Қазақстанды экономикалық аудандастыру



Қазақстанды экономикалық
аудандастыру.

Экономикалық аудандастыру дегеніміз - елді аумақтық еңбек бөлінісі ортақ, өзара байланысты экономикалық аудандарға топтастыру. Экономикалық аудан дегеніміз - аумақтық еңбек бөлінісі нәтижесінде қалыптасып, бір - біріне шаруашылық мамандануы және кешенді дамуы жөнінен айырмашылық жасайтын елдің бір бөлігі.

Қостанай облысы
Батыс Қазақстан
Ақтөбе облысы
Батыс Қазақстан облысы
Алматы облысы
Жамбыл облысы
Оңтүстік Қазақстан облысы
Қызылорда облысы
Маңыстау облысы
Атырау облысы
Солтүстік Қазақстан
Павлодар облысы
Ақмола облысы
Солтүстік Қазақстан облысы
Оңтүстік Қазақстан
Шығыс Қазақстан облысы
Қарағанды облысы
Шығыс Қазақстан
Орталық Қазақстан

Экономикалық аудандарды шаруашылықты аумақтық ұйымдастырудың нәтіжесі ретінде қарау керек. Экономикалық аудандар шаруашылықтың кешенді дамуымен сипатталады.
Аумақтық еңбек бөлінісі - әрбір ауданның өзінде өндірілетін артық өнімдерін басқа аудандарға шығарып, олардан өзіне қажет өнімдерді алуы. Мысалы, Қазақстан басқа елдерге мұнай, көмір, қара және түсиі металдар, астық, жүн, т. б. өнімдер шығарып, олардан машина, құрал-жабдық, газ және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын алып отырады.

Белгілі ғалым Н. Н. Баранский Қазақстан аумағын бес экономикалық ауданға бөлді. Аудандастыруда экономикалық аудандар шаруашылығының мамандануына, өндіріс кешендерінің құрылымына қарай топтастырылды. Бұл аудандар аумақтық - өндірістік кешендердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

Экономикалық - географиялық белгілеріне қарай Қазақстан аумағы - . . . 1. Орталық Қазақстан 2. Шығыс Қазақстан 3. Батыс Қазақстан 4. Солтүстік Қазақстан 5. Оңтүстік Қазақстан экономикалық аудандарына бөлінеді.

1. Орталық Қазақстан экономикалық ауданы - шаруашылығының маманданаған салалары: көмір және металлургия, химия және машина жасау; 2. Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы - шаруашылығының маманданаған салалары: полиметалл және энергияны көп қажет ететін түсті металлургия, агроөнеркәсіп кешені; 3. Батыс Қазақстан экономикалық ауданы - шаруашылығының маманданаған салалары: мұнай және наз химиясы, балық өңдеу, етті - жүнді қой шаруашылығы; 4. Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы - шаруашылығының маманданаған салалары: агроөнеркәсіп кешені (жаздық бидай, етті - шаруашылығының маманданаған салалары: сүтті мал шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі), темір кені, көмір өндіру; 5. Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы - шаруашылығының маманданаған салалары: агроөнеркәсіп кешені (техникалық дақылдар, тамақ өнеркәсібі, етті - жүнді қой шаруашылығы), түсті металлургия, химия, машина жасау өнеркәсіптері.

Әрбір экономикалық аудан бірнеше облыстарды біріктіріп, олардың аумағында шаруашылықтың үш тобы, яғни. . . 1. маманданған, 2. қосалқы 3. қызмет көрсетуші салалары қалыптасты.

Маманданған сала сол аудандағы шаруашылықтың жетекші әрі өнімнің басым бөлігін беретін саласы. Мысалы, Шығыс Қазақстан ауданының маманданған салалары - энергияны көп қажет ететін түсті металлургия және су электр стансылары.

Қосалқы сала - маманданған салаларды жетілдіруге, оны онан әрі дамытуға қызмет етеді. Орталық Қазақстандағы маманданған металлургия өнеркәсібін электр энергиясымен қамтамасыз ету - қосалқы саланың қызметі. Әрбір аудан халқын тұтыну заттарымен қамтамасыз ету - қызмет көрсету саласына жатады.

Қазіргі таңда осы өнеркәсіптердің қоршаған ортаға яғни экологияға әсері қандай?

Назарларыңызға
рахмет!!!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz