Крахмал - өсімдіктердің басты қосалқы көмірсуы




Презентация қосу
Кез келген үйдің
дастархан басында
наннан кейін қант
тұратыны белгілі. Осы
түсінікке біздің
үйренгеніміз соншалықты,
қантсыз дастархан бар
дегенге сенгіміз келмейді.
Шайға салғанды жақсы
көреміз, ал тарихын
білетініміз күмәнді.
Жалпы қант
дегеніміз не, және
ол қайдан
шыққан?
Қанттың бірнеше түрі бары
белгілі. Ол жан-жануарларда
да, өсімдіктерде де кездеседі.
Алайда, адамдардың қант
туралы әңгімесі қант
қызылшасы мен қант
қамысының өнімі турасында
ғана өрбиді және сол
турасында түсініктері өрілген.
Бүгінгі таңда әлемдік экспорттың
62 пайызы қанты қамысы болса,
37,5 пайызын қант қызылшасы
құрап отыр
Тәтті дәмі арқылы көпшілікті тартып тұратын
өсімдік осыдан мың жылдай бұрын Жаңа
Гвинеяда пайда болған. Сол уақытта осы
өсімдік үшін қанша тайпалар өз-өздерімен
соғысып, қорғап қалуға жандарын салысқан.
Бірақ, ол туралы түсінік бізде қайдан болсын.
Бар болғаны қант туралы әңгіме өрбісе
болды, шайымызға қатқымыз келіп тұрады
Содан бері қаншама ғасырдың ширегінде, қоғамның
дамып, өркениеттің жаһандануына байланысты
қант зауыттары көптеп ашыла бастады. Қантты
өндірудің өнеркәсіпте нешеме түрлері шығып,
дүниежүзілік экспортқа айналып кете барды. Ең
бірінші сатушылар мен көпестер қантты
Тынық мұхит бойына алып шықты. Кейінірек
Азия мен Индонезия, Филиппин аралдарына
жетіп, күнделікті тұтынатын өнімге айналдырып
жіберді. Алайда, қанттың тарихы осымен
бітпейді.
Кейбір ғалымдардың ойынша, қант қамысы
бұрынғы өткен замандарда Үнді елінде
тараған. Алғаш қантты көріп, Еуропаға жайып
жіберген Александр Македонский болатын. Бәріміз
білетіндей, мүйізі бар адам б.з.д. 325 жылы Үнді
еліне жорық жасаған. Олар алғаш қант қызылшасын
көргенде, арасы жоқ бал есепті өсімдікке балаған.
Содан Үнді елінен жол алып шыққан қант Персияға
жеткен. Ал Персия елі 500 бен 700 жылдар
аралығында Сирия, Палестина, Египет, Жерорта
теңізі бойын жаулап алып, қантты тұтынуды дағдыға
немесе әдетке айналдырып жіберген сыңайлы.
Қант қызылшасы ең бірінші
рет Америка Құрама
Штаттарына 1751 жылы
жеткізілді. Сол уақыттағы түрлі діни
ағымдардың миссионерлерінің бірі
қантты Гаитиден Жаңа Орлианға,
содан Луизиана штатына алып
барған. Қант өнімі 1795 жылы
тұрақты экспорт көзіне айналады.
Крахмал
Крахмал (нем.
kraftmehl) –
өсімдіктерде болатын
полимерлік көмірсу:
(С6H10O5)n.
Крахмал— өсімдіктердің басты
қосалқы көмірсуы; глюкоза
қалдықтарынан түзілетін екі
полисахаридтен (амилоза мен
амилопектин) тұрады. Ұн тәрізді ақ
ұнтақ; көптеген өсімдіктерден
алынады.
Аспаздық пенкондитер фабрикаларында
көбінесе картоп, бидай және жүгері
крахмалын пайдаланады. Кисель, жеміс
ботқаларын қоюлатуға, сондай-ақ
кондитер бұйымдарына қосылады.
Картоп крахмалы. Картопөндіріске гидравликалық
транспортермен жуылып, жеңіл, ауыр қоспалардан
ажыратылып, жуу машинасына түседі. Жуылған
және өлшенген картоп ұнтақтау
машинасында крахмалы босатылады. Келесі
операция — осы ботқа сияқты қоймалжыңды ішіндегі
клеткалық шырыннан бөлу. Ол үшін ботқаны крахмал
сүтімен араластырып, әртүрлі електі аппараттарға
береді. Електе ботқадан бос крахмал бөліп алынады
және пайда болған крахмал сүті майда екінділерден
тазаланады. Қалған өнім қайтадан ұнтақталады.
Крахмал сүті езінді массасының көбінен
ажырағанымен, құрамында әлі де езінді бар
болғандықтан әрі қарай жібектен жасалған тор
көздерден өткізіліп рафинацияланады.
Рафинациялаған шырында езінді аз мөлшерде
болғандықтан, одан тазалау үшін қайтадан сумен
жуатын гидроциклондар мен тұндырмалы-жуу
центрифугалары қолданылады. Осыдан алынған
шикі крахмал кептіруге жіберіледі. Кептірілген
крахмал арнаулы қаптарда сақталады. Тамаққа
пайдаланылатын крахмалдың бөгде иісі, дәмі
және ауыр қоспалары болмауы керек; төмен
сұрыпты крахмал техникалық мақсатқа
жұмсалады немесе сірне өндіріледі

Ұқсас жұмыстар
Крахмал және спиртке картопты құрамалы өңдеу
Қондырғыштар,эмульгаторлар, тұрақтандырғыштар. Негізгі қасиеттері
Крахмал және спиртке картопты құрамалы өңдеу жайлы
Адам тініндегі негізгі көмірсулар және олардың биологиялық мәні. Көмірсулар - жасушаның құрылымдық - функционалдық компоненттері
Крахмал және спиртке картопты құрамалы өңдеу жайлы ақпарат
Картоп крахмалы Жүгері крахмалы
Глюкозаға тән қасиеті
Күріштің гүлшоғыры
КРАХМАЛ АЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Жасушадағы зат және энергия алмасулар
Пәндер