Қазақ халқының рухани мәдениеті




Презентация қосу
Қазақ халқының рухани мәдениеті
Мәдениет
Адам ой-санасы мен әрекетінің
нәтижесінде туындаған құндылықтарды
біз мәдениет дейміз. Мәдениетті кейде
шартты түрде материалдық және
рухани деп екіге бөледі.
Рухани мәдениет

Қолмен ұстап, көзбен көруге
болмайтын, тек санамен, түйсікпен
қабылданатын мәдениет жетістіктерін
біз рухани мәдениет дейміз.
Қазақ халқының рухани
мәдениеті
Тіл және жазу.
•Түркі жазуында бір – бірімен қосылмай жазылатын 38
әріптерден тұратындығы белгілі.
•Түркі дәуірінен қалған атақты «Күлтеген», «Білге
қаған» сияқты тасқа жазылған дастандар қазақ тіліне
аударылып, біздің оқырмандарымыздың қолына тиіп
отыр. Қазақ халқы ол дастандарды өздерінің төл
дүниесіндей қарсы алды. Оған басты себеп, ондағы
жазылған әдет – ғұрып, салт – сана, діни – наным,
сенім, мақал – мәтел, батырлық жырлардың үлгілері
бәрі, халқымыздың тірлік – тіршілігінен алынғандай
ұқсас. Бұл мұралар қазақ халқының ертеден келе
жатқан бастауы.
Діни нанымдар.
•VI–XII ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы
халықтардың арасында алуан түрлі діндер, нанымдар
мен сенімдер орын алып отырды.
• Түркілердің көкке немесе аспан әлеміне
сиынушыларын күлтегін жазуындағы мына
шумақтан анық байқалады:
• - Көкке түркі тәңірісі,
• - Тәңірі қуат берген соң,
• - Тәңірі жарылқағандықтан.
• Қазақ жерінде жазу-сызу сақ дәуірінен бастап
пайда болған сияқты. Есік қаласының түбінен
табылған "Алтын адамның" қабірінен жазуы
бар күміс тостаған шықты. Тостағанның
сыртында екі жолға жазылған 26 таңба бар. Оны
А.Аманжолов көне түркі тілі сияқты оңнан
солға қарай оқыған. Жазудың мазмүны мынадай
екен:"Аға, саған (бұл) ошақ! Бөтен (жат ел
адамы) тізеңді бүк! Халықта азық-түлік (мол
болғай!)!" Зерттеушінің пікірінше, бүдан 2500
жыл бұрын түркі тілдес сақ тайпалары әліпбиін
жазуды білген.
• XV-ХҮІІІ ғ. басы Қазақ халқының тарихи мәдениеті басты орын алған кезең
болды. Тура осы кезде халықтың ауызша шығармашылығының әр түрі дами
берді және де ауызша, жазбаша әдебиеттер, шынайы музыкалық өнер де дамыды.
• XV-XVII ғғ. үлкен көлемде әр-түрлі жанрдағы халықтың ауызша
шығармашылығы дамыды. Ең жоғарғы орынды “салттық әндер” алды: сәби
өмірге келгенде, тойларда, ауырған кезде, адам қайтыс болғанда, жаңа жылды
қарсы алғанда т.б.. Екі жастың тойында мына өлеңдер айтылады: “Той бастар”,
“Жар-жар”, “Беташар”, “Қыз танысу”. Адам қайтыс болғанда немесе қоштасу
кезінде өлеңдер айтылады: “Қоштасу”, “Естірту”, “Көңіл айту”, “Жоқтау”,
“Жұбату”.
• Қазақ халқының шығармашылығының ең көп тараған түрі “терме” болды. Ақын
жыршылар өздері поэмалар, өлеңдер, тарихи поэмалар, ертегілер т.б. жазды.
Терме өз шеңінде дауыс ырғағымен де, өз ерекшелігімен де ерекшелінеді.
Эпикалық, тарихи айтуларды тек қобызбен, домбырамен жеткізген. Лирикалық
әндер дауыс ырғағымен, мелодиясымен айрықша.
•Ертегілер: “Ер Төстік”, “Құла мерген”, “Еділ-жайық”, “Алтын
сақа”, “Қара мерген”, Аламан-Жоламан”, “Асан қайғы” т.б.
Бұларда сұлулар, мергендер, батырлар, аңшылар, ойшылдар,
далалар бейнесі берілген. Жануарларға арналған: “Бөзінген”,
“Сыттандар”, “Тепек-көк” т.б. үй жануарлары, жобайы аңдар
бейнеленген. “Аяз би”, “Жиренше-шешен”, “Алдар-Көсе”, “Кожа
Насыр және Шопан”, “Тазша” т.б. қызыл тілге сүйенген,
даналардың халық ортасынан шығуы бейнеленген. Қазақ эпосы –
бұл ауызша шығармашылықтың бір түрі. Ол ежелгі дәуір тереңіне
байланысты. Ежелгі түрік батырларын алуға болады.
•Ол эпостар “Қарабек”, “Ер Көкше”, “Қобыланды”,
“Қамбар”. Бұлар ХІІ-ХІV ғасырға жатады.
•XVI-XVII ғғ. дамудың жаңа этаптары басталды: сюжеттік
поэмалар. Онда өз отандарын басқа елден келгендерден қорғау
барысы бейнеленген.

Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДЫҚ
Қазақ халқының мәдениеті мәдениеттану
Рухани мәдениеті
Қазақ және түркі мәдениеттің рәміздері мен архетиптері
Дәстүрлі қазақ мәдениеті
Материалдық мәдениет
ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
МЫҢДАҒАН ЖЫЛДАР БОЙЫ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫМЕН КӨШПЕЛІЛЕР
Қазақ халқының мәдениеті
Мәдениеттану этимологиясы
Пәндер