Ежелгі шығыс философиясындағы адам мәселесі




Презентация қосу
ТАҚЫРЫБЫ: «АДАМ
ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ
ҚҰНДЫЛЫҚТАР ӘЛЕМІ»
Орындаған: Нұртөлеуов Сұлтанбейбарыс
Тексерген: Болысова Куралай Максутхановна
■ ЖОСПАР:
■ 1. Адамды қарастырудың философиялық тәсілінің
ерекшелігі.
■ 2. Ежелгі шығыс философиясындағы адам
мәселесі.
■ 3. Антикалық философия тарихындағы адам
бейнелері (Пифагор, Платон, Эмпедокл, Протагор,
Сократ, Аристотель).
■ 4. Христиандық антропология: адам Құдайдың
бейнесі ретінде (Әулие Аугустин, Акуинолық Томас).
1. Адамды қарастырудың философиялық
тәсілінің ерекшелігі.
Адам мәселесін зерттеу тәсілі ерте Шығыс пен
Антикалық филосфияда айтарлықтай
айырмашылықта болды. Ортағасырлық
философияда теоцентрлік көзқарас басым болды:
адамның шығу тегі, мәні, оның тағдыры Құдайға
деген қатынасы арқылы анықталады. Қайта өрлеу
дәуірінде ежелгі дәстүрлер одан әрі дами түсті.
Адам Ғаламмен тығыз байланысты ғана емес,
біртіндеп оның орталығы, Құдайға ұқсас,
шығармашылық жасаушы қағида деп жарияланды.
Ал жаңа дәуірдің мәдениеті мен философиясында
адам өзі туралы ойлауға қабілетті, дербес, танып-
біле алатын және шығармашылық тіршілік иесі
ретінде түсіндірілді.
2. Ежелгі шығыс философиясындағы адам мәселесі

Ерте Шығыс философиясы -
Будда мен Конфуцийдің
еңбектерінде, Ведалардың
бөлімдерінде қарастырылатын
адам туралы
дүниегекөзқарастың
мифологиялық, діни-
символикалық синтездерімен
ерекшеленеді. Ежелгі Шығыс
философиясындағы адамның
шығу тегі мен мәні туралы
идеялар көбіне мифологиялық
тұрғысынан зерттеледі. Бұл
әлем және адам арақатынасы
жөніндегі ойдың тұжырымы.
Сондықтан, бұл дәуірге
адамның шығу тегін табиғи
құбылыстардың жандануымен,
рухтануымен
байланыстыратын анимизм,
антропоморфизм тұрғысында
зерттеу тән.
Сократтың ұстанымына сүйенсек, дүниенің құрылымдары мен оның физикалық сырын
танып білуді жоққа шығара отырып, өзімізді ғана танып-білуіміз қажет деп жариялады.
Танымдағы бұл құбылысты Сократ «Өзіңді өзің танып - біл» қағидасы арқылы сипаттады.
Адам өзінің ішкі жан дүниесіне үңіліп, тануға талпынып, нәтижесінде білімсіздігін
аңғарады. Әрине аталған жағдай Сократ қалыптастырған «Менің білетінім – менің
ештеңе білмейтіндігімде» қағидасын меңзейді.
Платон - ақиқат мәселесін аса қажетті және жалпыға бірдей ең жоғарғы игілік деп
қабылдаған Сократтың шәкірті. Платонның пайымдауынша, философия - таза ізденістер
арқылы ақиқатты тануға ұмтылуды қамтитын ең жоғарғы мәнге ие ғылым саласы. Ол өзін,
Құдайды және шынайы бақытты танудың жалғыз жолы. Платон, өзінің ұстазы Сократ
секілді, моральдық-этикалық мәселелерді бірінші қатарға қоя отырып, адам, қоғам және
мемлекет мәселесін зерттеудің аса маңыздылығына баса назар аударды. Платонның
этикалық ілімі адамның болмысы туралы түсінікті анықтаумен ерекшеленеді.
Философия тарихында адам мәселесіне баса назар аударған
ойшылдардың бірі Людвиг Фейербах болды. Фейербахтың пікірінде, дін
- адам қиялының жемісі. Діни жаңсақ пікірлерден арылу үшін, адам
Құдай жаратқан тіршілік иесі емес, мәңгі табиғаттың ажырамас бөлшегі
екенін түсіну қажет деп тұжырымдады. Бұл тұжырым Фейербах
антропологизмінің мәні еді. Фейербах адамды ең алдымен рухани
тіршілік иесі ретінде қарастырған Гегельдің идеалистік көзқарасын
терістеп, адамға материалистік тұрғыда анықтама беруге ұмтылды. Тек
тән ғана адамды толыққанды дамыта отырып, адамның «Менін»
қалыптастыра алады.
■Назарларыңызға Рахмет !

Ұқсас жұмыстар
ЕЖЕЛГІ ДҮНИЕ ФИЛОСОФИЯСЫ
Ньяя - гносеологиялық мектеп
Орта ғасыр философиясы
Орта ғасыр батыс философиясы
Дүние болмысы екі деңгейде
Платон туралы
АБАЙ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ АДАМ МӘСЕЛЕСІ
ВИРТУАЛДЫ ШЫНДЫҚ ВИРТУАЛДЫ ШЫНДЫҚ
Ерік бостандығы
Ежелгі Қытай философиясы. Гносеология және эпистемология
Пәндер