Фейербах философиясының негізгі мазмұны материализмді қуаттау


Slide 1

Л. Фейербах «Христиандықтың мәні». Діннің тағдыры мен пайда болу туралы ілімі.

Орындаған: Кеңесбек Ақжан

Тобы: ВМ-203

Тексерген: Сембаев Руслан

Slide 2

Л. Фейербах кім?

Фейербах Людвиг (28. 7. 1804, Ландсхут, Бавария - 13. 9. 1872, Рехенберг) - классикалық неміс философиясының ірі өкілі. Неміс материалист философы және атеисі. Алғашқыда Г. В. Гегель идеализмінің ықпалында болып, кейіннен жалпы дінге және христиан дінінің қағидаларына қарсылықпен, материалистік көзқарастарымен белгілі болды. Фейербах Гегель диалектикасының идеалистік сипатын аша отырып, оны сынап, идеализмнен бас тартады. Фейербах философиясының негізгі мазмұны материализмді қуаттау. Адам мәселесінде Фейербах адамды жай ғана биол. тіршілік иесі деп қарады. Таным теориясында эмпризм мен сенсуализмді жақтады, агностизмге қарсы шықты. Фейербах материализмі марксизм философиясының материалистік көзқарастарына негіз болды.

Slide 3

Л. Фейербах “Христиандықтың мәні”

Кішкентайегельян мектебінің көрнекті өкілі Людвиг Фейербах болды. Фейербахтың философиялық тұжырымдамасының негізі “Құдай бар”адам болды. Фейербахтың діні-адам қиялының өнімі. Фейербах “христиандықтың мәні” жұмысында діни сананың ерекшелігіне концептуалды талдау жасады, оның мәні - табиғаттан тыс және фантастикалық бейнелерге сенуде. Дәл осы сезімдер, әсіресе адамның табиғаттың дүлей күштеріне тәуелділік сезімдері діни табынуда шешуші рөл атқарады. Сонымен қатар Фейербах дінді жойып қана қоймай, оны қайта реформалауға тырысты. Сондықтан ол адамға деген махаббат дінін қолдайды. Гносеология мәселелерінде Фейербах танымдағы тәжірибе мен сезімнің рөліне баса назар аударды. Ол неміс классикалық философиясының бұрынғы дәстүрінен және әсіресе гегельмен тану теориясының мәселелерін түсіндіруден айтарлықтай ерекшеленді. Фейербах бұрынғы философия әлемді игерудегі ақыл-ойдың рөлін жоғарылатады деп есептеді.

Slide 4

Дінге жалпы сипаттама

Дін (ағылш. Religion) дегеніміз сенушілерінің әрекеті мен ойлауын, моралы мен сенімін белгілеуді және шектеуді көздейтін, табиғаттан тысқары, яғни тылсым, трансцендентті құдіретке, рухани нышан-түсініктерге нанатын және сиынатын, бақи, періште, шайтан секілді тылсым құбылыстарды шын деп есептейтін мистикалық түсінік жүйесі, әлеуметтік-мәдени құбылыс болып, оның көбінесе тауап ететін қасиетті заты, не орыны, киелі кітабы, пайғамбары, діни наным жүйесі, сиыну ережелері мен культтары, саяси-мәдени ұйымдары болуы мүмкін. Дегенмен, діннің тұтастай дәл неден құралатыны туралы ғылыми келісім жоқ, әр діннің өз ерекшелігі бар, бәрін бір түсінікпен түсіну мүмкін емес.

Slide 5

Әлемде 10 000 түрден астам дін бары белгілі. Жер шары тұрғындарының 84 пайызы ең үлкен делінген 5 дінге сенеді. олар: Христиан, Ислам, Индуизм, Буддизм, және мәлім түрдегі Халықтық діндер

Slide 6

Діннің әсеріне ұшырамаған және ешқандай дінге тән емес адамдардың сенімі бәлкім атеизм - яғни Құдайға сенбейді, сондықтан дінге сенбейді; немесе бәлкім агностицизм - Құдайды бар деп есептейді, бірақ ол тегі қандай, қалай екені туралы пікірлерге күдікпен қарайтын, сондықтан дін атаулыға да сеніп кетпейтін, сыни ойлайтын адам, және бәлкім скептик - Құдайға және дінге сенуге де, сенбеуге де келіспейтін, бәлкім рас, бәлкім өтірік, мұны адамзат анықтай алмайды деп есептейтін адам. Дінге сенбейтін немесе қатыссыз адамдардың саны қазіргі әлемде жаппай өсу үстіндеде. Әсіресе дамыған елдерде агностикатер мен атеистердің саны артып барады. Ал даму үстіндегі және дамымаған елдерде дінге сенушілер негізінен тұрақты сандық шамада сақталуда.

Slide 7

Дінді практикалық және теориялық тұрғыдан зерттейтін пән салалары: теология, ғылыми дінтану, салыстырмалы дінтану, әлеуметтану, философия қатарлылар. Теология мәлім бір дінге сенген күйде оны түсіндіру және ақтау үшін дінді зерттесе, дінтану діндердің сыртында тұрып, әртүрлі діндердің ерекшеліктері мен жағдайын, қоғамға ықпалын зерттейді, ал әлеуметтану дінді әлеуметтік құбылыс ретінде зерттесе, философия діннің жаплы ерекшелігін, немесе дінге қатысты жалпы фундаменталды проблемаларды зерттейді. Бұдан басқа әртүрлі діни теориялар бар, олар діннің шығу тегі мен діннің жұмыс істеу формасына, сондай-ақ діни құбылыс пен сенімнің онтологиялық негіздеріне әртүрлі түсіндіру жасайды.

Slide 8

Діннің пайда болуы

Діннің пайда болуы қазіргі ғылыми зерттеулер бойынша 40-50 мың жыл бұрынғы тас дәуіріне жатқызылып жүр. Бұл кезеңнің мәдени ескерткіштеріне жан-жануарларға табыну, аңшылықта қолданылатын сиқыршылық белгілері сақталған. Сондай-ақ, сол кезеңде қайтыс болған адаммен бірге еңбек құралдары мен әшекей бұйымдарын бірге жерлеу дәстүрі болған

Slide 9

Алғашқы қоғамдық құрылыстың даму сатысында жер өңдеу мен мал шаруа-шылығы өзара бөлінді. Осы кезеңде жерден мол өнім алуды тілеу және жаңбырдың көп болуы туралы Жаратушыдан сұрау дәстүрлері пайда болды. Сол үшін адамдарды құрбандыққа шалу да жүзеге асты. Ежелгі Египетте Осирис Құдайға табыну, Вавилонда Димузи, Гректерде Диониске табыну пайда болды.

Қайтыс болған тайпа көсемдерінің әруағына табыну осы кезде пайда болды. Өлген соң олардың жаны әруаққа айналады деп түсіндірілді. Ал Египетте мемлекет басқарушы фараондар тірі кезінде-ақ табыну обекъектісіне немесе құдайға айналды. Осы кезеңде табынуды жүзеге асырушы ерекше қызметкерлер-абыздар пайда болды. Абыздар ежелгі діни рәсімдерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін ерекше білімді, құпияларды білуші, әруақтармен байланысты қамтамасыз етуші адамдар ретінде танылды

Slide 10

Заратуштрашылдық, зороастризм


Ұқсас жұмыстар
Классикалық неміс
ФИЛОСОФИЯ ИРРАЦИОНАЛИЗМ
ТАБИҒАТ ФИЛОСОФИЯСЫ
Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы көрнекті ғалым
Неміс классикалық философиясы
K. Маркстің экономикалық ілімі
Ортағасырлық христиан философиясының негізгі даму кезеңдері
ФИЛОСОФИЯНЫҢ БАҒЫТТАРЫ - МАТЕРИАЛИЗМ ЖӘНЕ ИДЕАЛИЗМ ФИЛОСОФИЯНЫҢ БАҒЫТТАРЫ
Немістің классикалық философиясы
Аралығындағы орыс философиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz