Ғалымның композиторлық және зерттеушілік еңбектері қазақ мәдениетін биік сатыға көтерген асыл мұралар




Презентация қосу
АХМЕТ ЖҰБАНОВ
ӨМІРБАЯНЫ

• Қазақстандағы кәсіби музыка өнерінің туу, қалыптасу,
даму кезеңдері академик Ахмет Қуанұлы Жұбанов
есімімен тығыз байланысты. Композитор, дирижер
және XIX ғасырдағы қазақ музыкасының тарихын
зерттеген ғалым ретінде оның қазақ музыкасына
сіңірген еңбегі орасан зор. Жас Ахмет Жұбанов 1929 —
1933 жылдары Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург)
музыка техникумында скрипка, консерватория
қабырғасында гобой мамандығы бойынша білім алған.
30-жылдары Қазақстанда музыкалық білім беру жүйесін
енгізу мәселесі туғанда А. Жұбанов елге шақырылып,
өзінің білімі мен жігерін осы іске арнаған. Алматыға
келген бойда музыка техникумында ұстаздық қызмет
атқарады. Осы оқу орны жанындағы фольклорлық
кабинет жұмысына араласқан.
• А. Жұбанов қазақ
мәдениетіне сіңірген
еңбектері үшін өнертану
ғылымдарының докторы
(1943), Қазақ КСР халық
артисі, Қазақ КСР Ғылым
академиясының академигі
(1946), профессор (1948)
кұрметті және ғылыми атақ-
дәрежелеріне ие болды.
Академик А. Жұбанов
шығармашылығы қазақ
музыкасымен ғана шектеліп
қалмайды. Ол
республикамыздағы мәдени
іс-шаралардың басы-қасында
жүрген. 1936 және 1958
жылдары Москва қаласында
өткен қазақ әдебиеті мен
мәдениетінің он күндіктеріне
қатысқан қоғам қайраткері.
Ғалымның композиторлық
және зерттеушілік еңбектері
қазақ мәдениетін биік сатыға
көтерген асыл мұралар.
Қоғам тарапынан сол
мұраларға деген қажеттілік
бар кезде академик Ахмет
Жұбановтың есімі де мәңгі
жасайтын болады.
• 1929 жылы Ленинградтың М.И. Глинка
атындағы техникумында (А.А .Этигонның
скрипка класы бойынша), консерваторияда
(профессор Ф.А. Ниманның гобой класы
бойынша, кейіннен музыка тарихы мен
теориясы факультетінде) оқыған.

• 1932 жылы Ленинградтағы Актер шеберлігі
мектебінің аспинрантурасына түседі.

• 1933 жылы Алматыда ашылған музыкалық
драма училищесіне ұстаздық қызметке
шақырылады.

• 1930 жылы Ленинградтағы «Рабочий и
театр» журналында жарияланған
мақаласынан бастап, өмірінің соңына дейін
қазақ музыкасының тарихы мен теориясын
зерттеумен айналысты. 1936 жылы «Музыка
әліппесі» атты тырнақалды кітапшасы
жарық көрген.

• 1934 жылы А. К. Жұбанов алғаш 11 адамнан
құралған домбырашылар ансамблі негізінде
Қазақ ұлттық халық оркестрін
ұйымдастырды. Осы ұжымның тұңғыш
дирижері ретінде көптеген халық
композиторларының музыка туындыларын
оркестрге лайықтап нотаға түсірген.

Ұқсас жұмыстар
АХМЕТ ЖҰБАНОВ ӨМІРБАЯНЫ
ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ
Біржан сал Қожағұлұлы
Қайым Мұхамедханов өмірі мен шығармашылығы
Қаныш Сәтбаевтың еңбектері
Күй - қазақ өнерінің феномені
Әліппеден жаңа сөздерді оқыту
Түркілердің мәдени мұрасы
Ғали Бегалиевтің әдістемелік мұралары
Мұхтар Әуезов, оның қазақ әдебиетіндегі орны және фольклортану мәселелері
Пәндер