Көлденең жолақты бұлшықет ұлпалары




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік Фармацевтика академиясы
Морфологиялық пәндер кафедрасы

Презентация
Тақырыбы: Бұлшықет тіндері. Қаңқалық
бұлшық ет тінінің регенерациясы. Бұлшық
ет тінінің жасқа және атқаратын
қызметтеріне байланысты ерекшеліктері.

Орындаған: Түгелбай Ә.
Тобы: 207 Б ЖМ
Қабылдаған: Тоймбетова К.А.

Шымкент 2017-2018ж.ж.
Ж О С П А Р:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Бұлшық ет ұлпаларына жалпы сипаттама
Бұлшық еттің физиологиялық қасиеті
Бұлшық ет ұлпаларының жіктелуі.
Көлденең жолақты бұлшықет ұлпалары
Қаңқалық көлденең бұлшықеттік ұлпалары
Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпалары.
Жасқа және тіршілігіне байланысты бұлшық
еттердің өзгерісі
ІІІ. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Бұлшықет ұлпасы (textus mus- cularis; лат. textus — ұлпа, ткань; лат. musculus — бұлшық
ет) — адам мен жануарлар организмдерінде жиырылу қызметін атқарып, қимыл-
қозғалыстарды іс жүзіне асыратын ұлпа Бұлшық ет - адамда, омыртқалы жануарларда
және көптеген омыртқасыздарда денені қозғалысқа келтіретін мүше. Оның негізін бұлшық
ет талшықтары құрайды. Бұлшық ет құрамы 75%-і су, 25%-і белок, май, углевод және
минералдық тұздардан тұрады. Адам денесінде 400-ден астам бұлшық ет бар, олар дене
салмағының 40%-тен астамын құрайды Бұлшық ет тіндері құрылысы мен шығу тегі әр
түрлі болғанымен атқаратын қызметі ұқсас. Дененің ауыстыруы, жүректің соғуы, қан мен
лимфаның жылжуы, асқазан, ішек бойымен тағамның жылжуы, несептік шығу, жатырдың
жиырылуы (босану) т.б. қозғалыс-қимылдар ағзадағы жиырылғыш қызмет атқаратын ет
тіндері арқылы жүзеге асады.Ет тіндерінің морфологиялық ерекшеліктеріне құрамындағы
жасушалары – миоциттері мен талшықтарының ұзынша пішіні, бұлардың құрамындағы
арнайы органеллалары – миофибриллалары мен миофиламенттері жатады. Сонымен
қатар, ет тіндерінің миоциттері мен миосимпласттарының цитоплазмасында жасуша
қосындыларынан гликоген, миоглобин мен липидтер, жиырылғыштық қызметке энергия
қоры болып табылатын митохондриялары өте көп. Ет тініндегі миоглобин белогы бұлшық
ет тінінің жиырылуы кезінде оттегімен байланысып, тіпті О 2 артық қорын өзіне
жинайды.
Бұлшық ет тіндері -барлық түрлеріне ортақ жиырылғыштық қасиеті бар,
құрылымдық элементтернің пішінін өзгертуі бойынша біріктірілген, бірақ шығу
тегі мен құрылысы және жиырылу сипаты әр түрлі тіндер. Олар өздерінің
жиырылғыштық қасиетінің арқасында қозғалысты қамтамасыз
етеді.Жиырылғыштық қасиетінің болуы оларда актин және миозин
ферменттерінің болуымен байланысты.

Құрылысы
1 - бұлшықет талшығының қабықшасы; 2 - бұлшықет талшығының шоғыры; 3 -
бұлшықеттің жуан талшықтары; 4 - бұлшықеттің жіңішке жіп тәрізді
талшығы; 5 - оттегімен қамтамасыз етілетін жақсы дамыған бұлшықет
талшықтары 6 - май басып, нашар дамыған бұлшықеттер.
Бұлшықеттер - бұлшықет ұлпасынан, тығыз және кеуекті дәнекер ұлпалардан,
қантамырлары мен жүйке талшықтарынан тұрады.

Бұлшықеттердің негізін - көлденең жолақты бұшықет талшықтарының жіңішке
шоғыры (пучки) құрайды .

Бұл шоғырлардың сыртын дәнекер ұлпасы қаптайды. Көлденең жолақты
бұлшықет ұлпасынан қаңқа бұлшықеттері, тығыз дәнекер ұлпасынан сіңірлер
түзіледі.
Бұлшықеттерінің физиологиялық қасиеттері
Бұлшық ет қозғыш тіндердің бірі, демек, басқа қозғыш тіндерге тән қасиеттер - козғыштық,
қозуды өткізу бұған да тән. Мұнымен бірге бұлшық еттің ерекше қасиеті - жиырылу.
Ет тіннің қозғыштық, дәрежесі қозу табалдырығы арқылы анық-талады. Көлденең жолақты
қаңқа еті жүрек етіне қарағанда қозғыштау келеді, яғни оның қозу табалдырығы әлдеқайда
төмен болады. Бірыңғай салалы бұлшықеттің қозғыштық дәрежесі жүрек етінікінен де төмен,
демек, ол бұлшыкеттің тітіркендіру табалдырығы бәріненде жоғары болады.
Ет талшықтарының қозуды өткізу шапшандығы сомалық жүйке талшықтарынікінен көп төмен.
Қозу ет талшығы сарколеммасын бойлай әртүрлі жылдамдыкпен, атап айтқанда: қаңқа етінде
секундіне 3,5-14 м, жүрек етінде 0,9-1 м, ал бірыңғай салалы етте 0,5 мм-ден 5-10 см-дей
жылдамдықпен тарайды.
Ет тіні созылғыш (серпімді) келеді. Оның созылғыштығы резеңкеге қарағанда шүбәсіз, яғни
босатқанда ет талшығының ұзындығы тура бастапқы созбай тұрғандағы қалпына келеді.
Бұлшықеттің негізгі қызметі және физиологиялық қасиеті - жиырылып жазылу. Жиырылу белгілі
бір тітіркендіргіш әсеріне берілетін жауап, яғни ет ұзындығының қысқарып қатаюы (тонусының
жоғарылауы).
Жүрек еті мен кейбір бірынғай салалы, яғни ішек, лимфа тамыры қабырғаларындағы еттердің
автоматиялық қасиеті де бар. Қаңқа етінің мұндай қасиеті жоқ. Ол орталық жүйке жүйесінің
әсерінсіз жиырылмайды. Қаңқа еті тұлғалық жүйке жүйесімен, оның ішінде ми қыртысымен
байланысты болғандықтан олардың жиырылуы адамның еркіне байланысты. Жүрек еті мен
бірыңғай салалы етгі адам (жануар) өз еркімен жиырылта алмайды, бұлардың жиырылып
жазылуын және автоматиялық қасиетін вегетативтік жүйке жүйесі реттейді. Ет пен жүйке
байланысы бұзылса немесе түрлі себептермен ет ұзақ уақыт жиырылмаса, ет талшықтары
құрылымы өзгеріп, семіп қалады (атрофия).
Бұлшық ет тіні

Морфофункцион
альді Гистогенетика
лық
Морфофунк
циональді

Көлденең Бірыңғай
жолақты салалы
бұлшықет бұлшықет

Қанқалық Жүректің
бұлшық ет бұлшық еті
Көлденең жолақты ет ұлпасы (лат. textus muscularis striatus ) — қаңқа бұлшықет
ұлпасы және жүрекет ұлпасы болып екіге бөлінеді. Көлденең жолақты бұлшықет
ұлпасы (лат. textus muscularis striatus sceletalis) — қаңқаның, тілдің, жұтқыншақтың,
өңештің алдыңғы бөлігінің, көмекейдің, көз алмасының, құлақтың, көкеттің
бұлшықеттерін құрайды. Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасының ет талшықтары
миосимпласттардан тұрады. Миосимпласт сыртынан сарколеммамен қапталған.
Сарколемма өз кезегінде екі қабат қабықтан: сыртқы негіздік жарғақтан және ішкі
плазмолеммадан тұрады. Бұлшықет талшықтарының сопақша келген мыңдаган
ядролары миосимпласт цитоплазмасының шеткі жағында, сарколемманың астында
жатады. Ал миосимпласттың жалпы органеллалары ядролардың маңайында
орналасады. Миосимпласттарда агранулалы эндоплазмалық тор жақсы жетілген.
Олар бір-бірімен өзара ілмектері арқылы жалғасып, байланысып жатады. Бұларды
саркоплазмалық тор деп атайды. Митохондриялар миофибриллалардың
аралықтарында орналасады. Миосимпласт саркоплазмасында энергия көзінің қызметін
атқаратын гликоген дәншелері, липидтердің майда тамшылары және тыныс алу
пигменті — миоглобин болады. Бұлшықет талшықтарының арнайы органеллалары —
миофибриллалар миосимпласт ядроларын саркоплазмага қарай шетке ығыстырып,
цитоплазма орталығының көп бөлігін алып жатады. Олар ет талшығының ұзын бойын
бойлай орналасады. Миофибриллалардың орташа диаметрі 1-2 мкм. Миофибриллалар
ретімен және кезегімен орналасқан жиырылғыш протеиндер — актин және миозин
жіпшелерінен құралған
Жүрек бұлшықет ұлпасы (сердечная мышечная ткань); (лат. textus
muscularis cordis textus — ұлпа, muscularis - Бұлшық ет, cor - жүрек) —
жүректің ортаңғы қабығы — миокардты түзеді. Жүрек Бұлшықет
ұлпасы сегменттелмеген мезодерманың ішкі (висцеральды)
жапырақшасынан дамиды және еріксіз жиырылады. Ұлпа — пішіні
цилиндр тәрізді кардиомиоциттерден құралған. Олардың сопақ ақшыл
боялған ядросы жасуша цитоплазмасының ортасында орналасады[1].
Жиырылу процесін іс жүзіне асыратын, актин және миозин
миофиламенттерінен құралған протеиндік жіпшелер —
миофибриллалар жасуша цитоплазмасының шеткі жағында ұзынынан
орын тебеді. Кардиомиоциттер үштарындағы арнайы тұйықтаушы
аймақтары арқылы өзара байланысып, аралық дискілер түзеді. Бүған
қоса олар бүйір өсінділері арқылы да жалғасып, тор тәріздес құрылым
түзеді. Осының нәтижесінде миокард кардиомиоциттері бір мезгілде
жиырылады
Қаңқалық бұлшық ет тіні
Адам массасының 25-50% құрайды.Ол скелеттік мускулатураның құүрылымдық құрамдасы
сонымен қатар тіл, өңеш бөліктерінде де құралған.
Г и с т о г е н е з і
Жалпы организмдегі бүкіл қаңқа бұлшықеттері бір жерден яғни,мезодерманың дозалді бөлігі
сомиттердің ортаңғы бөлігі-миотомдардан дамиды. Қаңқа бұлшықет тінінің гистогенезі 4
сатыдан тұрады:
1-миобласттық сатысы
Қоршаған эмбриондық бастамалардың индукциялық әсерінен миотом жасушаларының
миогенез бағытында детерминацияға ұшырауынан басталады. Пайда болған миогенді промиобласт
жасушалары дифференциялануға ұшырайды.
І-типті миобласттар-цитоплазмасы нәзік базофильді, органеллалары шамалы және
полиферативтік белсенділігі жоғары жасушалар. Олар әрі қарай дамып миосимпласттардың
қалыптасуына әкеледі.ІІ-типті миобласттар симпласттарға бірікпей, жеке түрінде қалып
миосателлитоциттерге айналатын кішкене, созылыңқы пішінді, аз дифференцияланған жасушалар.
Миосателлитоциттер қалыптасушы бұлшық ет жасушасының жанында орналасады.
2-миосимпласттық саты
Миобласттардың дифференциялануына байланысты. Миобласттар ұштарымен қосылып, көп
ядролы құрылымдар-қысқа миосимпласттарды түзеді. Миосимпласттардың цитоплазмасында
актин және миозин ақуыздарының синтезі басталады. Симпластта алғашқы және миофибрилдер
пайда болады. Белсенді синтездік процестердің және жаңа миобласттардың қосылуы нәтижесінде
миосимпласттар әрі қарай өсе береді. Миобласттардың бір-бірімен бірігуі өзара тануына
байланысты және олар көрші бұлшық еттік емес жасушалармен бірікпейді.
3-бұлшық ет түтікшелер сатысы(миотубтар)
Симпласттардың ұзаруымен және цилиндірлік құрылым-миотуб -тардың
қалыптасуымен сипатталады. Олардың орталық бөлігінің ұзына бойында ядролар
тізбектеліп орналасқан. Саркоплазманың перифериясында орналасатын арнайы
жиырылғыш органеллалар-миофибрилдердің саны өседі.

4-кемелденген бұлшық ет талшықтарының қалыптасу сатысы
Саны көбейген миофибрилдер миотубтардың барлық дерлік көлемін толтырады. Бұл
кезде миосимпласттың ядролары орталық бөлігінен перифериясына, яғни
сарколеммасына ығысады. Кеш мезгілдік миотубтар сатысында тіректік
құрылымдардың қатысуымен миофибрилдердің құрылысы ретке келтіріледі,
синтезделетін миозиннің түрі ауысады, митохондриялардың саны өседі.Сөйтіп, көлдінің
жолақты бұлшық ет талшығының қалыптасуы жасушалы орталығы мен түйіршікті
ЭПТ-сының редукциясы мен жойлуымен және саркоплазмалық тор қалыптасуымен
аяқталады.

Ал ІІ-типті миобласттар миосателлитоциттерге дифферен- цияланады. Бұл кезде
жасушалар бөлінбейтін даму күйіне айналады. Ядролары тығыздалып, цитоплазмасында
органеллалары азаяды. Нәтижесінде миосателлитоциттер жасушалары жалпайып,
сарколемма мен базальды мембрананың арасында орналасады.Бұлар бүкіл онтогенез
бойында аз дифференцияланған күйде сақталып, онтогенез барысында бұлшық еттің
өсуін және регенерациясын қамтамасыз етеді.
Қ ұ р ы л ы с ы
Бұл тіннің гистологиялық элементі миосимпласт пен миосателлито- циттерден
тұратын көлденең жолақты бұлшық ет талшығы. Бұлшық ет талшығының пішіні
ұштары сүйір аяқталатын, созылыңқы көлденең сызылған цилиндрге ұқсайды.Олардың
ұзындықтары мен диаметрі әр түрлі болуы мүмкін. Бойлық және көлденең кесінділерді
бұлшық ет талшықтың негізгі бөлігін көп ядрорлы симпласт құрылымы құрайды.
Миосимпласттың саркоплазма деп аталатын цитоплазмасының жалпы көлемінің шет
жағында тура оны қаптайтын сарколемма қабығының астында-көптеген сопақ ядролар
орналасады. Саркоплазманың орталық бөлігін арнайы маңызды органеллалар-
миофибрилдер толтырылған.
Бұлщық ет саркоплазмасында жалпы және арнайы органеллалары, қосындылары
анықталған. Органеллалар мен қосындылары бірлесіп бұлшық ет талшығының маңызды
функцияларын орындайтын комплекстер-функциялық аппараттарды құрайды.
Оларға: 1-жиырылғыш
2-тіректік
3-қозуды өткізетін
4-энергетикалық
5-синтездік
6-лизосомалық аппараттар жатады
ІІ В-типі(ақ)-шапшаң бұлшық ет
талшықтары күшті және шапшаң
жиырылуымен, төзімділігінің
төмендігімен сипатталады.
Саркоплазмасында миоглобин аз
сондықтан қанмен аз қамтамасыз
етілгендіктен ақ түсті. ІІ А-типі-аралық бұлшық
Миофибрилдерін құрайтын миозин
АТФ-азалық белсенділігі жоғары, ет талшықтары-
І-типі(қызыл)-баяу бұлшық шапшаң түріне жататындықтан ақ талшықтардың қызыл және
ет талшықтары жиырылу бұлшықет талшықтарының жиырылу ақ типтерінің арасында
күші әлсіз, жиырылу жылдамдығы жоғары. орналасқан.Екі типтің де
жылдамдығы төмен, қасиеттеріне ие.Аэробтық
төзімділігі жоғары яғни, ұзақ және анаэробтық
уақыт бойы процестердің өту белсенділігі
қысқарады.Миоглобин шамамен бірдей.
жоғары және қанмен жақсы
қамтамасыз етілетіндіктен
қызыл түсті болып табылады.

Қаңқа бұлшық
ет
талшықтары
Қаңқа бұлшық ет тіндерінің регенерациясы
Көлденең жолақты бұлшық ет талшықтарының қалыпты морфофункциялық
жағдайын қолдау регенерация арқылы қамтамасыз етіледі. Талшықтың ескі
бұзылып жатқан талшықтары жаңа құрылымдарға алмастырыдлады.

жасушаі
шілік
регенерац
ия
Қаңқа
бұлшық ет
тіндерінің
регенерация
жасушал
механизмі
ық
регенерац
ия
Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпалары.
Бірыңғай салалы бұлшықет (гладкая мышца); (musculus visceralis; лат. musculus —
бұлшық ет, viscera — ішкі) — ішкі түтікше мүшелердің, қан және лимфа
тамырларының етті қабықтары мен қабаттарын құрайтын бүлшықет.
Бірыңғай салалы бұлшықетті екі ұшы сүйірленіп келген, пішіні ұршық сабына ұқсас
бірыңғай салалы ет үлпасының жасушалары —миоциттер құрайды. Миоциттер бір-
бірімен жұқа борпылдақ дәнекер ұлпалық аралық (эндомизий) арқылы байланысып,
ішкі түтікше мүшелер мен қан және лимфа тамырлары қабырғаларының етті
қабықтары мен қабаттарын түзеді.
Бірыңғай салалы бұлшықет құрылысы жағынан паренхималы мүшеге жатады. Оның
паренхимасын миоциттер, ал стромасын — дәнекер ұлпалы аралықтар құрайды.
Бірыңғай салалы бұлшықет — эмбриондық кезенде мезенхимадан дамып жетіледі.
Бұлшықетті вегетативті (автономды) жүйке жүйесі жүйкелендіреді. Сондықтан,
бірыңғай салалы бұлшықет — автономды түрде еріксіз жиырылып, ішкі мүшелер
мен тамырлар қабырғаларының жиырылып, қызмет атқаруын қамтамасыз етеді
Бұлшық еттердің жасқа және өмір салтына байланысты өзгеруі
Постнаталды кезеңде бұлшық ет талшықтарының ақырғы қалыптасуы аяқталады.
Диаметрі үлкейгендіктен олар тығыздалады. Ұзындығы мен жуандығы өсуі есебінен бұлшық
ет тінінің көлемі ұлғаяды. Егде адамдардың қаңқа бұлшық ет тіндерінің
ультраструктуралық өзгерістері талшықтың симпласттық та және жасушалық ат
бөліктерінде байқалады. Яғни базальды мембранасы қалыңдайды, миофибрилдердің
ұйымдасуы бұзылады, олар көлденең жолақтығынан айырыларды, жеке фрагменттерге
ыдырайды, Z-сызық ыдырап кетеді. Митохондрияларда өзгеріске ұшырайды, олар
сарколемманың астында жинақталып, гипертрофияға немесе керісінше дегенерацияға
ұшырайды. Миосателлитоциттер бұлшық ет талшығының симпласттық бөлігінен бөлініп
шығып, жайылып өсіп келе жатқан дәнекер тінді қабатшаға өтіп кетеді.Жасқа
байланысты өзгерістердің салдарынан бұлшықеттің қалпына келу қарқыны төмендейді,
бұлшық еттің тұтқырлығы мен серпінділігі төмендейді және тез шаршағыш келеді.
Физикалық жүктеме кезінде жаттықтыру арқылы бұлшық етке түсетін
жүктеме көлемін өсірген жағдайда, бұлшық ет талшықтарыны, диаметрі үлкейіпсаны да
өседі. Сөйтіп бұлшық ет массасы ұлғаяды. Бұл өзгерістер нәтижесінде саркоплазмада
митохондрия саны көбейіп, миосателлитоциттердің пролиферацияланып,
дифференцияланады.Ал Гипокинез(аз қимылдау) салдарынан бұлшық ет талшықтарының
диаметрі төмендейді, жиырылғыш тірек аппараты бұзылады, нәтижесінде бұлшық ет
массасы азаяды(атрофия).
Қорытынды
Адам ағзасының сүйектен кейінге негізі болып саналатын
бұлшықет тіндері. Олардың дамуы, жаңаруы үздіксіз жүріп
отыратын процесс. Тірек-қимыл жүйесінің негізіне
құраушылардың бірі болып табылатын бұл тін дененің
ауыстыруы, жүректің соғуы, қан мен лимфаның жылжуы,
асқазан, ішек бойымен тағамның жылжуы, несептік шығу,
жатырдың жиырылуы (босану) т.б. қозғалыс-қимылдар
ағзадағы жиырылғыш қызмет атқаратын ет тіндері арқылы
жүзеге асады. Ет тіндерінің морфологиялық ерекшеліктеріне
құрамындағы жасушалары – миоциттері мен талшықтарының
ұзынша пішіні, бұлардың құрамындағы арнайы органеллалары –
миофибриллалары мен миофиламенттері жатады. Жас
организмде бұлшық ет қалыпты қызмет атқару үшін оны
шынықтырып отыру керек.Сол кезде бұлшық еттің қайта
қалпына келу қасиеті жоғарылап шымырлай түседі.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы:
"Сөздік-Словарь", 2009.

2.Цитология және гистология. Оқу құралы. Сапаров Қ.Ә. - Алматы:
Қазақ университеті, 2009.

3. Аяпова Ж.О. «Цитология, Эмбриология және Гистология»,
Алматы 2005жыл;

4. Сапаров Қ.А. «Жалпы гистология негіздері», 1994 жыл;

5. Афанасьев Ю.И. «Гистология», 1999 г;

6. С.А.Ажаев, Т.Ж.Үмбетов «Гистология-1», Түркістан 2010жыл;

7.Дәрістер жинағы.

8.www.google.ru

Ұқсас жұмыстар
СӨЖ Бұлшықет ұлпалары эволюциялық динамикасының жалпы сипаттамасы
Бұлшықет ұлпасы туралы ақпарат
Ет ткані. Қаңқа ет тканінің регенерациясы. Өмір сүру салтына және жасқа байланысты бұлшық еттердің өзгерісі. Жүрек ет тканінің регенерациялық қабілеті. Эпидермальды және нейралды ет ткані
Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпалары
Қан ұлпасы
Жүрек бұлшықет тіні
Бұлшықет ұлпалары
Жануар жасушасы
Бұлшықеттерінің физиологиялық қасиеттері
Ағзаның құрылымдары
Пәндер