Қазақстан репрессия жылдарында



1937-1938 жылдардағы менің отбасымның тарихы
Тексерген:Аубакирова Асем Жунисхановна
Орындаған:Әскерханова Гүлфия Бақытқанқызы

Жоспары: 1. 1930 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін. 2. Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіннің зардаптары. 3. Репрессияға ұшыраған ұлы тұлғалар. 4. Әжемнің асыл сөзі.

Қазақстан репрессия жылдарында Қазақстандағы екінші репрессия 1937-1938 жылдары жүргізілді. Себебі бұл жылдары бүкіл елімізде, әсіресе Мәскеу мен Ленинградта жаппай жазалау шаралары басталған еді. Соның ызғары Қазақстандағы Қарағанды қаласына да келіп жетті. Өйткені Қарағанды еліміздегі үшінші көмір ошағы аталды. Мұнда көптеген партия, мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар мен ақын-жазушылар жұмыс істеді.

Сталиндік қуғын-сүргін зардаптары Жалпы 1936-1938 жылдары Қазақстанда 25833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-іне «халық жаулары» немесе « халық жауларының сыбайластары» және басқа да айыптар тағылды. Соңғы зерттеу бойынша 1931 жылдан бастап 1954 жылдың 1 ақпанына дейінгі кезде КСРО-да 3 млн 777мың адамды ату жазасына соттап, оның 643 мыңына үкім орындалған, 2 млн 369 мыңын 25 жылға дейінгі мерзімге түрмелерге қамалып, миллиондаған адамдарды лагерлерге аттандырған.
Сонымен қатар, жер фабрика, заводтар, ұжымшарлар мен кеңшарлар мемлекет меншігіне өтті. Өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық меншік орнықты. Елде 1936 жылдың 5 желтоқсанында Кеңестердің Жалпыодақтық YI төтенше сьезінде жаңа сталиндік саясат жүзеге асты. Жазалау органдарының қызметі күшейтілді. Осылайша жеке адам құқығы аяққа басылып, пікір айтқан, ұсыныс жасаған адам «халық жауы» қатарына жатқызылып жазаланды. Сталиндік қуғын-сүргін осылай басталды. . .

1937-1938 жылдары Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, С. Құтжанов, О. Исаев, О. Жандосов, А. Досов, А. Асылбеков, Ж. Садуақасов, С. Сапарбеков, Т. Жүргенов және т. б. Кеңес өкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізді деген айыппен қудаланып, репрессияға ұшырады. Репрессия - мемлекеттің өз азаматтарына қолданатын қатаң жазалау шаралары. Репрессия жылдарында ғылым мен мәдениеттің көрнекті қайраткерлері А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, Ә. Ермеков, Х. Досмұхамедов, М. Тынышбаев, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Асфендияров, Ж. Шанин, К. Кемеңгеров және тағы басқалар ату жазасына, куғын-сүргінге ұшырады. Оларға тағылған айып негізсіз болды, көбіне оларды ауыл шаруашылық дағдарысына, 20-30 жылдардағы көтерілістерге айыпты деп кінәлап, Қазақстанды бөліп алуға әрекет жасады, «жапон шпионы» деген айып тақты.
Қарағандыда және бірқатар аудандарда «халық жаулары» үстінен ашық сот процестері жүргізілді. Қамауға алынғандардың саны Қазақстанда 1937 жылы 105 мың адамға жетті, оның 22 мыңы атылды. Қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың әйелі мен балалары да жапа шекті.

Репрессия құрбандары
Репрессияда жазықсыздан жапа шеккен аға-апаларымыз көп. Солардың бірі және бірегейі Ахмет Байтұрсынов. Оның тағдыр - қиын, бірақ кісі қызығарлық тағдыр. Ғұмыры ащы арманға толы, алайда адамға өнеге боларлық ғұмыр. Мақсат-мұратының мазмұны, кей тұста қайшылықтарға соқтырды десек те, өте терең. 1929 ж. қамауға алынған қазақ зиялыларының ішінде «рухани көсем» А. Байтұрсынов та бар. 1937 ж. 9 қазанда сталиндік репрессияның қанды пышағына ілігеді
Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері - Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйектe қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
Ахмет Байтұрсынов (1872-1937)

Сталинге жазылған хат
Тұрар Рысқұлов - адам ретінде де, қоғам және саяси қайраткер ретінде де ерте есейіп, есімі жиырма жастан асар-аспас кезінде жұрт аузына ілініп, халыққа танымал болды. Ол Сталиндік-Голощекиндік «Кіші Қазан» бағытын жүзеге асыру нәтижесінде жаппай ашаршылыққа ұшыраған өз халқына ара түсіп шырылдады. Сталинге хаттар жазды.
1937 жылы 21 мамырда Кисловодскіде демалыста жүрген Рысқұлов «пантүрікшіл», «халық жауы» деген айыппен тұтқынға алынды. Кеңестік қуғын-сүргінге ұшыраған Рысқұлов Мәскеу түрмесінде жүрек ауруынан қайтыс болды. Рысқұловтың әйелі Әзиза да кеңестік қуғын-сүргін құрығына ілігіп, АЛЖИР-де 18 жыл айдауды бастан кешті. Ұлы Ескендір түрмеде қайтыс болды. Рысқұлов есімі КСРО Әскери коллегиясы Жоғырғы Сотының шешімімен 1956 жылы 8 желтоқсанда ақталды. Қазіргі кезде Жамбыл облысының бір ауданына Рысқұлов есімі берілген. Тараз қаласында Рысқұлов есімімен аталатын демалыс паркі бар, онда Рысқұловқа ескерткіш қойылған Қызыл граниттен жасалған Рысқұлов ескерткішінің архитекторы - А. Рыспаев, мүсіншісі - Ю. Баймұқашев. Алматы қаласындағы Басқару академиясына Рысқұлов есімі берілген. Көрнекті қазақ жазушысы, мемлекеттік қайраткері Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» (1-2 том кітабы), «Жұлдызды көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ» атты роман хамсасында Рысқұлов келбеті сомдалған.
1894-1938 ж

қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы.
Мағжан Жұмабаев - табиғат жаршысы, көсеммен» сөзге келіп, айтысқа түсті, оның диктаторлық ел билеу тәртібіне қарсы шықты. Нәтижесінде 1937-1938 жылдары бүкіл ел көлемінде орын алған үлкен террордың құрбаны болып кете барды. махаббат жыршысы. Оның бұл тақырыптардағы өлеңдерінің де негізгі тақырыбы тәуелсіздік. Ел тәуелсіздігінің жыршысы Мағжан ақынның өзі де 1937 жылы 30 желтоқсанда өз тәуелсіздігінен айрылып, қызыл қырғынның құрбандығына айналды.
Атасы - Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі - Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 - 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М. Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.
Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, “Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға” деген өлең жазды. 1910-1913 жылдары Уфа қаласындағы Ғалия медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ. Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С. Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б. Майлинмен танысады.
Петропавл қаласында мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен босатады. 1937 жылы наурызда М. Жұмабаев Алматыға келеді. Аударма ісімен айналысады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, 19 наурызда ату жазасына кесілді

Қазақты оятқан «Оян қазақ»
Міржақып Дулатов - «Оян, қазақ!» бұл сөздің құдіреті де қасиеті де сол - осы отты өлеңнің жарық көргеніне ғасырдан астам уақыт өтсе де, сол қаныш тамшылаған өзекті күйінде қалып отырғандығы - бүгінде қазақ байтағын індеттей жайлаған бойкүйездік, самарқаулық, жалқаулық, еріншектік - қысқасы ұлтымызды ұлық істерден кері тартып отырған барша кесапаттарды тап басып айта білген, содан арылуға үндейді, , содан арылуға үндейді, намысқа шақырады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.
Міржақып Дулатұлы - әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы - "Оян, қазақ!" деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан кейін 1913 жылы Орьнборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер кітаптары басылып шығады. Ақын өлеңдерінің басты такырыбы-ел тағдыры болды. Алғашқы кітабы "Оян, қазақ!" жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Қайта басылады. Кітаптың нeriзгi мазмұны халықты оятуға, әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдер құрады. Сол себепті де кітап тұтқындалып, авторы қуғынға ұшырайды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz