ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ НАН ӨНІМІНІҢ ДАМУЫ




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі
Алматы технологиялық университеті

«Тағам технологиялары» факультеті
TК NOT 3302 – Нан өндірісінің технологиясы

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ НАН
ӨНІМІНІҢ ДАМУЫ

Орындаған: Құлахмет Жібек, Нышанбек
Шынарым
Қабылдаған: т.ғ.к., қауымдастық
профессоры Байысбаева М.П.
Топ: ТХ 20-12

Алматы, 2023 ж
ЖОСПАРЫ
1. Нан өндірісінің даму тарихы;
2. Қазақстандағы нан өндірісі.
НАН ӨНДІРІСІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Адамдар алғаш рет осыдан он бес мың жылдай
бұрын жабайы дақылдардың дәндерін шикі түрінде
тағам етіп пайдаланған. Тас дәуірі кезінде жабайы
дәндерді сабағынан ажыратып, таспен үгітіп, үн
жасап, оны сумен араластырып ботқа түрінде жеуді
үйрене бастаған. Сабағынан оңай ажырату үшін
тастарды қыздырып үстіне астықты жинап, салған.
Осы әдіс арқылы адамдар күйген дәндердің дәмі
жақсы болатынын түсініп, дәндерді қуырып, суға
араластырып ботқа жасап, жей бастаған.
Мыңдаған жылдар өткен соң бидай, арпа, тары сұлы және
т.б. дәндерді дақылдандыра бастады. Бұл шамамен сегіз
мың жылдай бұрын болған. Осы кездері қол диірмен ойлап
тауып, қою ботқадан ыстық тастың ұстіне таба нандар
пісіруді үйренген. Тағы біраз мындаған жылдардан кейін
ежелгі мысырлар керемет әсер етететін күші бар
микроскопиялық ағзаларды қолданып қамырды ашыту
тәсілімен қопсытуды ашты. Сонымен ежелгі Египетте бес-
алты мың жыл бұрын наубайхана өндірісінің жаңа тех-
нологиясы құрылды. Египеттік шеберлердің ашкан
жаңалығы нанның пішінін өзгертті. Тығыздалған, ауыр тапа
нан кайталанбас жұғымды дәмі бар, өзіндік төбетті ашатын
хош иісімен ауызда еріп кететін қопсыған нанға айналды.
Осы кездері нанды дайындаумен қатар,
ұн тарту әдісі де өзгере бастады. Тас
диірмендерде дәнді ұнтақтап, оның
эндосперм деп аталатын ортаңғы
бөлігін ұсақ ұнға айналғанша тартатын
болды. Кебегін қолмен електер арқылы
ажырататын болған. Осылайша біз нан
деп атап жүрген тамаша өнім пайда
болған.
Ашыған қамырдан қопсыған нан пісіру өнері үш мың жылдай
бұрын ежелгі мысырлардан Грецияға жетті. Нанның алуан
түрлері - кедейлер жейтін қарапайым ұннан тартылған
нандардан бастап «ахиллес» деп аталатын май қосылған
нандарға дейін дайындалды. Грециядан кейін мысырлардың
жаңа технологиясын римдіктер қолдана бастады. Бастапқы кезде
нанды үйлерінде дайындаған болса, кейіннен Рим астанасында
жүздеген наубайханалар жұмыс істеді. Қопсытылған нанмен
қоса олар әртүрлі дәмдеуіштер қо- сылған нандар, бәліштер
пісіре бастады. Наубайхана ішінде шағын бөлмелерде жаңа
ашытқы өндірісінің негізі қаланған ашытқы ашы-малы
дайындалатын болды. Біздің дәуірімізге дейінгі ІХ-ҮІІІ ғасырда
орыс халқы да астық өнімдерін қолдана бастаған. Әскер
гарнизондары орналасқан қорғандарда астық қоймасы болған.
Әр үйлерде арпа, жүгері және бидайдан өнімдер пісірілген. Х-ХІ
ғасырларда орыстар ашыған қамырдан қара нан дайын- дауды
білген. Арнайы ашымал немесе квас арқылы дайындалатын
«қышқыл» қара нанның өндірісі үлкен өнер болып саналған,
сондықтан да қүпия түрде сақталынып үрпақтан ұрпаққа
жеткізілген.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ НАН ӨНДІРІСІ

Қазақстан Республикасының наубайхана өндірісінің дамуын
тәуелсіздік алған жылдардан бері қарастырар болсақ 1990
жылы - 1290,6 мьщ тонна, 1997 - 1490,6 мың тонна өнім
өндірген. Қазіргі кезде халықтың жарма және нан өнімдеріне
деген қа- жетгілігі Қазақстандағы Астық өңдеушілер мен
Наубайшылар Ода- ғының 2011 жылы берген мәліметі бойынша
бір деңгейде тұрақ- талды (1-сурет). Нарықта отандық нан және
нан өнімдері 95%- дан жоғары үлеспен алдыңғы қатарда
тұрады. Нан нарығы барлық уақытта мемлекеттің құзырындағы
орган- дардың қадағалауында болады. Нан өнімдерінің
ассортименті және сапасы бастапқы шикізат - ұнға байланысты
болып келеді. Қазақстанда шығарылатын ұндарға - дәстүр
бойынша жоғары мөлшердегі желімшенің болуы тән қасиет.
Еліміздің солтүстік аймағында қалыптағы нан өндірісі басым
болса, оңтүстік аймақта тандырда пісірілетін таба нандар
дәстүрлі болып саналады.
Тәуелсіздік жылдарында тандыр нандардың ұлесі жер-жерлерде
өсуде. Нан өндірісінің дамуы халық санының өсу динамикасына
сәйкес келеді. Қырық жылдай бұрын шикізатгарды қабылдау,
сақтау кезіндегі барлық жұмыстар қол еңбегімен атқарылатын
болса, қазіргі кезде олар механизацияланған қондырғыларда
жасалады. Қазіргі қездегі нан зауыттары жоғары
механизацияланған өнеркәсіптердің біріне жатады. Шикізаттарды
қабылдаудан бастап нанды автокөліктерге тиеуге дейінгі
өндірістік процестердің барлығы механизацияланған. Қазақстан
Республикасында кіші наубайханалардан бастап қуаттылығы 150
тонна құрайтын, ассортимент түрі 150 атаумен шығарылатын
автоматты-механизацияланған желілері бар нан зауыттары
халықтың қажеттілігін қамтамасыз етуде.
НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА
РАҚМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Жеңіл өнеркәсіп
Көпжылдық бұршақ – астық тұқымдастардың шөп қоспалары
Ұнтақ күйінде итмұрын қосылған кепкен нан рецептурасы
Дамыған елдердегі экономикалық өсу ерекшеліктері
Шаруалар көтерілістері
Рудный қаласы
Сәтбаев қаласы
Міндетті және ерікті сертификат
СҮТ МАЙЛЫЛЫҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ ӨСУІ
Пәндер