Көңіл күй одағайы
Презентация қосу
В1 орта деңгей
Лексика:
Қуыршақтарым - ұлттық тәрбие құралы
Мәтінді оқыңыз.
Қуыршақтарым - ұлттық тәрбие құралы
«Қазақстанда жасалған». Осы сөз тіркесін тауарлардың сыртынан оқыған кезде
ойыңызға не келеді? Отандық өнімнің нарықта көбейіп жатқанына, сөз жоқ,
«бәрекелді!» деп қуанып қаламыз. «Болашақта отандық тауарлар сапасы жағынан
шетелдік өнімдердің алдын орап әкетеді», - дейді белгілі әнші, продюсер және
ұлттық нақыштағы «Бал-бала» ойыншықтары идеясының авторы Қыдырәлі
Болманов.
– Қыдырәлі аға, «Бал-бала» компаниясын құру қалай басталды және қазір оның
жұмысы қалай алға басуда?
– Шүкір, ойға алған ісіміз рет-ретімен жүзеге асырылып жатыр. 2010 жылдан
бастап қазақ тілінде ән айтып, өлең оқитын «Бал-бала» қуыршақтарын шығарып,
балаларға жеткізуді қолға алған болатынбыз. Бүгінгі таңда компанияның Астана,
Алматы, Ақтөбе, Атырау, Орал мен Жезқазған және Өскемен өңірлерінде
бөлімшелері жұмыс істейді. Болашақта басқа облыстарға да шығартамыз.
- «Бал-бала» ойыншықтарының бірі – «Азиада-2011» қысқы Азия ойындарының
басты символы – барыстың бірнеше түрін жолықтырдық. Ойыншықтардың біріне
бала даусымен еліміздің әнұранын орындатсаңыз, екіншісіне күмбірлетіп
«Сарыарқа» күйін тартқыздыңыз. Көрген адамдар «Ой, пәлі, мынау қандай
керемет!»,- деп жатты. Қазір қуыршақтың қанша түрі шығарылады?
– Қуыршақтардың бас-аяғы 30-ға жуық түрі бар. Олардың қатарында Тазша бала,
Алдар Көсе, Ер Төстік сияқты аңыз-ертегілердің кейіпкерлерімен қатар «Айгөлек»
әнін шырқайтын Сұркөжек пен әнұранды жатқа білетін Барыс та бар
– Компания атының «Бал-бала» аталуының себебі неде?
– Қазақта «балдай тәтті», «балдай» деген тамаша сөздер бар. Бұлар көбінесе кішкентай сәбилерге
қатысты айтылады. Қуыршақтар балаларға арналғандықтан, «Бал-бала» деген есімді беруді жөн деп
таптық.
– Қуыршақтарды жасап шығаруда қандай қиындықтар бар?
– Өмірдегі жеңістің барлығы қиындықпен келмей ме?! Қиындыққа шыдау керек. Қуыршақтарды
«сөйлетіп», «қозғалту», қазақша әндерді қуыршақтарға «енгізу» - өте үлкен жұмыс. Дайын тауарды
Қазақстанға жеткізу, оны республиканың әр аймағына апарып, тарату, түһ, айта берсең көп қой, шіркін,
бірінен кейін бірі шыға береді.
– Алға қойған мақсат-міндеттеріңізбен бөліссеңіз...
– Жуық арада сөйлесуге болатын «Қарақат» қуыршақтары қолға тиюі тиіс. Бала қуыршаққа сұрақ
қояды, ал ойыншық сәбиге тиісті жауабын береді. Екі жарым минут ішінде едәуір әңгімелесуге
болады. Сонымен қатар «Бал-баланың» қуыршақтарының бәрін мультитоптамаға кірістіреміз. Ондағы
мақсатымыз – қызықты мультипликациялық туындылар жасау. Болашақта, шіркін, балалар
ойыншығын жасайтын зауыт ашсақ деген ойымыз да бар. Қазірдің өзінде бұл жоба аясында
жиырмадан астам адам жұмыс жасап жатыр. Зауыт ашылған жағдайда, 200-300-дей адам жұмыспен
қамтылатын болады.
– Бәрекелді! Істеріңізге сәттілік тілейміз, ендеше!
«Ел» ұлттық қоғамдық-саяси экономикалық апталығынан өңделініп алынды.
4. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап
беріңіз.
1. «Бал-бала» ойыншықтары қандай іс-
шараның басты белгісіне айналды?
2. «Бал-бала» ойыншықтарының кейіпкерлері
қандай кімдер?
3. Ойыншық шығаратын бұл компанияның дәл
осылай аталуының себебі неде?
4. Өндіріс иесінің пікірінше, ойыншық шығару
оңай іс пе?
5. Отандық бұл өндіріс компаниясының
болашаққа қойған қандай мақсаттары бар?
6. Идея авторына, отандық өндірушіге қандай
тілек айтасыз?
5. Артық болмас білгенің
1. Берілген арыз мәтінін оқыңыз
«Астықжан» дүкенінің тілек-шағым кітапшасы
Құрметті тұтынушылар!
Бұл кітапшаға өздеріңіздің тек шынайы, әділ пікірлеріңіз бен сын-
ұсыныстарыңызды жазуларыңызды сұраймыз.
«Астықжан» дүкенінің әкімшілігі
Құрметті «Астықжан» дүкенінің қызметкерлері! «Астықжан» дүкенінің меңгерушісіне!
Сіздердің біз үшін жасап жүрген қызметтеріңізге Дүйсенбі, 10.09.2012 жылы сіздің
шын жүректен ризамын. Сіздерге жұмыста табыс дүкеніңізден алған сүт өнімінің сапасы өте
тілеймін. Игі тілекпен, Алма Расулқызы. 02.10. нашар болып шықты. Сатып алу кезіндегі есеп
2017 ж. қағазымен қайта алып келдім.
Осыған қатысты тиісті шара қолдануыңызды
сұраймын.
Тұтынушы: Дария Мақсұтқызы.
11.09.2017 ж
6. Жазылым
1. Сіз сатып алған кілегей және жұмыртқаның сапасы нашар, бұзылып
кеткен.
2. Сіз сатып алған көйлекке дақ жұғып қалған. Қайта алып келіп
өткізіп, осы туралы шағымыңызды жазыңыз.
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
7.Ережемен танысыңыз.
Одағай
Одағай дербес мағынасы жоқ, адамның көңіл күйін білдіретін немесе жануарларға қаратылып
айтылатын сөз.
Бәрекелді, жоспарды асыра орындапсыздар!
Ойпырым-ай, биыл қыс суық болатын сияқты.
Қап! Бүгінгі істі ертеңге қалдырмау керек еді.
Қазір демалысқа кетсем ғой, шіркін!
Түрлері:
Атауы мағынасы мысалы
Көңіл күй одағайы. Адамның көңіл күйін білдіретін сөздер: алақай! Әттең! бәрекелді!
Жекіру одағайы. Жекіру, тыйым салу мәнін білдіретін сөздер: тәйт жә тек
Шақыру одағайы. Мал, ит-құсты шақыруға не қууға байланысты айтылатын сөздер:
шөре-шөре құрау-құрау көс-көс
Тыныс белгісі: Сөйлемде үтірмен ажыратылады.
8. «Қуыршақтарым …» мәтінінен одағайларды тауып жазыңыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz