САЯСИ ПАРТИЯНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Презентация қосу
10-ЛЕКЦИЯ
САЯСИ ПАРТИЯЛАР ЖӘНЕ ПАРТИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР МЕН
ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚОЗҒАЛЫСТАР МЕН ҰЙЫМДАР
Тажитаева Р.С., с.ғ.к., доцент
Лекция жоспары:
1. Саяси партиялардың ұғымы, мәні, белгілері және
қызметтері.
2. Партиялық жүйелер, олардың жіктелуі.
3. Қазақстандық партиялық жүйелердің даму үрдістері
және ерекшеліктері.
3. Қоғамдык-саяси қозғалыстар мен бірлестіктердің
пайда болуы мен эволюциясы.
4. Лоббизм. Қазақстандық лоббизмнің ерекшеліктері.
Партия ұғымы латынның partis деген сөзiнен
шыққан, ол бөлу, бөлемiн деген мағынаны бiлдiредi.
Партияны қазіргідей түсіну ХІХ ғасырдың ІІ-ші
жартысында пайда болды.
Неміс ғалымы М.Вебер саяси партиялардың
дамуының мынадай кезеңдерін атап өткен:
1. аристократиялық үйірмелер
2.саяси клубтар
3. көпшілік партиялар
Саяси партияның анықтамасы
Саяси партия дегенiмiз мүшелерiн өз ерiктерi
бойынша қабылдайтын, өз басшыларына билiктi жеңiп
алуы мен белсендi мүшелерiнiң материалдық және жеке
артықшылықтарды алуына қажеттi жағдайларды
қамтамасыз ету мақсатын қоятын қоғамдық ұйым.
Саяси партия деп саяси билiктi иеленуге немесе
мемлекетте билiктi жүзеге асыруға қатысуға талпынушы
идеология тұтастығымен байланысты ерiктi одақ.
Саяси партияның белгiлері
белгiлi бiр идеологияны алып жүрушi;
адамдардың ұйымдасқан бiрлестiгi (ұзақ мерзiмдiк,
ерiктi, саясаттың әртүрлi деңгейi бойынша
құрастырылған, жергiлiктiден халықаралыққа дейiн);
билiктi жеңiп алу және жүзеге асыру мақсатын
ұстануы;
саясатта белгiлi бiр әлеуметтiк топтың мүддесiн
бiлдiруi немесе қорғауы;
сайлауда бүкіл халықтық қолдау табуға ұмтылуы.
САЯСИ ПАРТИЯНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
партиялық аппарат;
қатардағы мүшелерi;
партия жақтаушылары.
Саяси партиялардың қызметтері
билiк үшiн күрес, оны пайдалану және бақылау;
үлкен әлеуметтiк топтардың мүдделерiн негiздеу, анықтау,
жинақтау;
үлкен әлеуметтiк топтың белсендiлiгiн арттыру және
топтастыру;
партиялық идеологияны, қоғамдық пiкiрдi қалыптастыру,
үгiт-насихат жұмыстарын жүргiзу;
қоғамда саяси тәрбие жүргiзу;
партия, мемлекеттiк құрылымдар мен әртүрлi қоғамдық
ұйымдарға кадрлар даярлау және ұсыну.
Саяси партияларды идеологиялық бағытына
қарай жіктеу
Социал-демократиялық партиялар, қазіргі капиталистік
қоғамды еңбекші халықтың мүддесіне сай ұдайы реформалап
отыруды қалайды. Олардың басты құндылықтары: бостандық,
әділеттілік, ынтымақтастық, теңдік. Олар Австрия, Германия,
Швецияның социал-демократиялық партиялар
Коммунистiк партиялар, жеке меншіксіз, тапсыз қоғам құруға
тырысады. Бұл партиялар Қытай, Солтүстік Корея, Куба, бұрынғы
КСРО-дағы коммунистік партиялар.
Буржуазиялық-демократиялық партиялар, қоғамда билік
үшін әрқашанда ашық күрес жүруін, сайлауды, оппозиция болуын
қолдайды. Германияның еркін демократиялық партиясы,
Ұлыбританияның социал- либералдық партиясы т.б.
Консервативтік партиялар, ірі буржуазя мүддесін қорғайды,
әлеуметтік теңсіздікті сақтағысы келеді, адамдық, азаматтық, ар
намыс, плюрализм, ынтымақтастықты жақтайды. АҚШ-тың
республикалық партиясы, Германияның хрестиандық-
демократиялық одағының блогы, Ұлыбританияның консервативті
партиясы.
Фашистік партиялар, жеке мүддеден мемлекеттік мүдденің
басым болғанын, басқаруды қатал орталық-тандыруды, адам
құқықтары мен бостандықтарын шектейді.
Оппозициялық партиялар. олар басқарушы партияның
саясатын сын көзбен бағалайды, қарсыластық қасиет тән.
М. Дюверже саяси партияны екіге бөлді:
Кадрлық партия демократия дамуымен, сайлау құқығы мен
принциптерi енгiзiлуiмен бiрге келдi. Бұл партияның негiзгi
қызметтi сайлау компаниясын өткiзу. Бұл партияның негiзгi
мақсаты көп сайлаушыларға ие болу. Кадрлық партиялардың
ұйымдары әлсiз, құрылымы нақты емес. Кадрлық партияға
АҚШ-тағы Республикалық және Демократиялық партиялар
жатады.
Бұқаралық партияға европалық барлық социалистiк,
христиандық-демократиялық, коммунистiк, ұлттық-социалистiк
партиялар жатады. Бұқаралық партиялар қатал тәртiпке ие.
Демократиялық орталықтандыру принципiне тәуелдiлiк бұл
партияларды бiр тұтас еттi. Бұқаралық партиялар саяси жүйеге
ең ықпалды партия. Парламенттiк сайлау барысында тығыз
ұйымдық құрылымға ие бола отырып жеңiске оңай жетедi.
М. Дюверже ұсынған партиялық жүйелердің түрлері
Көппартиялық жүйе /мультипартизм/. Батыс Европаның
көптеген елдерiнде көппартиялық жүйе өмiр сүредi. Көппартиялық
жүйе елде қалыптасқан әлеуметтiк-саяси жағдайға және
идеологиялық бағыттылыққа тәуелдi.
Екiпартиялық жүйе /бипартизм/. Көптеген саясаттанушылар
саяси жүйе бiрқалыпты жұмыс iстеуi үшiн екi партиялық жүйе
тиiмдi деп есептейдi. Мұның тиiмдiлiгi билiк басындағы партияны
екiншi оппозициялық партия толық бақылауға алуы. Сондай-ақ
жеңiске жеткен партия тұрақты үкiметтi құруға қол жеткiзедi.
Парламентке сайлауда екi партиялық жүйе қызметшiл. Екi
партиялық жүйенiң классикалық көрсеткiшi АҚШ-тың партиялық
жүйесi.
Бiрпартиялық жүйе. Бiрпартиялық жүйе белгiлi бiр саяси жүйеге
ғана тән, олар социалистiк, фашистiк және дамушы елдер.
Саяси партия
Саяси партия - саяси билiктi иеленетін
билiк үшін күресетін, билікті бақылайтын саяси институт
Билiк үшiн күрес, оны пайдалану
және бақылау ҚР
«Саяси партиялар туралы»
Заңы
І-ші 1996 ж. 2-шілдеде,
Әлеуметтiк топтардың Әлеуметтiк топтың
ІІ-ші 2002 ж. 15-шілдеде
мүдделерiн негiздеу, белсендiлiгiн
қабылданған
анықтау, жинақтау арттыру, топтастыру
Партиялық идеологияны,
Қоғамда саяси тәрбие
қоғамдық пiкiрдi қалыптастыру,
жүргiзу және кадрлар
үгiт-насихат жұмыстарын
даярлау мен ұсыну 2021 жылы
жүргiзу
ҚР Конституциясы мен
«Саяси партиялар» туралы
Сіздердің шаруаларыңыз – елді басқару емес, елді Заңына өзгерістер
басқаратындардың есеп беруін талап ету. Уильям Гладстон жасалды.
Қазақстан Республикасында ресми түрде тіркелген саяси партиялар:
1.«Amanat» партиясы.
2. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы.
3. Қазақстан Халық партиясы.
4. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы.
5. Адал саяси партиясы.
6. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия.
7. Қазақстандық «Байтақ» Жасылдар партиясы.
1. Саяси партиялар туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен
толықтыруларға байланысты партиялар құру рәсімі айтарлықтай
жеңілдетілгенін.
2. Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттіктерін жүзеге асыру
кезеңінде саяси партияда болмауға тиіс.
3. Бiлiм беру ұйымдарының оқу процесiнде саяси партиялардың бағдарламалық,
жарғылық талаптарын насихаттауға жол берiлмейдi.
Қоғамдық қозғалыс белгілі бір мақсатты көздейтін, бірақ
айқын ұйымдық құрылымы мен белгіленген мүшелері жоқ,
азаматтардың бірлескен қызметі. Қоғамдық қозғалыстардың
пайда болу себептері:
Жеке адамның өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына
тікелей жеткізе алмауы, сондықтан топтасуға мәжбүр болады.
Экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар, наразылықтар
себеп болады.
Ұлттық мәселелердің шешілмеуі.
ҚҚ типологиясы: соғысқа қарсы, экологиялық, жастар, әйелдер
қозғалыстары, нәсілдік және ұлттық құқықты қорғау қозғалыстар,
тұтынушыларды қорғау, діни қозғалыстар және кәсіби қозғалыстар.
Олар революциялық, реформистік, консервативті, реакцияшыл
болуы мүмкін
Қоғамдық ұйым дегеніміз біршама тұрақты және
төменнен жоғарыға қарай ұйымдасқан ішкі құрылымы
бар, билікке ықпал етуші жеке дара және ұжымдық
мүшелігі қалыптасқан, мүдделерінің ортақтығы негізінде
құрылған азаматтардың ерікті, мемлекеттік емес, партия
емес бірлестігі,
ҚҰ жарғысы, басқару аппараты, тұрақты мүшесі
(жарна төлеу) болады.
Қазақстандағы қазіргі кезеңдегі саяси қозғалыстар:
1. Экологиялық бағыттағы ұйымдар: «Невада-Семей» қозғалысы,
«Арал-Азия-Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитеті,
«Табиғат» комитеті;
2. Ұлт мәселесін шешуге тырысқан топтар: Қазақстанның
«Азат»азаматтық қозғалысы, славяндардың республикалық
қоғамдық «Лад» қозғалысы, «Русская община», «Единство»
қоғамдық бірлестігі, казактар қозғалысы, неміс, ұйғыр, грек, кәріс
және т.б. мәдениет орталықтары;
3. Тарихи-ағартушылық қоғамдар: «Мемориал», «Әділет , «Ақиқат»
және т.б.;
4. Әлеуметтік талаптар қойған ұйымдар: «Атамекен», «Алтын
бесік» , «Жерұйық» , «Шаңырақ» және т.с.с.;
Лоббизм дегеніміз билік ұйымына қысым жасау
формасы. Бұл – билік институттарының жұмыс істеуінің
ресми процедураларынан тыс іске асырылатын қызмет.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz