Бағалау критерийлері Мазмұндық сипаты


Slide 1

Критериалды бағалау технологиясы

Slide 2

Критерий - ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі, негіздемесі және белгісі. Әр критерийдің дискрипторы болады, онда оқу тапсырмасының орындалу нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі. Дискрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатына жетуін анықтайды

Slide 3

Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:

Slide 4

«Критериалды бағалау технологиясы» пәнінің мазмұны студенттердің білім деңгейінің жетістігін бағалау 5 критерий (А, В, С, D, F) бойынша құрастырылды. Әрбір критерий тапсырмалары жүйелі орындауға бағытталған. «Тапсырма» сөзі бұл арада кең ауқымда қолданылады - ол мұғалімнің сұрағы, жаттығуы, шығармасы, жобасы және т. б. болуы мүмкін.

Slide 5

Бағалау үдерісіндегі критерий түсінігі, мазмұны ондағы қолданылатын тапсырмалар мен әдістер келесі 1-кестеде келтірілген.

Slide 6

Критерий

Әріптік жүйе

Мазмұны

Білім алушылардың

когнитивтік іс - әрекеті

Тапсырмалар,

Бақылау әдістері

Білім

A

Меңгеретін және берілетін білім негіздерінің критерийі

Білім алушылар мен мұғалім

Тест тапсырмалары; терминдер мен ұғымдарды жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбi.

Түсіну

B

Білімді қабылдап, түсіну критерийі

Студенттердің

белсенділігі

Ойды қозғау және аяқтау; графикті, суреттерді түсіндіріп беру.

Қолдану

C

Алған білімді қолдану критерийі

Студенттің шығармашылығы

Шығармашылық оқу тапсырмалары, жеке - дара жұмыс жасау мақсатын түсіндіру; берілген болжамды тексеру.

Slide 7

Жинақтау

D

Білімді жай қабылдамай, талдап, саралап салыстыру критерийі.

Білім алушының өз іс - әрекеті мен белсенділігі

Білімді жүйелеу және білімді топтастыру; салыстыру;

Талдау

Алған білімнен жаңа өнім жасап шығару критерийі

Білім алушының өз іс - әрекеті мен белсенділігі

Талдау, шешімін табу, алгоритм құрастыру, жүйелеу, зерттеу

Баға (сыни өзіндік пікір)

F

Өз пікірін білдіріп, сынап, жоққа шығару, мақұлдамау критерийі

Білім алушылар мен мұғалім

Нәтиже шығару

Slide 8

Мұндағы: түсіну, жинақтау, талдау - бұл категориялар ойлау үдерісінің операциялары және танымның әдістері болып саналады. Ал, болашақ кәсіптік оқыту мұғалімдерінің әдістемелік іс-әрекетінде - бұл білім нәтижесін алуға ықпал ететін бағалау критерійлері болып саналады. Бұл тұста Б. Блум таксономиясын қолдану болашақ кәсіптік оқыту мұғалімдерінің әдістемелік іс-әрекеттерін шыңдай түсуге жол салады, атап айтсақ, аса сезгіштік, ой ұшқырлығы, жаңаға ұмтылушылық, шығармашылық қабілеттер, өзіндік ой - пікірлерге тұра білу, өзіне сын көзбен қарау, қисын ойлау, жаңаны сезгіштік, күмәншілдік, әр нәрсеге күмән келтіру

Slide 9

Б. Блум таксономиясының негізінде болашақ мұғалімдердің креативтілігі, шығармашылық дербестілігі қалыптасады деп білеміз. Өйткені, кәсіптік оқыту үдерісінде болашақ мамандардың алған білімдерін шығармашылық деңгейге жетелеу, өнімді тәсілдермен жүзеге асады. Б. Блум таксономиясының ұтымдылығы да сонысымен ерекшеленеді

Slide 10

Блум таксономиясы бойынша бағалау критерийлерінің мазмұндық сипаты

Бағалау критерийлері

Мазмұндық сипаты

Білім

Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.

Түсіну

Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады: Трансляция -оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мысалы, сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т. б. ) ; Интерпретация -оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау; Жорамалдау -оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.

Slide 11

Қолдану

Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіне деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.

Жинақтау

Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді. Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру.

Slide 12

Талдау

Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, т. б. ), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.

Баға (сыни өзіндік пікір)

Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді.


Ұқсас жұмыстар
Оқу сауаттылығы сауаттылық сауаттылығы
Оқушының оқу жетістігін бағалау критерийлері
Зерттеулерді бағалау
КАПИТАЛИЗМ СОЦИАЛИЗМ
БОЛАШАҚ ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМІНІҢ МАЗМҰНЫ
Бағалаудың түрлері
Педагогикалық квалиметрия және оның білім сапасын анықтаудағы рөлі
Бағалаудың өлшемдік технологиялары
Ұлттық клиникалық басқарушылық
Оқуды бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz