Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының негіздері


Slide 1

Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының негіздері

Орындағандар:Оразбекова Д.

Исак И.

Қабылдаған:Молдахожаев Ш.

Тобы:6В01601-тарих

Алматы 2022

Қазақстан республикасы ғылым және білім минстрлігі

Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Тарих және құқық институты

Slide 2

Жоспары:

Конституция түсінігі мен мәні.

1993, 1995 жылдары құрылған конституциялар

Қазақстан Республикасының контитуциялық құрылымы

Қазақстан Республикасның сайлау құқығының түсінігі, қағидалары және ерекшеліктері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Конституция түсінігі мен мәні.

Конституция термині латын сөзінен аударғанда лат. constitio- белгілеу, орналастыру деген мағынаны білдіреді. Конституция - мемлекеттің Негізгі Заңы болып табылады. Ғылыми, саяси, құқықтық тұрғыда Конституция материалдық, нысандық мағынада өзіндік мән-мағынаға ие.

Slide 4

Конституция түсінігі мен мәні.

Конституция материалдық мағынада - ең бірінші, елдегі адамның, азаматтың жеке құқықтары мен бостандығын жариялайды, оған кепілдік береді, елдегі әлеуметтік құрылыстың негіздерін, басқару мен мемлекеттік құрылымның нысандарын, жергілікті, орталық билік органдарының негіздерін, құзіреті мен өзара қарым-қатынастарын, мемлекеттің рәміздерін, астанасын айқындайды, осылардың бәрі жөніндегі өкімдік акт, актілердің немесе конституциялық рәсімдердің жиынтығы болып саналады.

Slide 5

Конституция түсінігі мен мәні.

Конституция нысандық мағынада - барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңи күшке ие заң немесе заңдар тобы болып есептеледі. Яғни, Конституция - елдің бірлігі, берекесі, тыныштығы, оны іс жүзінде жүзеге асыратын қуатты күш, ол - конституциялық құрылыстың құндылықтары мен институттары, нормалары, әлеуметтік байланыстар мен мемлекеттік биліктің қатынастарын мемлекеттік - құқықтық реттеу негіздері ресми түр де баянды етілетін ең жоғары құқықтық нысан, осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі. Әрбір жеке тәуелсіз мемелекеттің ғасырлар бойы өз құнын жоғалтпай, мұра болып келе жатқан заңдар жинағы болады.

Slide 6

1993, 1995 жылдары құрылған конституциялар

Кеңестер Одағының ыдырауымен және тәуелсіз мемлекет құрылуымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау қажеттілігі туған соң оны 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдады. Демократиялық институттар, басқарудың президенттік үлгісі қалыптаса бастағанымен, Конституция ол бастамалардың құқықтық негізі бола алмады. Мемлекеттік биліктің бөліну принципін формалды түрде жария ете отырып, 1993 жылғы Конституция оларды іске асыру ережелерін белгілемеді. 1993 жылғы Конституция біршама жетілдірілгені болмаса, өмір сүру қабілеті қазіргі заманға бейімделмеген социалистік мемлекеттің Конституциясы болып қала берді.

Slide 7

1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады. 1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы - Сенат, төменгі палаталы -Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеттік билiктiң қайнар көзi - өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi.

Slide 8

1993, 1995 жылдары құрылған конституциялар

Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртiншi Ата заңы (1937, 1978, 1993, 1995) . Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлiмнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Кейiнгi екi Конституцияның алдыңғы екеуiнен елеулi айырмашылығы сол - бұлар тұңғыш рет мемлекеттік тәуелсiздiктi, егемендiктi және Қазақстан халқының толық билiгiн бекiтiп, одан әрi орнықтырды. Жаңа Ата заңда құқықтық мемлекеттiң қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның iшiнде жеке адамның жан-жақты еркiндiгi, идеолологиялық және саяси әр алуандығы (саяси партиялар мен бұқаралық партиялар, сондай-ақ бұқаралық қозғалыстар бiрлестiгiн құру еркiндiгi), халық билiгiн 10 жүзеге асыратын демократиялық амалдар, экономикалық қатынастардың қызмет етуi әлемдiк талаптарға сәйкестендiрiлген. Оның нормалары тұрақты, жалпы мәнде ұзақ жылдарға бейiмделiп тұжырымдалған.

Slide 9

Қазақстан Республикасының контитуциялық құрылымы

Ата Заңның негiзгi бөлiгiнде (I - VIII бөлiмдер) азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен мiндеттерi туралы, конституциялық құрылыс жайлы, мемлекеттік нысандар жөнiнде, мемлекеттік буындардың жүйесi мен мәртебесi туралы (Президент, Парламент, Үкiмет, Конституциялық Кеңес, соттар, және сот төрелiгi, жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы) нормалар тұжырымдалған.

Slide 10

Қазақстан Республикасының контитуциялық құрылымы

Қорытынды және өтпелi ережелер мазмұндалған соңғы IХ бөлiмде Ата Заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi, конституциялық заңдар мен өзге де заңдарды қабылдау рәсiмi сөз болады. Жалпы ережелер деп аталатын 1 бөлiмде жаңа конституциялық құрылысқа сапалық сипаттама берiлген, яғни Конституция бойынша республикада мемлекеттік билiк бiртұтас, ол Конституция мен заңдар негiзiнде заң шығарушы, атқарушы және сот билiгi тармақтарына бөлiну, олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл жасау қағидаcына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл бөлiмде осыған орай конституциялық құрылысты айқындайтын, мемлекет пен жеке адамдардың және азаматтық қоғамның қарым-қатынастарынан туындайтын негiзгi қағидалар тұжырымдалған

Slide 11

Олар:

Қазақстан халқының толық билiгi (егемендiгi) ;

Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы;

мемлекеттік билiктi жүзеге асыру барысындағы пiкiр еркiндiгi;

адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүдделерiнен басымдығы;

Конституцияның үстемдiгi (жоғары тұратындығы) ;

адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүдделерiнен басымдығы; мемлекеттік тiл саясатының кепiлдiгi

Slide 12

Қазақстан Республикасның сайлау құқығының түсінігі, қағидалары және ерекшеліктері

“Сайлау құқығы” түсінігі көпмағыналы болып табылады. Оның екі мағынасы бар: объективтік және субъективтік. Объективтік мағынада сайлау құқығы - бұл мемлекеттің өкілді органдарын және жеке лауазымды тұлғаларын сайлау тәртібін реттейтін нормалардың жиынтығы. Субъективтік мағынада сайлау құқығы - бұл азаматтың мемлекеттің сайланбалы органдары мен тұлғаларын құруға, қалыптастыруға қатысу құқығы. субъективтік тұрғыда сайлау құқығы екі мағынада анықталады: белсенді сайлау құқығы (сайлау, дауыс беру құқығы) және бәсең сайлау құқығы (сайлану құқығы) .

Slide 13

ҚР-ғы сайлау туралы заңға сәйкес сайлау құқығы - бұл азаматтардың ҚР Президентін, ҚР Парламенті және маслихат депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауы және сол қызметтерге сайлануы. Белсенді сайлау құқығы әдетте 18 жасқа толған бастап пайда болады. Бұған қоса, Қазақстанның сайлау туралы заңнамасына сәйкес сайлауға қатысу үшін әрекет қабілеттігі болуы керек және соттың заңды күшіне енген үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырмаған болуы қажет. Азаматта белсенді сайлау құқығы болғанымен, бәсең сайлау құқығы болмауы мүмкін.

Slide 14

Себебі, 18 жасқа толған ҚР азаматы ҚР Президентін сайлауға қатысуға құқылы, бірақ өзі бұл жаста Президент болып сайлана алмайды: ол үшін оның 40 жасқа толуы, тумысынан ҚР азаматы болуы, соңғы 15 жыл бойы ҚР аумағында тұруы және мемлекеттік тілді еркін меңгеруі қажет.

Slide 15

Қазақстанда сайлаулар белгілі бір қағидаларға сәйкестікте өткізіледі. Сайлау құқығының қағидалары:

1. жалпыға бірдей сайлау құқығы, яғни 18 жасқа толған азаматтардың тегіне, нәсіліне, лауазымына, мүліктік жағдайына, жынысына, ұлтына, т. б. қарамастан сайлауға қатысу құқығы. Сайлауға іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды. Сонымен қоса, сайлау құқығын Қазақстанда тұрып жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да иеленбейді.

Slide 16

2. тең сайлау құқығы - сайлаушылардың сайлауларға тең негіздерде қатысуы әрі олардың әрқайсысының бір немесе тең дауыс санына ие болуы.

3. төте сайлау құқығы - Республика Президентiн, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн азаматтардың тiкелей сайлауы. Тікелей - бұл сайлаушылардың аталған тұлғаларды қандай да бір басқа тұлғалар (таңдаушылар) арқылы емес, дербес, жеке өздері қатыса отырып сайлауы.

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
Жер құқығығының негіздері
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер субъектілері
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
Конституциялық құқықтық нормалар
Әкімшілік құқықтық нормалары
Жер құқығы қатынастары
Еңбек құқығының принциптері
Босалқы жерлердің субъектілері
Еңбек саласындағы нарықтық қатынастардың құқықтық негіздерін бекемдеу
Қазақстан азаматтарының мәртебесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz