Тәрбие үдерісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету: ерекшеліктері мен мақсаттары


Slide 1

Тәрбие үдерісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыздандыру

Орындаған: Қуатов Дархан

Slide 2

Тәрбие - мақсатты жүйеде тулға қалыптастыруга бағытталған үдеріс, яғни арнайы уйымдастырылған, тәрбие мақсатын іске асыруға бағышталған тәрбиеші мен тәрбие- ленуші арасындағы бас- қарымды әрі бақылаулы өзара ықпалды іс-әрекет қатынастары.

Slide 3

Тәрбие барысын зерттеуші педагогика саласы тәрбие теориясы деп аталады. Егер оқу үдерісінің субъекттері мұғалім мен оқушы есептелетін болса, тәрбие үдерісінің қатысушылары - тәрбиеші мен тәрбиеленуші. Мектепте оқуды да, тәрбиені де жүргізетін бір тұлға - маман педагог.

Slide 4

Тəрбие үдерісінің ерекшеліктері:

Мақсатты бағытталуы;

Ұзақ мерзімділігі;

Үздіксіздігі;

Кешенділігі;

Екіүштілігі;

Баламалылығы;

Күрделілігі;

Slide 5

Тəрбие үрдісінің ең басты ерекшелігі - мақсатты бағытталуы. Тәрбие ұйымдасуынан күтілетін жоғары тиімділік оның алдына тартылған мақсаттың балаға жақын әрі түсінікті болуынан. Мақсат бірлігі, өзара қызметтестік осы заманғы тәрбие үдерісінің негізгі сипатын құрайды.

Тәрбие үдерісінің күрделілігі одан күткен нәтиженің нақты ұстамға келмейоқу үдерісіндегідей дер мезетінде көрінбеуінде. Тәрбиелік пен тәрбиесіздік қалыптардың жүз беруі аралығында қажетті тұлға қажеттерінің ұзаққа созылған қалыптасу кезеңі жатыр. Себебі бала әртүрлі ықпалдарға кезігіп, оң да, теріс те тәжірибе жинақтайды. Ал тәрбие осы жинақталған тұлғалық тәжірибеден келеңсіз сапаларды шығарып тастап, олардың орнын ұнамды қасиеттермен толықтырып барады. Тәрбиенің және бір күрделілік себебі оның өте қозғалмалы (динамичность) болуында, осыдан тәрбие үдерісі жылдам ауысады, тез өзгеріске келеді.

Slide 6

Тәрбие үдерісінің айтарлықтай ерекшелігі - узақ мерзімділігінде, яғни адам тәрбиесі - өмір бойы тоқталмайтын іс. К. Гельвеций: "Мен әлі үйренудемін, менің тәрбием біткен емес. Ал ол қашан бітеді? Тәрбиеленуден қалған күні, яғни мен өлгеннен соң. Менің бүкіл өмірім, шынын айтсам, біртұтас ұзақ тәрбие". Адам санасында мектептегі тәрбиенің қалдыратын ізі аса бедерлі, себебі адамның жас шағындағы жүйке жүйесі өте икемшіл әрі қабылдағыш келеді. Дегенмен, мектептегі жақсы ұйымдастырылған тәрбие үдерісінің өзінен де жылдам табыс күту жаңсақтық: тәрбие өз нәтижесінің тікелей ықпал сәтінен біршама уақытқа созылуымен сипатталады.

Тәрбие үдерісінің және бір ерекше сипаты - оның үздіксіздігінде. Мектеп тәрбиесі -тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы бірі екіншісімен ұштасып, жүйеге келтірілген өзара ықпалды қатынас әрекеттері. Егер тәрбие үдерісі үзіліске түссе, науқандыққа негізделсе, тұрақталып келе жатқан әдеттерді бекіту орнына, бала санасында қайта-қайта жаңа "жолдар" қалыптастыруға мәжбүр боламыз.

Slide 7

Тәрбие үдерісі - кешенді, яғни бұл сипат тәрбиенің мақсат, міндет, мазмұн, форма мен әдістердің ажыралмас бірлігін аңдатады, оның тұлға қалыптасуының біртұтастығы идеясына бағыныштылығын білдіреді. Тұлға сапа-қасиеттері өзара бөлектенбей, бірлікте, бірігімді, бір уақытта кемелденіп жата-ды, осыдан оған бағытталған педагогикалық ықпалдар да ке-шенді сипатта болуы қажет. Айырым жағдайларда тәрбиеші талап деңгейіне сәйкес болмай жатқан тұлға қасиетіне көбірек назар салғаны жөн. Мысалы, бастауыш сынып оқушысында зейінділік, шыдамдылық, байқағыштық ж. т. с. с. қасиеттерді қалыптастыруға көбірек көңіл бөлінеді. Тәрбиенің кешенділік сипаты бірқанша маңызды педагогикалық талаптар орындау-ды, тәрбиеші мен тәрбиеленушілер арасындағы ықпалдасты әрекеттерді мұқият таңдап, ұйымдастыруды қажет етеді.

Нәтиже баламалылығы мен екіүштылығы да осы тәрбие үдерісін ерекшелейтін сипат. Бір жағдайда теңдей тәсілдерді қолданғанның өзінде қолға кірер нәтиже әрқилы болуы мүмкін. Мұның себебі - тәрбиеленушінің даралығы, әлеуметтік тәжірибесі мен тәрбиеге болған қатынасы. Тәрбиелеушілердің кәсіби дайындық деңгейі, олардың педагогикалық шеберлігі, тәрбиеленушілермен қатынас жасай білу ептілігі де - тәрбие барысы мен нәтижеге күшті әсерін тигізеді.

Slide 8

Тәрбие - екі тарапты үдеріс.

Тəрбиешіден тәрбиеленушіге (тура байланыс),

Тəрбиеленушіден тәрбиешіге (кері байланыс) .

Үдерісті басқару, негізінен, кері байланыс арқылы орындалады, яғни тәрбиеленушілерден келіп түскен ақпараттар негізінде оқу, тәрбие нәтижесі анықталып барады. Кері байланыс ақпараттары неғұрлым көп болса, тәрбиешінің тәрбиелік ықпалы соғұрлым күшті болады.

Slide 9
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық менеджмент: мақсаттары, құрылымдары мен оқыту үдерісін басқару
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығын ұйымдастыру және әдістемелік қамтамасыз ету
Тәрбие теориясы бөлімі бойынша сабақ жоспары және ғылыми-әдістемелік негіздері
Атамекен ұлттық тәлім-тәрбие бағдарламасының ғылыми-әдістемелік тұжырымдамасы
Мектептің тәрбие жүйесі: мақсаттары, құрамы және әдістемелік негіздері
Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің 2012-2013 оқу жылы тәжірибесі: оқу-тәрбие үдерісін жаңа технологиялар мен инновациялық әдістер арқылы жетілдіру
Ата-аналарды психолого-педагогикалық ағарту: отбасылық тәрбие мен мектеппен ынтымақтастықтың ғылыми-әдістемелік негіздері
Білім беру үрдісін басқаруды нормативтік-құжаттық қамтамасыз ету
Ғылыми жұмыстың ерекшеліктері мен ғылыми еңбек этикасы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты: мақсаттары, негізгі бағыттары және әлеуметтік-экономикалық қамтамасыз ету мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz