Сталинград түбіндегі шайқас


Slide 1

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан универститеті

6-Тақырып: Ұлы Отан Соғыс жылдарындағы түбегейлі өзгеріс.

Орындаған:Мирасұлы Олжас

Дюсюпов Ердос

Slide 2

ЖОСПАРЫ

1. Сталинград түбіндегі шайқас. Қызыл әскерлерінің қарсы шабуылы.

2. Сталинград түбіндегі шайқастағы қаһарман батырлар, олардың ерліктері

Шайқаста болған азаматтардың құрмет медальдармен мадақталуы

Slide 3

1. Сталинград түбіндегі шайқас. Қызыл әскерлерінің қарсы шабуылы.

Сталинград шайқасы - екінші дүниежүзілік соғыстағы басты шайқастардың бірі. Ол қорғаныс (1942 жыл 17 шілде - 18 қараша) және шабуыл (1942 жыл 19 қараша - 1943 жыл 2 ақпан) кезеңдерінен тұрады.

1942 жылдың жазында Фашистік Германия мен оның одақтастары Еуропада екінші майданның ашылуын пайдаланып, кеңес - герман майданының оңтүстік қанатына басты соққы беруді ұйғарды. Олар Қызыл Армияны Орелдің оңтүстігінде талқандап, Донбасс, Дон және Кубань экон. маңызды аудандарын алуды, Кавказ арқылы өтетін жолдарды, Сталинградты басып алуды басты мақсат етіп қойды. Жау 1942 жылдың жазында шабуылға шығып, үлкен табыстарға жетті.

Slide 4

Тамыздың 23 - інде майдан шебі Сталинградқа келіп тірелді. Сталинград бағытында Германия мен оның одақтастарының қару - жарақтардың барлық түрімен жақсы жарақталған, 6 далалық армиядан құралған 14 дивизиясы тұрды. Қаланы Қызыл Армияның 62 (қолбасшысы - генерал - лейтенант В. И. Чуйков) және 64 (қолбасшысы - генерал - мойор М. С. Шумилов) армияларының бөлімдері қорғады. 1945 жылы 25 тамызда неміс әскерлері батыс жақтан Сталинград түбііне жетті.

Сталинград майданы құрылып, қалаға тың күштер жіберілді. Қалаға жақын жерлерде қорғаныс шептері салынды. Бұл майданның ерекше маңызын ескеріп, Мемлекеттік Қорғаныс комитеті 12 тамызда Бас штаб бастығы генерал - полковник А. М. Василевскийді, 29 тамызда армия генералы Г. К. Жуковты көмекке жіберді. Гитлершілдер қалаға солтүстік жағынан ғана емес, оңтүстік тұстан да басып кірді.

Slide 5

Неміс - фашист әскерлері қаланы шабуылмен алмақ болып, қатарынан төрт рет әрекет жасады. Кеңес әскерлері қыркүйектің басында екі рет қарсы шабуылға шықты, бұл қаланы қорғаушылардың жағдайын едәуір жеңілдетті. Жау әскері біршама шығынға ұшырағанына қарамастан, 13 - 15 қыркүйекте Волга (Еділ) шебінде шабуылды қайта үдетті. Қыркүйектің 15 - іне қараған түнде қорғаушылар жағдайының нашарлағаны «2» соншалық, әрбір үй қамалға айналып, оның әр қабаты үшін табанды күрес жүрді.

28 қыркүйекте Сталинград майданы - Дон (қолбасшысы генерал - лейтенатнт К. К. Рокоссовский) және Оңтүстік - Шығыс майданы (қолбасшысы генерал - полковник А. М. Еменко) болып бөлінді. Сталинградтықтар ерлікпен күресті. Кеңес әскерлерінің стратегиялық қорғаныс операциялары барысында 1942 жылы шілде мен қараша аралығында жау 700 мыңдай адамынан, 1 мыңнан аса танкісінен, 2 мыңнан аса зеңбірегі мен минометінен, 1400 әскери және тасымал ұшақтарынан айрылды. Нәтижесінде жаудың бұл бағыттағы шабуылы тоқтатылды.

лейтенатнт К. К. Рокоссовский

полковник А. М. Еменко

Slide 6

1942 жылы 22 желтоқсанда «Сталинградты қорғағаны үшін» медалі тағайындалып, онымен 750 мың солдат пен офицер марапатталды. 112 адамға Қеңес Одағының Батыры атағы берілді. Оның төртеуі Қазақстандық - ұшқыш Н. Әбдіров, полк командирі Т. С. Позолотин, взвод командирі Г. Г. Рамаев және минометші Қ. Сыпатаев. 1945 жылы 1 мамырда Сталинград (қазіргі Волгоград) қаһарман қала атағына ие болды. Сталинград шайқасы батырларының ерлігін мәңгі есте сақтау үшін 1963 - 1967 жылдары Мамай қорғанында мемориалды кешен салынып, 1982 жылы «Сталинград шайақасы» музей - панорамасы ашылды.

минометші Қ. Сыпатаев

ұшқыш Н. Әбдіров,

Slide 7 Slide 8

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!


Ұқсас жұмыстар
Ленинград үшін шайқас
Отан соғысы
Қазақстан Ұлы Отан соғыс жылдарында
Қазақстандық кеңес одағының батырлары туралы
Қазақстандық Кеңес Одағының батырлары
Отан соғыс 1941 жылы 22 маусым
Қазақстандықтар Мәскеу үшін шайқаста
Мәскеу шайқасында
Ұлы Отан соғысы және Қазақстандықтардың майданға қосқан үлесі
Кеңес армияы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz