Этиленнің формуласы



Сабақтың тақырыбы:
Алкиндер. Ацетилен

9. 4. 3. 13 этин мысалында алкиндердің химия-лық қасиеттерін (жану, гидрлеу, гидратация, галогендеу, сапалық реакциялар) оқып үйрену, химиялық реакция теңдеулерімен дәлелдеу

II. ҰТ тексеру:
Жұмбақ:
Мұнай, газ, тас көмірді түзетін,
Құрамына екі элемент кіретін,
Жанғанда көміртек диоксидін бөлетін
Органикалық затты кім бар білетін?!

III. Қызығушылығын ояту:
Ой қозғау сұрақтары:

1 - топ:
1. Құрамына әрдайым көміртек кіретін қосылыстар: а) органикалық заттар
в) бейорганикалық з-тар с) негіздер
д) қышқылдар
2. Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясын кім ашты:
а) А. М. Бутлеров в) Д. И. Менделеев
с) С. Аррениус д) М. В. Ломоносов
3. Көміртек пен сутектен тұратын органикалық заттар: а) көмірсулар
в) көмірсутектер с) спирттер д) альдегидтер.
4. С2Н6 қандай зат:
а) метан в) пропан с) этан д) этен
5. Мына заттың СН3 -- CH -- СН3 аты:
СН3
А) 2- метил- бутан в) 2- метил- пропан
с) 2-метил-этан д) бутан
6. Құрамы бірдей, құрылысы әртүрлі болғандықтан қасиеттері де әртүрлі болатын заттар:
а) гомологтар в) полимерлер
с) мономерлер д) изомерлер
2 - топ:
1. Сутекті қосып алу реакциясы:
а) дегидратациялау в) гидрлеу
с) дегидрлеу д) қосылу
2. Бірдей молекуларлар қосылып, үлкен молекула түзілу процесі:
а) гидрлеу в) дегидрлеу с) полимерлену д) димерлену
3. Этиленнің формуласы: а) СН3 - СН3 в) НС ≡СН с) Н2С = СН2
д) Н2С = СН - СН2 - СН2 - СН3
4. Қанықпаған көмірсутектерге тән реакция: а) қосылу в) алмасу
с) орынбасу д) айырылу
5. СnH2n қандай көмірсутектердің жалпы формуласы: а) алкан
в) алкадиен с) алкен д) алкин
6. Алкадиендің жалпы формуласы:
а) Сn H2n в) СnH2n + 2 с) Сn H2n -2
д) Сn H2n - 6

Ацетилендінің ашылу тарихы:
«Қоқыс жәшігінен табылған жаңалық».
Қазіргі кезде кең қолданылатын СаС2 -ін неміс химигі Ф. Велер 1862 жылы кездейсоқ ашты. Ол қалай болды? Велер кальцийді әктан көмір қатысында тотықсызданырып алмақшы болады. Нәтижесінде химик ешкаңдай металдық қасиеті жоқ қандай да бір күйген массаны алады. Өкінген Велер ол массаны
қорадағы қоқысқа керексіз өнім ретінде лақтыра салады. Жаңбыр жауған кезде Велердің лаборанты өзі
лақтырып тастаған тасты массадан газ бөлініп жатқанын байқады. Ол газ Велерді қызықтырды.
Сұрақ: Күйген масса қандай зат? Одан қандай газ бөлінді? Жауаптарынызды реакция теңдеулері
арқылы дәлелденіздер.

СаО + 3С →СаС2 + СО
СаС2 + 2Н2О → С2Н2↑ + Са(ОН) 2

Бүгінгі сабағымыз :
Алкиндер және оның маңызды өкілі ацетилен туралы.

IV. Мағынаны ашу:
Ацетиленнің ашылуы, құрылысы, алынуы, қасиеттері, қолданылуы. ( 162 - 164) бет.
( жеке, жұппен, топпен талқылап, жариялау) .

Салыстыру
түрі
Этан
Этилен
Этин (ацетилен)
Байланыс түрі
Құрылысы
Молекулалық формуласы
Құрылым формуласы
Изомерлері
Жаңа сабақ:
1. «Қанағат» тапсырмасы: Салыстыру кестесін толтыру.

Салыстыру
түрі
Этан
Этилен
Этин (ацетилен)
Байланыс түрі
Құрылысы
ТЕТРАЭДР
СЫЗЫҚТЫ
ЖАЗЫҚТЫ
Молекулалық формуласы
С2Н6
С2Н4
С2Н2
Құрылыс формуласы
СН3 - СН3
Н2С = СН2
НС ≡СН
Изомерлері
С-- қанқасы
А) С---қанқасы
В)
С) геометриялық
А) С--- қанқасы
В)
Байланыс орны бойынша
Байланыс орны
бойынша

2. Оқулықпен жұмыс:
Физикалық қасиеттері, 15- кесте.
3. «Талап» тапсырмасы: Алкиндерге тән реакциялардың теңдеулерің жазыңдар.
А) Қосылу ( гидрленуі, гидратану) :
1) . С2Н2 + Н2 → С2Н4 . С2Н4 + Н2 → С2Н6
2) . С2Н2 + Н2О → СН3СОН - М. Г. Кучеров реакциясы
Б) . Жану: 2 С2Н2 + 5О2 → 4СО2 +2 Н2О + Q
Сб, Т
С) . Полимерлену: 3С2Н2 → С6Н6
(тримерлену)

V. Жаңа сабақты бекіту:
Білім баспалдағымен көтерілу
( Алкиндер туралы әңгіме құрастыру)
Химиялық қасиеттер
алынуы
изомерлері
атауы
Жалпы формуласы
құрылысы
қолдану

«Терең ой» тапсырмасы: Өзіндік жұмыс.
1 -топ: Төмендегі қосылыстарды халықаралық жүйесі
бойынша атаңыздар:
а) Н3С - СН2 - СН3 в) СН2 ₌ СН2 с) СН2 = СН - СН = СН2
д) НС≡ С - СН2 - СН2 -СН3
Ι
СН3
2 - топ: Мына қосылыстардың құрылым формулаларын жазыңдар:
а) бутин -1 в) пропан с) этин д) пентен -1

1 - топ: Мына айналымдардың теңдеулерін жазыңдар: С2Н6 → С2Н4 → С2Н5ОН
2 - топ: Мына айналымдардың теңдеулерін жазыңдар: СаС2 → С2Н2 → С2Н4 → С2Н2 → С6Н6
Есеп шығару: Ацетиленнің жану реакциясының термохимиялық теңдеу бойынша:
2 С2Н2 + 5О2 = 4СО2 + 2Н2О + 2600 кДж 5, 6 л ацетилен (қ. ж. ) жанғанда бөлінетін жылудың мөлшерін есептеңдер.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz