )
«Государство»
Аристотель
(384 - 322 до н. э. )
«Политика»
Аристотелъдің пікірінше, адам - «қоғамдық жануар», «саяси жануар». Мемлекет - үлкен отбасы. Мемлекеттің табиғаттан айырмашылығы - онда көптеген әлеуметтік қатынастардың өріс алғандығы.

Ортағасырлық әлеуметтік ой: Аврелий Августин
Августиннің пікірінше, тарихтың барысы - екі қарама-қарсы патшалықтың күресі - «Құдайы қаласының» және «Жер бетіндегі қаланың»
«Құдайы қаласы» ─ ол шіркеуде біріккен адамдар.
«Жер бетіндегі қала» - мемлекеттік мекемелер, өкімет, әскер, заң, император арқылы іске асады. «Жер бетіндегі қала» күнәға толы және олардың iшiнде пұтқа табынушылар да бар. Оны Құдай бір кезде жеңеді.
Августин Аврелий
(354-430 жж. )

Әл Фарабидің әлеуметтік философиясы
Фараби «Азаматтық саясатта» қо-ғам талдауды қаладан бастаса, «Ме-млекет қайраткердің нақыл сөздері» атты трактатында ол мұны ең кішкене үядан - отбасынан немесе үйден бастайды.
Үйдің өзіне тән мақсаты болады, бі-рақ ол қаланың бір бөлшегі болған-дықтан, ол қала белгілейтін ортақ мақсатқа қызмет етуге арналады.
Бұл жерде Фараби қаланы мем-лекет деп түсінеді. «Қайырымды қала-ның тұрғындары туралы трактатын-да» ол философ басқаратын бақытты қоғам туралы ілімін ұсынды
Әбу Нәсыр Мұхаммед
ибн Мұхаммед ибн Тархан
ибн Узлаг әл-Фараби
ат - Түрки
870-950 жж

Қайта өрлеу дәуіріндегі Т. Кампанелланың утопиялық теориясы
«Күн қаласы» еңбегінде қоғамды қалай өзгерту туралы ойларын баяндайды. Тапробану аралындағы (шамамен Цейлон, казіргі Шри Ланка) бақытты қоғам туралы Генуя теңізшісі әңгімелейді. Мұнда жеке меншік жоқ, адамдар төрт сағат қана жұмыс жасайды, бай-кедейге бөлінбейді.
Елді басқару ісімен қырық адам айналысады, бірақ айына екі рет халық жиналысында басшылар ауыстырылып отырады, олардын өздері де талантты адамдарға орындарын босатуы тиіс. Басшылык әділдік жолмен жүзеге асырылуы тиіс
Мемлекетті басқарушы - аристократия, олар философтар емес, кабілетті болып жаратылған адамдар.
Олардың ең ақылдысы - Метафизик немесе, Кун деп аталады. Ол мемлекет басшысы. Оның үш көмекшісі бар: Күш-Қуат - әскери істерді, Даналық - ғылымдарды басқарады, Махаббат - тамақ, бала тәрбиелеумен айналысады. Олардың да көмекшілері бар (Грамматика, Логика, Физика, Саясат, Этика, Экономика, Астролог, Астроном, т. б. ) .

Қайта өрлеу дәуіріндегі Т. Мордың утопиялық теориясы
Томас Мордын «Утопия» атты (грек тілінен: “жоқ жер”) мемлекеттің ең жақсы кұрылымы туралы пайымдауға арнапған.
Қоғамдық өмірде жеке меншік жоқ, адамдардың бәрі тең. Дене еңбегі адамдардың бәрі үшін міндетті, себебі еңбек өмірлік кажеттілік қана емес, моральдық қажеттілік. Ол алты сағатка созылатын еркін еңбек. Ой еңбегімен ең дарынды адамдар айналысады.
Томас Мор (1614-1687)
«Утопия»
Мемлекет басшысы - терең ойлы философ, кіршіксіз таза адам, есімі Утоп. Ол киялдағы аралды жаулап алып, өз Утопиясын құрған. Ол дінді Христос дүниеге келерден 144 жыл бұрын тағайындады. Дінді сақтаушылар - сайланатын дінбасылар, олар өте таза, адамгершілікті жоғары қояды

Никколо Макиавеллидің әлеуметтік-саяси теориясы
Макиавеллидің ойынша, адамдар табиғатынан қатыгез, алдауға бейім, мансапқор, мемлекет олардың осы жаман қасиеттерін шектеп, тәртіп орнату үшін қажет.
Мемлекетте өмір сүруші адамдар қабылданған ережелерге саналы түрде бағынғанда ғана қоғамда заңдылық болмақ. Билеуші реалды саяси өмір талаптарын ескере отырьш басқаруы тиіс, бар күші мен құралдарын басты мақсатқа - біртұтас, қуатты мемлекет құруға жұмсауы қажет.
Бұл максатқа жету үшін құралдың кез-келген түрін пайдалануға болады. Макиавеллидің әйгілі «Мақсат құралдарды ақтайды» қағидасы осылайша пайда болды. »Саясатта мораль жоқ, саясатта тек қана мақсатқа сәйкестік бар» деп, Макиавелли моральды саясаттан бөліп алды
Никколо Макиавелли
1469-1527

Жаңа заман әлеуметтік философиясы (Т. Гоббс, Дж. Локк, Ж. Ж. Руссо) .
Томас Гоббстың ойынша, адамдарды коғамга біріктіретін күш - тек қана өзара күрес, тоқтаусыз соғыстың қауп-қатерінен қоғамның бейбіт келісімге келу қажеттілігі. Мемлекет адамның өмірі мен мүлкін қорғайды, бірақ адамдар оған бағынышты болып. оның үстемдігін мойындауы қажет.
Джон Локк мемлекет туралы ілімінде халықтың егемендігі негізінде қалыптасқан конституциялық монархияны жақтайды. Мемлекет билікті бөлу (заң шығару, атқарушы және сот биліктері) арқылы әлеуметтік топтарға бостандық және кұқықтық теңдікті сақтауға кепілдік жасауы тиіс.
Жан Жак Руссо (1712-1778 жж. ) теңсіздіктің себебін жеке меншіктен көрді, Гоббстың табиғи жағдайда «бәрінің барлығымен күресін» сынап, ол кезде керісінше бауырластық пен үйлесімдік болғанын дәлелдейді. Бақытты қоғамды орнату үшін жеке меншікті жоюға шақырады
Томас Гоббс (1588-1679)
Джон Локк (1632-1704)
Жан-Жак Руссо (1712-1778)

Марксизм: қоғам туралы жаңа түсінік
Карл Маркс
1818-1883
Фридрих Энгельс
(1820-1895)
К. Маркс бұрыңғы философияның қоғам туралы түсініктерінің анықсыздығын, “робинзонада” мен “левиафанаданың” негізгі кемшілігін: адамды қоғамнан бөліп алып қарауын - жеңіп шығып, қоғам туралы жаңа ғылыми-философиялық анықтаманы берді:
- “Қоғам - бұл басқа адамдармен қатынастардағы адамның өзі”
“Қоғам - бұл адамдардың өзара әрекеттесуінің өнімі”. Маркс қоғамның материалдың іргетасын материалдық өндіріс құрайды деп, қоғамның әрекет етуі мен дамуының негізгі төрт заңдарын атап көрсетті:
1) материалдық өндіріс тәсілдің бүкіл қоғамдық үрдістерге шешуші ықпал ету заңы
2) өндіріс қатынастардың сипаты өндіргіш күштердің даму деңгейіне сәйкес келу заңы
3) экономикалық базистің саяси -құқықтық қондырмаға шешуші ықпал ету заңы
4) әлеуметтік революциялар заңы
Фридрих Энгельс қоғамды материя қозғалысының ең жоғарғы және күрделі әлеуметтік түрі деп анықтады

К. Маркс: таптық қоғам
Карл Маркс
1818-1883
К. Маркс қоғам тарихын материалистік тұрғыдан түсінуді ұсынды. Ол философияның негізгі сұрағын материалистік тұрғыдан шешуді қоғамды түсінуде қолданды. Қоғамнық матери-алдық өмірі (қоғамдық болмыс) бірінші, рухани өмір (қоғамдық сана) екінші; туынды деп түсінді. Адамзат тарихында Маркс қоғамның бес типін ажыратты. Оларды “қоғамдық-экономикалық формациялар” деп атады. Олардың үшеуі таптық сипаттағы қоғам (құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік), өйткені жеке меншікке негіз-делген. Карл Маркс адамды адам тарапынан қанауды, таптар күресін жеке меншікпен тікелей байланыстырды. Ол жеке меншікті революция жолымен жойып, қоғамдық меншіктің негізінде әлеуметтік теңдікті орнатып, коммунистік қоғам-ға өту керек деген ілімді ұсынды.

«Қоғамдық сана» ұғымы
Қоғамдық сана - бұл қоғамның рухани өмірі, болмыстың біртұтас бейнесі. Бұл адамдардың қоғамдық болмысымен байланысты сезімдері мен көңіл-күйі, түсініктері, сенімдері, идеялары, тұжырымдамалары мен теориялары.
Қоғамдық болмыс қандай болса, қоғамдық сана да сондай болады, Болмыс өзгергенде, сана да өзгереді. Бірақ қоғамдық сананың болмыстан салыстырмалы түрдегі өзіндігі, тәуелсіздігі бар: ол одан кейбір жағынан озып кетуі мүмкін (озық идеялар) және одан кейбір жақтарынан артта қалуы мүмкін (ескі сенім- нанымдар)
Қоғамдық сананың құрылымында қарапайым және теориялық, қоғамдық психология және қогамдық идеология деңгейлер бар

Қоғамдық сананың түрлері
Қоғамдық сананың мынандай түрлері бар: - мораль, дін, өнер, ғылым, философия, саяси сана, құқықтық сана
Қоғамдық сана түрлерінің әрқайсысының негізі - адам қызметінің түрі, нақты өмірлік процесс. Қоғамдык сананың түрлері бір-бірімен тығыз байланысты, бір-біріне өзара әсер етеді. Олар өзіндік тәуелсіздікке ие болғанымен, оны абсолютке айналдыруға болмайды
искусство
мораль
политическое сознание
правовое сознание
религия
наука
философия

Мораль
Мораль қоғамдық сананың ең көне формаларының бірі. Өзін сақтап қалу үшін қоғам адамдардың бәрі ұстануға тиіс ережелер қалыптастырып, олар арқылы жалпы адамдардың, жыныстардың және ұрпақтардың арасындағы қатынастарды реттеп отырды.
Моральдың пайда болуы туралы бірнеше концепциялар бар.
1) Діни түсінік бойынша, адамгершіліктік заң адамға сырттан, Құдайдан беріледі.
2) Эмпирикалық концепция мораль адамның, оның тәжірибесінің, тарихының дамуының, әдеп-ғұрыптары мен дәстүрлерінің қалыптасуының жемісі деп түсіндіреді.
3) Автономдық концепция бойынша мораль адамға әуелден, генети-калық деңгейде берілген, сондықтан ол салыстырмалы түрде езгеріске көп үшырамайды және адамдардың индивидуалдық сапаларына байланысты әрбір адамда әр түрлі.
Моральдің ұлттық, таптық және жалпыадамзаттьщ сипаты бар.

Дін
Дін - табиғаттан тыс ғажап күштердің бар болуына негізделген сеніммен байланысты қоғамдық сананың түрі. Оның екі деңгейі бар: діни психология және діни идеология.
Діни сана қазіргі кезде үш дүниежүзілік діндерде: буддизм, христиандық, ислам - және көптеген ұлттық діндерде көрініс тапқан.
Діни сана адамдардың үлкен топтарын, халықтарды біріктіріп, қоғамды идеалдар арқылы тұрақтандырады.

Өнер
Гегель өнерді «образ түрінде ойлау» деп анықтаған. Өнерде эстетикалық сана көрініс табады.
Эстетикалық сананың құрылымына заттар мен құбылыстардың эстетикалық құндылығын, сонымен катар, адамның өнер саласындағы эстетикалық практикасын бейнелейтін көзқарастар, сезімдер, талғамдар, пікірлер, түсініктер, теориялар және идеалдар кіреді.
Эстетиқалық сана психологиялық (сезімдер, талғамдар) және теориялық-идеологиялық (идеялар, теориялар) деңгейден түрады.

Философия
Философия дегеніміз - адамның дүниеде алатын орны туралы, табиғат, қоғам және адам ойлауының ең жалпы даму заңдары туралы тұжырымдайтын және адамның рухани дүниесінің қалыптасуына ықпал жасайтын ілімдерді қамтитын, рухани құндылықтарға бағыттайтын қоғамдық сананың ерекше түрі

Саяси сана
Саяси сана ерекше орын алады, себебі онда экономикалық, таптық қатынастар, мемлекеттік және таптық мүдделер, билік мүдделері, әлеуметтік байланыстар тікелей, мүмкіндігінше айқын және толық көрініс табады, сондыктан да саяси сана қоғамдық сананың басқа формаларына айқындаушы ықпал етеді.
Саяси сананың құрылымы екі деңгейден тұрады:қарапайым-практикалық, идеология-лық-теориялық.
Саяси идеология - белгілі бір таптың, мемлекеттің көзқарастарын, саяси мақсаттары мен стратегиялык міндетгерін біртұтас теориялық пайымдау жүйесі.

Құқықтық сана
Құкыктык сана - адамдардың мемлекет тағайындаган заң ережелері мен заң мекемелерінің жиынтыгы болып табылатын нақты құкықка деген катынастарын білдіретін көзқарастарының, идеяларының, теориялары мен түсініктерінің жиынтығы.
Құқықтық сананың да екі деңгейі бар:
практикалық құқықтық сана. Ол мынадай компоненттерден тұрады: құқықтық сезімдер, құқыктық дағдылар және әдеттер, құқыктық білімдер.
2) теориялық құқықтық сана - құқықты, оның шекаралары мен нормативтерінің шекараларын түсінуге, құкыққа қатынас-тәсілдері мен кұралдарын анықтауға және құқықтық білімді жетілдірдіруге арналған ой қызметі, процесі мен оның жемісі.

Ғылым
Ғылым қоғамдық сананың жоғарғы формасы. Бұл жеке адамдардың тілектерінен және субъективті еріктен тыс, тәуелсіз болатын ақиқат білім өндірісі.
Ғылым қоғамдық сананың түрі ретінде дүниені ұғымдармен бейнелейді
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz