Көмей ӨКПЕ




Презентация қосу
Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

№10 Лекция

Тыныс алу жүйесінің дамуы

Лектор: Аймбетова Индира Оразгалиевна
ЖОСПАР
1. Тыныс алу ағзаларының құрылысы мен қызметінің жас
ерекшеліктері

2. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы

3. Тыныс алу ағзаларының қызметтерінің бұзылуы,
себептері жəне алдын алу
1. Тыныс алу ағзаларының құрылысы мен
қызметінің жас ерекшеліктері
Тыныс алу жүйесі ( респираторлық жүйе) - адамның
сыртқы тыныс алу қызметін қамтамасыз ететін
мүшелер жиынтығы.
Тыныс алу жүйесінің қызметтері:
- ағзаға оттегінің түсуі;
- көмірқышқыл газының ағзадан шығарылуы;
- ағзадан метаболизмнің газ тәрізді өнімдерін шығару;
- терморегуляция;
- синтездеу: өкпе тіндерінде кейбір биологиялық белсенді заттар:
гепарин, липидтер және т. б. синтезделінеді;
- қан өндіруші: өкпеде томпақ жасушалары мен базофилдер
жетіледі;
- жинақтаушы: өкпе капиллярлары көп қан жинай алады;
- сіңдіруші: өкпе бетінен эфир, хлороформ, никотин және басқа да
көптеген заттар оңай сіңеді.
Тыныс алу жүйесі
қызметтеріне қарай екіге бөлінеді

ауаны сыртқы ортадан ішке және іштен Тыныс алу мүшесі
сыртқа қарай қозғайтын немесе газ алмасатын мүше
тыныс алу жолдары

•Мұрын қуысы
•Көмей ӨКПЕ
•Кеңірдек
•Бронхылар
Тыныс алу жүйесі
орналасулары бойынша қарай екіге бөлінеді

жоғарғы төменгі
тыныс алу жолдары тыныс алу жолдары

•мұрын қуысы
•Көмей
• жұтқыншақ
•Кеңірдек
• ауыз қуысы
•Бронхы
Тыныс алу жүйесі
Тыныс алу жүйесі
Тыныс алудың жүйкелік және гуморальдық реттелуі.

Сопақша мида тынысалу, тыныс шығару орталығы орналасады.

Тынысалу орталығы жөтелу, түшкіру сияқты қорғаныш рефлекстерін
тудырады.

Гуморальдық реттелу. Адреналин мен тироксин гормондары да тыныс
алуды жиілетеді.
Тыныс алу жүйесінің жалпы сипаттамасы
Дем алғанда ағза мен сыртқы орта газдармен алмасады, ішке оттегі кіріп, сыртқа көмірқышқыл газы
айдалып тұрады. Бұл процесс кеуде қуысында орналасқан өкпенің альвеоларында (лат. - ойма қуыс,
науа) жүреді. Тыныс алу кезінде өкпені атмосфермалық ауамен және одан газбен қаныққан ауаны
тасымалдау тыныс алу жолдары арқылы жасалады. Дем алу және дем шығару қан айналым жүйесі
арқылы ағзаның барлық мүшелеріне әсер етеді.
Ересек адам қалыпты күйінде дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді және бір минутта 16-18
тыныс алу қозғалыстарын жасап, өкпесінен 6-7 литр ауа өткізеді. Ауаның мөлшері адамның
салмағына және бойына байланысты, бойы ұзын және салмақты болса, соғұрлым көп ауа өтеді.
Ересек адамға қарағанда балаға ауа көбірек қажет. 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л., кейде
7 л. ауа өтеді, бұл баланың дем алу ерекшелігіне жатады, сондықтан баланың денесінен бу ретінде
су көптеп шығып, тершең болады.
Кеуде қуысын кеңейту тәсіліне қарай дем
алудің екі түрі бар:
*қабырғаларды көтеріп кеуде
қуысын кеңейту арқылы дему
алу - кеудемен дем алу (жас
сәби мен әйел адамдар дем
алысы) деп аталады;

*диафрагманың көмегімен кеуде
қуысын кеңейту арқылы дем
алу - ішпен дем алу (ер
адамдардың тыныс алуы) деп
аталады.
Мұрын қуысы
Ауа мұрын арқылы екі бөлікті – қалқалы мұрын қуысына түседі.
Әрбір бөлікті – қалқада мұрын қуысының ішкі бетін ұлғайтатын үш
мұрын қалқаны орналасқан. Ол эпителийлі қабықпен және көп қан
тамырларымен жабылған.

Тамырлармен аққан қан түскен ауаны дене
температурасына дейін жылытады, ал
сілемейлі қабық – ауаны ылғайдайды және
шаң тозандар мен микроорганизмдерді
тұтып қалады. Тұтылған
микроорганизмдерді лейкоциттер
қорытады, қорытудан артылған шаң-
тозандар эпителийтүктері ( кірпікшелер )
арқылы сыртқа шығарылады. Мұрын
қуысында жылытылған, ылғанданған және
тазартылған ауа жұтқыншақ арқылы
көмейге түседі.
Көмей
Тыныс алу түтігінің жоғарғы бөлігі
мойынның алдыңғы жағында
орналасқан;
Көмей өзара қосылған
шеміршектерден тұрады: сақина және
қалқанша тәрізді;
Көмейге ас бөлшектері немесе басқа
заттар түскенде, сондай-ақ қабыну
процестерінде адам қатты жөтелгенде
дем шығарылады. Бұл көмейдің
тазартылуына әсер етіп, тыныстың
төменгі бөлімдеріне зиянды заттардың
енуіне кедергі келтіреді.
Дыбыс аппараты орналасқан;
Көмей ауаны жұтқыншақ арқылы
кеңірдікке өткізеді;

Көмейдің дыбыс сіңірлері мен көмей қақпашығынан басқа ішкі беті тербелмелі эпителийлі
сілемейлі қабықпен қапталған. Көмей шеміршектері арасында екі дыбыс сіңірлерін түзетін
сілемейлі қабаттар болады. Олардың арасындағы кеңістік дыбыс саңылауы деп аталады.
Дауыс дыбысы тыныс шығарған кезде дыбыс сіңірлерінің тербелісі нәтижесінде пайда
болады. Дауыс түрі мен оның тембрі дыбыс сіңірлерінің ұзындығына байланысты.
Кеңірдек мен бронхиолдар

Кеңірдек (трахея) – өңештің
алдында орналасқан, ұзындығы
12 см тыныс алу түтігі. Ол
кеңірдек қабырғасының қабысып
қалуына кедергі келтіретін
шеміршекті жартылай
сақиналардан тұрады. Сақиналар
мойынның қандай қозғалысы
болмасын ауаны ұстап қалмайды.
V кеуде омыртқасы тұсында
кеңірдек екі бронхыға бөлінеді.
Бронхылар өкпенің оң және сол
жақ бөліктеріне кіріп,
тармақталып, бронхы ағашын
түзеді. Ұштарындағы жіңішке
тармақтары- бронхиолалар өкпе
көпіршіктері - альвеолалармен
аяқталады.
Өкпе

Өкпе – өкпе көпіршіктері
альвеол дан тұрады. Өкпе
альвеолаларының диаметрі
ересек адамда 0,2 мм. Негізгі
газ алмасу өкпе
альвеолаларында жүреді.
Альвеол ауа алмасуы
(инспирация) және дем
шығару ( экспирация)
кезектесумен жүзеге
асырылады.

Бронхиолалардан басталған респираторлық (тыныстық) жолдың жиынтығы – жүзім шоғырына
ұқсайды. Оны “ацинус” деп атайды. Ацинус өкпенің капилляр мен ауа толған альвеоласының
газ алмасатын құрылыс бірлігі. Ересек адамның әрбір өкпесінде 15000-дай ацинустар, 300-500
млн альвеолалар болады.
Альвеола
Өкпенің қапшығы - плевра
Өкпеқап (плевра); (гр. pleura - «сірлі қабық») — өкпенің сыртқы сірлі қабығы.
Өкпеқап бірқабатты жалпақ эпителийден (мезотелийден) және оның астындағы жұқа
борпылдақ дәнекер ұлпасы қабатынан тұрады. Өкпеқаптың құрамында эластин
талшықтары және жекеленген бірыңғай салалы ет жасушалары — миоциттер болады.
Өкпеқап 2 жапырақшадан тұрады:
•висцералды өкпеқап және
•париеталды, қабырғалық өкпеқап.

Өкпеқап қуысы (плевральная полость); (лат. cavum pleuralis, лат. cavum —
«қуыс», гр. pleura — «сірлі қабық») — өкпе орналасқан сірлі қабық қуысы.
Өкпеқап қуысы—өкпеқап пен қабырғалық сірлі қабық аралығында орналасады,
ішінде сірлі сұйық болады. Организмде оң және сол өкпеқап қуыстары болып
бөлінеді.
Плевра қуысында үйкелісті азайтатын
сұйықтық болады.
2. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы
дегеніміз дем алу, қосымша және қордағы
ауалардың қосындысы. Адам қалыпты
жағдайда 300-500 мл ауа кіреді. Мұны дем
алу ауасы дейді. Қалыпты жағдайда жай
ғана дем алған соң, демді шығармай,
күшеніп тұрып тағы да 1,5-2 л ауаны сіміруге
болады. Мұны қосымша ауа дейді. Қалыпты
дем шығарудан кейін дем алмай түріп тағы
да күшеніп дем шығарып 1-1,5 л ауаны
шығаруға болады. Мұны қордағы ауа дейді.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшейтін
құрал- спирометр.

ӨТС = ДАА+ҚСА +ҚРА
Тыныс алуды дамыту
Тыныс алу мүшелерінің физиологиялық көрсеткіштеріне дене еңбегімен спорт
эсер етеді. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы:
• штангистерде – 4л
• футболшыларда –4,2 л
• қайықшыларда – 5,5л
Тыныс алу жиілігі спортшыларда минутына 6-8 рет, жаттықпаған адамдарда 14
20 рет. Спортпен шұғылданатын адамдардың тынысы терең болады. Бұл ағзаның
үнемді қызмет етуінің белгісі. Терең дем шығарғанда олардың сыртқа шығаратын
ауасының құрамында көмірқышқыл газы екі есе көп болады.
Тыныс алу мүшелерін жаттықтыру, шынықтыру балалар мен жастардың тыныс
мүшелері арқылы пайда болатын ауруларға қарсы түру қабілетін арттырады.
3. Тыныс алу ағзаларының қызметтерінің
бұзылуы, себептері жəне алдын алу
Тыныс алу аурулары

Тыныс алу ауруларына:
Пневмония;
Астма;
Тыныс демікпесі;
Туберкулез;
Бронхит; т.б.
Туберкулез ауруын туғызатын кох
таяқшасы бактериясы. Ол түшкіргенде,
сөйлегенде 1-2 метрге дейін сілекеймен
шашырап, микробы ауаны ластайды.
Сау адам тыныс алғанда, бұл микроб
мұрын қуысына енедіде, сол арқылы
өкпеге түсіп, оны зақымдайды. Науқас
адам әуелі аздап жөтеледі де, одан соң
қаны азайып, жүдейді, тамаққа тәбеті
шаппай, ұйықтағанда терлей береді.

Астмамен ауырған адамның тыныс алуы
қиындайды. Пайда болуына шаң-тозан,
малдың жүні, шөп,гүл иісі, көңіл-күйдің
өзгеріде әсер етеді.Тұқым қуалайды.
Науқас балалар ашуланшақ келеде,
денесіне есекжем, теміреткі, бертпе
шығады. Ауру ұстағанда- өкпенің
шырышты қабықшасы ісініп,
ауатамырлардың түтікшелерін білейді,
тамырлары білеуленеді.
Пневмонияның негізгі себептерінің
бірі – пневмококк инфекциясы, ал оның
қоздырғышы - пневмококк. Пневмония
– бұл өкпе тіндерінің қабынуы,
негізінен, ол альвеоланы зақымдайды
және ондағы қабыну сұйықтығын
дамытады. Аурудың алғашқы белгілері:
• дене қызуының жоғарылауы;
• кеуде тұсының ауыруы;
• қақырықты жөтел.

Бронхит - қолқаның
қабынуы, өкпеге ауа баратын
тыныс жолдарындағы немесе
түтікшелердегі инфекция.
Бронхит болғанда жөтелде
шуыл болады, көбіне сілекей
немесе қақырық түседі.
Бронхит, негізінен, тұмау,
көкжөтел, қызылша, т.б.
аурулардың салдарынан пайда
болады.
* Сыртқы тыныс алу жетіспеушілігінің белгілері: алқыну,
патологиялық тыныс және асфиксия.

Алқыну - адамда ауа жетпеу сезімімен қабаттасатын, тыныс алу
қозғалыстарының тереңдігі мен жиілігінің, дем алу мен дем шығару
уақытының, тыныс алу ырғағының өзгеруімен сипатталады. Ол үрейлену,
қорқыныш, абыржу сезімдерімен қабаттасады. Алқыну түрлеріне терең
және жиі тыныс (гипрепноз), терең және сирек тыныс (брадипноз),
үстіртін жиі тыныс (полипноз немес тахипноз), инспирациялық және
экспирациялық алқынулар жатады.
Экспирациялық алқынуда дем шығару ұзақтығы дем алу ұзақтығынан
ұзақ болады. Өкпе көпіршіктерінің жиырғыштылығы мен серпімділігі
төмендегенде (өкпе эмфиземасында), тыныс алу жүйесінің қызметі
бұзылғанда (асфиксияның 2- сатысында), ұсақ бронхылардың тарылуы
және бітелуінде (бронхы демікпесі) байқалады.
Инспирациялық алқынуда дем алу ұзақтығы дем шығару
ұзақтығынан артық болады.
Патологиялық тыныстарға (үнемі және үзілісті тыныс) -
Чейн-Стокс, Биот, Кусмауль тыныстары, агониялық тыныс
жатады.

Асфиксияда (тұншығу) қанға оттегінің түсуі тоқтатылады,
қаннан көмір қышқыл газы шығарылмайды. Ол тыныс алу
жолдары қысылғанда, олардың саңылаулары бөгде затпен
бітелгенде, өкпеге сұйықтық жиналғанда (суға
тұншыққанда), кеуденің екі жағында пневматоркс
(өкпеқапта ауаның немесе газдың жиналуы) дамығанда
болады.
Назарларыңызға рақмет!

Ұқсас жұмыстар
МҰРЫНЖҰТҚЫНШАҚ КӨМЕЙ
Көмей қызметі
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы
Бронхиальды кірпікшелі эпителий
Тыныс алу - ағза мен қоршаған орта арасындағы газ алмасу үдерісі
Тыныс алу мүшелерінің орналасуы, құрылысы
Тыныс алу мүшелері гистологиясы
Балалар ауруларының пропедевтикасы
Тыныс жолдарының желденуі
Тыныс алу аппаратының және зәр бөлу мүшелерінің жүйесі
Пәндер