Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының негіздері


Slide 1

Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының

негіздері

Орындаған:Шәкір Балжан

Қабылдаған:Пошанов Нұрсұлтан

Slide 2

Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының ұғымы.

Экология (грекше оікоs - үй, мекен, logos - ғылым) жанды организмдердің тіршілік ортасы мен арақатынасын зерттейтін биологиялық ғылым.

Қазіргі заманда экология табиғат пен қоғам ара-қатынастарын зерттейтін ғылымға айналған. Онда адам мен табиғаттың өзара бір-бірімен байланысты екені көрініс табады.

Адамзаттың тіршілік ортасының айырықша күйзеліске ұшырайтынына байланысты табиғи ортаны қорғау ісіне кеңінен мəн беріліп отыр.

«ҚР экология құқығы» - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пəні жəне ғылым саласы.

Slide 3

Қазақстан Республикасының қолданыстағы Экология кодексі адам мен табиғаттың өзара іс-қимылы саласында жеке жəне заңды тұлғалардың қоршаған ортаға əсер ететін немесе əсер етуге қабілетті қызметті жүзеге асыруына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. Ол 2021 жылы 2 қаңтарда қабылданған.

ҚР-ның экологиялық заңнамасы адамның өмірі мен денсаулығы үшін айналадағы табиғи ортаның қолайлы болуына тиісті құқығын қамтамасыз етуге, қазіргі жəне болашақ ұрпақ мүдделерін көздеп, айналадағы табиғи ортаны қорғаудың құқықтық, экологиялық жəне əлеуметтік негіздерін белгілеуге жəне адам қызметінің осы табиғи ортаға зиянды ықпал жасауына жол бермеуге, табиғи тепе-теңдікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалану ісін ұйымдастыруға бағытталған.

Экология құқығының обьектілері айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажетіне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамның экологияық денсаулығы мен өмірі.

Slide 4

ҚР-да табиғи ресурстарға мемлекет аумағындағы жер, жер қойнауы, су, орман, атмосфералық ауа, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, табиғаттың көрікті жерлері мен түрлі ескерткіштер жəне басқа да осы сияқты байлықтар жатады.

Экологиялық құқық бұл осы кезең мен болатын адамдардың мүдделері үшін қоғам мен табиғат аясындағы қарым-қатынасқа байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық саласының бірі болып табылады.

«Экология»- бұл біздің жалпы жəне жалғыз үйіміз. Алғаш рет бұл ғылыми терминді 1866 ж. неміс ғалымы Геккель ұсынып жəне ұзақ уақыт бойы тек биология гылымында ғана қолданды. Ол ХХ-ғасырдың екінші жартысында əйгілі бола бастады. Өйткені тура осы кезден бастап адам мен қоршаған орта жəне қоғам мен табиғат арасындағы қатынастар шиеленісе түсті. Экология тірі организмдер мен олардың өмір сүру негізгі қоршаған табиғи орта арасындағы қарым -қатынасты анықтайтын білім ретінде қолданылады.

Slide 5

Адам табиғаттың эволюциялық дамуының нəтижесі, табиғат қатынасына байланысты ол оның əсерін байқайтын, өмірдің нормаларынан тəуелді болатын, оны қоршаған ортаның обьектісі ретінде танитын, табиғи ресурстарды пайдаланатын, өзінің шаруашылық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін табиғаттың бейімдеуші субьектісі ретінде танылады.

Экология құқығы - құқықтық саласы ретінде қазіргі жəне болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны қорғау жəне табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланумен байланысты қоғам мен табиғаттың арасындағы қатынастарды реттеуге бағытталған нормалардың жиынтығы.

Slide 6

Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 5-бабына сəйкес, экологиялық қатынастарды құқықтық реттеу мынадай қағидаттарға негізделеді:

1) болғызбау қағидаты;

2) түзету қағидаты;

3) сақтық қағидаты;

4) пропорционалдық қағидаты;

5) «ластаушы төлейді» қағидаты;

6) орнықты даму қағидаты;

7) интеграция қағидаты;

8) экологиялық ақпараттың қолжетімділігі қағидаты;

9) қоғамдық қатысу қағидаты;

10) экожүйелік ұстаным қағидаты.

Slide 7

Қоршаған орта жəне оны қорғау туралы жалпы ережелер.

Табиғи орта мен антропогендік ортаны қамтитын, адамды қоршап тұрған жағдайлардың, материалдық дүние заттары мен объектілерінің жиынтығы қоршаған орта деп танылады.

Атмосфералық ауа, жерүсті жəне жерасты сулары, жер беті жəне топырақ қабаты, жер қойнауы, өсімдіктер əлемі, жануарлар дүниесі жəне өзге де организмдер, озон қабатын қоса алғанда, Жер атмосферасының барлық қабаты, сондай-ақ олардың өзара іс- қимылында Жерде өмір сүру үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін климат табиғи ортаның құрамдастары болып табылады.

Антропогендік объектілер, сондай-ақ адам қолдан қайта өсіретін жəне табиғи еркіндік жағдайында мекендемейтін тірі организмдер табиғи ортаның құрамдастарына жатпайды.

Адамның күнделікті мекендеу ортасын білдіретін, қолдан жасалған жағдайлар мен антропогендік объектілердің жиынтығы антропогендік орта деп танылады.

Адам өзінің əлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жасаған немесе өзгерткен жəне табиғи объектілердің қасиеттеріне ие болмайтын материалдық дүние объектілері антропогендік объектілер деп танылады.

Slide 8

Қоршаған ортаны қорғау - мемлекет, жеке жəне заңды тұлғалар жүзеге асыратын, табиғи ортаны сақтауға жəне қалпына келтіруге, қоршаған ортаның ластануын жəне оған кез келген нысандарда залал келтірілуін болғызбауға, қоршаған ортаға жағымсыз антропогендік əсерді барынша азайтуға жəне оның салдарларын жоюға, Қазақстан Республикасының орнықты дамуының өзге де экологиялық негіздерін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесін білдіреді.

Қоршаған ортаның сапасы деп қоршаған ортаның қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы түсініледі, олар оның құрамдастарының өзара іс- қимылындағы жай-күйін көрсететін физикалық, химиялық, биологиялық жəне өзге де көрсеткіштер негізінде айқындалады.

Қоршаған орта, егер оның сапасы табиғи ортаның экологиялық қауіпсіздігі мен табиғи теңгерімін, оның ішінде экологиялық жүйелердің, табиғи жəне табиғи- антропогендік объектілер мен табиғи кешендердің орнықты жұмыс істеуін, сондай-ақ

биоəртүрліліктің сақталуын қамтамасыз ететін болса, адамның өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы деп есептеледі.

Slide 9

Қоршаған ортаның ластануы - деп атмосфералық ауада, жерүсті жəне жерасты суларында, топырақта немесе жер бетінде ластағыш заттардың, жылудың, шудың, дірілдің, электрмагнит өрістерінің, радиацияның мемлекет белгілеген қоршаған орта сапасының экологиялық нормативтерінен асатын мөлшерде (концентрацияларда, деңгейлерде) болуы түсініледі.

Ластағыш заттар деп қоршаған ортаға түскен кезде өздерінің сапалық немесе сандық сипаттамаларына орай табиғи ортаның табиғи тепе-теңдігін бұзатын, табиғи орта құрамдастарының сапасын нашарлататын, экологиялық залал не адамның өміріне жəне (немесе) денсаулығына зиян келтіруге қабілетті қатты, сұйық, газ тəрізді немесе бу тəрізді күйдегі кез келген заттар түсініледі.

Экологиялық мəдениет деп адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастардың сипатын, адамның табиғи ортаны сақтау мен дамыту жөніндегі қызметке қосылу шамасы мен тəсілін білдіретін жəне айқындайтын білімнің, дағдылар мен құндылыққа бағдарлану жүйесі түсініледі.

Slide 10

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы субъектілердің құқықтары мен

міндеттері.

Жеке жəне заңды тұлғалар, мемлекет, мемлекеттік органдар жəне лауазымды адамдар ҚР Экология кодексінде реттелетін қатынастардың субъектілері болып табылады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы субъектілердің негізгі құқықтары мен міндеттері. ҚР Экология кодексінің 13-бабына сəйкес, əркімнің қолайлы қоршаған ортаға құқығы бар.

Əрбір адамның, қазіргі жəне болашақ ұрпақтың қолайлы қоршаған ортада өмір сүру құқығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет жұртшылықтың мынадай:

1) Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес уақтылы, толық жəне анық экологиялық ақпаратқа қол жеткізуге;

2) мемлекеттік органдардың жəне лауазымды адамдардың қоршаған ортаға қатысты мəселелер бойынша шешімдер қабылдау процесіне Экология кодексінде белгіленген тəртіппен қатысуға;

3) «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес қоршаған ортаны қорғау мəселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылауға қатысуға жəне өз ескертпелерін əзірлеушілердің қарауына енгізуге;

Slide 11

4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті органға жəне өз құзыретіне сəйкес өзге де мемлекеттік органдарға, лауазымды адамдарға экологиялық залал келтірудің, Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзудың кез келген болжамды фактілері немесе осындай салдарлардың туындау қатерін туғызатын өзге де мəн-жайлар туралы өтінішпен жүгінуге, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өтініштерін қарау нəтижелері жəне Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тəртіппен қабылданған шешімдер туралы жауаптарын алуға;

5) мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды адамдардың жəне мемлекеттік қызметшілердің қоршаған ортаны қорғау мəселелері бойынша, оның ішінде келтірілген экологиялық залалды жоюға жəне Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзушылықтың жолын кесуге байланысты əрекеттері (əрекетсіздігі) мен шешімдерінің заңдылығына дау айту туралы өтінішпен сотқа жүгінуге;


Ұқсас жұмыстар
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ
Қазақстан Республикасының Жер құқығының негіздері
Жер қатынастары негізінде туындайтын құқық бұзушылықты реттеу
Жер пайдалану құқығы және жерге өзге де құқықтар
Жер құқығығының негіздері
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер субъектілері
ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ
Жерге мемлекеттік меншік
ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ НЕГІЗДЕРІ
Экологиялық және жер құқығының негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz