Педагогикалық тәжірибе




Презентация қосу
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті
Педагогика және психология кафедрасы

БӨЖ
Тақырыбы: Педагогикалық зерттеудің ұғымдық, өлшемдік аппараты

Қабылдаған: Данияров Т.Ә.
П.ғ.к., профессор
Орындаған: ППП-111 тобының
2-курс студенттері

Туркестан - 2023 жыл
Жоспар:
Кіріспе
Педагогикалық зерттеу туралы түсінік.
Педагогикалық ұғым.
Зерттеудің ұғымдық аппаратын қалыптастыру.
Педагогикалық зерттеудің сапасын бағалайтын сипаттамалар.
Педагогикалық тәжірибені зерттеу.
Педагогикалық зерттеудің түрлері.
Зерттеу нәтижелерін зерттеу және өңдеу.
Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және талдау.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

.
Кіріспе

Әрбір ғылым өзінің дербес әдіснамасын, зерттеу әдістерін жасайды. Педагогиканың да өзіне
тән ғылыми - зерттеу әдістері бар. Бұл әдістерді зерттеуші әрбір педагогикалық құбылыстың
ерекшеліктеріне сәйкес қолданылады.Тәрбие мен оқытудың нәтижесі тек қана мұғалімнің тиімді
әдістері қолдана білуі мен педагогикалық шеберлігіне байланысты емес, ол оқушылардың
қабілеттілігіне, жан – жақты да мұны және осы сияқты толып жатқан факторларға байланысты.
Басқа дәл ғылымдарға (физика, математика, химия) қарағанда педагогикалық құбылыстарды
зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, дәл ғылымдар бойынша экспериментті қайталап
жүргізуге болады. Егер бұрынғы жағдай ескеріліп, сол кезеңдегі материалдар пайдаланылса,
эксперименттің нәтижесі өзгермейді. Ал педагогика ғылымы бойынша экспериментті қайталап
жургізу тиімді нәтиже бермейді. Себебі, педагогикалық зерттеудің объектісі — баланы тарбиелеу.
Сондықтан педагогикалық процесте және кейбір сыртқы факторлар (даму барысында оқушыларда
пайда болатын өзгерістер, әлеуметтік және микроортада кездесетін түрлі жағдайлар және т. б.) әсер
етеді. Міне, осы тұрғыдан қарағанда ғыдыми педагогикалық зерттеу әдістері баланың денсаулығына
яғни келтірмейтіндей және оқу-тәрбие процесін жетілдіру бағытында қолданылуы қажет.
Педагогика саласындағы зерттеулер – бұл білім заңдылықтары, оның құрылымы мен
механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі жаңа мəліметтерді алуға бағытталған
ғылыми ізденіс процесі жəне оның нəтижесі. Педагогикалық зерттеулердің міндеті – деректер мен
құбылыстарды түсіндіру жəне оларды алдын ала болжастыру.
Педагогикалық ұғым – бұл өздеріне тән жалпы, арнайы белгілері бойынша педагогикалық
құбылыстардың, үдерістердің немесе жүйелердің бөлінген тобының сөз арқылы берілетін
педагогикалық әрекетті көрсету үдерісінің нәтижесі.
Педагогикалық термин – бұл педагогика ғылымында педагог-зерттеушілер тарапынан
қабылданған және заңдастырылған қандай да бір педагогикалық феноменнің атауы, аты, белгіленуі.
Зерттеудің ұғымдық аппаратын қалыптастыру

1. Зерттелуші үдеріс пен ұғымдардың құрылымын, оның құрамдас бөліктерімен зерттеу
қырларын анықтау.

2. Ұғымдардың мазмұнын, белгілі немесе қайта енгізілген терминдердің терминологиялық
түсіндірмелері мен олардың негізделуін анықтау.

3. Категорияларды (негізгі, кешенді ұғымдарды) анықтау, категориялықұғымдық жүйені құру.

4. Ұғымдық жүйе элементтерінің өзара байланысын, ол арқылы зерттеліп жатқан үдерістер
мен құбылыстардың терең әрі тұтас айқындалу деңгейін ашу.
Зерттеуші ұғымдарды таңдау кезінде ғылыми терминологияға қойылатын жалпы талаптарды
ескеруі қажет:
• нақтылық – мағынасының бірегейлігі;
• анықтамалық (дефинитивность) – педагогикалық объектінің айрықша қасиеттері мен белгілерін
ашып, анықтама беру мүмкіндігі;
• жүйелілік – педагогика ғылымының ұғымдық аппаратындағы ұғымның орнын айқындау.
Педагогикалық зерттеудің сапасын бағалауға мүмкіндік жасайтын он бір
сипаттамасын бөліп қарауға болады:

мәселе

тақырып

көкейкестілігі

зерттеу нысаны

оның пәні

мақсаты

міндеттері

жаңалықтары

болжамы және қорғауға ұсынылатын қағидалары.
Педагогикалық зерттеу әдістерінің әдіснамадан өзгешелігі – бұл педагогикалық құбылыстарды
зерттеу, олар жөніндегі ғылыми ақпараттарды жинақтап, заңдылықты байланыстар, қатынастарды
анықтау, оның нәтижесінде ғылыми теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс - әрекет жолдары
мен тәсілдерінің өзі.
Әдістер көп түрлі де сан қилы, бірақ жүйелестіре келгенде, бұлардың бәрі үш топқа ажыралады: 1)
педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері; 2) теориялық зерттеу әдістері, 3)
математикалық әдістері.
Педагогикалық тәжірибені зерттеу

Педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері – білім беру процесін ұйымдастырудың көз
алдымызда қалыптасқан тәжірибесін зерттеудің жолдары. Зерттеуге озат тәжірибе, яғни танымал
мұғалімдер мен қатардағы тәлімгерлер қызметтері бірдей алынады. Олардың жұмыстарында
кезігетін қиындықтар педагогикалық процесс қайшылықтарымен, пайда болған не енді туындауы
мүмкін проблемалармен байланысты келеді. Педагогикалық тәжірибені зерттеу барысында келесідей
әдістер қолданылады: бақылау, әңгімелесу, интервью, анкеттеу, оқушылардың жазба, графикалық
және шығарма жұмыстарын көзден өткеру, педагогикалық құжаттармен танысу.
Жалпы және арнайы
Жалпы адамтану, Тарихи
педагогикалық
соның ішінде педагогикалық
әдебиеттер
педагогика ресми деректер мен
классиктерінің құжаттар
еңбектері

Тарихи педагогикалық зерттеу өдісі көптеген
әдебиеттермен таныс болуды талап етеді

Педагогикалық
Педагогикалық Мектеп, мұғалім, анықтама
мерзімді тәрбие жөніндегі құралдары
басылымдар көркем шығармалар
Педагогикада зертеудің үш деңгейі бар: эмпирикалық, теориялық, әдіснамалық.
эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістерінің тұтас бір тобы бар. Бақылап зерттеу –
заттар менқұбылыстарды мақсатты зерттеу, мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді
сезім мүшелерімен қабылдау және санада бұл ақпаратқа талдау жасау; зерттеу обьектісінің
сыртқы жақтары,қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу. Бақылап зерттеуге, ең
алдымен, бақылаушының өзі, зерттеу обьектісі, бақылап зерттеу шарттары, сондай-ақ
бақылап зертеу құралдары – видеоаспаптар, аспап-құралдар мен өлшеу құрал- саймандары
қажет болып табылады.
Зерттеу барысында бақылап-зерттеу түрлерінің әр алуан жіктемесін ажыратуға болады:

Тікелей бақылап –зерттеу, мұғалім-зертеуші оқу-тәрбие жұмысының тікелейбасшысы; сонымен қатар
ол тікелей куәгер бола тұра бейтарп адм; мұғалім зерттеу мүшесі ретінде зертеушілер тобына
кіргізілуі.Оның рөліне байланысты эмпирикалық фактілерді жинақтаудың техникасы мен әдісі таңдалып
алынады;

Жанама бақылап-зерттеу, ол тікелей бақылап-зертеуді толықтырады және ол зерттеушімен бірге және
оның бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін өкілдер арқылы жүзеге асады.Зерттеуші біреу туралы немесе
бір нәрсе туралы жанама деректер алады;

Жасырын немесе елеусіз бақылап-зерттеу тұйық теледидар желісі және сынып бөлмелерінде
телекамералы бар мектептерде жүргізіледі.Сабақты жасырын бақылап- зерттеу оқушылардың танымдық іс-
әрекетінің және мұғаліммен арақатынасы туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді.Жасырын бақылап-
зерттеу зерттеушіге құнды мәліметтер береді, егер оқушылар өздерін бақылап отырғанын көрсе өздерін
басқаша ұстайды.
Үздіксіз бақылап-зерттеу оқыту процесін, екі-үш оқушыны cабатағы, ойындағы, сыныптан тыс,
мектептен тыс оқу-тәрбие процесі физикалық қолайлы уақыттағы мінез-құлқын зерттеу үшін қолданылады.

Дискретті бақылап-зерттеу обьектіні ұзақ уақыт бақылайтын кезде қолданылады. Бақылап-зерттеу
ұзақ уақытқа созылуы мүмкін – жарты жыл немесе бір жыл.бақылап- зерттеу белгілі бір уақытқа үзіліп,
кейін қайтадан жалғастырылады.

Бақылап-зерттеу және іздеу көп деректер арасынан зерттеуші өзіне керек деректер мен
құбылыстарды іздеген кезде қолданылады.Мұндай бақылап-зерттеу үшін біршама уақыт пен
зерттеушінің аналитикалық жұмыс жасауы қажет.
Зерттеу нәтижелерін талдау және өндеу әдістері

Зерттеу жұмыс – бұл зерттеу жұмысының әдісін игерудегі алғашқы саты. Курстық жұмыс
психологиялық- педагогикалық және әдістемелік мәселелер бойынша білімді жүйелеуге,
қорытындылауға, кеңейтуге көмектеседі. Оның барысында іздену, ақпаратты пайдалану және
өңдеудің жаңа әдістері игеріледі, педагогикалық бағдары айқындалады, педагогикалық пікірін
қорғауға үйренеді. Курстық жұмыс кәсіби тәжірибемен тығыз байланысты.
Реферат (лат. тіл.- refero – хабарлаймын) – ғылыми жұмыстың мазмұнын баяндама ретінде
немесе жазбаша түрде беру. Бұл студенттердің өзіндік ғылыми зерттеу жұмысы. Мұнда
студенттердің қарастырған мәселелерінің мән-мағынасы ашылады, материал проблемалық сипатта
баяндалады, әртүрлі көзқарастар келтіріледі, сондықтан ол мәселеге өзінің жеке көзқарасын
білдіреді.
Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және талдау

Педагогикалық тәжірибе – оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ
нәтижесі оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен
ұйымдастырылатын педагогикалық процесс.Көпшілік мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі –
бұл педагогика ғылымының жетістіктерін қолданып жұмыс істеп жатқан білім беру
ұйымдарының тәжірибесі.
Педагогикалық тәжірибе

Кең мағынада педагогикалық тәжірибе – мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты
педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибиесі. Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық
болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі бір принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып,
басқа мұғалімдерге үлгі болып, озат тәжірибесі басқа мектептерге таратылады.
Баяндама - өзіндік жұмыстың бір түрі, сабақта және сабақтан тыс пайдаланылады, зерттеу
жұмысын жүргізу тәсілдерінің қалыптасуына ықпал етеді, танымдық қызығушылықты қалыптастырады,
практикалық ойлауға үйретеді. Баяндама жазарда тақырып бойынша жоспар құрып, негізгі әдебиеттер
таңдалады. әдебиеттермен жұмыс жасай отырып, алынған мәліметтерді жүйелеп, қорытындылау қажет.
Тақырып үлкен болса, баяндама сұрақтарын бірнеше студентке бөліп беруге болады. Қазіргі кезде оқу
орындарында баяндама мен рефераттың еш айырмашылығы жоқ және олар сынақ жұмысы болып
табылады.
Педагогикалық озат тәжірбиенің тар мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы
бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол
мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға
беріп, тарату керек. Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын,
себебі мұғалім ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен
шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс – тәсілдерді тиімді етіп ұштастырып,
бірте – бірте жаңашыл болады, олай болса кез келген жақсы тәжірибені мектептің тәжірибесіне
енгізуге болады, бірақ жаңашыл мұғалімдердің іс – тәжірибесін жан – жақты талдап,
қорытындылап тарату керек.
Педагогикалық озат тәжірибе оқу – тәрбие жұмысын үнемі дамытып және
жетілдіріп отырады. Сондықтан, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай
тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп,
олардың ұсынбаларын өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн.
Қорыта айтқанда, педагогика ғылымында жас зерттеушілердің араласуын күтіп жатқан,əлі
анықталмай елеусіз болған құбылыстар байланысы мен тəуелділіктері ұлан-ғайыр, тың халінде.
Педагогиканың жемісті дами түсуінің басты шарты – ғалымдар мен педагог-практиктердің бірлікті
іс-əрекеті. Егер осы теориялық жəне тəжірибелік ізденістер аталған педагогикалық əдістер жүйесін
жете білумен жүргізілетін болса ғана, педагогтың өз тəжірибесі де, басқалардың да педагогикалық
ұсыныстары мақсатты бағытта зерттеліп, талданады, соның нəтижесінде оқу-тəрбие ұйымдастыру
жолындағы табыстары мен жаңалықтары ғылыми тұғырға орнығуы сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Асқаров Е.С., Балапанов Е.Қ., Қойшыбаев Б.А. Ғылыми зерттеулердің негіздері,
оқу-әдістемелік құрал Алматы 2005ж. (5-15 бет).
2. Қасқабаева Ф. Ғылыми жұмыстарды жазуға жаднама. -2007. №2.(28-35 бет).
3. Өмірова С. Педагогикалық зерттеулер тақырыбы. 2009. №12. (61-64 бет).

Ұқсас жұмыстар
Тәрбие жұмыстары бағытында озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және жинақтап қорытындылау
Педагогикалық тәжірибені оқып үйрену және жинақтау әдістері
Болашақ педагог психологтың жаңа форматтағы қарым-қатынас жүйесіндегі орны
Озат педагогикалық тәжірибе және педагогика ғылымының озат педагогикалық тәжірибе және педагогика ғылымының жетістіктерін енгізу
БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮРГІЗУДІҢ БІР ЖҮЙЕЛІЛІГІ
Теориялық әдіс Эмпирикалық әдіс
Қорытынды мектепте практика ретінде конференция мектепте
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндік дамуы жайлы ақпарат
Жас тәрбиешінің педагогикалық технологиясы
Қазіргі таңдағы мектептің тәрбие үдерісіне педагогикалық қолдау
Пәндер