Цитология - жасуша туралы ғылым
Презентация қосу
Жасуша барлық тірі
ағзалардың ең кіші бірлігі
Орындаған: Сайдикаримова Дияна
Кіріспе
Жасуша барлық тіршілік иелерінің негізгі
құрылымдық және функционалдық бірлігі болып
табылады және тіршілік иесінің барлық белгілеріне ие:
өсу, зат алмасу және қоршаған ортамен энергия,
бөліну, тітіркену, тұқым қуалаушылық және т.б.
өсімдіктер арасында бір жасушамен ұсынылған түрлер
бар (балдырлардың кейбір түрлері), бірақ көпшілігі
көп жасушалы организмдер. Жасушалардың
құрылымы әртүрлі және олар атқаратын функцияларға
байланысты.
Жұмыстың өзектілігі: Цитология жеке ғылым ретінде
өткен ғасырдың соңгы ширегінде пайда болған. Бірақ клетка
жөніндегі ілім XVII ғасырдан басталады, оның тарихы үш
ғасырды қамтиды. Организмнің клеткалық құрылысының
ашылуы микроскоптың шығуьна байланысты. Осыған сәйкес
жасушаның ашылу тарихын зерттеу жұмыстың өзектілігі
болып саналады.
Жұмыстың мақсаты: Ең алдымен жасушаның ашылу
тарихымен танысу; онан соң жасушаны толығырақ зерттей
отырып, олардың түрлерімен, құрылысымен танысу; өсімдік
клеткасы мен жануарлар клеткасының құрылысын салыстыра
отырып қарастыру.
Цитология - жасуша туралы
ғылым
Жасушаны зерттейтін ғылымды цитология деп
атайды. (грекше, «цитос» - жасуша, «логос» -
ғылым). Цитология ғылымы бір жасушалы,
көпжасушалы ағзалар жасушасының
құрылысын, құрамы және қызметін зерттейді.
Ал жасуша бүкіл тірі денелердің ең қарапайым
құрылысын, қызметін және дамуын сипаттайды.
Өзінің даму бағытында цитология тек
биологиямен ғана емес, сонымен қатар
медицина, ауылшаруашылық, химия, физика,
математика және т.б. ғылымдармен де тығыз
байланысты.
Жасуша теориясының ашылуы
Жасуша теориясы дегеніміз – тіршіліктің негізін құрайтын жасушалардың
құрылымы, көбеюі және көпжасушалы ағзаларды қалыптастырудағы
қызметі туралы жинақ- талған ұғым. Жасуша теориясының даму тарихы
300 жылға созылды. Оны зерттеуде әртүрлі оптикалық әдістердің дамуы
микроскоптың жетілуіне негізделді. Алғашқы микроскоптыXVII ғасырда
ағылшын физигі Роберт Гук (1635-1703 ж. ) жасаған. Ол микроскоппен
1662 ж. бастап түрлі объектілерді: тығын шұрықтарын (пораларын),
қымыз- дық, қамыс және басқалардың қуыстарын көрді. Гуктің
микроскопы қаралатын затты жүз еседен астам ғана үлкейтіп көрсететін
болған. Роберт Гукөсімдіктерді микроскоп арқылы қарап отырып, олардың
ұлпаларынан ара ұясы тәрізденген құрылысты тапқан. Ол осы ұяларды
грек сөзімен «целлюла» - «жасуша» деп атады.
Жасушаның құрылысы мен
атқаратың қызметі
Жасуша негізінен үш бөлімнен тұрады:
- жарғақшасы, жасушаны қаптап сыртқыортадан бөліп
тұратын; - судан, әртүрлі тұздар және органикалық
қосылыстар мен
- органоидтардан тұратын цитоплазма;
- жасуша ядросы (бактерияларда нуклеаралық аймақ
немесе нуклеотид). Онда жасушанын генетикалық
ақпараты - ДНҚ және онымен байланысқан заттар
болады.
Өсімдік жасушасының жалпы
сипаттамасы
Әдеттегі жағдайда өсімдік жасушасы протопласттан (тірі зат) және оны
қоршап тұрған жасуша қабырғасынан тұрады. Протопластты цитоплазма мен
ядроға бөлуге болады. Цитоплазма гиалоплазма мен органеллалардан тұрады.
Пластидтер тек өсімдік жасушаларында кездеседі. Пластидтердің үш түрі бар
(хлор, лейко және хромопластар), олар бір– бірінен пигменттердің құрамымен
(түсімен), құрылымымен және орындалатын функцияларымен ерекшеленеді.
Хлоропласттар жасыл түсті және өсімдіктің барлық жасыл органдарында
(жапырақтары, сабақтары, жетілмеген жемістері) кездеседі.
Лейкопласттар - өсімдіктердің Батыс мүшелерінде (түйнектер, тамырлар,
тұқымдар және т.б.) кездесетін түссіз ұсақ пластидтер.
Хромопласттардың жарқын түсі пластоглобулаларда еріген
каротиноидтардың болуына байланысты.
Жер бетіндегі барлық клеткалардың ортақ
қасиеттері
Қазіргі таңда Жер бетінде 10 миллионнан, тіпті 100 миллионнан астам тірі
түрлер бар деп болжалуда. Әр түр ерекше жолмен өзін-өзі көбейте алады, ал
нәтижесінде пайда болған ұрпақ сол түрге жатады: ұрпақта ата-аналық
организм қасиеттеріне тән ақпарат сақталады. Тұқым қуалаушылықтың
феномені тіршілік анықтамасының ортасында тұр: ол тіршілікті кристалдың
өсуі, майшамның жануы немесе теңіздегі толқынның түзілуі сияқты
процестерден ажыратады.
Барлық клеткалар белоктарды катализатор
ретінде қолданылуы
Белок молекулалары, ДНҚ және РНҚ молекулалары сияқты
ұзын, тармақталмаған, барлық тірі клеткаларға ортақ болып
келетін жолмен синтезделетін мономерлі блоктардан тұратын
тізбектер болып табылады. ДНҚ мен РНҚ тәрізді, белоктардағы
ақпараттық мәліметтер сызықты тізбек түрінде болады. Әрбір
клеткада көптеген әртүрлі белоктар молекулалары болады және, су
мөлшерін есептемеген жағдайда, олар клетка массасының көп
бөлігін құрайды.
Белок мономерлері – амин қышқылдары – ДНҚ мен РНҚ-дағы
мономерлерге мүм- дем ұқсамайды және олардың төрт емес, 20
түрі бар.
ҚОРЫТЫНДЫ
Клеткалар тіршіліктің фундаменталды бірліктері болғандықтан,
біз тіршіліктің не екенін және оның қалай ұйымдасқаны туралы
сұрақтардың жауабын клеткалардың құрылымы, функциясы және
әрекетін зерттейтін клетка биологиясынан іздеуіміз керек.
Клеткаларды және олардың эволюциясын тереңірек түсіне отырып,
біз Жер бетіндегі тіршіліктің қайдан және қалай пайда болғанын,
оның таңғажайып түрлілігі мен олардың кез келген тіршілік
иесінің құрамындағы рөлі сияқты кең ауқымды мәселелеріне жауап
іздеуді бастай аламыз. Кезінде, клеткалық биологияның пионері
Э.Б. Уилсон «кез келген биологиялық мәселенің шешімі, барлық
уақытта әрбір тірі организм жағдайында клеткадан ізделуі тиіс»
деді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz