Әлеуметтану міндеттері


Slide 1

Тақырып: Қазіргі әлемді түсінудегі әлеуметтану Пән: Әлеуметтік-саясаттану білім модулі Барлық мамандықтардың студенттеріне арналған

Лектор: аға оқытушы Мухитов О. М.

Ақтөбе 2020

Slide 2

Дәріс жоспары

2

1

Әлеуметтанудың зерттеу нысаны мен пәні

2

Әлеуметтанудың басқа әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдармен байланысы

3

Әлеуметтанулық білімнің құрылымы

4

Әлеуметтанудың заңдары

5

Әлеуметтану ғылымының қызметтері (функциялары)

Slide 3

1. Әлеуметтанудың зерттеу нысаны мен пәні

XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басында қоғам туралы ғылыми зерттеулер экономикалық, демографиялық, заңдық және өзге де аспектілерде бөліне бастады. Бұған әлеуметтанымдық зерттеулер де қосылды. Осы кезеңнен бастап қоғам дамуының жан-жақты құбылыстарын танып білуде оның әлеуметтік жақтарына көңіл аударуға байланысты әлеуметтану пәні қалыптаса бастады.

Этимологиялық тұрғыдан алғанда «Социология» деген қоғам туралы ғылым. Бұл термин латынның societas (қоғам) және гректің logos (ілім) деген екі сөзден құралған, ал оны ғылыми қолданысқа енгізген, осы дербес ғылымның негізін салушылардың бірі саналатын француз ойшылы Огюст Конт. Сонымен «Әлеуметтану» - тарихи қалыптасқан әлеуметтік жүйелер дамуының, оның өмір сүруінің өзіндік заңдары мен заңдылықтары, жекелеген адамдардың, әлеуметтік топтардың, таптардың халықтардың өміріндегі осы заңдардың әрекет ету механизмдері мен көріну формалары туралы ғылым. (П. А. Сорокин. Система социологий. Т. 1. ) Ал неміс ғалымы М. Веберге сүйенсек, әлеуметтану - әлеуметтік жүріс-тұрыстарды түсіну мен ұғындыруға ұмтылатын ғылым. Себебі, оның ойынша, әлеуметтік жүріс-тұрыс адамның қатынастарынан туындайтын оның позициясы. Қазіргі замандық ғылымда - әлеуметтану қоғамды әлеуметтік толық жүйе ретінде қарастыратын және осы жүйенің жеке тұлғалар, әлеуметтік қауымдар, институттар сияқты өзіндік құрамдас элементтері арқылы қызмет етуі мен дамуы туралы ғылым деген анықтама кең тараған.

Әлеуметтанудың зерттеу нысаны (объектісі) - қоғам және оның өмір сүру, даму заңдылықтары. Басқаша айтқанда, құрамында топтары, таптары, жіктері, ұйымдары, ұлттары, халықтары бар әлеуметтік қоғам әлеуметтанудың негізгі зерттеу нысаны болып табылады. Әлеуметтанудың зерттеу объектісінің ерекшелігі объективті өмірдің нақтылы реалдығымен байланысында.

3

Огюст Конт

(1798-1857)

француз философы, әлеуметтанушысы, философиядағы позитивизм мектебінің негізін қалаушы

Еңбегі - «Позитивтік саясат жүйесі, немесе Адамзат діндері негіздері туралы социологиялық трактат»

Макс Вебер

(1864-1920)

неміс әлеуметтанушысы, әлеуметтік философ, тарихшы

Еңбектері: «Түсіністікті әлеуметтанудың кейбір белгілері жөнінде», «Әлемдік діндердің шаруашылық этикасы»

Slide 4

4

Тарих барысында әлеуметтану пәні туралы түсініктер ауысып отырды. Мысалы, Ұлы француз социологі Эмиль Дюркгейм пәнді әлеуметтік фактілер деп көрсеткен. Қазіргі замандық ғылымда - әлеуметтану пәні әлеуметтік байланыстар, әлеуметтік өзара әрекеттесулер, әлеуметтік қатынастар және оларды ұйымдастыру амалдары деп танылады. Немесе, тағы бір анықтаманы келтіретін болсақ - қоғамдағы жеке адамдар, әлеуметтік топтар, жіктер мен қауымдастықтар, институттар мен процестер тіршілігі мен қарым-қатынастарындағы, олардың іс-әрекеттеріндегі барлық проблемалық жағдайлар социологияның зерттеу пәні болып табылады. Сонымен, әлеуметтік, әлеуметтік байланыстар мен қатынастар, оларды ұйымдастыру амалдары сияқты ұғымдар әлеуметтанулық білім пәнінің ерекшелігін түсінудің бастаулары болып табылады.

Жалпы айтқанда, әлеуметтану пәніне әлеуметтік ерекшелігі бар барлық байланыстар мен қатынастар жиынтығын жатқызамыз. Әлеуметтік дегеніміз қоғамдағы қарым-қатынастардың, индивидтердің бірлескен іс-әрекеттерінің жиынтығы, олардың қоғамдық өмірдегі құбылыстар мен процестерге қарым-қатынасы. Қазіргі ғылымда «әлеуметтік» деген терминнің бірнеше мағынасы бар. Біріншіден, бұл термин адамдар арасында әлеуметтік байланыстардың болатындығын дәлелдейді. Осы мағынада «әлеуметтік» термині - қоғамдағы жасына, дүние-мүлкіне, ұлттық белгілеріне қарай ерекшеленетін адамдардың, түрлі қауымдардың өзара ықпалдары жүзеге асатын қоғамдық өмір өрісін анықтаумен байланысты. Ресей ғалымы Г. В. Осипованың айтуынша әлеуметтік деген, қоғамдық қатынастардың тұлғааралық деңгейдегі көрінісі. Шын мәнінде индивидтер өзара әрекеттесу процесі арқылы бір-біріне әсер береді, себебі олардың әрқайсысының өзіндік әлеуметтік сапа-қасиеттері бар.

Эмиль Дюркгейм

(1858-1917)

француз әлеуметтанушысы, саясаттанушысы

Дюркгейм "Әлеуметтанулық әдістің қағидасы" (1895) атты кітабында өзінің методологиясындағы басты қағиданы "әлеуметтік фактілерді заттар ретінде қарастыру керек" деп түйіңдеді.

Slide 5

Екіншіден, қоғамды тұтастай алғанда және оны табиғатпен салыстыру үшін кең мағынада қолданылады. Бұл ретте «әлеуметтік» термині «қоғамдық» терминімен теңеседі. Қоғам - әлеуметтің жоғары құрылымының жемісі. Сондықтан «әлеуметтік» сөзінің мағынасы «қоғамдық» сөзінен әлдеқайда кең.

Үшінші жағдайда, Біз «әлеуметтік» терминің сөздің кең мағынасында, адамзат тіршілігінің өзіне ғана тән ерекшелігін бейнелейтін жаңаша сапада қолданамыз. Ол қоғамның әлеуметтік жағдайының барлық құбылыстарын, оның қарапайым түрлерін де, күрделі жүйелерін де, жекелеген әлеуметтік әрекеттерді де, сондай-ақ, дамыған әлеуметтік институттарды да қамтиды.

Профессор Қ. Ғ. Ғабдулинаның пікірінше, социология мен әлеуметтенуды айыра білу керек. Себебі, қазіргі заманғы социология - осы ғылымды құрайтын бір-бірімен тығыз байланысты түрлі теориялар мен білімдердің жиынтығы. Сондықтан социологиялық зерттеулер әлеуметтік зерттеулердің негізін құрайды.

Ал әлеуметтану болса экономика, құқықтану, халықтану (демография), мәдениеттану, этнология, психология және т. б. қоғамдық ғылымдарға байланысты қолданылады. Арнайы ғылыми түрде «әлеуметтану» термині әлеуметік қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын әлеуметтік қатынастардың құрлымын талдау, - деген мағынаны білдіреді. Әлеуметтік дегеніміз қоғамдағы қарым-қатынастардың, индивидтердің бірлескен іс-әрекеттерінің жиынтығы, олардың қоғамдық өмірдегі құбылыстар мен процестерге қарым-қатынасы. «Әлеуметтануды» адамдардың қоғамдық өмірге қатысу негіздерін зерттеу ретінде түсінуге болады.

5

Slide 6

6

Әлеуметтану пәнінің қалыптасуы әруақытта оның категориялары арқылы жүзеге асырылады. Категориялар (яғни, жалпы ұғымдар) өмірдің нақтылы шындығын, әлеуметтік құрылымның дамуындағы маңызды жақтарды, ондағы қатынастар мен байланыстарды бейнелейді. Олар осы қатынас байланыстардың тұрақты, қайталанын, маңызды түрлерін және құбылыстар мен процестердің өзара іс-қимылын көрсетеді. Бұл категориялар (яғни, жалпы ұғымдар) бір-бірімен тығыз байланыста, қатынаста болады, олар ешуақытта бір-бірінен бөлек, оқшау тұрмайды. Категориялардың негізінде әлеуметтанудың заңдары қалыптасады. Әлеуметтанудың категориялары алуан түрлі болады. Бұған адам қоғамына тән қасиеттердің бәрі кіреді: «әлеуметтік жүйе»; «әлеуметтік байланыс»; «әлеуметтік қатынас»; «әлеуметтік процесс»; «әлеуметтік тұлға»; «әлеуме әлеуметтікттік бірлік»; «әлеуметтік құрылым»; «әлеуметтік ұйым»; «әлеуметтік институт»; «әлеуметтік бақылау»; «әлеуметтік басқару»; « әлеуметтік ережелер»(бұған құқықтық ережелер, оның жартылай бөлігі) ; «стратификация», «әлеуметтік рөл», «әлеуметтік статус», « әлеуметтік тәртіп», «әлеуметтік сана», «әлеуметтік талап-тілек», «әлеуметтік топ», «әлеуметтік мүдде», «әлеуметтік тұтыну», «әлеуметтік қауіпсіздік», «әлеуметтік қорғау», «әлеуметтік белсенділік», т. б. Осыған орай кейбір категорияларға жеке тоқталайық. Негізінде әлеуметтану екі үлкен категорияға басты назар аударды. Ол - қоғам және тұлға. Ал, қоғам туралы әлеуметтану мәселесі қозғалғанда төмендегі категориялар арқылы (жалпы ұғымдармен) зерттеу жүргізеді. Ол - «әлеуметтік бірлік». Бұл адамдардың арасындағы әр түрлі қарым-қатынастар. Осы қарым-қатынас, байланыстардың негізінде олардың күнделікті өмірі мен іс-әрекетінің мұң-мұқтажын, талап-тілектерінің бірлігі жатыр.

Slide 7

Әлеуметтік бірлестіктер қоғамды қайта құру, өзгерту субъектісі болып саналады және бұл - әлеуметтік субъектінің өзін-өзі ұйымдастыруның тұрақты түрі. Әлеуметтік бірлестіктің түрлеріне: отбасы, адамдардың әлеуметтік - таптық, топтық, әлеуметтік - демографикалық, ұлттық, территориялық, мемлекеттік және бүкіл адамзаттық қоғам бірліктері, қозғалыстары, т. б. жатады. «Әлеуметтік құрылым». Бұл өндірістегі қоғамдық еңбектің бөлінуінің реттелген жүйесі және осыған сәйкес меншікке, билікке, басқаруға, қоғамдағы адамдардың құқық және міндеттеріне қатынастарының жүйесі. «Қоғамдық сана». Бұл қоғамның рухани құрылымның жиынтығы. Қоғамдық сана әруақытта тікелей немесе күрделі болып, қоғамдық сипатта болады. Яғни, ол жалпы қоғамға тән қасиет. «Әлеуметтік топ» - бұл қоғамның құрылымы, оның жікке бөлінуі, әлеуметтік теңсіздік; «тұлға» - бұл адамның әлеуметтік сапасы, оның мәні. Әлеуметтану тұлғаны талдап, зерттегенде әр түрлі ұғымдарды қолданады. Әлеуметтік құндылық. Бұлар қоғамдық қатынастарды, мұң-мұқтажды, талап-тілектерді анықтайтын тұлғалық құнды нұсқаулар. Бұлар адамдардың тәртібінің іштей реттелуі, басқарылуы арқылы белгіленеді. «Әлеуметтік нормалар» (ережелер) қоғамда қалыптасып, реттеліп отыратын ережелердің жиынтығы.

7

Slide 8

8

Slide 9

9

Slide 10

2. Әлеуметтанудың басқа әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдармен байланысы.

Әлеуметтану жеке дара емес, басқа да әлеуметтік ғылымдармен тығыз байланыста дамып отырады. Әлеуметтанудың әлеуметтік философиямен, тарихпен, саясаттанумен, және басқа да ғылымдармен арақатынасын, өзара әсерін зерттеу аса маңызды. Әлеуметтанумен әлеуметтік философияның арақатынасы социологияның философия ғылымына жатпайтындығына, әлеуметтік философияға қарағанда қоғамның аясы тарлау заңдарын зерттеуіне байланысты. Әлеуметтану да әлеуметтік философия да қоғамды тұтастай интегралды құрылым ретінде қарастырады. Бұл - осы екі ғылым саласының тығыз байланысын көрсететін ортақ белгілері. Әлеуметтік философия әлеуметтанудың жалпы теориялық және методологиялық негізі болады. Қоғамның жалпы философиялық заңдарының, категориялардың, ұғымдардың ауқымына сия бермейтін өзіндік ерекше әлеуметтік байланыстары мен әсері, қырлары, жақтары, ерекшеліктері болады. Әлеуметтану осыларды зерттейді. Егер әлеуметтік философия өзінің дамуында қоғам туралы арнайы ғылымдардың жетістіктеріне тікелей сүйенетін болса, социологиялық зерттеулер басқа да қоғамдық ғылымдардың жетістіктерін пайдалана отырып, эмпирикалық тұрғыдан тексеруге болатын әлеуметтік деректерді жинау мен талдауға, жинақталған нақтылы эмпирикалық мәліметтерге тікелей негізделеді. Ал әлеуметтік философия қоғамдық дамуды абстракциялы түрде жоғары деңгейде сипаттайды.

10

Slide 11

Қоғам тарих ғылымының да зерттеу нысаны саналады. Тарих пен әлеуметтанудың айырмашылығы мынада: тарих қоғамның өткенін зерттеп, оның даму жолдарын нақтылы жүйемен түсіндіруге мән береді, ал социологияда қоғамның ағымдағы құрылымы мен өмір сүруіне көңіл аударылады. Социологтың міндеті негізінен қоғамның бүгінгі күйін талдау. Тарих пен социологияның арасында ортақтық пен өзіндік ерекшеліктер бар.

Әлеуметтану саясаттанумен де тығыз байланыста. Мысалы, әлеуметтік қауымдастықтар, әлеуметтік ұйымдар, әлеуметтік институттар - саясаттанудың да социологияның да зерттеу нысаны. Бірақ та екуінің өзіндік айырмашылықтары да бар. Әлеуметтану қоғамның әлеуметтік құрылымы, адамдардың, әлеуметтік топтардың, ұлттар мен халықтардың әлеуметтік мәртебесі, олардың өзара әсері, т. б. тұрғысынан қарастырады. Саясаттану болса, қоғамға азаматтардың құқықтары мен міндеттерін талдау тұрғысынан келіп, саяси жүйенің құрылымы мен саяси билік қатынастарын зерттейді; саяси институттар мен ұйымдардың орнын, ролі мен қызметін айқындайды. Социологиялық зерттеулер де саясаттануда кеңінен қолданылады.

Экономика ғылымының әлеуметтанудан айырмашылығы сол, ол қоғамды тұтас жүйе түрінде емес, оның бір ғана экономика саласын зерттейді. Экономика ғылымы материалдық өндірісті, адамдардың экономикалық іс-әрекеттерін, т. б. тұтас түрінде зерттесе, социология толығымен экономика ғылымына арқа сүйейді. Сондай-ақ, әлеуметтану құқықтану, әлеуметтік психология, демография, мәдениеттану т. б. ғылымдармен де тығыз байланысты.

Сонымен философия да, тарих та, саясаттану да, социология да қоғамды өз тұрғыларынан зерттейді: философия қоғамның дамуы мен өмір сүруінің жалпы заңдарын ашады; тарих осы заңдардың тарихи қозғалыста жүзеге асуын қарастырады; саясаттану қоғамның саяси жүйесі мен билік мәселелерін қарастырады; ал социология қоғам құрылымындағы осы жалпы заңдарды нақтылай түседі.

11

Slide 12

3. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы.

Әлеуметтану ғылымын осы құрамдас бөліктерге бөліп қарастыруға болады:


Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану ғылымының қызметтері
Мифология және философия
ФИЛОСОФИЯ ТАҚЫРЫП
ФИЛОСОФИЯ ТАҚЫРЫП. ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ
Білімнің қызметтері әлеуметтік
Экономикалық әлеуметтанудың пәні
Экономикалық жүйелердің типтері
Әлеуметтік зерттеулер
Әлеуметтанудың әдістемесі
Жоғары мектеп педагогикасының мақсаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz