Әдебиет теориясы: троптар мен тілдік фигуралар - метафора, теңеу, эпитет, метонимия, синекдоха, кейіптеу


Slide 1

Әдебиет теориясы

Троп

Фигура

Теңеу

Метафора

Эпитет

Метонимия

Синекдоха

Символ

Аллегория

Ирония

Сарказм

Гипербола

Литота

Кейіптеу

1. Арнау

А) Сұрай арнау

Б) Зарлай арнау

С) Жарлай арнау

2. Қайталау

А) Анафора

Б) Эпифора

Антитеза

Инверсия

Эллипсис

Параллелизм

Градация

Slide 2

Метафора(Алмастыру)

Бір нәрсенің, құбылыстың орнына оған ұқсас екінші нәрсені, құбылысты қолдану.

«Мен - тауда ойнаған қарт марал»

«Арыстанмын, айбатыма кім шыдар»

Әйнегі - күн, шатыры - аспан

Ашу деген - ағын су, ақыл деген - дария

Жыр - нөсер

Жастықтың оты, жүректің көзі, дүниенің есігі

Slide 3

Теңеу

Теңеу - екі нәрсенің ортақ сипатын, белгілерін табу, ұқсату.

-дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.

Күндей күлімдеді;

Садақтың оғындай;

Жолбарыстай ақырған;

Ор киіктей жүгірген.

Slide 4

Эпитет

Заттың, құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын айқындаушы сөз. Мысалы, қазақ поэзиясында «алтын» сөзі эпитет ретінде көп қолданылады. Оның мағынасы да сан алуан:

түсті (алтын күз) ;

құтты мекенді (алтын бесік - туған жер, алтын аймақ) ;

атақ-дәрежені (алтын жаға) ;

қазына-байлықты (алтын сандық) ;

жаны таза, адамгершілігі мол кісіні (алтын адам, алтын кісі) білдіреді.

Эпитет көбінесе сын есім, үстеу, зат есім, етістіктен жасалады.

Жүйрік қиял, ақ қайың, ереуіл ат, қоңыр кеш, әсем әуен, т. б

Slide 5

Метонимия

Өзара байланысты ұғымдарды қолдану, құбылыс орнына ерекше қасиетін көрсету. Сол сияқты өзара шектес заттар мен құбылыстардың, өзара байланысты ұғымдардың бірінің орнына бірі қолданылуы.

Әйелді- ақ жайлық, әскерді - қол, бүркітті - ақиық, мұзбалақ, қылышты - наркескен деп айту;

Үйі мәз боп қой сойды,

Сүйіншіге шапқанға . . .

Қасиетті қабірге, қасіретті Герат тас төкті.

Бір табақ ет жеді.

Конференция шешім қабылдады.

Мен Әуезовты оқыдым.

Slide 6

Синекдоха

Синекдоха - бүтіннің орнына бөлшекті, бөлшектің орнына бүтінді пайдалану. Синекдоханы меңзеу деп те айтуға болады. Бұл метонимияға жақын, өйткені синекдоха да екі ұғымның іргелестігі арқылы жасалады. Мұның метонимиядан айырмасы мынада: метонимияда сандық айырмашылық болмайды; ал синекдохада сандық айырмашылық болады.

Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек

Толғауы тоқсан қызыл тіл

Мал-жаның аман ба?

Slide 7

Кейіптеу

Табиғат құбылыстарын, жануарларды немесе жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп суреттеу.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды . . .

Мөлдіреген «Жетімкөл» көкке қарап,

Мөлдіреген көз жасын тыя алмай тұр.

Ертегілер мен сықақ-мысалдарда қасқыр, түлкі, қоян, тағы басқа жануарлар адам кейпінде суреттеледі.


Ұқсас жұмыстар
Тіл көрнектілігі: троптар және сабақ жоспары
Қазақ әдеби тілінің стильдері: түрлері, қызметі және тілдік құралдары
Көркем әдебиет тілі: поэтикалық, кейіпкер және автор тілінің теориясы мен поэтикалық фигуралары
Мағжан Жұмабаевтың Сағындым өлеңінің құрылымы мен кейіптеу тәсіліне талдау
Тілдік нормалар: теориясы, тарихи негіздері және негізгі түрлері
CLIL (пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту): теориясы, принциптері және Қазақстандағы қолданылуы
4-сынып математикасы: Геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері
Тіл стильдері: түрлері, қолданылуы және тілдік құралдары
Геометрия негіздері: фигуралар, үшбұрыштар, периметр және аудан
Тілдік коммуникация және сөз мәдениеті: ауызша және жазбаша қатынастың теориясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz