ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ МАЙҚЫ БИДІҢ ШЕШЕНДІК ӨНЕРДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ
Презентация қосу
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ТАҚЫРЫБЫ: “МАЙҚЫ БИДІҢ ШЕШЕНДІК ӨНЕРДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ”
Орындаған: Ержан А.
Тобы: 2302-11.
Қабылдаған: Кажиакбарова Р.
Майқы би 1105-1225 жылдар
шамасында ғұмыр кешкен қазақ
халқының төбе биі болған. «Түгел
сөздің түбі бір, түп атасы майқы
би» дейтін қанатты сөз арқылы
атадан балаға таралып келе жатқан
Майқы би бабамыз түйінді даналы
сөздің де, би біткеннің де көш
басшысы болса керек. Тарихи
деректерге қарағанда, ол бір ғана
емес бүкіл түркі тұқымдас
халықтардың бас биі болғанға
ұқсайды. Сондықтан да оны түрік
тұқымдас елдер әсіресе татар
башқұрт қарақалпақ өзбек
халықтары бас биіміз деп санаған.
Майқы бидің шыққан тегі көнеқытай
жазбаларында Найман тайпасының Бағаналы
руымен байланыстырады, ал кейбір
деректерде ол бүкіл үйсінның атасы ретінде
айтылған:Төбей→Майқы→Үйсін.
Энциклопедиялық өдебиеттерде оны
"Майқы би", "Байқы", "Байқу" деп те
атайды. Әкесі — Ман. Майқы жастайынан
ақсақ болды. Сондықтан да болар Майқы
атанғаны және оның 18-атасының да есімі
Майқы болған. Шыңғыс ханның замандасы
әрі кеңесшісі. Ел оны ең беделді адам, әулие
деп те атаған, себебі, ол ел тағдыры мен
оқиғаларды болжай білген. Шыңғысханның
ұлы Батысқа жорыққа аттанған кезде
әскерінің оң қанатын сеніп тапсыратын
болған. Абай Майқы биді 12 бидің санатына
қосқан, сонымен бірге ол 1206 жылы
Шыңғыс хан моңғолдардың ханы болып
сайланған кезде құттықтауға барған 12
ханның бірі көрінеді.
Ежелгі шежіре бойынша екі Майқы би
болған тәрізді. Белгілі жазушы Балғабек
қыдырбек ұлы бұл жөнінде былыай жазады
«Артына өлтірмейтін сөз қалдырған-сол 12
ғасырда өмір сүрген Майқы ма? Көне
көздерден ата баба, жеті пұстыдан қалған
шежірелерге келсек өазаақта екі Майқы
болғаны байқалады. Оны екіншісі осы
мақаланың авторының өзімен санағанда 41
атасы, яғни Шыңғыс заманындағы билік
құрған Майқы. Егер біздің қолымыздағы
атадан балаға мұра болып, дүниедегі ең
ардақты құжаттай құрметтеліп рыжатталып
келе жатқан әулет шежіресін тілге тиек етер
болсақ 12 ғасырда жасаған Майқы өзін ұлы
жүз санайтын біраз қазақтың атасы.
Жалманбет ақ үйсін, жарықшақ қара үйсін,
түркештің сары үйсін әкесі, Бәйдібектің
атасы.
Ақ ұлы Майқы іштен бір аяғы кем туғанда, ақсап
жүретін адам болған. Туа кембағал адамға төрт
мүшесінің бірі кемістіктен майып аты берілген.
Кейін қатарынан асып туған басында бағы,
астында тағы бар, яғни шыңғыс ханның оң тізесін
басқан адамды қазақта Майып деп атауға аузы
бармай, бұрын өткен, аяқтыға жол ауыздыға сөз
бермеген, қаусырма жақ, қызыл тілге келгенде
алдына жан салмаған – осы Майыптың 18 бабасы
– Майқының атымен атап кеткен. Демек, 12
ғасырда жасаған Майқы (Майып) мансап иесі
бірақ, сөз иесі емес. Бұдан, әрине, Майқының
қазақ халқының алдында өткен еңбегі, мансапты
дулы- бас уәзір болғандығын жоққа шығаруға
болмас. Ал артына ел аузында сөз қалдырған ел
билеген көсем, басына сөз асырмаған Майқы мән
баласы. «Арғы атам Абыл, Қайыр, Бақ, Таң, Пәр,
Мән» деп жамбыл жырлаған Абыл, Қайыр, Бақ,
Таң Пар мән- міне, бұлар Майқының аталары –
Жамбылдың да бабалары. Қазіргі оның ұрпағы
Майқыдан 58-60 атада тұр екен.
Ежелгі тарихшы Рашид-ад-диннің «Жамих-ат тарауих» дегне еңбегінде
екінші Майқы би Шыңғыс ханның, Шыңғыс хан өзі жорыққа шығарда
оны өз орнына қалдырып, кететін сенімді бас биі болғаны, дау дамай
содан шешімін тауып отырғаны көрсетілген.
Шыңғыстың баласы Жошы хан батысқа жорық жасағанда Майқы биге
Моңғол әскерінің оң қанатын сеніп тапсырған. Талай жеңісті бастаған
батыр болған. Сол оң қанат Дешті қыпшақ елінің ұлан ғайыр аймағына
билік жүргізген. Осы дерек монғол жылнамасы «алтын топшыда»
жазылған. Шыңғыс 1206 жылы Ұлы хан аталғанда оны құрметтеп,
төңірегіндегі елдер құтты болсын айтып барыпты деседі. Бұл жөнінде
ұлы Абай былай жазған « Монғолдан Шыңғыс хан шыққанда қазақтар
құтты болсынға барыпты, бірақ қай жерге барғаны мағлұм емес , сөйтсе
де осы Шыңғыс тауында әскері қарауыл өзенінің бойында жатып, 12
рудан 12 кісі монғолдың өз заңы бойынша «Хан» деген үлкен биіктің
басында Шыңғысты отырғызып хан көтерген дейді. Тауының Шыңғыс
аталып, биігі хан аталмақ себебі де сол болса керек. Сол 12 кісінің бірі
қазақтың Майқы би деген кісі екен «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы
майқы би» деген кісі сол кісі екен. Шыңғыс аламандыққа аттанып әскер
тартып шыққанда әскерінің көбі татра екен. Оның себебі моңғол өздері
татардай азсыздық сусыздыққа ыстық суыққа шыдамды болса керек.
Қазақтың соғысқа жарарлық адамы сол Шыңғыстың әскеріне қосылып,
бұларды Шыңғыс хан өзінің Жошы деген үлкен баласына билетіпті.
Майқы би кезінде қазақ халқының бірлігін сақтап, біртұтас ел болу
жолында алғашқы ұлыс бірлігін құруда көп еңбек сіңірген қайраткер.
Оның бұл қызметі жөнінде аңыз әңгімелер аз емес. Тарихы еңбектерде
энциклопедияларда Майқы бидің сол азаматтық еңбектері толығырақ
жазылмағанмен аздап аталып келеді. Мәселен қазақ
энциклопедиясында былай жазыпты:
«Халық аңызында — Майқы би Орманбет
би өліп, он сан ноғайлы елі бүлінгенде қазақ
ұлысын құрған тарихи қайраткер бейнесінде
сипатталады. Майқы би қазақ руларын үш
жүзге (Жүз – арабша «бөлік», «бөлім»)
топтап, Үйсін бастаған бөлікті ұлы жүз,
Қабан ұлы Болатқожа бастаған бөлікті Орта
жүз, Қоғам ұлы Алшын бастаған бөлікті
Кіші жүз деп атаған. Ноғайлы хандарының
бір Қызыл Арыстанның баласы Ахметті
( Алаша хан) Ұлытауда Үш жүздің ханы етіп
тағайындады. Ол ұлысқа кірген 40 руға
таңба таратып, таңбаны әр рудың негізгі
ерекшелігіне қарай белгіледі. Ұлыста
бірінші туды ұстаған, Үйсінге «Жалау»,
ортада жүретін Арғынға «Көз», жауға
алдымен шабатын Алшынға «Найза»
таңбасын берген. 40 рудың таңбасын тасқа
қашатқан. «Таңбалы тас» — «Майқы
таңбасы», кейін жер атымен «Нұра таңбасы»
атанған.
Аңыздар бойынша, ноғайлықтар көшіп, Орманбет
би қайтыс болған соң, Майқы би қазақтарды үш жүзге
бөлген екен. "Жүз" деген сөз араб тілінен аударғанда
"бөлім" деген мағынаны білдіреді. Үйсіндерді "Ұлы
жүз", Қабанүлы Болатқажы бастаған бөлікті "Орта жүз",
Алшын бастаған бөлікті "Кіші жүз" деп атады. Ноғай
хандарының бірі — Ахметті (Алаша хан) үш жүздің
ханы етіп сайлады. Бұл бірлестікке барлық 40 рудың
өкілдері енген және әр бөлімге айырма белгісі берілді.
Сірө, "Кіші жүзді найза беріп жауға қой. Орта жүзді
қамшы беріп дауға қой. Ұлы жүзді қауға беріп малға
қой." деген мәтел сол кезде шықса керек. Сондай-ақ,
барлық 40 рудың өкілдеріне де өзіндік айырма белгілері
берілген. Үйсіндерге — "жалау", арғындарға — "көз"...
Олар (таңбалар) тасқа қашалып салынды. Бұл тастар
тарихта "Майқы таңбасы" (Майқы белгілері)
немесе "Нұра таңбасы" (Нүра белгілері) деген атпен
қалды. Мүның соңғысы жердің атауына байланысты
қойылған. Оның көп баласы болған. Ұзын және Қортық
атты ұлдарына көңілі толмайтын. Сонда таңданған
Майқы би: "Жаманнан жақсы туады дегенге сену қиын,
бірақ жақсыдан да колынан іс келмейтін жамандар
туатын жағдайлар кездеседі", — деген екен. Халық
арасында Майқының бірқатар нақыл сөздері мен ой-
толғамдары қалды. "Майқы би айтыпты" дейтін мақал,
нақылға айналып кеткен сондай аталы сөздің
кейбіреулері мыналар:
“Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Ханның биі ақылды болса,
Қара жерден кеме жүргізеді.
Би екеу болса, дау төртеу болады.
Дауыл болмай жауын болмас,
Даулы болған қауым болмас.
Егіз ешкі сауын болмас,
Екі жалқау ауыл болмас.
Естіге айтқан тура сөз,
Шыңға тіккен тумен тең.
Есерге айтқан тура сөз,
Құмға сіңген сумен тең.
Ақиық қыран қартайса,
Жас жағалтайдан тепкі жейді.
Парақор биге ісің түспесін,
Сараң үйге кісің түспесін.
"Кімнен кім туады?" ”
деген сұраққа Майқы би былай деп жауап берген
екен:
“Тұлпардан тұлпар туады,
Сұңқардан сұнқар туады,
Асылдан асыл туады,
Жалқаудан масыл туады,
Масылдан мал бақпас туады,
Тілазардан қылжақбас туады,
Таздан жарғақбас туады,
Сараңнан бермес туады,
Соқырдан көрмес туады,
Мылжыңнан езбе туады,
Қыдырмадан кезбе туады”
Майқы би жүздер арасында болып жататын
қызу айтыс-тартыстар мен дау-дамайларға
да қатысып жүрген. Ол әрқашан халықтың
шешендік сөздері мен мақал-мәтелдеріне
сүйене сөйлеген. Ол халық бірлігін бәрінен
де жоғары қойған. "Бірліксіз — тірлік жоқ"
деген аталы сөз де Майқы бидің аузынан
шыққан. Майқы бидің пікірінше,
мемлекеттік бірлестіктер халықтың салт-
дәстүрі мен әдет-ғұрпы бойынша
басқарылуы тиіс. Ұмыт болған дәстүрлердің
де өзіндік мән-мағынасы бар. Оны қазақтар
ғана емес, татарлар, башқұрттар,
қарақалпақтар, өзбектер де өз биіміз деп
есептеген. "Түгел сөздің түбі бір, түп атасы
— Майқы би" деген нақыл бар. Майқы би
ұзақ ғұмыр сүріп, 120 жасында қайтыс
болған.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz