Құрмалас сөйлем түрлері


Slide 1

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педогогикалық Университеті

Тобы:1301-42

Дайындаған:Абдигапбар А

Қабылдаған:Джумасаева Ж.

Жай сөйлемнің құрылысына карай түрлері, құрмалас сөйлем, түрлері.

Slide 2

Жоспар

Жай сөйлем

Жай сөйлемнің түрлері

Жақты және Жақсыз

Жалаң және Жайлыма

Толымды және Толымсыз

Атаулы сөйлем

Құрмалас сөйлем

Құрмалас сөйлем түрлері

Slide 3

Жай сөйлем

Жай сөйлем-бір немесе бірнеше сөз бен сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлем. Жай сөйлемнің негізгі ерекшелігі - құрамындағы сөздер өзара бір-бірімен семантикалық бірлікте болады, екпін тұтастығы, сөздердің орын тәртібі сақталады. Құрылымы жағынан жай сөйлем бір сөзден де, екі не одан да көп сөзден де тұрады.

Slide 4

Жақты және Жақсыз сөйлем

Жақты сөйлем - бастауышы мен баяндауышы қиыса байланысқан жай сөйлемнің бір түрі. Жақты сөйлемнің бастауышы болады немесе сөйлемнің мазмұнынан бастауышының қай сөз екенін табуға болады. Жақты сөйлем үшке бөлінеді:

1) арнаулы жақты сөйлем (“Мен оқиын. Сіз тыңдаңыз”) ;

2) ауыспалы (ортақ) жақты сөйлем (“Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра”) ;

3) бастауышы белгісіз жақты сөйлемнегізінен, 3-жақта айтылады. Бастауышы қай сөз екені сөйлемнің мазмұнынан аңғарылады. (“Біздің бала кезімізде отты шақпақ таспен тұтататын еді”) .

Жақсыз сөйлем - сөйлемдегі айтылар ой бастауыштан басқа сөйлем мүшелері арқылы берілетін жай сөйлемнің түрі. Жақсыз сөйлемнің бастауышы болмайды, оның жоқ екені сол сөйлемнің баяндауышынан білінеді. Мысалы, “Қазилаға Сәкенмен бірге жүруге тура келді”. Жақсыз сөйлемнің баяндауышы бірнеше жолмен:

1. Барыс жалғаулы тұйық етістіктен кейін “бол”, “тура кел” деген көмекші сөздердің келуі арқылы (“Бұдан бірдемелерді ойлап шығаруға болады”) ;

“-Ғы, -гі”, “-қы, -кі” жұрнақты қалау рай арқылы (“Оның ештеңеге қарағысы келмейді”) ;

2. Атау я барыс септік жалғаулы тұйық етістікке, “керек”, “қажет” сөздері тіркесу арқылы (“Енді бізге ауылдағы адамдардың көңіл күйін білу керек”) ;

3. Тәуелдік жалғаулы тұйық етістікке “мүмкін”, “тиіс” сөздері тіркесу арқылы (“Біздің баруымыз керек”) ;

4. Тұрақты сөз тіркестерінен (“Оның ішек-сілесі қатты”. “Мұртын балта кеспейді”) жасалады.

Slide 5

Жалаң және Жайлыма

Тұрлаусыз мүшелердің қатысу-қатыспауына қарай жай сөйлем жалаң және жайылма болып бөлінеді.

Тұрлаусыз мүше қатыспайтын, тек тұрлаулы мүшеден - бастауыш пен баяндауыштан - ғана құралған сөйлем жалаң сөйлем деп аталады. Мысалы, Есіл тасып жатыр. Жағасы - бал-құрақ. Аты жүйрік екен.

Тұрлаулы мүшемен бірге тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем жайылма сөйлем деп аталады. Мысалы, Жақпар тастың арасында сарымсақ өседі. Түні бойы ақ жауын сіркіреп тұрды.

Slide 6

Толымды және Толымсыз

Ойға қатысты айтылатын сөйлем мүшелерінің қатысу-қатыспауына қарай жай сөйлем толымды және толымсыз болып бөлінеді.

1. Ойға қатысты айтылуға тиісті сөйлем мүшелері толық қатысқан сөйлем толымды сөйлем деп аталады. Мысалы, Жайлаудың жадыраған ашық күндерінің бірінде Тортай екеуміз бұзау бағуға шықтық. Бұл сөйлемде ойға қатысты айтылуға тиіс сөйлем мүшелері толық қатысып тұр.

2. Айтылатын ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп қалған сөйлем толымсыз сөйлем деп аталады. Толымсыз сөйлемдер диалог жағдайында көп кездеседі. Мысалы:

- Атыңды сатамысың?

- Сатамын.

Түсіп қалған немесе қажет сөзді орнына қойғанда толымсыз сөйлем толымды сөйлемге айналады.

Slide 7

Атаулы сөйлем

Атаулы сөйлем - жай сөйлемнің түрі. Ойға қатысты бір ғана атауыш сөзден немесе сөз тіркесінен арнаулы интонациясы арқылы логикалық ыңғайда құралып, баяндау мазмұны мәтінге қатысты айқындалатын бір құрамды сөйлем.

Атаулы сөйлем мағынасы жағынан:

а) заттың, құбылыстың, болмыстың ақиқаттығын бейнелей атап көрсетеді: Айдала. Көлдің биік қабағы. . . Күн батып барады.

ә) ақиқатты эмоциялы-сезімдік ыңғайда атап көрсетеді: Шіркіннің күлкісі!. .

Атаулы сөйлем зат есімнен, сонымен бірге заттанған сан есімнен (Екі. Нашар оқитындарға таңылар белгісі - осы),

сын есімнен (Шыжыған ыстық. Күйіп тұр. ),

есімдіктен (Сол. Еркіннің дәл өзі. ), есімше, қимыл есімдерінен де жасалады.

Slide 8

Құрмалас сөйлем оның түрлері

Құрмалас сөйлем - екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем.

Қызметі жағынан оның жай сөйлемнен өзгешелігі жоқ, екеуі де ойды екінші бір адамға білдірудің құралы. Құрмалас сөйлем жасалу жолына қарай үш түрге бөлінеді:

а) Салалас құрмалас сөйлем;

ә) Сабақтас құрмалас сөйлем;

б) Аралас құрмалас сөйлем.

Құрмалас сөйлемнің белгілері:

1. кем дегенде екі жай сөйлемнен (синтаксистік компоненттен) құралып, әр сөйлемінде предикаттық қатынас болады. Кей жағдайда бастауыш айтылмағанымен, баяндауыш арқылы білініп тұрады. Ал құрмалас құрамындағы жай сөйлемнің әрбірінде баяндауыштың болуы міндетті;

2. жай сөйлемдер белгілі бір тәсілдер - баяндауыш формалары және шылаулар арқылы байланысқа түседі;


Ұқсас жұмыстар
Салалас құрмалас сөйлем түрлері
Толымсыз сөйлем Атаулы сөйлем
Аралас құрмалас Көп бағыныңқы сөйлем сабақтас
Құрмалас сөйлем және оның түрлері. ҰБТ - ға дайындық
Сөздердің байланысу тәсілдері
Салалас құрмалас
Салалас құрмалас сөйлемді қайталау
ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ ҚАЛЫПТАСЫП ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Салалас құрмалас сөйлем
КҮРДЕЛІ ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz