Бүгінгі Нағыз әже қайда




Презентация қосу
Тақырыбы: «Нағыз әже қайда?»Қонақта
Мақсаты:

• Эпикалық шығармадағы автор
бейнесін анықтау.
• Көркем шығармадан алған әсерін
сипаттап авторға хат, өлең жазу
«Ой шақыру» әдісі.

► Әже деген сөзді естігенде қандай ой пайда
болады?
► Шығармада қандай өзекті мәселе көтерілген?
► Азат қыздары үшін қандай әрекет жасады?
► Кейіпкер іс-әрекетінің нәтижесі?
1-тапсырма. Кейіпкер бойындағы
қасиеттерін топтастырып жазыңыз

Азат

{1}
Анықтама бұрышы

►Эпизод –көркем шығарма сюжетіндегі өз
алдына мәні бар, өзара байланысқан
оқиғаның бір бөлшегі, көрінісі.
2 - тапсырма. Адасқан үзінді әдісі. Бүгінгі «Нағыз әже қайда?»
әңгімесінде Адасқан бірнеше эпизодтарды ретімен
сәйкестендіріп , шығармадан құндылықтарға дәлел келтіріңіз.
Құндылық Эпизод
1.Қамқорлық 1. Өзі ылғи шаруа істеп, күйбеңдейді де жүреді. Тіпті
ештеңе істемегенің өзінде басына аппақ
кимешегі,үстіне қамзол киіп алып, ескі мақаммен
ыңылдап ән айтып, ұршық иіріп отырады... Мен
болсам әжемнің бүйіріне басымды тығып,еш алаңсыз
ірімшік жеп жатыр екенмін

2.Мейірімділік 2. Бар тәттісін аузыңа тосып, жылы, жұмсақ , әрі
жанашырлық, қамқорлық танытады. Ешкімге
ешқашан ұрыспайды ,ұрса қалса орнымен, теріс
қылығыңа өзің ұялатындай етіп ұрсады.
3.Еңбекқорлық 3. Өзі мейрімді де ақылды адам. Үні де,қолыда
көзқарасыда жұмсақ жұрттың бәрімен:»Қарағым,
айналайын», -деп жылы сөйлесетін иман жүзді қария.
Дескриптор
✔ шығармадан эпизодтарды анықтайды;
✔ берілген құндылықтарына сай эпизодтарды кестеге сәйкестендіреді {4}
Өзіңді тексер!

Құндылық Эпизод
Қамқорлық Бар тәттісін аузыңа тосып, жылы, жұмсақ , әрі
жанашырлық, қамқорлық танытады. Ешкімге
ешқашан ұрыспайды ,ұрса қалса орнымен, теріс
қылығыңа өзің ұялатындай етіп ұрсады.
Мейірімділік Өзі мейрімді де ақылды адам. Үні де,қолыда
көзқарасыда жұмсақ жұрттың
бәрімен:»Қарағым, айналайын», -деп жылы
сөйлесетін иман жүзді қария.
Еңбекқорлық Өзі ылғи шаруа істеп, күйбеңдейді де жүреді.
Тіпті ештеңе істемегенің өзінде басына аппақ
кимешегі,үстіне қамзол киіп алып, ескі
мақаммен ыңылдап ән айтып, ұршық иіріп
отырады... Мен болсам әжемнің бүйіріне
басымды тығып,еш алаңсыз ірімшік жеп жатыр
екенмін
3-тапсырма. « Сиқырлы сөздер»әдісі арқылы көп нүктенің орнына тиісті сөздерді тауып оқыңдар. (Әжем, құрметтеу, аппақ
кимешегі ,мақаммен, кейуананы,ардақты, қасиетті ).

Мақсатым - қыздарыма өз ..... сияқты нағыз қазақи
кейіптегі ..... көрсету еді. Ондағы ойым - әже деген
жарықтықтың анау-мынау қарапайым адам емес ,
былайғы жұрттан өзгеше, ... да ... жан екенін сәбилер
шын көңілмен сезінсін, олардың не үшін керегін
түсіне білсін деген ниет.

Дескриптор:
{2}
Мәтіннен қажетті сөздерді орнымен қояды;
Өзіңді тексер!

Мақсатым – қыздарыма өз әжем сияқты нағыз
қазақи кейіптегі кейуананы көрсету еді.
Ондағы ойым - әже деген жарықтықтың анау –
мынау қарапайым адам емес , былайғы жұрттан
өзгеше, ардақты да қасиетті жан екенін сәбилер
шын көңілмен сезінсін, олардың не үшін керегін
түсіне білсін деген ниет.
«Шіркін, менің әжем!» атты тақырыпқа
2 шумақ өлең жазыңыз.

Дескриптор:
Өз ойынан өлең шығарып жазады
Өлеңді шығармамен байланыстырады
{2}
Үйге: Әңгімеден алған
әсерін сипаттап, авторға
хат жазу

Ұқсас жұмыстар
Нағыз әже қайда
Отбасы құрылымы
Отбасындағы сыйласым
ИМАНИПЕДАГОГИКА
Көзі қилы бала
Тұрлаусыз мүшелер
Аялы алақан
Атау септік Ілік септік Барыс септік
Отбасы типологиясы
Атау және ілік септіктері
Пәндер