Судың ластаушы көздері


Slide 1

Орындаған: Алкарова З. Тобы: ЖМҚА 02-20 Қабылдаған:Ескерова С.

Гигиена және эпидемиология кафедрасы

Судың ластануы және олардың сипаттамалары

Шымкент-2022

Slide 2

Жоспар

1. Кіріспе

Гидросфера

2. Негізгі бөлім

Судың ластаушы көздері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Slide 3

Гидросфера - Жердің су қабаты. Гидросфера судың атмосферада таралуының жоғарғы шекарасынан литосферада жер асты суларының пайда болуының төменгі шекарасына дейін созылады. Гидросфераны Дүниежүзілік мұхитқа, континентальды жер үсті сулары мен мұздықтарға және жер асты суларына бөлу дәстүрге айналған.

Сондай-ақ, гидросфераға атмосфералық су буы, топырақтың ылғалдылығы және тірі организмдер құрамындағы су кіреді.

Судың көп бөлігі мұхитта, ал қалған бөлігі мұздықтарда, континентальды су айдындарында және жер асты суларында шоғырланған. Мұхиттың тұзды суы 96, 4% құрайды, мұздық сулар - 1, 86%, жер асты сулары - 1, 68%, ал құрлықтағы жер үсті сулары - 0, 02% -дан сәл артық.

Slide 4

Гидросфераның негізгі

ластаушы көздері

Өндірістің әр түрлі салаларында түзілген өндірістік ақаба сулар

Құрамында өндірістің ауаға шығарған ластаушы заттары бар, атмосфералық жауын-шашын сулары

Құрамында беттік активті жуғыш заттар патогенді микроорганизмдер бар тұрмыстық ағынды сулар

Slide 5

Су ресурстарын пайдаланудың 2 түрі бар:

1. Су пайдалану. Су пайдаланушылардың қатарына гидроэнергетика, су транспорты, балық шаруашылығы т. б. жатады.

2. Су тұтыну. Су көздерінен біртіндеп немесе тұтастай алынса оны су тұтыну деп атайды. Тұтынушылардың барлығын сумен қамтамасыз ету үшін орталықтандырылған су жүйелері құрылады. Халықтың ауыз су қажеттілігіне, шаруашылығына жұмсалатын су таза және мөлдір болуы керек.

Slide 6

Су сапасы

Су сапасы - суды шаруашылық-ауыз су, мәдени-тұрмыстық және балық шаруашылығы мен техникалық мақсаттар үшін пайдалану мүмкіндігін анықтайтын судың құрамы мен қасиеттерінің сипаттамасы. Біздің республикамызда ауыз су сапасы ГОСТ 2874-82 стандартымен нормаланады.

Slide 7

Ағынды су деп бұрын өндірісте, тұрмыста немесе ауыл шаруашылығында пайдаланылған, сондай-ақ қандай да бір лас аймақ, оның ішінде елді мекен арқылы өткен су. Былайша айтқанда адамның тұрмыста және өндірістік іс-әрекетінде пайдаланылғаннан кейін шыққан су.

Slide 8

Ақаба суларды су обьектілеріне ағызып жіберу үшін, міндетті түрде ол жерде ластаушы заттардың мөлшері ШРК-дан аспайтындай жағдайды сақтау керек. Бұл талапты орындау үшін, яғни су қоймаларының бақылау нүктелеріндегі судың сапасын қамтамасыз ету үшін шекті рұқсат етілген төгілім - ШРТ тағайындалған.

ШРТ - белгілі бір уақыт ішінде концентрациясы ШРК-дан аспайтындай етіп төгілген ластаушы заттардың максималды мөлшері, г/с, т/жылына.

Slide 9 Slide 10 Slide 11

СУДЫҢ НЕГІЗГІ ЛАСТАУШЫЛАРЫ

Химиялық ластаушылар

Биологиялық ластаушылар

Физикалық ластаушылар

Қышқылдар

Сілтілер

Тұздар

Мұнай және мұнай өнімдері

Пестицидтер

Диоксиндер

Ауыр металдар

Фенолдар

Аммонийлы және нитритті

Азот

СБАЗ

Вирустар

Бактериялар

Басқа да ауру таратқыш организмдер

Балдырлар

Ашытқы және зең саңырауқұлақтары

Радиоактивті элементтер

Жүзіп жүрген қатты бөлшектер

Жылу

органолептикалық (түс, иіс)

Шлам

Құм

Саз

Ил

Slide 12

Ақаба суларды тазарту әдістері

Механикалық

Химиялық

Биологиялық

Физика-химиялық

Кешенді.

Slide 13

Механикалық әдісте ақаба судағы ірі және ұсақ түйірлі тез тұнатын бөлшектерді өздігімен тұндырып немесе оларды тұндырғыш, сүзгіш, құмұстағыш арқылы өткізіп, ал беттік ластағыштарды - мұнайұстағыш, май мен смолааулағыш жабдықтар мен материалдарды пайдалану арқылы жояды. Ауырлық күшінің әсерінен суда ірі дисперсті бөлшектердің тұнбаға түсуі седиментация деп аталады

Slide 14

Химиялық әдісте ластағыштардың физикалық-химиялық қасиеттерін ескере отырып, оларды химиялық реагенттерді қолдану арқылы жояды. Химиялық тазалауда қолданылатын негізгі әдістерге: нейтралдау, озондау, тотықтыру және тотықсыздандыру жолдары жатады.

Физика-химиялық әдістерге коагуляция, флотация, сорбция, экстракция, т. б. жатады. Бұл әдістер қатарымен жүретін физикалық және химиялық процестерге негізделген. Дисперсті және коллоидты жүйелердегі бөлшектердің ірі агрегат түзіп, бірігуі коагуляция деп аталады

Slide 15

Биологиялық жолмен ағынды суды тазалау үшін ластағыштарды ыдырататын, өздерінің қоректенуіне, өсуіне және көбеюіне пайдаланатын микроорганизмдер немесе оларды өз бойына сіңіретін өсімдіктер қолданылады. Биологиялық тазалауға қатысатын организмдерге әр түрлі бактериялар, балдырлар, саңырауқұлақтар, ең төмен сатыдағы жәндіктер, құрттар жатады. Ал жасанды жағдайда тазарту процесін арнайы қондырғыларда - аэротенктерде, биофильтрлерде жүргізеді

Slide 16 Slide 17

Судың да

сұрауы бар

Халық даналығы


Ұқсас жұмыстар
ИЗРАИЛЬДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Ластаушы заттар мен токсиканттар
Дүниежүзілік мұхиттың экологиялық мәселелері
Суды тазарту әдістері мен ластанудан қорғау
Радиациялық қорғау
Ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету жүйелері
Залалсыздандыру әдістері
АСТАНАНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Ластанған ауаның зиянды әсері
Ластаушы заттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz