Төменгі аяқ артерияларының атеросклерозы


Slide 1

Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігі

Оңтүстік Қазақстан Медицина академиясы

Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы

ПРЕЗЕНТАЦИЯ Такырыбы: Атеросклероз

Орындаған:Алқарова З.

Тобы:ЖМҚА-02-20

Қабылдаған: Сейдакбар А. У

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Атеросклероз сипаттамасы

Клиникалық көрінісі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Slide 3

Атеросклероз сипаттамасы

Атеросклероз (atherosclerosіs; гр. athrа - ботқа және sklrsіs - қатаю) - қан тамырларының ішкі бетіне холестериннің сіңіп, жиналып, түйін тәрізді шоғырланып қалуы.

Slide 4

Холестерин сіңіп қалған орын бастапқы кезде сары жолақ дақ түрінде болса, келе-келе қатайған түйінге айналады. Бұл түйіндер бір-біріне қосылады. Соның салдарынан тамырдың ішкі қабатында жаралар пайда болады, кальций тұздары шөгіп, тамыры қатаяды, қан өтуі қиындайды.

Атеросклероз денедегі ең ірі қан тамыры - қолқада жиі пайда болады. Атеросклероз салдарынан қолқаның жұқарған жерлері қалталанып кеңиді (аневризма) де, басқа органдардың қан тамырларын бекітіп тастайды.

Slide 5

Соның әсерінен кейде науқастың бірнеше минут ішінде өліп кетуі мүмкін. Шажырқай артериясының атеросклерозы ішектің өлі еттенуіне, аяқ атеросклерозы аяқтың гангренасына соқтырады. Атеросклероз жүрек қыспасы (стенокардия), жүректің созылмалы ишемиялық ауруы, жүрек инфарктінің негізгі себебі болып есептеледі.

Slide 6 Slide 7

Негізінен қарт кісілерде кездеседі. Атеросклероздың пайда болу себептеріне қан қысымының жоғары болуы, эндокриндік аурулар және семіру жатады. Атеросклероздың асқынған түрі хирургиялық емдеуді талап етеді. Атеросклероздан сақтану үшін дұрыс тамақтану, әсіресе, өсімдік майын пайдалану, спортпен шұғылдану керек.

Slide 8

Даму сатылары

Атеросклероздың, яғни атеросклероздық түймедақтың дамуы сатылы жүреді:

I бастапқы сатысы - тамырлардың липоидозы немесе липидтік дақтар мен жолақтардың пайда болуы.

Slide 9

ІІ сатысы - фиброздық - бұл сатыда коллаген және дәнекерлік тін өсіп-өніп, "көпіршікті" жасушалар мен холестериндік бөлшектерді қоршап, фиброздық капсуланы түзеді.

ІІІ сатысы - күрделі және асқынғаннан түймедақтардың пайда болу сатысы.

Slide 10

Атеросклероз түрлері

Атеросклероздың әртүрлі түрлері бар. Аурудың жіктелуі процестің пайда болу орнына және сәйкесінше қан айналымының жеткіліксіздігін алатын органға негізделген. Атеросклероздың келесі түрлері бар:

жүрек тамырлары (коронарлық атеросклероз) ;

ми қан тамырлары (церебральды атеросклероз) ;

қолқа (іш / кеуде қуысында) ;

бүйрек артериялары;

төменгі қуыс артериялары;

Жоғарғы қуыс артериялары;

Slide 11

Ми тамырларының атеросклерозы

Симптомдары: есте сақтау қабілетінің нашарлауы, нашар өнімділік, ұйқының бұзылуы, бас айналу. Прогрессиямен-науқастың психикасының бұзылуы. Сондай-ақ тромбоз және қан кетулер болуы мүмкін.

Slide 12

Жүрек тамырларының атеросклерозы (коронарлық тамырлар)

Белгілері: миокард инфарктісі, кардиосклероз, стенокардия.

Slide 13

Кеуде қолқасының атеросклерозы.

Симптомдары: кеуденің жоғарғы жағына немесе төс сүйегінің артында қатты ауырсыну. Ұзақтығы: мұндай ауырсынудың жалғасуы бірнеше сағаттан, тіпті бірнеше күнге дейін созылады.

Slide 14

Іштің қолқа атеросклерозы

Симптомдары: іш қату, метеоризм, іштің ауыруы, сонымен қатар аяқтың ұюы және аяқтың ісінуі мүмкін.

Slide 15

Бүйрек артерияларының атеросклерозы

Симптомдары: бір жақты зақымдану - қан қысымының үнемі жоғары болуы гипертонияның біртіндеп дамуы және күшеюі; екі жақты зақымдану-артериялық гипертония. Белдегі, арқадағы ауырсыну да болуы мүмкін.

Slide 16

Төменгі аяқ артерияларының атеросклерозы

Симптомдары: балтырдың ауыруы немесе олардағы әлсіздік сезімі, аяқтың жансыздану сезімі.

Slide 17

Клиникалық көрінісі

Атеросклероздың клиникалық көрінісі патологиялық үдерістің даму деңгейінен гөрі оның орналасқан аймағына тәуелді. Кейде тәж артериясының жалғыз атеросклероздық түймедағы өлімге әкеледі, ал шеттік артериялардың, кеуделік немесе құрсақтық аортаның ауыр атеросклерозы білдіртпей жүруі және адамның өмір сүру ұзақтығына айтарлықтай әсер етпеуі де мүмкін.

Slide 18

Атеросклероз жайылмалы үдеріс бола тұра бір немесе бірнеше аймақтың тамырларын басым зақымдайды. Түймедақтар көбіне ірі тамырларда және аортаның тамырлар таралатын аймақтарында орналасады. Атеросклерозға ең жиі ұшырайтын тамырлар: аорта, тәж, ми, бүйрек, аяқтардың және іш қуысының артериялары.

Slide 19 Slide 20

Атеросклероз диетотерапиясының басты принциптері.

Емінің басты тәсілі - диетотерапия. Атеросклерозды зерттейтін еуропалық қоғамның сарапшылар тобы (1987) липопротеиндердің алмасуын қалпына келтіретін диетаның жеті "алтын" ережесін жариялады:

Slide 21

1. Майлардын мөлшерін азайту.

2. Гиперлипидемияның дамуына септігін тигізетін қаныққан май қышқылдарының мөлшерін күрт азайту (мал етінің майын, сары майды, қаймақты, жұмыртқаны) .

3. Қанықпаған май қышқылдарына бай тағамдарды кеңінен тұтыну.

4. Клетчаткаға бай және күрделі көмірсулары мол (көкөніс, жеміс) тағамдарды молынан тұтыну.

5. Тағам дайындағанда сары майдың орнына өсімдік майын тұтыну.

6. Холестеринге бай тағамдарды күрт азайту.

7. Ас тұзының тәуліктік мөлшерін 3-5 г дейін шектеу.

Slide 22

Медикаменттік ем:


Ұқсас жұмыстар
Балалардағы ірі қан тамырларының сәулелік диагностикасы
Атеросклероз сипаттамасы
Жүрек қан тамырлар жүйесін кешендік емдеу әдістер
Алдыңғы қапталдық миокард инфарктісі кезіндегі ЭКГ көріністері
Миокард инфарктісі себептері
Жүрек - тамыр жүйесінің синдромдары
Құйрық омыртқасы
Пластикалық хирургия
Шынтақ артериясы
Емдеу жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz