Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығының жастарды зерделікке баулудағы маңызы



«Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығының
жастарды зерделікке баулудағы маңызы»
Түлкібас ауданының
Үш тілде оқытатаын мамандандырылған мектеп - интернаты
Тақырыбы:
Орындаған:7 - сынып оқушысы
Сатыбалди Нұрғиса
Жетекшісі:Каримбаева Гульмайра

Зерттеу жұмыстарының міндеттері:
• Шәкәрім туралы және оның шығармаларын оқушылардың қаншалықты
білетіндігі әлеуметтік сауалнама жүргізу.
• Шәкәрім шығармаларына тоқтала отырып сауалнама нәтижелерін пайдаланып, тарихи негізіне тоқталу.
Бұл ғылыми зерттеу жұмысында бүгінгі ұрпақтың Шәкәрімнің қалай ақталғанын және шығармаларының маңыздылығын бағалай білуін қарастыру.
Зерттеу обьектісі ретінде орта мектеп қамтылды.
Жобаның құрылысы зерттеу бағдарламасына, жүрдек сауалнама, аналитикалық кестелерден тұрады.
Сұрақ нәтижелері мен қосымшалардың қорытындысы баяндамада көрсетілді.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Шәкәрім шығармаларын талдай отырып ұрпақтың бойында бауырмалдылықты, еңбексүйгіштік азаматтық қасиеттерді қалыптастыру.
Кіріспе:

Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Шәкәрім мұрасының құндылығы - оның рухани бастау көздерінің күрделілігінде. Ең алдымен ол өзі өсіп өнген қазақ жұртының халықтық мұрасын терең меңгеріп, асылын бойына жинақтаған. Сондықтан да рухани жетілу жолындағы алған өзге әсер ықпалдарының ізгі үрдісін халқының қажетіне жарата алған.
Шәкәрім адамның ізгі қасиеттерін дамыту жолдарын айқындап, бұл тұрғыда адамзаттық игі дәстүрлерге сүйенеді. Азаматтық және патриоттық сезімдері қалыптасқан құзіретті тұлғалардың бойында, болашақта қазақты таныта алатын келбетті тұлғаларға жол ашты.

Шәкәрім - өзінің жарты ғасырдан астам уақытқа созылған шығармашылық өмірінде әдебиеттің барлық жанрында жемісті еңбек еткен қайраткер Тарихымызға деген қоғамдағы сұраныстың жоғары деңгейiн Қазақстан Республикасының тұңғыш президентi Н. Назарбаевтың 1997 жылды "Жалпыұлттық татулығы мен қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу" және 1998 жылды "Халық бiрлiгi мен ұлттық тарих жылы" деп жариялауы көрсетiп отыр. Осыған орай Шәкәрім өмірінің соңғы кездері секілді ақын мұрасы тағдырының да тар бұралаң соқпағы, тауқыметі зор болды. Шәкәрімді ақтау 1950-60 жылдары басталып, М. Әуезовтің ғылыми жетекшілігімен жас ғалым Қайым Мұхаметхановтың «Абайдың әдебиеттік мектебі» деген тақырыпта диссертация қорғауы қазақ баспасөзі бетінде қызу айтыс туғызды. Сонымен қатар бұл салада Қ. Мұхаметхановтың, Ғ. Мүсірепов бастаған қазақ зиялыларының еңбегі ерекше болды.

Ұзақ та ұлағатты, келісті әрі күрделі
Шәкәрім шығармаларының оқырмандарға адамгершілік, еңбексүйгіштік, ұлтжандылық рухындағы тәрбие берудегі маңызы зор. Ұлы ақынның өзігуманистік мүддесін дәл осы ыңғайда анықтап айтқан:
Адам үшін еңбегім,
Өмірден барлық тергенім.
Қалағанын қарап ал,
Мұрам сол, жастар, бергенім!
Болашаққа үміт пен сенім артқан оптимист Шәкәрім жас ұрпақты, ең алды«Тәрбие мен білім - егіз», - демекші білім мен тәрбиені ұштастыра отырып оқытудың негізі Шәкәрімнің өлеңдері мен поэмалары қайнар көзі болып табылады. мен, бірлікке, ынтымақта болуға үндейді. Оқу - білім, еңбек, адамгершілік, ұлттық салт-дәстүр т. б. тақырыптарда жазылған өлеңдерінің тәрбиелік маңызы зор. Ақын өз өлеңдерінде адам бойындағы негізгі қасиеттердің бірі - еңбек деп түсінген. Ерінбей еңбек ету, еңбекке жақын болу - адамға қалған үлкен «бақ» деп бағалаған. Ақынның еңбек тақырыбына жазған өлеңдері аз емес.

Ш
Ә
К
Ә
Р
І
М
-
М
Ә
Ң
Г
І
Л
І
К
Т
Ұ
Л
Ғ
А
Шәкәрімнің әдеби бай мұрасы - еліміздің рухани игілігі
1988 жылы «Бес арысымыз» ақталды. Сол кезде Министрлер кеңесінің төрағасы Н. Ә. Назарбаев тікелей күш салды.
1998 жылы Абай ауданының қолдауымен Н. К. Крупская атындағы педагогикалық институтқа Шәкәрім есімі берілді.
Кәсіпкерлердің демеушілігімен суретші Мұратбек Жанболатов Шәкәрім ескерткішін жасады
Шәкәрімтану ғылыми зерттеу орталығы ашылды. Оны энциклопедист -ғалым Тұрдықұл Шаңбай басқарып, ТМД елдерінің ішінде тұңғыш ұлттық энциклопедия шығарды.
Шәкәрім мұражайы ашылды.
2005 жылы «Шәкәрім» атты ғылыми педагогикалық журнал шыға бастады.
Шәкәрімтану ғылыми зерттеу орталығы «Шәкәрімтану библиографиялық көрсеткіш», «Шәкәрімтану мәселелері» атты сериялық жинақ шығарды.

«Мұтылғанның өмірі» поэмасы.
Бесімде оқу білсін деп
Ата- анам берді сабаққа
Жеті жаста жетім боп
Түскендей болдым абаққа Д
(жігерлі, алғыр, мақсатшыл)
Абай аясында ақын боп қалыптасып, данышпандық танытты.
Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік
Бір білімді данышпан жан табалық
(рухани өсуге жетелейді)
Есеюі, өз бетімен білімін кеңейтуі,
араб, парсы, орыс тілдерін меңгерді.
«Дубровский Барон» роман повесін,
Толстойдың әңгімелерін, «Крез патшалығы»
(басқа елдердің рухани қазыналарын игерген)
Өмірінің өзі өнеге
Шәкәрім Халық сотының төбе биі болған.
«Қазаққа соттық жол беріп,
Сыртымнан сайлап жөн көріп»
(адамгершілік асыл қасиеттерді өміріне арқау етті) А
1911 жылы тұңғыш қазақ шежіресін жазушы.
.
Шәкәрім Алаш азаматтарына даналық ой тастаушы. Ұлт санасын оятушы. «Әділ - Мария», «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі», «Білімдіден бес түрлі сөздің шешімін сұраймын» т. б
(«Өнердегі өмірі ұлағатты келісті, күрделі» М. Мағауин)
1907 ж. «Халық сөзі» басылымының редакторы Семей зиялысы татар Р. М. Елкебаев Шәкәрімді ІІ Мемлекеттік Думаға депутатқа ұсынуға ықпал еткен сияқты.
(Шәкәрімді бағалаушылар- зиялылар)
Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов Шәкәрімді 1907 жылы ІІ Мемлекеттік Думаға депутат етіп сайлаған, бірақ ол өзі философиялық еңбекпен шұғылдануды көздеген, орнына
Т. Нұрекеновты ұсынады. Б. Шербин, И. П. Гусевпен дос болған, олар оның
еңбегіне жоғары баға берген.

Шығармаларындағы халық мұңы, арманы, замана адамы. «Қулар», «Ызақорлар», «Адалдық борышың», «Ей, көп халық, көп халық»
(қоғам, ел мүддесін көздеуге шақыру)
Сәулетті өмір кілті - ғылым, өнер, мәдениет, еңбек, адалдықта әділеттікке.
«Насихат», «Талап пен ақыл», «Ашу мен ынсап», «Мен кетемін» т. б
(ғылымды, өнерді үйренуге, адалдық пен әділеттілікке шақырады)
Шәкәрім - әдебиетіміздің алып бәйтерегі, реалистік әдебиеттің ірі ғұламасы
Шәкәрімнің Абай жайлы сыр шертуі. «Абай марқұм өткен соң, өзіме айтқан жырларым», «Абайға»
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz