Шошқалардың қоңы күрт


Slide 1

Тақырыбы: Мүйізді ірі қара диктиокаулезі, шошқа метастронгилезі және оларға қарсы ветеринариялық- санитариялық шаралары

БӨЖ

Орындаған: Алипова С. Б

Тобы: ВС-903

Тексерген: Жексенаева А. Б

Семей 2023жыл

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі «Семей қаласының Шәкәрім университеті» КеАҚ «Ветеринария және агроменеджмент» факультеті

Slide 2

Жоспар

Slide 3

Кіріспе

Паразиттік организмдер табиғатта еркін өмір сүрген организмдерден эволюциялық даму барысында сұрыпталып регрессивтік және прогрессивтік өзгерістерге ұшырау нәтижесінде пайда болған.

Паразит өкілдерін зерттеумен шұғылданатын салалар академик К. И. Скрябиннің анықтамасы бойынша олардың шығу тегіне, тоғышарлық мекеніне, қоздырушының жануарлар әлеміндегі алатын орнына байланысты жіктеледі.

Slide 4

Мүйізді ірі қара диктиокаулезі

Гельминтоздардың ішіндегі ең қауіптісі

Кеңірдек пен бронхыларда мекендейді

Жұмыр құрттар тудырады

Көбінесе мал төлдері жауын-шашын болғанда ауырады

Slide 5

Бұзау диктиокаулезі

Slide 6

Өсіп-өнуі

Өкпені жайлап, ұрғашы құрттар жұмыртқа салады. Мал жөтелгенде шырышпен ауызға түседі. Ішекте жұмыртқадан балңқұрт босайды. Балаңқұрттар нәжіспен шығып, жайылым, жем-шөпті ластайды.

Бұзаулар балаңқұрттармен азық және су арқылы зақымданады. Мал денесіне енген балаңқұрттар әуелі ащы ішектің ішкі қабығына, одан әрі сөл және қан тамырлары арқылы өкпеге ауысады. Ал, олар қан қылтамырларын тесіп шығады да, алдымен альвеолалар мен ауатамыршаларға, сонан соң ауатамырлар мен кеңірдекке ығысады[2]

Ересек құртқа айналу үшін бірнеше сатылардан өтеді

Slide 7 Slide 8

АУРУДЫҢ ӨРБУІ

Slide 9 Slide 10

Өлекседегі өзгерістер

Өлексе көп жағдайда арық. Өкпе ұлғайған, бозғылт, кейбір тұстары қатайып, ошақты гепатизацияға ұшыраған. Кейде альвеоларлы эмфизема және ателекгаз белгілері байқалады. Ауатамырлары, сөл бездері үлкейіп кеткен. Кеңірдек пен ауатамырлар іші көбікті сүйыққа толы, арасында қылқұрттар. Ұсақ ауатамырлар көп жағдайда шырышты-ірінді затгармен бітеліп қалады.

Гистологиялық зерттеулер өкпе ауатамырларының ерекше өзгеріске ұшырағанын, ұсақ бронхтар мен ауатамыршалардың едәуір бүлінгенін, жараға айналғанын, ұлпаларға қан ұйысып, өкпе бөлігінің түгелдей зақымданғанын көрсетеді [3] .

Ателектаз

Эмфизема

Slide 11

ЕМІ

Slide 12

Сақтандыру

Малдарға диктиокаулездің жұғуын сақтандыру мақсатында келесі шаралар жүргізеді:

1) мал азығында белок, минералды тұздар және витаминдер бойынша тепе-теңдігі сақталған рационды пайдаланады. Аймақтың микроэлементтерге кедей жайылымдық жерлерінде мал азығына тиесілі қоспалар қосу керек (мыс тұзы, кобальт, иод, молибден және басқа элементтер) ; 2) жануарларды тек астаудан азықтандырады; 3) малдарды су құбырынан, құдықтан, ағыны жылдам өзендерден таза, жаңа сумен суарады. Көлшіктерден, тұрып қалған сулардан тек сүзгіш-құдық жасау арқылы суаруға рұқсат етіледі. Шұңқырдағы, жырадағы, батпақтағы және малдың дәреті араласқан судан суаруға болмайды; 4) мал қораларын, азықтандыратын және суаратын астауларды, күту құралдарын, күншуақты алаңқайды, ауланы, серуен алаңын, мүліктерді, жабдықтарды және қора айналасын тазалықта ұстауды қамтамасыз етеді. Жануарларды санитарлық нормаға сәйкес құрғақ, жарық, жақсы желдетілген қорада орналастырады; 5) мал қораларында, мал азығын сақтайтын және су көздеріне жақын жерлерде иттерді ұстауға болмайды; 6) қорадағы, серуен алаңындағы көңді және саңғырықты үнемі зарарсыздандыруға арналған көңқоймаға жинайды; 7) әрбір дегельминтизациядан кейін мал қиын 3-5 күн аралығында жинап, содан кейін дезинвазия жасайды. Мал қораларына, серуен алаңдарына, жабдықтарға және мүліктерге дезинвазия жасалады; 8) малды құрғақ жайылымға жаяды. Жайылымның батпақты, ойпатты, малдың дәретімен ластанған жерлерінде жаюға болмайды; 9) жануарлардың жас төлдерін (мониезиоз ауруына аса бейімділігіне қарай) қырат жерлерде, жақсартылған жайылымда бағады, бұзауларды қорада және байлап-серуендеу күтіміне алады, қыста ерте қой қоздату және басқа шараларды қолданып, мониезиоздан таза төлдердің сау отарларын құруды қамтамасыз етеді [5] .

Slide 13

Жалпы шаралар

Малдардың диктиокаулез ауруын жою және сақтандыру мақсатында мал иесі мен ветеринария мамандары ұйымдастыру-шаруашылық, агромелиоративтік, жалпы зоогигиеналық, ветеринарлық-санитарлық және арнайы емдеу-сақтандыру шараларын, ауру қоздырғышының биологиясын, жергілікті жердің климаттық-жағрапиялық жағдайын, эпизоотиялық ерекшелігін және малдардың бағу технологиясын ескеріп кешенді жұмыстар атқаруға міндетті.

Ұйымдастыру-шаруашылық шараларының барлық мал басын құнды азықпен, суару, азықтандыру, күтім шарттарының зоогигеналық талаптарға сай жүргізілуі малдарды диктиокаулез ауруынан сақтандыруға бағытталған.

Жайылымды пайдаланатын немесе қорада-серуендетіп бағатын шаруашылық субъектілерінде табиғи жайылымдар мен шабындықтарды жүйелі түрде жақсарту шараларын, (жер суландыру, тастардан, бұталардан, орман жайылымын ағаш түбірі мен қалдығынан тазарту) екпелі жайылымдарды құру, сонымен қатар 5-7 күн сайын қоршаған жайылымды оңтайлы пайдаланып ауыстырып отыру керек [3] .

Slide 14

Қорытынды

Малдардың диктиокаулез ауруын жою және сақтандыру мақсатында мал иесі мен ветеринария мамандары ұйымдастыру-шаруашылық, агромелиоративтік, жалпы зоогигиеналық, ветеринарлық-санитарлық және арнайы емдеу-сақтандыру шараларын, ауру қоздырғышының биологиясын, жергілікті жердің климаттық-географиялық жағдайын, эпизоотиялық ерекшелігін және малдардың бағу технологиясын ескеріп кешенді жұмыстар атқаруға міндетті.

Slide 15

Шошқа метастронгилезі

Slide 16

Шошқа метастронгилезі

Бронхит, бронхопневмония

Қаназдық, өсуі тежеледі

Торайлар шығыны 30%

Шошқалардың қоңы күрт төмендейді, етінің сапссы төмендейді [1] .

Slide 17

Қоздырғышы

Metastrongylus - ақ немесе ақ сары түсті ұзын және жіңішке құрт. Ауыз тесігі кішкентай, 6 ерінмен көмкерілген. Еркегінің бұлтығы дамыған, оның ұзын жіп тәрізді қоңыр түсті екі спикуласы бар. Ұрғашысының бәтегі дененің артқы аналь тесігі қасына орналасқан және ол кутикулярлы қақпақшамен жабылып тұрады [2] .

Slide 18 Slide 19

Өсіп-өнуі

Тыныс алу жолдарына қоныстанған ұрғашы құрттар көптеген жұмыртқалар салады, олар бронх, кеңірдек шырышымен бірге біртіндеп жылжып, шошқа көмейіне, аузына жетеді. Шошқа жұтынғанда, олар ііпек-қарынға түсіп, нәжіспен бірге сыртқы ортаға бөлініп шығады. Құрт жұмыртқалары паразитгің аралық иелері, яғни, жауын құрттар денесіне қорек ретінде еніп, дамуын әрі қарай жалғастыра береді. Балаңқұрттар жүмыртқа қабығын жарып шығып, жауын құртының өңешінде екі рет түлеп, 10-15 күн аралығында жұқпалы сатысына жетеді. [3]

Slide 20

Эпизоотологиясы

Қазақстанның кейбір оңтүстік-шығыс аудандарында метастронгилез аналық шошқадан ажыратылған торайлар мен марқа торайларда күзде, ересек шошқаларда - жазғытұрым және күз айларында жиі байқалады. Бұл дерт 2-6 айлық шошқалар арасында көбірек кездеседі [4] .

Slide 21

Сырт белгілері

Торайда әуелі жеңіл жөтел пайда болады, ол жануар қозғалған кезде үдей түседі. Шошқа демігеді, танауынан қою сарғыш түсті, сұйық ағады. Кілегей қабықтары бозарған, көгерген, тамыр соғуы жиілейді, дене қызуы қалпында, бірақ асқынғанда көтеріледі. Өкпе ауатамырлары құрттардың көп мөлшерімен бітеліп, ағза бөлігін істен шығаруы мүмкін. Торайлардың өсіп-жетілуі баяулайды. Сақа шошқаларда метастронгилез әдетте субклиникалық түрде өтеді, яғни клиникалық көріністер білінбейді[5] .

Slide 22

Өлекседегі өзгерістер

Оларды бронхтар мен бронхиолалардан, сондағы ұлпа- лардан табуға болады. Ағза қуыстарынан шырышты сұйық пен нематодалар табылады. Бронхит пен перибронхит белгілері айқын. Өкпе үлпасында диффузды пневмония және альвеоларлы эмфизема пайда болады, ал үлпершегінде дәнекер торшалармен қоршалған түйіншектер ұшырасады[4] .

Slide 23

ЕМІ


Ұқсас жұмыстар
Мүйізді ірі қара диктиокаулезі, шошқа метастронгилезі және оларға қарсы ветеринариялық- санитариялық шаралары
Шошқа аскаридозын, жылқы параскаридозын диагностикалау
Шошқа метастронгилезі
ШОШҚАНЫ БОРДАҚЫЛАУ ТҮРЛЕРІ
Ресейге қоныс аударуы
Қызыл балықтың фурункулезі
Инвазиялық ауруға ұшыраған құс ұшасын ветсан сараптауға арналған
Дикроцелилоз
Жылқы стронгилоидозы. Торайлар стронгилоидозы
Құс гельминтоздары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz