Қараюдың тығыздығы сәуле шығарудың жұтылған энергиясына пропорционал


Slide 1

Иондаушы сәулелерді радиометриялау және дозиметриялау

Slide 2

Жоспар

Радиометрия және дозиметрия туралы түсінік, оның мақсаты мен міндеті.

Иондаушы сәулелерді табу және тіркеу құралдары мен әдістері.

Ионизациялық әдіс.

Slide 3

Иондаушы сәулелердәің адам, жануарлар ағзасына әсерін сан және сапа жағынан анықтау, радиациялық қауіпсіздікті тағайындау дозиметрия, радиометрияның дамуына себеп болды.

Дозиметрия-ядролық физиканың қолданбалы, иондаушы сәулелердің әсерін сипаттайтын, оларды сандық және сапа жағынан өлшейтін әдістерімен таныстырады.

Slide 4

Радиометрия ядролық физиканың қолданбалы бөлімі, радиоактивтілікті, радиоизотоптарды даралып зерттеу жүргізеді. Бірақ дозиметрия мен радиометрияның арасында алшақтық жоқ, бірін-бірі толықтырып отырады.

Бірақ дозиметрия мен радиометрияның арасында алшақтық жоқ, бірін-бірі толықтырып отырады.

Slide 5 Slide 6 Slide 7

Дозиметрия

Дозиметрия қолданбалы ядролық физиканың иондаушы сәулелердің әсерін сан және сапа жағынан анықтайтын бөлімі.

Доза деп иондаушы сәуленің әсерлескен ортаға, ауа, су, заттар, клетка, ұлпа, ағзаға, берген энергиясын айтады.

Slide 8

Дозиметриялық аспаптар

Slide 9

Радиологияда дозалар мынандай болып бөлінеді:

Экспозициялық доза, деп бір өлшем масса, көлем ауаны

иондауға кеткен иондаушы сәулелердің энергиясын айтады.

Жұтылған доза, деп жұтылған энергияны айтады.

Эквиваленттік доза әр иондаушы сәуленің биологиялық әсері ескерілген жұтылған доза.

Эффектілік эквиваленттік доза, әртүрлі мүшелердің радиациялық қатерге төзімділігі ескеріліп табылатын жұтылған энергия.

Slide 10

Радиоактивтілікті зерттеу әдістері

Радиоактивтің анықтаудың үш әдісі бар: абсолюттік, есептеу, салыстырмалы.

Абсолюттік әдістеме:радиоактивтілікті есептегенде 4П-і есептегіш қолданылады, активтілігі есептелетін зат есептегіш ішіне орналастырылған Ки, мКи, мкКи-мен есептеледі. Әзірше көр таралмаған, өйткені қондырғылар, аспатар шығарыла қойған жоқ.

Slide 11 Slide 12

Есептеу әдістері: бұл әдістемеде a, b-сәулелерін шығаратын изотоптардың абсолют активтілігін есептеу, алдымен қондырғыларда им/мин пен шығарылады, ал Кюримен есептеу үшін, ауысу коэффициенттері қолданылады .

Салыстырмалы әдістеме берілген сынамалардың активтілігін берілген үлгімен(эталон) салыстыру. Бұл әдістеме берілген сынамалардың радиоизотоппен үлгі изотоп бірдей болғаны жөн.

Slide 13

Иондаушы сәулелерді табу және тіркеу құралдары мен әдістері.

Иондаушы сәулелерді тіркеу, анықтау олардың қоршаған ортаға физика-химиялық әсеріне негізделген. Бұрынғы айтқандай иондаушы сәулелер затқа келіп түскенде, оның ішінде иондану процесі, мысалы сәулелер газ арқылы өткенде, газ молекуласы, атом электрондарын жоғалтып ионға айналып. Ал басқа әдістер иондардың екінші ретті әсерін өлшеуге негізделген, оларға:фотографиялық, люминесценттік, химиялық калориметрлік тағы басқалары жатады.

Slide 14 Slide 15

Иондаушы сәуле шығаруды табу және өлшеу үшін келесі әдістерді қолданады: фотографиялық, сцинтилляциялық, химиялық және иондану.

Фотографиялық әдіс фотоэмульсияның қараю дәрежесіне негізделген. Иондаушы сәуле шығару әсерінен фотоэмульсия құрамындағы күміс бромының молекулалары күміс және бромға ыдырайды. Бұл кезде фотопленканы шығарғанда қараю тудыратын күмістің кішкентай кристалдары түзіледі. Қараюдың тығыздығы сәуле шығарудың жұтылған энергиясына пропорционал. Қараю тығыздығын эталонмен салыстыра, пленкамен алынған сәуле шығару дозасын (экспозициялық және жұтылған) анықтайды. Бұл принципке жеке фотодозимерлер негізделген.

Slide 16

2. Сцинтилляциялық әдіс. Кейбір заттар (күкірттік цинк, натрий йодиді) иондаушы сәуле шығару әсерінен жарықтанады. Жарқыл сагы сәуле шығару дозасына пропорционал және арнайы құралдар - фотоэлектрондық көбейткіштер арқылы тіркеледі. 3. Химиялық әдіс. Иондаушы сәуле шығару әсерінен кейбір химиялық заттар өзінің құрылымын өзгертеді. Сол сияқты судағы хлороформ сәулелену кезінде тұз қышқылын түзумен ыдырайды. Тұз қышқылы хлороформге қосылған бояғышпен әрекеттеседі. Екі валентті темір қышқылдық ортада суды сәулелендіру кезінде түзілетін еркін радикалдармен HO2 және ОН, тотығып, үш валентті темірге айналады. Үш валентті темір бояғышпен түрлі-түсті реакция береді. Түс тығыздығы бойынша сәуле шығару дозасын (жұтылған энергиясын) анықтайды. Бұл принципке ДП-70 және ДП-70М дозиметрлері негізделген.

Slide 17

Қазіргі уақыттағы дозиметрлік құралдар арасында иондаушы сәуле шығаруды табу және өлшеудің иондану әдісі кең тараған.

Иондану әдісі. Иондаушы сәуле шығару әсерінен оқшауланған көлемде газдың иондануы жүреді: газдың электрлік нейтрал атомдары (молекулалары) оң және теріс иондарға бөлінеді. Егер бұл көлемге тұрақты кернеу қойылған екі электрод салсақ, осы электродтар арасында электр өрісі туады. Иондалған газда электр өрісінің әсерінен зарядталған бөлшектердің бағытталған қозғалысы пайда болады, яғни газ арқылы иондаушы деп аталатын электр тоғы жүреді. Иондаушы токты өлшеу арқылы иондаушы сәуле шығарудың интенсивтілігі туралы тұжырымдар айтуға болады.

Slide 18

Пропорционалдық есептегіштер

Ионизациялық камераларға қарағанда құрылысы жағынан, жұмыс істеу, сезімталдық жағынан тиімді. Бұл есептегіштердің қабырғаларының ішкі жағы тоқты жақсы өткізетін арнаулы қабықпен қапталады да анод цилиндрдің ортасында қыл сым ретінде орналастырылады. Сондықтан да газды қоздыру аз мөлшердегі кернеу арқылы алынады.

Slide 19

Гейгер-Мюллер есептегіштері (газ разряды есептегіштері)


Ұқсас жұмыстар
Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері
Сәуле шығару энергиясы
БИОЛОГИЯЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ ЛЮМИНЕСЦЕНЦИЯСЫ
Сәуле шығарғыштық қабілеті
Жел энергетикасы
Фотоэлектрлік жүйе
Фотоэлектрлік түрлендіргіштер. Спектрофотометрлік зерттеу әдістерін қолдану
Люминесценцияны медицинада және биологияда қолдануы
Кванттық физика. Квант теориясының шығуы
Фотоэффект құбылысын түсіндіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz