Дене шынықтыру және спорт педагогикасы мен психологиясы: Педагогикалық шеберліктің негіздері


Slide 1

презентация пән:Дене шынықтыру және спортпедагогикасы мен психологиясы тақырып:«Педагогикалық шеберліктің негізі »

Тобы:1402-11-4

Орындаған:Сейтбеков Д.

қабылдаған:Сералиева У.

Slide 2

Жоспар:

Slide 3

Шеберлік - кәсіби немесе әуесқойлық білімдердің каңдай да болсын түрінде істі терең танушылықпен, дамыған іскерлікпен үйлестіріп тиімді әрекеттерді жүзеге асырушылық.

Slide 4

Педагогикалық шеберлік

Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог - өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.

Slide 5 Slide 6

Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог - өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.

Slide 7

Педагогикалық шеберліктің негізі неде?

Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман - уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. «Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», - деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет.

Slide 8

Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру - педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.

Slide 9

Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі - мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет.

Slide 10

«Талант» деген сөзді әркім әр түрлі ұғынуы мүмкін. Талант көбіне, ақын - жазушылырда, әртістерде, өнер адамдарда кездеседі. Ал, «мұғалім болу - талант па, ол әркімнің қолынан келе бермей ме?» - деген сұрақ туады. Ұстаздың барлығы талант болып тумайды. Егер кез келген мұғалім ынта - ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәнін жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете білсе, педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, педагогикалық кәсіпті меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты, шебер ұстаз бола алады.

Slide 11

Қорытынды:

Педагогикалық шеберліктің негізі - балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу - тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықтар жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады.

Slide 12

Пайдалынған әдебиеттер

Педагогикалық шеберлік негіздері / И. А. Зязюнаның түзетуінде - М., 1989

Занина Л. В., Меншикова Н. П. Педагогикалық шеберлік негіздері - Ростов на Дону, 2003.

Кукушкин В. С. Педагогикалық қызметке кіріспе - Ростов на Дону, 2002.

Абдуллина О. А. Жоғарғы педагогикалық білім беру саласындағы мұғалімді жалпы педагогикалық дайындау.

Педагогикалық мәдениетке кіріспе / Е. В. Бондареваның түзетуімен - Ростов на дону, 1995.

Грехнев В. С. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті - 1990.

Елканов С. Б. Болашақ мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу негіздері - М., 1989.

Кан-Калик В. А., Никандаров Н. Д., Педагогикалық шығармашылық - М., 1990. Коджаспирова Г. М. ПЕдагогтің кәсіби білімін көтеру мәдениеті - М., 1994.


Ұқсас жұмыстар
Дене шынықтыру және спорт қатынастары субъектілерін ынталандыру құралдары мен әдістері
Шымкент университеті Дене шынықтыру және спорт кафедрасы Таңдау пәні Бадминтон (5 кредит, 5B010800)
Дене шынықтыру және спорт педагогының кәсіби құзыреттілігі: мазмұны, құрылымы және талаптары
Дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби дайындығын жетілдірудің ғылыми-педагогикалық негіздері
Дене шынықтыру мен спорт арқылы жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуы: жас ерекшеліктері және психологиялық-педагогикалық аспектілер
Дене шынықтыру сабағындағы жаңа педагогикалық технологиялар: тиімділігі мен енгізу жолдары
Дене шынықтыру сабағын ұйымдастыру мен өткізу: мазмұны, әдістемесі және педагогикалық бақылау
Емдік дене шынықтыру: жоспар, механизмдері және әдістемелік негіздері
Педагогикалық шеберліктің педагогикалық мәдениеттің компоненті ретіндегі мәні мен мазмұны
Мектептегі дене шынықтыру сабағын ұйымдастырудың құрылымы мен талаптары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz