Супернормалдық кезең
Презентация қосу
Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Такырыбы: Жүрек етінің физиологиялық
қасиеттері. Жүректегі электрлік құбылыстар,
қозуды өту ерекшелігі.
Орындаған: Оңалбай М.А.
Тобы: В-ЖМҚА-09-22
Қабылдаған:Азимбаева С.Н.
Шымкент 2023ж
ЖОСПАР
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Жүрек бұлшық етінің физиологиялык қасиеті
2. Бұлшық еттің жиырылу мен босаңсу механизімі
3. Жүректегі электрлік құбылыстар
4.Қозудың өту ерекшелігі
Қорытынды
Пайдаланлыған әдебиеттер
Кіріспе
Жүрек - қалың жолақты еттен тұратын төрт
қуысты, үлкендігі адамның жұдырығындай (250-300г)
жұмыр ағза. Жүрек екі өкпе аралығының алдыңғы
жағында орналасқан, ірі қан тамырларға ілініп тұрады.
Ұзындығы 12-15, ені 8-11 см, ұзын білігі оңнан солға,
жоғарыдан төмен, арттан алға қарай бағытталған.
Жүрек ұшы кеуде қуысында сол жақтағы бесінші
қабырғаға не қабырға аралыққа сәйкес келеді. Жүрек 2
жүрекшеден және 2 қарыншадан тұрады. Жүрекше мен
қарынша арасында атриовентрикулярлық қақпақшасы
болады.
ЖҮРЕК ҚАБЫРҒАСЫ ҮШ ҚАБАТТАН ТҰРАДЫ: ІШКІ ҚАБАТЫ
ЭНДОКАРД, ОРТАҢҒЫСЫ — МИОКАРД, АЛ СЫРТҚЫСЫ -
ЭПИКАРД ДЕП АТАЛАДЫ
Эндокард жүректің ішкі бетін жауып жаткан жұка қабыкша.
Миокард — жүректің ет қабаты. Оның қалыңдығы жүректің әр
бөлігінде әр түрлі және жүрек камераларының аткаратын
кызметтеріне байланысты. Қарыншалар кабырғасы жүрекшелер
кабырғасымен салыстырғанда қалындау, ал сол карыншаның
миокарды оң карыншаның миокардынан қалындау. Онын себебі
қанды үлкен шенберге қуалау үшін сол қарыншаға үлкен күшпен
жиырылуға тура келеді.
Эпикард — жүректің сыртын жауып жатқан, жұқа қабықша. Ол
жүрек табанында жүректің сыртын қаптап жататын берік дәнекер
тканьнен түзілген жүрек кабына — перикардқа айналады.
Перикард пен эпикард аралығындағы куыста сұйықтық болады.
Ол жүрек жүмысы кезінде қабықшалардың өзара үйкелісін
азайтады. Перикард жүрек еттерінің шамадан тыс босаңсуына
мүмкіндік бермейді.
Жүректің
Жүректің құрылысы
құрылысы
Оң
Оң Сол
Сол Сол
Сол
Оң
Оң құлақша
құлақша
қарынша
қарынша құлақша
құлақша қарынша
қарынша
Жоғарғы
Жоғарғы
қуыс
қуыс вена,
вена, Өкпе Төрт
Өкпе Төрт өкпе
өкпе Қолқа
төменгі
төменгі қуыс
қуыс сабауы венасы Қолқа
сабауы венасы шығады
вена,
вена, шығады. қүяды. шығады
шығады. қүяды.
венозды
венозды
синус
синус құяды.
құяды.
ЖҮРЕК КАМЕРАЛАРЫ:
1) Оң жүрекше-оң жүрекшеге жоғарғы және
төменгі қуысты вена-вена қанын алып келіп,
құяды. Қан тамырларының ашылар жерінде
қақпақшалары болмайды. Қосымша қуыстық-оң
құлақша болады.
2) Сол жүрекше-сол жүрекшеге 4 өкпе венасы-
артерия қанын алып келіп, құяды. Қан
тамырларының ашылар жерінде қақпақшалары
болмайды. Қосымша қуыстық-сол құлақша
болады.
3) Оң қарынша-оң қарыншадан өкпе
сабауы (бағаны)-вена қанын алып
шығады.
4) Сол қарынша- сол қарыншадан қолқа
басталады да-артерия қанын адамның
барлық дене бөлігіне таратады
Қақпақша –
жүректің ішкі
қабатынан
құралған бөлік,
күре тамыр және
артериалды қан
тамырлардан
қанның бір
бағытта ағуын
қамтамасыз етеді.
ЖҮРЕК ҚАҚПАҚШАЛАРЫ
ЖҮРЕК БҰЛШЫҚЕТІНІҢ
ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ:
1. Қозғыштық
2. Автоматия
3. Рефрактерлік
4. Өткізгіштік
5. Жиырылғыштық
6. Созылғыштық
7. Эластикалылық
ЖҮРЕК ЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ – ОНЫҢ
АВТОНОМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТІ
Көлбақаның жүрегін денесінен бөліп алып
физиологиялық ерітіндіге салып койса, жүрек өзінің
табиғи ырғағымен көпке дейін тоқтамай жиырыла
береді. Оның өзінен өзі жиырылуы автоматиялық
қасиетіне, яғни өз тканінде туатын қозу процесіне
байланысты.
Жылы қанды жануарлар жүрегінде де автоматиялық
қасиет болатынын 1895 жылы Лангендорф итке
жасаған тәжірибесінде дәлелдеп берді. Ит денесінен
бөлініп алынған жүректің өз (коронарлық) тамырына
оттегімен қаныққан жылы қанды әдеттегі қысыммен
жіберсе, тақтап қалған жүрек қайтадан жиырыла
бастайды.
1902 жылы дәрігер
А. А. Кулябко
(Томск) өкпе
ауруынан өлген
баланың жүрегін
20 сағат өткен соң
денесінен бөліп
алып, Лангендорф
әдісін қолданды,
мұның
нәтижесінде
тоқтап қалған
жүрек кайтадан
соға бастады.
Сөйтіп адамның
жүрек етіне де
автоматиялық
АВТОМАТИЯ
Бұл қозудың өз бетімен пайда болу
қасиеті.
Автоматия – бұл жүрек бұлшықетінде
туатын серпіністер арқасында жүректің
мерзімді жиырылу қабілеті.
Жүректің пейсмекер жасушалары
немесе І реттік ырғақты жүргізушілер –
оң жақ жүрекшенің ерекше бұлшықет
жасушалары.
Жүректің жиырылуы систола мен одан кейінгі
босаңсуына диастола жұмсалатын уақыт. Ал
систола мен дистолаға кететін мерзім жүрек
қызыметінің оралымы(циклы) деп аталады
Жүрек минутына 70-72 рет cоқса, жүрек циклы
0,8-0,9 секундқа тең. . Айналым уақыты жүрек
соғуының жиілігіне байланысты. Айналым кезінде
жүрекше мен қарынша белгілі бір тәртіппен
(ретпен) жиырылады. Жүрек жиырылған сәтте
ондағы қанның қысымы көтеріледі. Жүрек
қуыстарындағы қан қысымының өзгеруі белгілі бір
заңдылыққа бағынады. Осыған сәйкес
қақпақшалар бір ашылып, бір жабылып отырады.
Бұл айтылғандар қанның бір бағытта ағуын
қамтамасыз етеді.
Қан айдау кезеңі аяқталысымен
қарынша диастоласы басталады, ол
0,47 секундке созылады. Бұл 4
кезеңнен тұрады: протодиастола,
изометрлік босау, қанға толу,
пресистолалық.
1. Протодиастола кезеңі қарынша
диастоласының алғашқы 1-ші сатысы, оның
ұзақтығы 0,04 секунд. Жүрек еттерінің бәрі
бірдей бір мезгілде босай алмайды, біртіндеп
топ-тобымен босайды.
2. Изометрлік босау кезеңінде (ұзақтығы 0,08
секунд) айшық қақпақшалар жабылады да, ал
жақтаулы қақпақшалар ашылмай жабық күйінде
қалады. Ет талшықтары тұтас және бір мезетте
босаңсуына байланысты қарынша қуысында
қысым азая бастайды.
3. Жүректің қанға толу кезеңі – ең ұзақ - 0,25
секунд созылады. Бұл екі кезеңнен тұрады: тез
толу (0,08 с), баяу толу (0,17 с). Қарыншаның
қанға тез толу себебі: жүрекше-қарынша
систоласы кезінен бастап ұзақ уақыт босаған
Жүректің өткізгіш жүйесінің маңызы
Миокардта ет талшықтарының екі түрі болады:
жүрек етінің негізін құрайтын миоциттер -
жүректің өзіне ғана тән арнайы тін, және жүректің
өткізгіш жүйесін құратын миоциттер - арнайы емес
белсенді тип. Алғашқы аталған миоциттер
жиырылуға бейімделген, ал екінші аталған
миоциттер ешқандай әсер етпесе де өздігінен қозуға
және қозу үрдісін өздері арқылы өткізуге бейімделген.
Бейарнамалы миоциттер саркоплазмаға бай,
олардың миофибрилдері аз, бірақ өте қозғыш, ет
тінің эмбриондық жасушаларына ұқсас. Жүректің
өткізгіш жүйесі осы миоциттерден тұрады. Олар
топталып түйіндер құрайды.
КАРДИОМИОЦИТТЕР – ЖҮРЕКТІҢ ОРТАҢҒЫ ЕТТІ
ҚАБЫҒЫ – МИОКАРДТЫҢ ЖАСУШАЛАРЫ. ҚЫЗМЕТІНЕ
ҚАРАЙ: ЖҰМЫСШЫ ЖӘНЕ ӨТКІЗГІШ БОЛЫП БӨЛІНЕДІ.
ҚОЗҒЫШТЫҚ
Бұл жүректің тыныштық күйден
белсенді күйге, яғни қозу жағдайына
ауысу қабілеті.
Қозу жүректің нақты өзінде болатын
үрдістердің әсерінен мерзімді түрде
туындап отырады.
Аталған құбылыс автоматия
атауына ие болды.
Қозғыштықтың кезеңдері:
1. Абсолюттік рефрактерлік
кезең (0,27 с).
2. Салыстырмалы
рефрактерлік кезең
(0,03 с).
3. Супернормалдық кезең.
РЕФРАКТЕРЛІК
Рефрактерлік- дегеніміз қозбаушылық.
Жүрек бұлшықетінің абсолюттік
рефрактерлік кезеңі – 0,27 с, ал
салыстырмалы рефрактерлік кезеңі 0,03 с
құрайды.
Абсолюттік рефрактерліктің ұзақ кезеңі
жүрек бұлшықетінің жеке дара жиырылу
режимі мен оның ырғақтылығын қамтамасыз
етеді.
Жүрек бұлшықетіне тетанустық жиырылу тән
емес.
ЖҮРЕКТІҢ ӨТКІЗГІШТІК ЖҮЙЕСІ
Жүрекше аралық қалқа
Синоатриальды
түйін – 1-реттік
ырғақ жетекшісі Гис шоғырының оң
(60-80 соққы/мин) және сол аяқшалары
Атривентрикулярлы
түйін –
2-реттік ырғақ
жетекшісі
(40-60 соққы/мин)
Гис шоғыры –
3-реттік ырғақ
жетекшісі
(30-40 соққы/мин)
Пуркинье талшықтары Жүректің ұшы
Қарынша аралық қалқа
В.ГАСКЕЛЛДІҢ АВТОМАТИЯ ГРАДИЕНТІ
Синоатриалдық түйіннен алыстаған
сайын автоматизм дәрежесі азая түседі.
Синоатриалдық түйін – І реттік ырғақ
жүргізушісі (60-80 имп/мин).
Атриовентрикулярлық түйін – ІІ реттік
ырғақ жүргізушісі (30-40 имп/мин).
Гис шоғыры - 30-40 имп/мин.
Гис шоғыры - Пуркинье талшықтары - 20
имп/мин.
Жүрек автоматизмінің табиғаты миогендік.
Арнайы (атиптік) бұлшықет талшықтарынан
тұратын миокардтың нақты аймақтарының
спонтанды белсенділігімен негізделеді.
Арнайы бұлшықеттер жүректе өткізгіштік
жүйені түзеді.
Өткізгіштік жүйеде қозуды өткізу
жылдамдығы 4-5 м/с.
Атриовентрикулярлық түйін аймағында 2-5 см/
с созылатын атриовентрикулярлық кідіріс
болады, ол жүрекшелер мен қарыншалардың іздік
жиырылуын қамтамасыз етеді.
СТАННИУСТЫҢ САЛҒАН ЛИГАТУРАЛАРЫ
ҚАЛЫПТА
2 лигатура
1 лигатура 3 лигатура
ПУЛЬС ЖИІЛІГІ БОЙЫНША
АВТОМАТИЯНЫҢ ӨЗГЕРІСІН БАҒАЛАУ
АВТОМАТИЯ ЖОҒАРЫ - ПУЛЬС
ЖИІЛЕЙДІ- ТАХИКАРДИЯ
АВТОМАТИЯ ТӨМЕН - ПУЛЬС
СИРЕЙДІ - БРАДИКАРДИЯ
ӨЗГЕРМЕЛІ АВТОМАТИЯ -
ТҮРЛІ ЖИІЛІКТЕГІ ПУЛЬС -
СИНУСТЫҚ АРИТМИЯ
ӨТКІЗГІШТІК
Бұл – қозуды белсенді күйдегі аймақтардан тыныштық
күйдегі аймақтарға өткізу қабілеті.
Жүректің өткізгіштік қасиеті электротониялық табиғатқа ие.
Ол атиптік және жұмысшы миокард жасушалар арасындағы
нексустардың және кардиомиоциттерді бөліп тұратын
қосымша пластинкалардың төменгі электрлік кедергісімен
қамтамасыз етіледі.
Нәтижесінде, кез келген аймақты табалдырықтан жоғары
тітіркендіру миокардтың түгел қозуын тудырады.
Бұл жүрек бұлшықетінің ұлпасын жекелеген жасушаларға
(функционалдық синцитий) морфологиялық түрде
ажыратылған деп санауға мүмкіндік береді.
Жүрекшелер бойынша қозуды өткізу жылдамдығы 1 м/с.
Қарыншалар бойынша қозуды өткізу жылдамдығы 0,8 м/с.
ЖИЫРЫЛҒЫШТЫҚ
Бұл – жүрек бұлшықетінің ұзындығының
өзгеруі немесе оның кернеу күшінің өзгеруі.
Жүрек ырғақты түрде, жеке дара жиырылу
режимінде жұмыс атқарады.
Жүректің жиырылуы систола деп алатады.
Алдымен жүрекшелер, содан соң қарыншалар
жиырылады.
Жиырылу фазасынан кейін босаңсу фазасы,
яғни диастола болады.
ЖҮРЕК БҰЛШЫҚЕТІНІҢ ЖИЫРЫЛУ МЕХАНИЗМІ
Созылғыштық – жүрек бұлшықетінің созу
күшінің (қысымының) әсерінен өз құрылымын еш
бұзбай отырып, ұзындықты арттыра алу қабілеті.
Эластикалылық – жүрек бұлшықетінің
деформациялайтын күштің әсері аяқталған соң
бастапқы күйге қалпына келе алу қабілеті.
Қорытынды
Сонымен қорытындылай келе, ЖҮРЕК – өмір
бойы тынымсыз, тоқтаусыз жұмыс жасайтын
мүше болып табылады.
Жүрек белгілі бір ырғақпен, жиілікпен,
тереңдікпен жиырылып отырады. Жүрек адам
организмінде ерекше орын алатын, зат алмасуды
реттеп, тасымалдау, реттеуші, иммунды
қорғаныс қызметтерін атқарады. Жүрекке тән ең
бір ерекше қасиет – автоматизм болып
табылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Сәтбаев Х.Қ Өтепбергенов А.А Нілдібаев А.А Адам физиологиясы
2. Қалыпты физиология : оқулық. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2015.
3. Нұрмұхамбетұлы, Ә. Орысша- қазақша медициналық (физиологиялық) сөздік =
Русско-казахский медицинский - Алматы : Эверо, 2014.
4. Қалыпты физиология: оқулық ; ред. Л. З. Тель - М. : "Литтерра", 2015.
5. Қасымбеков, В. Қ. Қалыпты физиология бойынша ахуалдық есептер жиынтығы : оқу-
әдістемелік құрал /. - Алматы : Эверо, 2016.
6. Қасымбеков, В. Қ. Физиологиялық зерттеу әдістері : оқу- әдістемелік құрал / Алматы :
Эверо, 2016.
7. Сайдахметова, А. С. Физиологиядан тәжірибелік сабақтарға нұсқаулар : оқу құралы /
А. С. Сайдахметова, С. О. Рахыжанова. - Караганды : АҚНҰР, 2016.
8. Миндубаева, Ф. А. Физиология пәнінен практикалық сабақтарға арналған нұсқау :
оқу-әдістемелік құрал . - Алматы : Эверо, 2012.
9. Адам физиологиясы : оқулық / Л. З. Тель [ж. б.]. - ҚР Денсаулық сақтау м-лігі оқу-
ғыл.-әдіст. орт. мед. инновациялық технологиялық орталығы. - Алматы : Эверо, 2012.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz