Қазақ киносының қалыптасуы мен дамуы
Презентация қосу
Тақырыбы: Қазақ киносының
қалыптасуы мен дамуы
Орындаған: Құрманәлі Сабина, Байгунова
Қызжібек
Курс: 2
Топ: 6B05212-ЭПП
Қабылдаған: Нұрадин Гүлхан
ЖОСПАР
1. Қазақстандағы кино құрылуына алғашқы қадамдар
2. «Амангелді» фильмі төл туынды ма?
3. Соғыс жылдарындағы Қазақстан киноматографы
4. Алғашқы қазақ режиссёрлары
5. Жаңа толқын
Қорытынды
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КИНО ҚҰРЫЛУЫНА
АЛҒАШҚЫ ҚАДАМДАР
• Ең алғашқы Қазақстан аумағындағы киносеанс Верный қаласында,
яғни,қазіргі Алматыда 1910 жылы 22 маусымда болды.
• Сол жылы Көкшетауда жаздық кинотеатр іске қосылды.1911 жылы
Верныйда үнемі жұмыс істейтін кинотеатр ашылды.Алайда, бұлар тек
коммерсиялық жобалар болды.Олар киноның таралуынада, кино
индустриянын құрылуынада әкелмеді. Алғашқы киностудиялар
Қазакстандық киноны кұруға алғашқы қадамдарды 1925 жылы жасады.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КИНО ҚҰРЫЛУЫНА
АЛҒАШҚЫ ҚАДАМДАР
• 1929 жылы алғашқы киностудия құрылды.Ол бүкіл
ресейлік "Востоккино"студиясының өндірістік
бөлімі болып табылды.
• Бөлімше "Соңғы жаңалықтар" атты киножурнал
шығарды.
• Жеке қысқа метражды деректі фильмдер түсірді.
Соның ішінде 1929 жылы Виктор Туриннын
"Түрксіб" фильмі атақты болды.
• 1934 жылы Алматылық "Киношежіре" студиясы
құрылды. Кеңестік Қазақстан киножурналымен
деректі фильмдер шығарыла бастады.
«АМАНГЕЛДІ» ФИЛЬМІ ТӨЛ ТУЫНДЫ МА?
•“Леньфильм” киностудиясы 1938 жылы "Амангелді" туындысын түсіреді. Режиссёрі
– Моисей Левин. Басты рөльде атақты – Елубай Өмірзақов ойнады. Расында
аталмыш фильм қазақ кино өнерінің тарихында өзіндік орынға ие. Ұзақ уақыт
бойында "Амангелді" фильмі қазақ кино өнерінде алғашқы төл туынды деп
есептелініп келді. Дегенмен кинотанушы Бауыржан Нөгербек бұл қате пікір деп
есептейді. Себебі аталмыш кино “Леньфильм “киностудиясының туындысы болып
есептелінеді және де фильм сол киностудияның тапсырысымен түсірілді.
Сондықтан,”Амангелді” Қазақстан тақырыбындағы алғашқы дыбыстық фильм деп
санау керек дейді. Кезінде кинотанушы Қабыш Сирановтың мақаласында сценарий
авторы – Ғабит Мүсіреповпен, Иванов деп келтірілген. Ал ақиқатында екеуінен
бөлек сценарий жазуға Б.Майлинда атсалысқан. Сол жылдардағы Кеңес өкіметінің
солақай саясатының кесірінен ол жазушымыздың есімі титрден алынып тасталынды.
Тіпті Ғабит Мүсіреповтың есімі алынып тасталынған кездерде болған. Осылай қазақ
кинодраматургиясының негізі қаланды десек болады.
•1940 жылы Мұхтар Әуезовтың сценарийімен “Райхан” атты фильм жарыққа шықты.
СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
КИНОМАТОГРАФЫ
• 1941 жылы ”Алматы” көркемфильмдер киностудиясы құрылады.
• Соғыс жылдары Алматыға “Мосфильм” мен “Леньфильм” студиялары
көшіріледі. Сол студиялармен “Алматы” киностудиясы бірігіп, ”Біріккен
орталық киностудия” атымен жұмыстарын бастайды. Бұл студияда Сергей
Эйзенштейн, Дзига Вертов сиақты атақты режиссёрлар мен тұлғалар жұмыс
істеді.
• 1944 жылға дейін жұмыстарын жасап,соғыс жылдарында отандық көркем
фильмдердің 80% осында түсіреді.
• 1944 жылы “Алматы” киностудиясының аты “Алматы көркем және деректі
шежірелік фильмдер” деп өзгереді.
СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
КИНОМАТОГРАФЫ
• 1945 жылы “Леньфильм”мен “Мосфильм” өз еліне
көшіріліп,”Алматы” студиясы ары қарай жұмысты өз
бетінше жалғастырады.
• Кеңес киносының көрнекті шеберлерімен байланысу
арқылы ұлттық кинематография кадрларын дайындау
мүмкін болды.
• 1945 жылы М.Әуезовтың сценарийы бойынша “Абай
әндері” атты студияның алғашқы туындысы шығады.
• 1952 жылы Айманов түскен “Жамбыл” фильмы жарық
көрді.
АЛҒАШҚЫ ҚАЗАҚ РЕЖИССЁРЛАРЫ
• 1954 жылы “Махаббат туралы аңыз” атты фильм-спектакль шығады. Оның
режиссерлары – Шәкен Айманов пен Карл Гаккель болатын. Осылай Айманов өз
режиссерлық жолын осы фильмнен бастайды және алғашқы “Қазақтан шыққан
режиссер” атына ие болады. Кинотанушы Бауыржан Нөгербек қазақ киносының басы
осы Шәкен Аймановтың “Махаббат туралы аңыз” киносынан деп санайды. Яғни,
алғашқы қазақ киносы осы фильм деп санайды.
АЛҒАШҚЫ ҚАЗАҚ РЕЖИССЁРЛАРЫ
• Әрине, осыған дейінгі фильмдер қазақ кино
тарихында қалады және қалада бермек.
Себебі, олар қазақ киносының пайда
болуына, дамуына тікелей ықпал етті. Ал,
Аймановпен Қазақ киносының жаңа
парағы ашылды. Аймановтан кейін жаңа
режиссёрлар көбейе түсіп, Қазақ киносының
Алтын дәуірі басталды. Режиссерлар –
Ш .Айманов, Мәжит Бегалин, Қарсақбаев,
деректі кинорежиссер – Ораз Әбішев,
мультипликатор Амен Хайдаров сынды
тұлғалар қазақ кино өнерінде өшпес із
қалдырып кетті.
АЛҒАШҚЫ ҚАЗАҚ РЕЖИССЁРЛАРЫ
• 1960 жылы 9 қаңтарда ”Алматы”киностудиясы
“Қазақфильм” атауына өзгертілді.
• 1963 жылы 8-9 қаңтарда Қазақстан киноматографисттер
одағының бірінші құрылтай съезді өтті.
• 50-60-70 жылдарда Қазақ киносының тарихында алтын
әріптермен жазылды. “Оның уақыты келеді”, ”Біздің
сүйікті дәрігер”, ”Тақиялы періште”,
”Атамекен”, ”Қыз Жібек”, ”Атаманның ақыры”, ”Ел
басына күн туса”, ”Менің атым Қожа”, ”Алдар көсе”
т.б фильмдерді халық әлі сүйсіне қарайды.
• 1984 жылы “Қазақфильм” студиясына Шәкен
Аймановтың есімі берілді.
ЖАҢА ТОЛҚЫН
• 80-90жылдары қазақ киносына Серік
Апрымов,Қалықбек Салықов,Рашид Нугманов
секілді жаңа толқын режиссёрлері келді. Осы кездері
авторлық фильмдер көп түсіріліп, көптеген
Халықаралық кинофестивальдерде жүлделерге ие
болды.
• Осыдан 10-15 жыл алдын кинотеатрларда отандық
фильмдер өте аз болды. Кейбір фильмдер үлкен экранға
шыққанымен көрермен сұранысына, көп табысқа ие
бола алмады. ”Рэкетир” фильмінен кейін коммерсиялық
фильмдер көбейіп бастап, жеке киностудиялар пайда
болып, өз кинотуындыларын ұсына бастады. ”Рэкетир”
сияқты жетістікке жетпеседе, кинотеатрларға шығуға
ҚОРЫТЫНДЫ
• Кино – ең бірінші өнер, екінші үлкен
идеологиялық құрал болғандықтан сол
екеуін біріктіріп,жақсы сапалы дүние
түсіріп өскелең ұрпаққа жақсы тәлім-
тәрбие беретін фильм шығарса халық
ішінде режиссёрлар Аймановтар секілді
үлкен суреткерге айналса жақсы болар
еді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz