Жамбас белдеулерінің сүйектері


Slide 1

Семинар№3 Тірек-қимыл аппаратының функциялары

Орындаушы: Маматниязова Сарвиназ

Тобы:ИЯ-22-111-30

Қабылдаушы:Каршыга Тасболатовна

Slide 2

Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) - кеңістікте қозғалу мүмкіндігі мен ағзаның ішкі мүшелерінің қорғанысын қамтамасыз ететін, оған тірек болатын, ағзаға пішін беретін, қаңқа түзуші құрылымдар кешені, адамның қозғалыс аппараты.

Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) 640 бұлшықеттен, 200-220 сүйектен (қаңқа), бірнеше жүздеген сіңірден тұратын өздігінен жұмыс атқаратын механизм.

Тірек -қимыл жүйесінің өсуіне гипофиз гармоны соматотропин ықпал етеді.

Қаңқа мен бұлшық ет тірек-қимыл жүйесін құрайды. Тірек-қимыл жүйесі тіректік, қозғалтқыш, қорғаныш және қор қызметтерін атқарады.

Slide 3

ТІРЕК ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІ

АКТИВТІ ПАССИВТІ

200-220 сүйек

640 бұлшықет кешені

БҰЛШЫҚЕТ ҚАҢҚА

Slide 4

ТІРЕК ҚИМЫЛ АППАРАТЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ

Қызметтері:

Тірек - бұлшық еттер мен ішкі мүшелерді бекіту;

Қорғаныс - өмірлік маңызды органдарды қорғау (ми мен жұлын, жүрек және т. б. ) ;

Қозғалыс - қарапайым қозғалыстарды, қозғалыс әрекеттерін (қалып, локомоция, манипуляция) және қозғалыс қызметін қамтамасыз ету;

Рессорлық -физикалық соғыстан серпімді жауап қату мен сілкіністерді жұмсарту;

Гемопоэз функциясы - қызыл сүйек кемігінде қанның түзілуі

Метаболикалық функция -кальций, темір, мыс және фосфор алмасуына қатысу, минералды метаболизм, қан айналымы

Slide 5

Қаңқа (sceleton, грекше -кептірілген скелет) - механикалық маңызы бар, мезенхимадан дамитын тығыз түзілістердің жиынтығы болып табылады. Ол өзара дәнекер, шеміршек немесе сүйек тіндерінің көмегімен байланысқан жеке сүйектерден тұрады; қаңқа қимыл аппаратының пассивті бөлімін құрайды.

Қаңқаның атқаратын механикалық қызметі тірек, қорғаныш және қозғалысты іске асыру қабілетімен сипатталады.

Slide 6 Slide 7 Slide 8

Сүйектің құрылысы мен құрамы

Адам қаңқасының негізі сүйек. Сүйек қан тамырлары мен нервтар өтетін сүйек каналдарының айналасында орналасқан остеон деп аталатын жұқа пластинкалардан тұрады. Сүйектің сыртында сүйек қабы бар. Тек қана буындарда сүйек қабының орнына шеміршек болады. Остоендардың орналасуына қарай сүйек екі түрлі заттардан тұрады: тығыз және кемік заттар.

Slide 9

Баланың сүйектерінің ерекшелігі

Жалпы алғанда балалар мен жасөспірімдердің сүйектері серпімді, жұмсақ, оңай өзгергіш келеді. Сондықтан гигиеналық талаптарды дұрыс орындамағанда сүйектері тез бұзылып, денсаулығына зиян болады. Әсіресе мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларының сүйектері өте серпімді болады. Олардың сүйектері еркін қатпағандықтан үйде, балалар бақшасында, мектепке дене еңбегі мен спорт ойындарын ұйымдастыруға деген гигиеналық талаптарды, үстелде дұрыс отыру ережелері, баланың ұйықтайтын төсегіне арналған талаптар сақталмаған жағдайда сүйектері тез ерекшеленіп жетіледі.

Slide 10

Баланың қимыл-қозғалысы

Жаңа туған нәрестенің денесінің, аяқ-қолдарының қимылдары өте көп, бірақ олар дұрыс үйлеспеген, еріксіз шым-шытырық қимылдар түрінде орындалады. Алғашқы дұрыс бағытталған қимылдары баланың 2-3 айлық өмірінде көріне бастайды: ең алдымен жарық көзіне немесе дыбыс шыққан жаққа басын бұрады. 3 айда шалқасынан жатқан балаа аунап түсе алады, 7 айда отырады. Кейіннен заттарды ұстап үйренуге және еңбектеуге байланысты қолдарының ерікті қимылдары пайда болады. Соның нәтижесінде нәресте көзіне түскен затты ұстай алады. Бұл қимылдар көру арқылы кеңістіктен баланың алған мәліметтеріне байланысты туындайды. Ұйымдастырылған қозғалыстар аз болуына байланысты соңғы жылдары гиподинамияның белгілері пайда бола бастайды. Гиподинамия деп бұлшық еттердің қозғалыс белсенділігінің төмендеуін айтады.

Slide 11 Slide 12

Тірек қимыл жүйесінің бұзылуының алдын алу гигиенасы және оның маңызы

Баланың жататын төсегі, тамақ ішкенде, сурет салғанда отыратын үстелі мен орындығы, еңбек мөлшері, киімі гигиеналық талап бойынша жасына сәйкес болуы керек. Баланы дұрыс отыруға, жатын орнында дұрыс жатуға дағдылау қажет. Физиологиялық және гигиеналық тұрғыдан қарағанда бала үстелде тік дұрыс отырып дағдылағанда омыртқа сүйектері қисаймай, дұрыс өседі, бұлшық еттері шынығады. Ірі қан тамырлары мен жүрегінің қызметі жақсы жетіледі.

Slide 13 Slide 14 Slide 15

Омыртқа жотасы

Омыртқа жотасы- бүкіл дененің тірегі. Ол бір-бірімен буын арқылы жалғасқан 33-34 омыртқадан тұрады. Омыртқа жотасын беске бөледі: 7 мойын, 12 көкірек немесе кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз, 4-5 құйымшақ омыртқалары.

1-мойын лордозы

2- кеуде кифозы

3-бел лордозы

4-сегізкөз кифозы

5-алға шыққан омыртқа

6-омыртқа сайы

7-көлденең өсінді

8-омыртқаның денесі

9-омыртқа аралық қуыс

10-сегізкөз сайы

Slide 16

Қабырға

Қабырғалар 12 жұп, иілген ұзын сүйектер. Олар бір-бірімен жалғасып кеткен. Қабырғаның басы, мойны, денесі болады. Қабырға денесінің алдыңғы жақ ұшы төс сүйегімен жалғасады. Жоғарғы қос қабырғаның мойыны мен денесінің қосылатын жеріндегі қабырға бұдыры омыртқаның көлденең өсіндісімен жалғасады.

А-І қабырға; Б-ІІ қабырға;

1- қабырға томпағы

2-қабырға ойығы

3-мойыны

4-басы

5-денесі

Slide 17

Төс

Төс-жалпақ сыңар сүйек. Дененің көкірек қуысының алдыңғы сызығының бойында орналасады. Төс сүйегінің денесі, тұтқасы, семсершесі болады.

1-мойынтұрық ойығы

2-бұғана ойысы 3-төс сабы 4-қабырға ойығы 5-денесі

6-семсершесі

Slide 18

Жауырын

А - алдыңғы көрініс;

Б - артқы көрініс; В - қырынан: 1 - құс тұмсық өсіндісі; 2 - жоғарғы ұшы; 3 - жоғарғы бұрышы; 4 - акромион; 5 - буын ойдымы; 6 - жауырын асты ойдымы; 7 - жауырын мойыны; 8 - медиаль шеті; 9 - латераль шеті; 10 - төменгі бұрыш; 11 - жауырын ойдымы; 12 - қыр үсті; 13 - жауырын қыры; 14 - қыр асты

Жауырын-жалпақ қос сүйек, ол омыртқа және қабырға сүйектерімен бұлшық ет арқылы жалғасқан. Жаңа туған сәбидің жауырын сүйегінің иық, құс тұмсық өсінділерінде, буын бетінде, омыртқа жақ шетінде, жоғарғы және төменгі бұрыштарында шеміршектер болады. Жауырын сүйектері жігіттерде 19-20, қыздарда 18 жаста қатаяды.

Slide 19

Бұғана

А - жоғарыдан көрініс; Б - төменгі көрініс: 1 - акромион ұшы; 2 - денесі; 3 - төс ұшы


Ұқсас жұмыстар
Баланың сүйектерінің ерекшелігі
Қаңқа сүйектерінің ерекшеліктерін жасына байланысты оқып білу
ЖЫЛАНДАР ОТРЯД ТАРМАҒЫ
Жамбас сүйектері
Адам қаңқасы
Аяқ сүйектері
Төс сүйектері
Сіңір созылғанда, буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем Сүйектің сынуы
Сүйек типтері және олардың байланысуы. Байламдар созылғанда, буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек
Аяқ қаңқасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz