Лимон және оның таңғажайып қасиеттері



Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Бостандық орта мектебі
Орындаған:
4 «А» сынып оқушысы
Нұрлан Жұлдыз
Жетекшісі:
Серкебаева Г. А.
Ғылыми жоба:
Лимон және
оның таңғажайып
қасиеттері

Зерттеудің өзектілігі:
Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Отанымыздың келешегі, көркеюі - салауатты өмір салтын сақтауға байланысты деп ойлаймын. Денсаулық пен тазалықты сақтаудың жаңа жолдарын іздестірудеміз. Химиялық тазартқыштар мен жасанды дәрі-дәрмектің орнына экологиялық таза ауыстырылғыш табу керек деп байқадым. Сондықтан жеміс-жидектердің арасынан лимонды таңдап, ол туралы мәлімет тауып, оның қасиеттерін ашып, күнделікті өмірде қолдану тәсілдерімен таныстыруды жөн көрдім.

Мақсаты:
Лимон жемісінің адам денсаулығына пайдалы екенін түсіндіру. Зерттеу мен тәжірибе өткізіп, лимонның пайдалы қасиеттерін күнделікті тұрмыста қолдану қажеттілігін дәлелдеу.
Міндеттері:
Лимон өсімдігі, құрамы, қасиеттері туралы мәліметті оқып білу және талдап шығу;
Лимонның адам денсаулығына әсер етуі жөнінде мектеп медбикесімен сұхбаттасу
3-4 сынып оқушыларының арасында лимонның адам өміріндегі орны туралы әлеуметтік сауалнама өткізу
Ауыл дүкеншілерімен кездесіп, лимонның сұрауы туралы әңгімелесу
Лимонның шайдың түсін өзгертіп, кір дақтарды кетіретінін тәжірибе арқылы дәлелдеу
Тәжірибе өткізіп, лимонның электр тогын өткізетінін тексеру
Қорытынды шығарып, зерттеу жұмыстың нәтижесін көрсету.

Зерттеудің тәсілдері
ғаламтор, басылымдар арқылы іздеу
тәжірибе
жасау
арнайы мамандардан
сұрау
3-4 сынып оқушыларымен
сауалнама өткізу
Дүкеншілермен
әңгімелесу

Лимонның шығу тегі
Лимон жемісі туралы
алғашқы мәлімет Қытайдағы
VIII ғасырға жатады
Ал XI ғасырда арабтар оны
Испанияға әкелген. Тап сонда
осы өсімдік қазіргі түрінде
қалыптасқан деп саналады.

Лимон қайдан келген?
Александр Македонскийдің әскерлері лимон жемістерін Еуропаға Үндістаннан әкелген. Оларды үнді алмалары деп атап кеткен (331ж)
Джеймс Кук (атақты теңіз саяхатшы) өз теңізшілерін
цинга ауруынан қорғау үшін
лимон жегізген, сондықтан
XVII ғасырдың британдық
теңізшілерін «лаймиз»
(лимондықтар) деп атап кеткен.

Лимон дегеніміз не?
Лимон - цитрустар тұқымдасына жататын көпжылдық мәңгіжасыл өсімдік.

Елімізде лимон өсіру
Елімізде осы уақытта екі жерде ғана лимон өсіріледі. Ол Шығыс Қазақстан облысында, Өскемен қаласының маңайындағы Украинка деген ауылда Земляные Николай мен Людмиланың отбасы және Оңтүстік Қазақстан облысының Дидар Имашев басқаратын «Нығметолла» деген шаруашылығы. Онда «Бейбітшілік» деген лимон түрін өсіре бастады. Шаруашылықта 5 жылыжай бар, оларда 1500 лимон көшеті салынған.


Лимонның емдік қасиеттері
иммунитетті жақсартуға, склероз, анемия сияқты аурулардан арылуға жол береді.
антисептикалық қасиеті қолданып, жараларды емдеуге болады
авитаминоз бен гиповитаминозды алдын алады
жұқпалы тұмау ауруына төтеп бере алады
ағзадан қажет емес кір-қоқыстарды шығаруға көмектеседі
лимон қатты аллергия қоздырғышы болуы мүмкін;
лимонды тіс эмальдары нашар жандар сирек жегені дұрыс;
гастрит, асқорыту жолдарының ауруына шалдыққандарға лимон жеуге мүлдем тыйым салынған.

Лимонның иіс кетіргіш және тазартқыш қасиеттері
әртүрлі жағымсыз иісті
бірден кетіреді
Ас бөлмесіндегі сұр
алюмин заттар
мен ыдыстарды
жылтырлатуға болады
бөлме бұрыштарына,
терезе астына сеуіп қойсақ,
үйге өрмекшілер, құмырс-қалар, бүргелер мен тарақандар кіруін қояды
Киімдегі дақтардан бір
стақан лимон шырыны
көмектесе алады

Сауалнама қорытындысы

Дүкеншілермен әңгімелесу
№
Дүкен
Айына лимонды
сату мөлшері
1
Айшуақ
8-10кг
2
Арлан
12-15 кг
3
Аят
12-15 кг
4
Алия
8-10 кг
Барлығы
40-45 кг
Елімнің адам саны 794 деп анықтап
білдім. Егер балаға лимондарды
1 жасынан беретін болсақ,
онда елімде 1 жасқа дейін 9 бала бар.
Адам санынан оларды азайтып,
40-45кг (4-45000г) 785 адамға бөлсек,
әр адамға айына 50-57 г лимон
алынатынын есептеп білдім.
Осы сұраудан мен Бостандық ауылында
лимон аз сатылатынын анықтадым

Лимонның тазартқыш қасиетін тексеру
1 тәжірибе: Лимон шырынымен матадағы дақтарды кетіру
Қажетті құралдар: йод, лимон, мақта дисктері.
Мақта дискіне йодты тамшыладым, одан кейін пайда болған даққа лимон шырының құйдым. Оны 5 минут уақытқа қалтырдым. Лимон шырынындағы лимон қышқылы йод дағын кетірді.
Тұжырым: қымбат, зиянды дақ кетіргіштердің орнына лимон шырының қолдануға болады.

Лимонның тазартқыш қасиетін тексеру
2 тәжірибе: аллюминийден жасалған ыдысты тазарту
Қажетті құралдар: алюминийден жасалған ыдыс, лимон, су, шүберек.
Алюминийден жасалған ыдыстың ішін лимонның жартысымен сүртіп, 10 минутқа қалтырып кеттім. Кейін сумен шайып, шүберекпен сүрттім. Лимон ыдысты тазартты.
Тұжырым: Ыдыс тазартқыштардың орнына лимон шырының қолдануға болады.

Лимон электр қуатын жақсы өткізетінін анықтау
3 тәжірибе: Лимонда электр қуаты барын тексеру
Қажетті құралдар: лимон, сым, мыс тиыны, шеге, вольтметр
Лимонда қанша электр қуаты бар екенін тексеру. Ол үшін мұғалімнің көмегімен лимонға тиынды мен шегені жартылай кіргізіп, сымдармен вольтметрге қостым. Вольтметр 1 лимонда 1-ге жуық вольт бар екенін көрсетті.
Тұжырым: лимондағы электр қуатын пайдалануға болады.

Лимонның шай түсін өзгертетінін дәлелдеу
4 тәжірибе: Лимонның шай түсін өзгертетінін тексеру
Қажетті құралдар: 2 шыны ыдыс, шай шығарылған аққұман, лимон
Шайды аққұманға шығарып, екі ыдысқа құйдым. Біреуіне лимон қостым. Сол ыдыстағы шайдың түсі ағарды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz