Мидың қан ағымын жоғарылататын заттар


Slide 1

Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы

Орындаған: Алкарова З.

Тобы: В-ЖМҚА-02-20

Қaбылдaғaн:МуютоваМ. Н

«Оңтүстiк Қaзaқстaн Медицинa Акaдемиясы» АҚ

:

Қaзaқстaн Республикaсының Денсaулық сaқтaу министрлiгi

Презентация

Шымкент-2022ж

Тақырыбы:

Тітіркендіргіш заттар. Рефлексті әсерлі қақырық түсіретін дәрілері. ФОҚ-мен улану. Атропинмен улану.

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Мидың ишемиясы кезінде, оның қан айналымын жақсартатын заттар

Бас сақинасында қолданылатын заттар

Атеросклероз туралы түсінік.

Гиполипидемиялық дәрілер. Жіктелуі.

Атеросклерозды алдын-алу.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Кіріспе

Мидың қан айналымын фармакологиялық реттеу медицинаның маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл мидың қанмен қамтамасыз етілуінің жедел және созылмалы бұзылыстары адамдарды мүгедектікке және өлімге әкелуінің негізгі себебі болып табылумен анықталады.

Мидың қан айналымының патологиясы функционалдық және органикалық (тамыр спазмы, эмболия, тромбоз, тамырлардың атеросклерозы, геморрагия) бұзылыстарға байланысты болуы мүмкін.

Slide 4

Мидың ишемиясы кезінде, оның қан айналымын жақсартатын заттар келесі топтар түрінде берілуі мүмкін:

І. Қанның агрегациясына және ұюына әсер ететін заттар

Антиагреганттар

Ацетилсалицил қышқылы

Тиклопидин

Клопидогрел

Антикоагулянттар

Гепарин

Төменгі молекулалы гепариндер

Варфарин

Синкумар

Фенилин

Slide 5

ІІ. Мидың қан ағымын жоғарылататын заттар

L - типті кальций каналдарының тежегіштері

Нимодипин

Циннаризин

Флунаризин

Барвинок өсімдігі алколидтарының туындылары

Винпоцетин(кавинтон)

Қастауыш алкалоидтар

Ницерголин

Никотин қышқылының туындысы

Ксантинол никотинаты

ГАМҚ жән оның туындылары

Аминолон Пикамилон

Пурин алколоидының туындысы

Пентоксифиллин

Апиын алколоидының изохинолин қатар

Папаверин гидрохлориді

Slide 6

Мидың қан айналымына айрықша әсер ететін, L - типті кальций каналдарын тежейтіндерге - нимодипин жатады.

Ол 1, 4 - дигидропиридин туындысы.

Ми артериолаларының тонусын төмендетеді.

Ми тінінің оттегімен қамтамасыз етілуін жоғарылатады.

Қарт адамдарда мидың қызметін жақсартады.

Slide 7

Қолданылуы:

Мидың жедел ишемиясымен ауырып кеткеннен кейін

Субарахиноидалдық қан құйылуда

Мидың созылмалы ишемиясында қолданылады.

Жағымсыз әсерлері:

Бастың ауыруы

Диспепсиялық бұзылыстар

Көк тамырға енгізгенде гипотензия туғызуы мүмкін.

Slide 8

Рецепт жазу үлгісі:

Rp. : Tabulettam Nimodipini 0. 03

Da tales doses № 20

Signa. Күніне 2 рет 1 таблеткадан ішке қабылдауға

Slide 9

Мидың қан айналымына кальций каналдарының басқа да тежегіштері дифенилпиперазин тобының циннаризин (стугерон), флунаризин (сибелиум) препараттары жақсы әсер етеді.

Жүйкелік гемодинамикаға аз ықпал етеді.

Ми тамырының спазмында, атеросклерозда, вистибулярлық бұзылыстарда, инсульттен кейінгі жағдайларда, бас сүйек - ми жарақаттарынан кейін қолданылады.

Бұл препараттарды науқастар жақсы көтереді.

Slide 10

Жанама әсері:

Ұйқышылдық

Тыныштардыратын әсер

Ауыз қуысының құрғауы

Диспепсиялық бұзылыстар

Сонымен қатар, олар этил спиртінің әсерін күшейтеді.

Rp. : Tabulettam Cinnarizini 0. 025

Da tales doses № 30

Signa. Күніне 1 рет 1 таблеткадан ішке қабылдауға

Slide 11

Ми ишемиясында барвинок өсімдігі алколоидының туындысы винпоцетин (кавинтон) кеңінен қолдынылады.

Дивинкан алколоидтарының жартылай синетикалық туындысы.

Спазмолитикалық әсер көрсетеді .

Ми қан тамырларын кеңейтеді.

Нейроналдық натрий каналдарын тежейді.

Ми тінінде зат алмасуды қалпына келтіреді.

Тромбоциттерлің агрегациясын азайтады.

Slide 12

Препарат ас қорыту жолдарынан жақсы сіңеді.

Инсульттен кейінгі жүйке қызметінің бұзылыстарында

Ми қан айналымының созылмалы жеткіліксіздігінде

Көз тінінің ишемиясында

Тамырлық немесе токсикалық генезді естудің төмендеуінде

Есте сақтау нашарлағанда

Бас айналғанда қолданылады.

Препаратты науқастар жақсы көтереді.

Көк тамырға енгізгенде гипотензия, тахикардия тудыруы мүмкін.

Rp. : Tabulettam Vinpocetini 0. 005

Da tales doses № 10

Signa. Күніне 1 рет 1 таблеткадан ішкe қабылдауға

Slide 13

Пурин туындылары (кофеин, теобромин) мидың қан айналымын күшейтетіні бұрыннан белгілі болатын. Қазіргі кезде осы топтың заттарын мидың қан айналымы бұзылғанда пентоксифиллин (агапурин, трентал) қолданылады.

Аздаған тамыр кеңейткіш әсер көрсетед

Тромбоциттердің агрегациясын азайтады Эритроциттер қабығының серпінділігін жоғарылатады

Микроциркуляцияны жақсартады

Тамыр кеңейткіш әсері аденозиндік рецепторлардың тежелуіне байланысты болады.

Фосфодиэстеразаны тежейді.

Тромбоциттерде цАМФ мөлшерін жоғарылатады.

Slide 14

Қолданылуы:

Пентоксифиллин шеткі қан айналымы бұзылғанда

Диабеттік ангиопатияда

Көздің қанмен қамтамасыз етілуі бұзылғанда.

Жанама әсерлері:

Диспепсиялық бұзылыстар

Бастың айналуы

Бет терісінің гиперемиясы байқалады.

Рецепт жазу үлгісі:

Rp. : Tabulettam Pentoxyphyllini 0. 1

Da tales doses № 100

Signa. Күніне 2 рет 1таблеткадан ішке қабылдауға

Rp. : Solutionis Pentoxyphyllini 2% - 5ml

Da tales doses № 10 in ampullis

Signa. Көк тамырға егуге.

Slide 15

Ми қан айналымының ишемиялық бұзылыстарында жұптастырылған препарат инстенон қолданылады.

Мидың қан айналымын жақсартады.

ОЖЖ-ны ынталандырады.

Жүйке тінінің ишемиясында зат алмасуды белсендіреді.

Slide 16

Цероброваскулярлық патологияда кеңінен тараған бас сақинасы (мигрень) ерекше орын алады. Ол вазомоторлық реттелудің дисфункциясына байланысты болады. Көбінесе әйелдерде (75 пайызға жуық) дамиды. Бас сақинасы жүрек айнумен, құсумен, көру және естудің бұзылыстарымен, жарықтан қорқушылықпен, парестезиямен, қаңқа бұлшықеттерінің әлсіздігімен және басқа да ауыру белгілерімен көрінетін бастың бір жақты солқылдап ауыратын ұстамасы жүреді. Ұстама бірнеше жыл бойы қайталануы мүмкін. Әрбір ұстаманың ұзақтығы 4-72сагат. Ұайталануы орташа айына 1-4рет.

Slide 17

Бас сақинасында қолданылатын заттар жіктеледі.

1. Бас сақинасының жедел ұстамасын жоюға арналған заттар

Қыстауыш алколоидтары жәе оның туындылары

-эрготамин

-дигидроэрготамин (дигидергот)

индолтуындылары\

-суматриптан (имигран)

Опиоидты емес (наркотикалық емес) анальгетиктер - қабынуға қарсы стероидты емес заттар

-парацетамол

-ацетилсалицил қышқылы

-напроксен

-индометацин

-ибупрофен

Құсуға қарсы заттар (қосымша заттар)

-метоклопрамид

Slide 18

2. Бас сақинасы ұстамасының алдын алуға арналған заттар

Бетта - адреноблокатор

-анаприлин

-атенолол

-метопролол

Үш циклді қосылыстар

-пизотифен (сандомигран)

Лизергин қышқылының туындылары

-метисергид (лизерил)

Қабынуға қарсы стероидты емес заттар

-напроксен

Үш циклді антидепрессанттар

-амитриптилин

Эпилепсияға қарсы заттар

-карбамазепин

-клоназепам

Slide 19

Эрготамин

Ол серотониндік рецепторлардың жыртылай агонисті

Жоғары концентрацияда дофаминдік рецепторларды тежейді

Альфа - адреноблокаторларлық әсер көрсетеді

Бас сақинасындағы тиімділігі оның вазоконстрикторлық әсері мен ми тамырының солқылдаған тербіліс амплитудасының азаюы байланысты болуы мүмкін.

Мидың қатты қабығының капилярлары арқылы қан сарысуының транссудациялануын төмендетеді.

Препарат ішке, тіл астына және тік ішекке енгізеді.

Slide 20

Бас сақинасының ұстамасын тез тоқтату үшін Дигидроэрготамин мезилатын аэрозоль түрінде интраназалды енгізіледі.

Серотониндік рецепторлардың агонисті.

Айқын альфа-адреноблокаторлық әсер көсетеді.

Шеткі тамырларға тарылтқыш әсері шамалы .

Емдік әсері тез басталады.

Slide 21

Қан сарысуында барынша жоғары концентрациясы шамамен 45 мин кейін анықталады.

Биожеткілікті 45 пайызға жуық

Әсер ету ұзақтығы 10-12 сағат.

Жанама әсерлер:

Лоқсу

Құсу

Парестезия

Төс астындағы ауыру сезімдер

Мұрын бітелуі

Препарат бас сақинасының алдын алуы үшін қолданылмайды.

Рецепт жазу үлгісі:

Rp. : Tabulettam Dihydroergotamini 0. 03

Da tales doses № 20

Signa. Күніне 2 рет 1 таблеткадан ішке қабылдауға

Slide 22

Суматриптан (имигран)

Бас сақинасындағы нейротамырлық бұзылыстарының дамуында серотониндік рецепторлардың осы тип тармағына басты назар аударады.

Адрено-, холина-, дофаминдік, ГАМҚ-, бензодиазепиндік рецепторларға әсер етпейді.

Препараттық тиімділігі ми тамырларының вазоконстрикциясына байланысты болады.

Пресинапстық рецепторларға әсер ете отырып, серотониннің, сонымен қатар басқа медиаторлардың босап шығуын азайтады. Егер бұл периваскулярлық кеңістікте болса, онда бірқатар нейромедиаторлардың босап шығуы төмендейді, бұл ауру сезімінің азаю себептерінің бірі болуы мүмкін.

Slide 23

Суматриптинді ішке, тері астына және интраназалды енгізеді.

Энтералды енгізгенде - шамамен 97 пайызды құрайды.

Энтеральды енгізгенде әсері 30 мин кейін, тері астына енгізгенде - 10 мин кейін дамиды. Жалпы әсер ету ұзақтығы 12сағ дейін.

Бауырда метаболизмге ұшырайды. Метаболиттері бүйректен шығарылады.

Препаратты тек бас сақинасының ұстамасын жою үшін қолданады. Алдын алу мақсатында қолданылмайды.

Жанама әсерлері:

Ең қауіптісі тәждік тамырлардың спазмын шақыру қабілеті. Сондықтан, оны жүректің ишемиялық ауруларында және тәждік тарылу құбылыстарының даму көріністерінде тағайындауға болмайды.

Жүрек айну, құсу, дәм сезудің бұзылуы

Бастың айналуы, шаршау, ыстықтау сезімі және т. б.

Slide 24

Рецепт жазу үлгісі:

Rp. : Tabulettam Sumatriptani 0. 05

Da tales doses № 20

Signa. Күніне 2 рет 1таблеткадан ішке қабылдауға

Slide 25

(atherosclerosіs; гр. athrа - ботқа және sklrsіs - қатаю)

қан тамырларының ішкі бетіне холестериннің сіңіп,

жиналып, түйін тәрізді шоғырланып қалуы.

дәрілер.

Slide 26

Холестерин сіңіп қалған орын бастапқы кезде сары жолақ дақ түрінде болса, келе-келе қатайған түйінге айналады. Бұл түйіндер бір-біріне қосылады. Соның салдарынан тамырдың ішкі қабатында жаралар пайда болады, кальций тұздары шөгіп, тамыры қатаяды, қан өтуі қиындайды.

Slide 27

Экзогендік ықпалдар:

адамның егде тартқан

жас мөлшері мен жынысы;

Атеросклероз дамуына көптеген эндогендік және экзогендік қауіп- қатерлі ықпалдар әкеледі:

Эндогендік ықпалдар:

жан- дүниелік күйзелістер

гиподинамия;

семіру;

қантты диабет(әсіресе

инсулинге тәуелсіз 2-түрі) ;

гипергомоцистеинемия

тұқым қуалаушылыққа

бейімділік;

қоршаған орта

ықпалдары;

шылым шегу;

жұқпалар мен

вирустар т. б. жатады.

Notes: Content Layouts

Slide 28

Атеросклероз денедегі ең ірі қан тамыры - қолқада жиі пайда болады. Атеросклероз салдарынан қолқаның жұқарған жерлері қалталанып кеңейді (аневризма) де, басқа органдардың қан тамырларын бекітіп тастайды.

Slide 29 Slide 30

Атеросклероз жүрек қыспасы (стенокардия), жүректің созылмалы ишемиялық ауруы, жүрек инфарктінің негізгі себебі болып есептеледі. Негізінен қарт кісілерде кездеседі.

Slide 31

Жіктелуі:

Атерогенді липопротеиндердің түзілуін тежейтін дәрілер.

Анти

атеросклеротика-лық дәрілер:

Холестериннің шығарылуын күшейтетін дәрілер.

Slide 32

Гиполипидемиялық дәрілер жүректің ишемиялық ауруында,

аорта, ми тамырларының атеросклерозында қолданылады.

Бұл дәрілерді үздіксіз, ұзақ уақыт бойы қабылдау қажет.

Атерогенді липопротеиндердің

түзілуін тежейтін дәрілер:

Slide 33

Холестериннің шығарылуын күшейтетін дәрілер.

Өт қышқылдарының секвестранттары.

Бескрахмальды

полисахаридтер.

Notes: Content Layouts

Slide 34

Статиндер.

Ловастатин

(Мевакор)

Симвастатин

(Зокор)

Аторвастатин

(Липримар)

Slide 35

Ловастатин

Әсер ету механизмі:

Окси-3-метилглутарил коэнзимА редуктаза ферментін тежеуіне байланысты, бауырдағы холестериннің синтезін тежейтеді.

Slide 36

Қолданылуы: Ішке 0, 04г күніне бір рет кешкі ас кезінде.

Шығарылу кезеңі: 83% ішекпен, ал 10% бүйрекпен шығарылады.


Ұқсас жұмыстар
Тынысты қуаттандыратын дәрілер
Эндокринді бездер
Ұйқы безі бездері
Сүлікпен емдеу
Семіру кезіндегі фармакотерапия принциптері
ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Эпифиз безі
Дәрілердің ағзада таралуы
Суда еритін витамин
ҚАРТАЮ ЖӘНЕ ӨЛІМ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz