Әдебиеттанудағы ағымдар - бағыттар, әдебиет теориясының зерттелуі


Slide 1

ӨТЕГЕНҚЫЗЫ АРАЙЛЫМ,

ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ 1-КУРС МАГИСТРАНТЫ

Әдебиеттанудағы ағымдар-бағыттар, әдебиет теориясының зерттелуі

МӨЖ

Slide 2

Әдебиеттегі ағым - бағыттың айырмашылығын анықтау белгілі бір кезең әдебиетінің мәнін ашуда аса маңызды. Академик З. Қабдолов “Сөз өнері” монографиясында әдеби ағымды әдеби стильмен салыстыра келе, ағым әр жазушының әдеби бағыты екендігін атап өтеді. Ал әдеби бағыт, әдеби процестің көркемдік-эстетикалық ұстанымдарын құрайтын түсініктер.

З. Қабдолов. Сөз өнері. - Алматы: Санат, 2007. - 340 б

Slide 3

Д. Т. Көптілеуова «Әлем әдебиеті» атты еңбегінде «XX ғ. шетел əдебиетінің тарихын үлкен екі кезеңге (1910-1945 жəне 1945-1990) бөліп қарастыруға болады» деп көрсетеді.

XX ғасырдағы əдебиеттің үздік дəстүрлерін жаңарту мен дамытудың маңыздылығын жоққа шығара алмады. Реализм өзінің дамуында жаңа сатыға көтеріліп, модернизм мен постмодернизмнің түрлі бағыттары мен мектептері пайда бола бастады.

Жазушы-реалистердің əлеуметтік жағдайлармен қатар адамның жан дүниесі мен оның жеке сана-сезіміне деген қызығушылықтары арта түсті. Реалистік туындылардың түрлері ұлғайып, романдардың жанрлық модификацияларының саны өсе түсті. 20-ғасыр шығармаларында "адам өміріне" акцент түсірілді.

Slide 4

Әдеби ағым - тарихи категория: жалпы қоғамдық дамудың белгілі кезеңдегі белгілі саяси-әлеуметтік сипатына сәйкес туады да, сонымен бірге дамып, бірге жоғалып отырады.

Барокко - ХУІ ғасырдың аяғы мен ХУІІ ғасырдың І-жартысында Италияда, ХУІІ ғасырда Испанияда, ХУІІ ғасырдың орта шені - ХУІІІ ғасырдың І-жартысында Ресейде өнер мен әдебиетте қалыптасқан көркемдік бағыт. Барокко антикалық мифология мен христиандық символика әуендерін, саздарын араластырып жібереді, тұспалдауды, шарттылықты дәріптейді.

Slide 5

Көркемөнер салаларының өзара байланысын үстемелеуге тырысады, опера және балеттің дамуына ықпал етеді. Барокко әдебиеті шындыққа еліктеу принципінен алшақ, ол оны көрсетпейді, белгілі бір заңдарға байланысты қайтадан жасайды. Бұл ағым өкілдеріне күрделі көркемдік формаға қызығушылық тән. Барокко - көпсырлы, көтеріңкі стиль.

Бұған театрлық қасиет те, бұлдыр сағым мен фантастика да, ақиқат та тән. Барокко әсірелеу, астарлау тәсілдерін қолданып, сирек кездесетін тосын жағдайларға ұмтылғыш келеді. Антикалық мифология мен христиандық символика әуендерін, саздарын араластырып жібереді, тұспалдауды, шарттылықты дәріптейді. Барокко өмірді бейнелегенде бір-бірінен алшақ нәрселерді біріктіруге, күрделілікке және бей-жай қарапайымдылыққа айрықша мән береді.

Франси́ско Гóмес де

Кевéдо и Сантибáньес

Вильéгас

Slide 6

ХУІІ ғасырдың аяқ жағында туып, ХУІІІ ғасырдың орта тұсына дейін өнер атаулының бәрінде, әсіресе Европа әдебиетінде орасан кең өріс алған жұртқа мәлім ағым - классицизм (латынша classicus - үлгілі, өнегелі бағыт) . Классицизм университеттіе ортада пайда болып, кітаби қалыпта болды. Оның отаны - Италия болып есептеледі, ал кең қанат жайып, дамыған жері - Франция. Әдебиеттегі классицизм Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римнің классикалық әдеби шығармаларын үлгі тұтты.

Классицистер қаламынан туған шығармалардың негізгі тақырыбы, ежелгі грек әдебиетіндегі сияқты, ел өмірінің елеулі, ірі оқиғалары; негізгі идеясы - елдің елдігін қорғаушы «ессіз ерлердің» қанды жорықтары мен дүрбелең саясаты; негізгі қаһармандары - қарапайымдар емес, қастерлілер - қолбасылар, корольдар, патшалар.

Қазақ әдебиетінде Классицизм үлгісі жыраулық поэзияда, Абай, М. Жұмабаев, М. Әуезов, т. б. шығармаларында көрініс тапты.

Slide 7

Осы тұста (ХУІІІ ғасырдың орта кезінде) өмірдегі абсолютизммен күрес идеясынан туған сентиментализм (французша «sentimentalisme» - сезімталдық) өнерде классицизмді ауыстырар тың ағым болып қалыптасты. Сентиментализм әуелі Англиядан - ағылшын жазушысы Стерннің «Сентиментальдық саяхатынан» (ағымның аты да осыдан алынған) басталды да, кейін Францияға (Руссо), Германияға (Жан Поль, жас Гете, жас Шиллер), Ресейге (Карамзин, жас Жуковский) ауысты.

Орыс әдебиетінде сентиментализмнің көрнекті өкілі Н. М. Карамзин болды. Карамзиннің “Бейшара Лиза” атты повесінен сентиментализмнің негізгі сипатын да, сондай-ақ осал тұстарын да айқын аңғаруға болады.

Slide 8

Натурализм

Slide 9
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі және әдебиеті факультеті
Әдеби бағыт және ағым
Постимпрессион изм өнері
Персонализм бағыты
Христиан бөлімдері
Орта ғасырдағы мәдениет
Әдеби бағыттар
Ежелгі мәдениет, антикалық және ортағасыр мәдениеттері
Ислам дәуірі әдебиеті
Қозы Көрпеш - Баян сұлу жырының зерттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz