Занков жүйесінде оқытуды ұйымдастырудық жетекші нысаны - сабақ
Презентация қосу
Дамыта оқыту
технологиясы
Дамыта оқытуды 1950 жылдық аяғынан бастап Л.В.Занков (1901-1977) және
Д.Б.Эльконин (1904-1984) зерттей бастады. Дамыта оқыту оқушыны оқу
пәндерін оқып үйренуден теориялық ойды дамытатын оқу іс-әрекетіне көшірді
(Эльконин-Давыдов). Ол оқушыны жан-жақты дамыту міндетін қойды (Л
В .Зенков). Осы міндетті шешу үшін білім мазмұнын түбірлі өзгерту мақсаты
қойылған жоқ (Л.В.Занков).
Психологтар оқу процесіне оқушының іс-әрекетін енгізу керектігін, оның
маңызын дәлелдеді. Дамыта оқыту арқылы оқушыға берілетін білім
бұрынғыдай репродуктивтік жолмен омес, керісінше арнайы
ұйымдастырылатын баланың жан-жақты "теориялық" іс-әрекеті арқылы
берілетін болды. Дамыта оқытудық екі жүйесінің де оқу бағдарламалары,
оқулықтары бар, олар Ресей мектептерінде кең қолданылуда. Көбіне бастауыш
мектепте қолданылады. Дамыта оқыту принциптері орта және жоғары
сыныптарға әлі кең түрде енгізілмей отыр.
"Жақын даму аймағы" көрнекті кеңес психологы Л.Выготский (1896-1934)
оқыту мен дамудық байланысын (О-Д) зерттеп, егер оқыту баланың өзекті даму
аймағында жүрсе, онда ол баланы дамытпайды деді.
Дамыта оқытуда мұғалім жақын даму аймағында жұмыс істеу керек. Ол
оқушыға ақпараттар беруші, ынталандырушы, бейне туғызушы, баланың
кемшіліктері мен табысына назар аударушы, себебі әр оқушының өзінің
"жақын даму аймағы" бар, онда жалпы тәсілмен жұмыс істеуге болмайды.
Л.В.Занков жүйесі.
Оның тұжырымдамаларының дидактикалық принциптері:
• оқытуды түсінуге қиын етіп жүргізу;
• теориялық білімнің жетекші рөлі. Теорияны құрғақ жаттамай, ондағы мәнді
байланыстарды, заңдылықтарды ашу;
• оқушының ізденуі. Мұғалімнің өзінің түсіндіруі - дамудың қауіпті жауы;
• оқу процесін оқушылардың сезуі. Оқушы өзін оқу іс-әрекетінің субъектісімін
деп сезінеді. Материал қайткенде есімде жақсы қалады, жаңа не нерсе білдім,
менің дүние туралы түсінігім қалай өзгерді, мен өзім қалай өзгердім деген
сұрақтарға жауап береді;
• барлық оқушыларды дамыту үшін жүйелі түрде жұмыс істеу. Қабілетке қарай
бөлуге жол берілмейді. Бала басқа балалармен ынтымақта дамиды.
Бұл принциптер Б.Тұрғынбаеваның зерттеуінде толығырақ түсіндірілген.
Л.В.Занков өз экспериментінде оқушылардың психологиясын зерттеу әдістерін
кең қолданды.
Дамуда оқыту жетекші рөл атқаратынын, ол балаға жанама түрде әсер ететінін,
баланың ішкі жан сарайының ерекшелігі оқытудық оған өтуіне жол беретінін,
оқыту тиімділігінің көрсеткіші, мақсаты баланы жалпы дамыту екенін іс
жүзінде дәлелдеді.
Занков жүйесінің басты міндеті - баланың жалпы психикасын дамыту еді.
Оғанақыл, ой, ерік-жігер, сезіменді. Осыларды дамыту білім, іскерлік
дағдыларды түсініп, есте саңтаудық сенімді негізі деп саналды. Оның
түсінігінде бала өзінің қызығатын нәөрсесі, талап-тілегі бар, мектепке тек білім
алу үшін ғана емес, баңытты өмір сүру үшін келетін жеке тұлға. Олай болса,
мақсат - баланың барлық адамдьщ қасиеттерін дамыту. Ең маңыздысы, бала
бойындағы жағымды сезімдерді жоғалтып алмау. Сондықтан дамыта оқытуды
қолданған мұғалім оқушыдан бағдарламадан тыс оқыған кітабынан түсінгенін
сұрайды. Себебі Л .В.Занков түсінігінде бала өзінің білетінін басқаларға
жеткізіп үйренеді.
Л.В. Занков жүйесінде бастауыштағы білім мазмұны бай. Ғылым, әдебиет, өнер
туындыларынан білім беріледі. Оқу жоспарында география, жаратылыстану
бар. Орыс тілі, оқу кітабы, математика, еңбек, эстетикалық бағыттағы
пәндерінің мазмұны толықтырылған. Оқушыларды дамытатын дұрыс жазуға
дағдылану, санау, оқу, бейнелеу өнері, өнер шығармаларымен жұмыс, қолмен
жұмыс істеуге үйрену. Л.В.Занков жүйесінде экскурсия кезінде алынатын
білімнің үлес салмағы көп.
Бала сабақта өзінің өмірден көрген-білгендерін айтып, оны жолдастарымен
бірге талқылап отырады. Қарама-қайшы білімдер ойды дамытады.
Мұғалімнің жұмыс стилі сыныптағы нақты жағдайға байланысты өзгереді.
Мұғалімнің сүрағы мен тапсырмалары біржақты жауаппен шектелмей,
оқушыны өз көзқарасын айтуға, өз бағасын беруге итермелейді.
Занков жүйесінде оқытуды ұйымдастырудық жетекші нысаны — сабақ. Тек
сабақтың дәстүрлі құрылымы өзгереді. Сабақ оқушылардың түсінігіне қиын
болып келеді. Осыған сәйкес сабақ жаңа материалды оқудан басталуы
мүмкін. Дәстүрлі оқытуда уақыттың көбінде мұғалім сөйлейді. Дамыта
оқытуда мүғалім баланың өз ойын, өз бақылауларын, танымын айтуына
жағдай жасайды. Сыныптағы "тәртіп" ұғымы өзгереді. Оқушылар жұмыс
барысында шулайды, күледі, бір-бірімен әзілдеседі.
Оқытуды ұйымдастырудық маңызды нысаны - экскурсия. Таным негізі тек
кітап, мұғалім сөзі ғана емес, қоршаған орта, материалдық мәдениет.
Л.В.Занков түсінігінде даму адамның өзін-өзі көрсетуінсіз, өз пікірін,
бағасын білдірусіз мүмкін емес. Оның жүйесімен қорытынды шығарғанда
баланың байқампаздығына, ойлау барысына, тәжірибелік іс-әрекетіне,
сезіміне, ерік-жігеріне, қажеттіліктеріне жақсы мен жаманға көзқарасына,
олардың қаншалықты деңгейде дамығандығына баса назар аударылады.
Дәстүрлі оқытуда баға басты рөл атқарады. Л.В. Занков сыныптарында балаларға
баға қойылмайды. Баға жазба жұмыстарының қорытындылары бойынша
шығарылады. Нәтижесінде балаларкім "озат", кім "үлгермеуші" екенінбілмейді.
Л.В.Занковтың дидактикалық жүйесінде шынайы жағымды эмоциялар көп, мұғалім
мен оқушылар арасында татулық бар.
Баланы жалпы дамытатын жаңа мәселелерді (сұрақтарды) талдау, жолдасының
көзқарасымен келісу немесе оған күдіктене қарау, өз пікірі дұрыс болмаса бас тарту.
Ақыл-ой іс-әрекетінің алуан түрін орындау кезінде бала қиындықты жеңіп,
табысына қуанады, қанағаттанады. Баға қойылмауы сыныпта жақсы жағдай
туғызады. Сонымен Л.В.Занков жүйесі бойынша оқыту баланың дамуын анағұрлым
тездететінін көрсетті, балалар - сыншыл.
Бастауыштан орта сыныптарға өткенде қиындық болады. Дамыта оқыту рефлексияға
қабілеттілік сияңты бағалы сапаны қалыптастырады. Рефлексия - өзінің психикалық
жағдайы туралы ойлануы, өзінің толғаныстарын таңдай білуге бейімділік. Бала
өзінің мінез-құлқын, жүріс-тұрысын реттеп отырады. Л.В.Занков оқушыларының
ерекшелігі ақыл-ой жұмысына құштарлықтары. Бала өз бетімен білім алуға
ұмтылады. Білімді өз бетімен алу көңілге жақсы сезім ұялатады. Өзін жақсы көру
достық, өмірді сүю сияқты қасиеттердің негізі.
Дамыта оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлауды, пайымдауды
қажет ететіндей етіп беріледі. Оқушы да ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре
жауап беруге дағдыланады.
Дәстүрлі оқытуды салыстырмалы түрде сипаттай кетсек , дәстүрлі
сабақтарда мұғалімнің міндеиттері, атқарар істері үшін теңіз. Ол тыңдайды
, сұрақ қояды, жазады, түсіндіреді, көрсетеді, тексереді, бағалайды. Оған
кедергі келтірмей тып-тыныш тындау керек. Ендігі жағдай басқаша.
Мұғалім – ақылды, бірақ барлығын өзі айтып бере салмайды. Ол өз пәнін
жетік біледі, Бірақ өз білімімен таңқалдыруға тырыспайды. Мұғалім
мәселе қояды, ойлаудың жолдарын ашады, әрекеттің барысына бағдар
береді, жетектейді. Осылайша оқушы қоғам , ғылым шешіп қойған , бірақ
ол үшін жаңа болып табылатын проблеманы шешуге кіріседі.
Оқу әрекетімен айналысады. Үлгі бойынша білім алуға үйренген баланың
шығармашылық қабілеті шектеліп, табиғи мүмкіндігі жойылады. Ал әр
сабақ сайын ізденуге үйренген бала, кез-келген проблеманы тез шешуге
үйренеді. Қорыта айтқанда дәстүрлі оқыту әдістемесі сандық, мазмұндық,
ал дамыта оқыту технологиясы негізінен сапалық, мәнділік әдіснамасы деп
айтуға болады.
Дәстүрлі оқыту балаға білім, білік дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп
есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта
оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруге
мақсат тұтатын принциптерге негізделген .
Дамыта оқыту жүйесінің авторлары бала ойлауын абстрактіден
қарапайымға қайта жетелейді. Мысалы: «А» әріпін өткенде алманы
көрсете тұрып, оның не екенін, дәмі, түрі, формасы қандай екенін
сұрағаннан гөрі, ол туралы не білетінін, не айта алатынын сұрап білудің
баланы дамыту үшін тиімділігі зор екенін айтады. Бұл принципте жеңіл-
желпі тапсырмалар орнына, баланың тапқырлығын зерделілігін
дамытатын шығармашылық тапсырмалар орындау үлкен нәтиже береді.
Дамыта оқыту жүйесінің маңызды принциптерінің бірі – теориялық
білімнің жетекші ролі принципі. Бұл теорияда оқыту барысында
қарапайым бақылаулар, зерттеулер жасау арқылы өмір заңдылықтарына
көздерін жеткізу, қорытынды жасауға дағдыландыру. Заттар мен
құбылыстардың тек сыртқы қасиеттері ғана емес ішкі байланыстарын
заңдылықтарын меңгеру, олардың танымын тереңдететіндігі анықталады.
Мысалы, жыл мезгілдері туралы сөз өткенде, біз ешқашан жасыл болып
жайқалып тұрған ағаш жапырақтарының күз түсе сарғайып, ал қыста
мүлдем түсіп қалатындығын неге байланысты екендігіне тоқталамыз.
Қоршаған орта мен өмір заңдылықтарына көздерін жеткізіп қорытынды
жасауға дағдыландырамыз.
Дамыта оқуда оқу процесіне дивергентті, яғни көптеген дұрыс
жауаптары болатын тапсырмаларды да енгізіп отыру ұсынылады. Себебі
ғылымда, өмірде адамға осындай көп жауапты тапсырмалар кездеседі.
Мұндай есептер оқушылардың шығармашылықпен ойлауын қажет етеді.
Белсенді ойлауды керек ететін мысалдар келтірейік:
Өзіңізге берілген есептің шарттарын қиындатыңыз немесе оңайлатыңыз.
Егер Жерде темір жоқ болып кетсе не болуы мүмкін?
Дамыта оқыту технологиясы сабақта проблема қою әдісін және
оқушыларын зерттеу әдісін қолданып отыруды көздейді.
Дамыта оқыту технологиясында оқушының барлық оқу әрекетіне
мұғалім басшылық, бағыттау жасап отырады.
Дамыта оқыту оқушының ойлау қызметімен қатар олардың оқу-
білігін дамытуды көздейді.
*Дамыта оқыту жүйесіндегі технологиялардың классификациялық
сипаттамасы
*Қолдану деңгейіне қарай: жалпы педагогикалық.
*Философиялық негізіне қарай: гумандық.
*Психикалық даму факторына қарай: социатектік, психотектік.
*Игерудің ғылыми тұжырымдамасына қарай: рефлекторлық,
дамытушылық.
*Мазмұндық сипатына қарай: білімдік, тәрбиелік.
*Басқару мипіне қарай: шағын топтар жүйесі.
*Ұйымдастыру формасына қарай: сыныптық, сабақтық, топтық және
жеке.
*Балаға қатынас амалына қарай: тұлғалық, бағдарлық.
*Басымдық танытатын әдісіне қарай: дамытушы.
*Оқушылар категориясына қарай: жалпы.
* Жетілдіру бағытына қарай: балама.
*Оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсету емес,
оқушымен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра
отырып, алға қойылған міндеттерді түсіндіру, оларды
шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс-
тәжірибесінде қалай қолданады?
*Оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен
белсенді әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым-
қатынасқа дайындау, дара тұлғалық адамгершілік
нормаларын меңгерту;
*Оқу барысында баланың бойындағы дамытуды
қалыптастыруды дағдыға айналдыру.
*Оқу мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл
бөлу
*Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса
көңіл бөлу
*Оқушының сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту.
*Жалпы оқушының жан дүниесін дамыту.
Дамыта оқытудың Л.В.Занков жасаған жүйесінің ерекшеліктері:
* - Оқыту мазмұнындағы өзгешеліктер;
* - Мақсаттағы айырмашылықгар:
* -Дидактиктикалық принциптердегі өзгешеліктер;
* -Әдіс-тәсілдердегі өзгешеліктер;
* -Оқытуды өзгеше ұйымдастыру;
* -Мұғалім еңбегінің нәтижелігін анықтаудың жаңа көрсеткіштері;
Мысалы: дәстүрлі сабақтардағы сұрақ-жауап, әңгімелесу әдістері балалардан таныс
нәрсені сұрап білуге негізделеді. Бір ғана жауабы бар сұраққа жауап та, тек бір сөзді
қосып қайта айтып берумен қайтарылады.(Балалар қайда барады? Балалар мектепке
барады. Немесе, 2-ге 7-ні қосса қанша болады? 2-ге 7-ні қосса 9 болады түріндегі
жауаптар)
Дамыта оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлауды, пайымдауды
қажет ететіндей етіп беріледі. Оқушы да ол сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап
беруге дағдыланады. Жауаптардың бірнеше вариантта болуы мүмкін екендігі
қарастырылады. Мысалы: «Әңгіменің кейіпкерлері туралы не айта аласың?» немесе
«4» және «5» сандарымен қандай тапсырмалар ойлап табуға болады? түріндегі сұрақтар.
Оқу әрекеті деп білім, білік алуға бағытталған әрекетті айту қабылданған. Ол өз бетінше
де, мұғалімнің жетекшілігімен де жүзеге асады.
Әрекеттің ішкі құрылымына енетін бұл компоненттер былайша сипатталады.
Әрекеттің ішкі құрылымына енетін бұл компоненттер былайша
сипатталады.
*Қажеттілік - индивидтің өзінің өмір сүруге, дамуға білімнің,
тәжірибесінің, басқа да әлеуметтік жағдайлардың жеткіліксіз екенін
сезіну. Белсенді әрекеттің негізі.
*Мотив - ынта-ықыластың аууы.
*Құрал - әрекеттің амалдарын белгілеу, жолдарын талдау.
*Әрекет - іс-қимыл, құрал. Ол ойын, тілдік, ойлау әрекеттері түріңде
жүзеге асады.
*Нәтиже - өнім.
Оқушының дамуының негізі болып табылатын әрекет, оқу әрекеті әрбір
сабақтың өзегі деп түсіну жерек.
Айтылғандарды қорыта келсек- дәстүрлі оқыту балада білім, білік,
дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді
құю керек деген көзқарасқа бағытталса, дамыта оқыту бала бойындағы
табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын
ұстанымдарға негізделген.
Дамыта оқытудағы оқу әрекетінің ішкі құрылымы.
*Енді дамыта оқытуды дәстүрлі оқытумен салыстырайық:
*1.Мақсат: білім беру, іскерлікке үйрету, дағдыландыру. Оқушыны қоғамда жұмыс істеуге
әзірлеу. Оқыту жеке тұлғаны тікелей, стихмялы түрде дамытады.
*1. Баланың өзінің жеке басын дамыту үшін өзінің сөзі мен ісіне талдау жасауы, өз жұмысын
жоспарлауы, өз бетімен білім алуға, өзін-өзі тәрбиелеуге үйренуі, жақсы болуға ұмтылуы: "
Оқушы мектепке барып мұғалімнің айтқанын екі етпейтін, үй тапсырмаларын мұқият
орындайтын ғана адам емес, ол өзін-өзі жетілдіретін тұлға " (Д.Б. Эльконин)
*2. Дәстүрлі оқыту баланың соңынан ілініп келе жатады.
*2. Оқытуда мұғалім баланың білетіндеріне сүйенеді. Баланың білімі, мәдениеттілігі, ойы,
сезімі, бір нәрсені анық түсінуі оған өз бетімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Олар кейде
ересектердің көмегенсіз де тапсырмаларды орындай алады. Ал олар үшін қиын
тапсырмаларды ересектердің бағыт берумен өздері орындай алады Бүгін жұмыс істеп
үйренген оқушыға ертең өмірде ондай болады.
*3. Бала-оқыту объектісі. Барлық жұмысты істейтін мұғалім, ал бала-тыңдаушы.
*3. Бала-оқу субъектісі, мұғалімнің бағыт берумен өзін оқытатын жеке тұлға.
*4.Мұғалім сабақ түсіндіруші, оқушы түсінгенін қатайлап айтып беруші.
*4. Бала сабақ үстінде тек бір тақырып бойынша көптеген жұмыстар істейді.
*5.Мұғалім оқу ақпараттарын хабарлаушы, оларды қайта айтып беруге жаттықтырушы.
Мұғалімнің ең басты жұмысы білімді оқушының есінде сақтату, іскерлікке үйрету,
дағдыландыру.
*5. Жұмысты істеуге оқушылардың өздерін үйрету. Қарапйым зертеулер арқылы оқушының
теориялық білімінің қалыптасуы.
*6.Мұғалім оқытушы, оқушы үлгі бойынша есептер шығарады, жаттығулар жазады.
*6. Оқушы мен мұғалім бірге жұмыс істейді. Мұғалім оқытпайды, қайта тақырыпты түсіну
үшін оқушыларды жұмыс істетеді.
*7.Сонымен дәстүрлі оқытудың міндеті белгілі бір білімдерді түсіндіріп, есте сақтау.
Оқушылардың іскерлікке үйрету, дағдыландыру негізінен сөз, жаттығу, практикалық әдістері
арқылы жүреді. Мұнда ұғым- абстрактілі, тек сөзбен тұжырымдалған.
*7. Дамыта оқытуда білім, ұғым қатар жүреді. Дамыта оқыту мазмұнның негізгі бөлігі
ұғымдармен жұмыс істеу. Ұғымның мәні заттармен жұмыс істеу арқылы ашылады.
*Мысалы: Шама ұғымдағы негізгі іс-әрекет өлшеу жұмыстары. Матеметика курсында
сандарды оқып үйренбестен бұрын түрлі өлшемдер арқылы шамалар өлшенеді.
*8. Негізгі әдістер түсіндіру, көрсету
*8. Дамыта оқытуда балалардың жұмысын ұйымдастыратын әдістер қолданылады.
*9. Дәстүрлі мектепте көбіне сабақ, тәрбиелік шара өтеді. Әуелі материал даңдалады, содан
кейін оқушы онымен жұмыс істеу керек.
*9. Дамыта оқытуда оқушылардың алдына оқу міндеттері қойылады. Пән мазмұнында оқушы
істейтін жұмыстар көптеп құрастырылады. Оқыту мақсаты оқушыны өзгерту, дәлірек айтсақ
жұмыс істей алатын жеке тұлға.
*10. Дәстүрлі оқытуда сабақ, жаттығу мақсаттары жоғарыдан қойылады. Мақсатты ересектер
қояды. Оқушының пікірімен санасу жағы аз.
*10. Дамыта оқытуда мұғалім өзінің балалар алдына қойған міндеттерін олардың қабылдауына
к.ш салады. Үлгі- объектінің ішкі құрылымын белгілеу құралы. Ол оқушыға жұмыс тәсілдерін
таңдауға, оқу міндеттерін жаңа варианттармен орындауға көмектеседі.
* 11. Дәстүрлі оқытуда жаппай, жеке, топтық жұмыс түрлері қолданылады. Бұл әдістеме негізінен
технологияландырылған, себебі оқушы алгоритм бойынша жұмыс істейді
* 11. Дамыта оқытуда ұжыммен де, жеке оқушымен де жұмыс істеледі. Оқу міндеттерін шешу кезінде балалар түрлі
жұмыс тәсілдерін қолданса да оларды орындай алмайтын кездері болады. Шебер мұғалім ең болмаса бір оқушынығ
міндетті дұрыс шешуіне жағдай жасайды. Диолог оқу міндетін орындауға әкеледі. Ситуация шешу кезіндегі
оқушының өз жауабын талдауы, түрлі жорамалдау айтуы оның дамуына себепші болады. Жұмыстың негізгі түрі
сұрақ-жауап (диолог). Диолог кезінде оқушылар өз білгендерін ортаға салады, пікірлерін айтады. Дамыта оқытудың
дәстұрлі оқытудан түбірлі айырмашылығы да осында. Ол технологияландырылмаған. Егер бала әңгіменің не туралы
болып отырғанын түсінбесе, онда оған ойлануға мүмкіндік беріледі. Бірақ оның ойын тиянақтайтын алгоритм
берілмейді.
* 12. Сабақта оқушылардың іс-әрекеті аз.
* 12. Ұғымдар жүйесін түсіну, есте сақтау үшін оқушылар түрлі іс-әрекет жасайды. Мысалы, дамыта оқыту талаптары
тұрғысынан жазылған бастауыштың математика оқулығындағы " тік төртбұрыш қасиеті" деген жаңа ұғым тік
тқртбұрыштың қызыл түсті қабырғасын, көк түсті қабырғасын өлшеу, оларды салыстыру, қорытынды жасау арқылы
меңгеріледі.
* 13. оқушы өзінің іс-әрекетін жете бақыламайды. Оқушыны көбіне мұғалім бағалайды.
* 13.Оқушыны өзін бақылауға үйретеді.
* 14. Дәстүрлі оқыту оқушының жасын, психологиясын көп елемегендіктен, оның іс-әрекетін ұйымдастыруға да жете
мән бермейді. Бұл адам табиғатына қайшы келетін құбылыс.
* 14. Дамыта оқыту оқушының жас ерекшеліктерін, негізгі атқаратын жұмыстарын есепке алады.
* 15. Дәстүрлі оытуда өктем педагогика қолданылады, ол бала дамуын тежейді.
* 15. Сабақта мұғалім мен оқушы ынтымақтаса шығармашылықпен жұмыс істейді. Балалар ынтымақтаса жұмыс істеп
жатады. Оқушы өзін-өзі жақсы сезінеді.
* 16. баланың өзінің жеткен табысына қуанту жағы аз.
* 16. Оқушылар өздерінің істеген жұмыстарына риза, жан аямай еңбек етеді, өздерін-өздері басқарады. Әр бала өзін
жақсы жағынан көрсетеді.
* Сонымен, дамыта оқыту, түсіндіру-сипаттау арқылы оқыту түрінің орнына келе жатқан, жаңа, оқушыларды
жұмыстандыратын оқыту тәсілі.
Әдебиеттер тізімі:
1. Давыдов Э. «Дамыта оқыту технологиясы»/
Педагогикалық шығармалар. 1998
2. Оқу үрдісіндегі дамыта оқытудың мәселелері/
Психологиялық ғылым және білім беру №1/ 2003ж
3. Интернет желісі
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz