Микроскоптың құрылысымен танысу




Презентация қосу
Қазақстан М.Өтемісов атындағы
Республикасының Білім Батыс Қазақсатан
және ғылым министрлігі университеті

ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: «Микроскоп және жұмыс істеу ережелері»

Орындаған: Ермак А.К
Тобы: ПИМНО-15
Қабылдаған: Казетова А.Х
Жоспар:

Оптикалық құралдар және олармен жұмыс
істеу ережелері;
Микроскоп және жұмыс істеу ережелері;
Пияз, томат, картоптан жасалған
микропрепараттарды дайындау.
Оптикалық құралдар дегеніміз бұл жарықты түрлендіретін аспаптар,
құралдар. Бұлардың саны сан алуан. Ұлғайтқыштар, микроскоптар,
телескоптар, ұялы телефонның камералары және басқалары.
Осылармен танысайық!

Ұлғайтқыш Телескоп
Ұлғайтқыш бұл Телескоп бұл бірнеше
линзасы бар құрал. Әрбір
дөңес линзасы бар
линза кескінді үлкейтеді.
құрал: Осының арқасында, көзге
Осы ұлғайтқыштың көрінбейтін алыстағы
арқасында жұлдыздарды,
кішкентай планеталарды көруге
заттардың кескінің болады. Мысалы Айдын
үлкейтуге болады. бет бедерің толықтай
көруге болады.
Призма
Микроскоп Призма ақ жарықты спектрге жіктеуге болатын құралдар
Микроскоп телескоп сияқты бірнеше қатарына жатады. Призма дегеніміз бұл арнайы шыныдан
линзадан құралған оптикалық құрал. жасалған құрал:
Бұның мақсаты да кішкентай
заттардың кескінің көру.
Мысалы микробтарды, немесе ұсақ
заттарды

Осы суретте көрсетілген шыңының сол жағынан түскен ақ
жарық, шыңының оң жағында әртүрлі түске бөлінеді.
Микроскоп (грек. mіkros – ұсақ және грек. skopeo – көремін) – жай көзге
көрінбейтін нысандардың (немесе олардың құрылымдық бөліктерінің)
бірнеше есе үлкейтілген кескінін алатын оптикалық прибор.

Микроскоп бактериялар, органикалық жасушалар, майда кристалдар,
қорытпалардың құрылымы, т.б. өлшемдері көздің көру мүмкіндігінен аз
(ажыратқыш шамасы 0,1 мм-ге тең) нысандарды зерттеуге арналған.
Микронысандардың пішінін, өлшемін, құрылымын, т.б. сипаттамаларын
анықтауға, элементтерінің ара қашықтығы 0,2 мкм-ге дейінгі құрылымдарды
ажыратып көруге мүмкіндік береді. Линзаның немесе екі линзадан тұратын
жүйенің заттардың үлкейтілген кескінін беретін қасиеттері 16 ғасырдың
өзінде белгілі болған. Микроскопты алғаш рет ғылыми - зерттеу
жұмыстарына қолдану ісі жануарлар тіні мен өсімдік ұлпаларының
клеткалық құрылысын анықтаған (1665) ағылшын ғалымы Р.Гук және
Микроскоптың жәрдемімен микроорганизмдерді ашқан (1673 – 77) голланд
ғалымы А.Левенгук есімдерімен байланысты. 1872 – 73 жылы неміс ғалымы
Э.Аббе жасаған Микроскопта өздігінен сәуле шығармайтын нысандар
кескінінің түзілу теориясы әр түрлі микроскопты зерттеу әдістерінің
дамуына зор ықпал етті.
Микроскоптың түрлері (типтері)

Қолдану облыстарына не болмаса бақылау әдістеріне байланысты анықталады.
Биологиялық Микроскоп микробиологияда, гистологияда, цитологияда,
ботаникада, медицинада зерттеулер жүргізуге, ал физикада, химияда, т.б. мөлдір
денелерге бақылау жүргізуге арналған. Биологиялық зерттеулерде осымен қатар
люминесценттік және инвертирленген Микроскоптар қолданылады.
Металлографикалық Микроскоп – металдар мен қорытпалардың
микроқұрылымын зерттеуге; Поляризациялық Микроскоп – қосымша
поляризациялық қондырғылармен жабдықталған және негізінен минералдар мен
кендердің шлифтерін зерттеуге; Стереомикроскоптар – бақыланатын заттардың
көлемді кескіндерін алу үшін; Өлшеуіш Микроскоптар – машина жасау
саласында дәл өлшеулер жүргізуге арналған. Аталғандардан басқа арнайы
Микроскоп да бар: фотоэмульсиядағы ядролық бөлшектердің іздерін
анықтайтын Микроскоп; 20000С-қа дейінгі қыздырылған нысандарды
зерттейтін Микроскоп; операцияларда қолданылатын хирург. Микроскоп,
интерференциялық Микроскоп.
Микроскоптың құрылысымен танысу. Микроскоптың құрылысы:

оптикалық, механикалық, жарық қабылдайтын бөліктерден тұрады.
Оптикалық бөліміне окуляр және объектив жатады. Бұлар микроскоптың ең басты бөлімі болып табылады және
күрделі линзалар жүйелерінен құралған. Окуляр дегеніміз зерттеушінің көзіне бағытталған үлкейтіп көрсететін
бірнеше линза. Окуляр 5,7,10,15 есе үлкейтіп көрсетеді. Объектив дегеніміз объектіге немесе зерттейтін затқа
бағытталған линзалар жүйесі. Объектив 8,20,40,90 есе үлкейтіп көрсетеді. Микроскоптың жалпы неше есе
үлкейтіп көрсеткен көрсеткіштерін өзара көбейту қажет.
Микроскоптың механикалық бөлімі оптикалық және жарық бөлімдерін байланыстырып тұрады. Механикалық
бөлімдеріне штатив, тубус, макровинт, препарат қоятын орындық, револьвер, конденсор винті жатады.
Микроскоптың жарық қабылдайтын бөлімдеріне айна мен конденсор жатады. Айна микроскоп штативінің төменгі
тұсындла орналасқан. Ол жарық сәулелерін зерттейтін объектіге бағыттайды. Айна бір жағы ойыс, екінші жағы
тегіс болады. Конденсор айнадан түсетін жарықты шоғырландырып, зерттейтін затқа түсіреді.

1 – дөрекі фокустайтын бұранда; 2 - ұстайтын мойны; 3 -
окуляр; 4 - бинокулярлы тубус; 5 - револьвер; 6 – объектив;
7 - заттық үстел; 8 – препаратты жылжытқыш; конденсор;
10 – айна; 11 – штатив негізі; 12 – нақты фокустайтын
бұранда.
Микроскоппен жұмыс істеу ережелері:

Микроскопты ыңғайлап, сол жаққа қойыңыз. Айнаның ойыс жағын
жарық түсетін жаққа бағыттаңдар. Револьверді айналдырып, 8 есе
үлкейтіп көрсететін объективке /кіші/ қойыңыздар. Кіші объектив пен
препарат орналасатын орындықтың аралығы 1-1,5 см болуы керек.
Айнаны ептеп қозғап біркелкі түсетін жарықты табыңыздар.
Препараттың кішкентай шынысын жоғары бағыттап орналастырып,
микроскоппен қараңыздар.

Макровинтпен тубусты жоғары немесе төмен түсіріп,
препараттың біркелкі боялғанын көресіздер, жақсы және
ашық көрінетін тұсына қойыңыздар. Фокусын өзгертпей
кіші объективтен, үлкен объективке көшіріңіздер.
Микровинтті ақырын бұрап, препараттың өте анық көрінетін
тұсын табыңыздар. Препаратты ақырын қолмен жылжытуға
болады. Препаратты зерттеп болған соң үлкен объективтен
кіші объективке көшіріңіздер. Микроскоппен жұмыс істеп
болғаннан соң оны салфеткамен жауып қойыңыздар.
Тәжірибе жасау.
Пияз қабықшасының өңі және бөлме өсімдігінің жапырақ
эпидермисінің микропрепараттарын дайынданыз.
Қажетті-құрал жабдықтар:
1. Картоп 2. Өсімдік жапырағы 3. Cy . 4. Пияз цилиндр.
5. Қысқыш (пинцет) 6. Дәке. 7. Жабын шыны.
8.Ине. 9. Сапты ине. 10. Өлшеуіш. 11. Тамызғы.
12. Микроскоп.т 13. Йод.

• Зат шынысына йод ерітіндісін тамызу;
• Зат шынысына су тамызу;
• Пияз қабығын тазарту;
• Пияз өңінің бүктелген жерін сапты инемен түзеу;
• Пияздың шырынды қабатының дөңес жағынан жұқа өңін
сылып алу;
• Препаратты жабын шынымен жабу;
• Препаратты зат үстелшесіне орналастыру;
• Микропрепаратты микроскоппен қарап, суретін салыңыз
Назарларыңызға
рақмет!

Ұқсас жұмыстар
МИКРОСКОП ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫСЫ
Цитология - жасуша туралы ғылым
Тамырдың соңғы құрылысы
Электр ажыратқыш
Астық, бақша дақылдарының қойма зиянкестері
Құстар класы
Біз уақытпен оқимыз
Цитрус дақылдарының негізгі зиянкестері мен ауруларының түрлері
Тағам өнеркәсібінде қолданылатын микроорганизмдер туралы
БЕТ СҮЙЕКТЕРІ ЖАҚСҮЙЕ
Пәндер