Қазақ тілі 6-сынып: Астана - мәдениет пен өнер ордасы. Етістіктің шақтары мен мәтіндік тапсырмалар


Slide 1

Қазақ тілі

6-сынып

Бөлім: Астана - мәдениет пен өнер ордасы.

Slide 2

Сабақтың мақсаты:

6. 5. 1. 5. Етістіктің шақтарының қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану.

Slide 3

Бағалау критерийі: - мәтін мазмұнын түсініп, диалогті толықтырады. - мәтін бойынша деректі және дерексіз зат есімдерді табады.

Slide 4

Жаңа сөздер: жасампаздық - созидание қақпа - ворота кереге - решетчатая стена юрты қастерлі - реликвия рухани - духовный көріктендіру - украшать тыныс-тіршілік - жизнь өнерлі - талантливый

Slide 5

Айтылым. 1-тапсырма. Сурет бойынша бірнеше сұрақ дайында.

Дескриптор:

- сурет бойынша бірнеше сұрақ дайындайды.

Slide 6

Жазылым. 2-тапсырма. Сұрақтарға жауап жаз. 1. «Мәңгілік ел» идеясын қалай түсінесің? 2. Мәңгілік елге айналу үшін Қазақстанда қандай жұмыстар атқарылуда? 3. Сен Қазақстанның болашағына қандай үлес қосасың?

Дескриптор:

- сұрақтарға жауап жазады.

Slide 7

Оқылым. 3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Мәтінді мазмұнда. «Мәңгілік ел» ескерткіші жасампаздық қақпасын бейнелейді. Салтанатты қақпаның маңдайында мемлекеттік рәміз - Елтаңба, шаңырақ, киіз үй керегелері, күн шұғыласы, алтын жалды қанатты пырақ бейнеленіп, «Қазақстан» деген сөз жазылған. «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы - айрықша сәулет ескерткіші. «Мәңгілік ел» жазуы қақпаны көріктендіріп тұр. Арқа ұлттық оюмен безендірілген. Абыз ақсақал мен өнерлі қазақ халқының рухани өмірінің тыныс-тіршілігін білдіреді. Қақпаның бір жағына Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі тайқазанның көшірме үлгісі орнатылған. Мұнымен қоса онда қазақ жауынгерінің бес қаруының бірі - қалқан бейнеленген. Қақпаның бір қабырғасы Тәуелсіздікке арналған. Онда Егемендік туралы декларация көрсетілген. Бұл қабырғада «Ақорда», «Бәйтерек» секілді маңызды нысандардың суреттері салынған.

Дескриптор:

мәтінді түсініп оқиды.

мәтінді мазмұндайды.

Slide 8

Тапсырмаларды орында!

1. Мәтінге тақырып қой

2. Деректі және дерексіз зат есімдерді тап.

деректі зат есімдер

дерексіз зат есімдер

Дескриптор:

мәтінге тақырып қояды.

деректі, дерексіз зат есімді табады.

Slide 9

Айтылым. 4-тапсырма. Диалогті толықтыр. - . . . ? - «Мәңгілік ел» ескерткіші жасампаздық қақпасын бейнелейді. - . . . ? - Салтанатты қақпаның маңдайында қазақ халқының болмысын бейнелейтін мемлекттік рәміз - Елтаңба бейнеленген. - . . . ? -«Мәңгілік ел» салтанат қақпасы - айрықша сәулет ескерткіші. - . . . ? - Салтанат қақпасының биіктігі - 20 метр, ені - 13 метр. - . . . ? - Арка ұлттық оюмен безендірілген. - . . . ? - Қақпның бір қабырғасы Тәуелсіздікке арналған.

Дескриптор:

- мәтін бойынша диалогті толықтырады.

Slide 10

Жазылым. 5-тапсырма. Жақша ішіндегі тиісті етістіктерді дұрыс тұлғада қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. 1. Ол жасампаздық қақпасын (білдір, бейнеле, суретте) . 2. Ол елдік талап пен сәулеттік талғамға (жауап бер, айтып бер, сұрап бер) . 3. Қасбетінде абыз ақсақал мен данагөй ананың, қаһарман батыр мен елшіл жауынгердің қола мүсіндері (бейнеле, қойыл, беріл) . 4. Қақпаның бір жағына Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі тайқазанның көшірме үлгісі (жатқыз, орнат, қойыл) . 5. Егемендік туралы декларация (жазыл, кіргіз, көрсет) .

Дескриптор:

етістіктерді дұрыс тұлғада қояды.

сөйлемдерді көшіріп жазады.

Slide 11

Айтылым. 6-тапсырма. Мәтіндегі ақпаратты «Төрт сөйлем» тәсілін пайдаланып айт. Пікір: Оқыған мәтін бойынша пікіріңді бір сөйлеммен жаз. Дәлел: Пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде. Мысал: Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтір. Қорытынды:Тақырып бойынша қорытынды жаз.

Дескриптор:

- «Төрт сөйлем» тәсілін пайдаланады.

Slide 12

Кері байланыс

Slide 13

Оқу тапсырмасы:

1. Сөздікті жаттау.

2. 107-бет. 4-тапсырма. Мәтінді мазмұндау.


Ұқсас жұмыстар
7-сынып Қазақ тілі: Етістіктің түрленуі мен шақтары
7-сынып қазақ тілі: Етістіктің түрленуі мен шақ туралы түсінік сабақ жоспары
Қазақ тілі, 7-сынып: Етістіктің өткен, осы және келер шақтарын қайталау сабағы
Етістіктің шақтары және Көктемгі жұмыс тақырыбындағы сабақ
6-сынып қазақ тілі сабақ жоспары: Түбір мен қосымша
Көру қабілеті бұзылған оқушыларға арналған қазақ тілі сабағы: етістіктің шақтарын қайталау
6-сынып қазақ тілі пәні: еліктеу сөздерге арналған сабақ жоспары
6-сынып қазақ тілі: Себеп-салдар үстеуі мен үстеудің түрлері
6-сынып қазақ тілі сабағы: Дара және күрделі етістіктер - сабақ жоспары
6-сынып қазақ тілі пәні: көмекші сөздер мен шылауды оқытудың орта мерзімдік жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz