Бронх демікпесі




Презентация қосу
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті
Медицина факультеті
«Жедел медициналық жәрдем» кафедрасы
«Жедел шұғыл медициналық көмек негіздері» пәні

БӨЖ
Тақырыбы: Пульмонологиялық шұғыл жағдайда
дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің алгоритмі

Орындаған:Кулахметов Е
Тексерген:Карабаева.Н
Түркістан 2023
Жоспар:

Кіріспе
Негізгі бөлім
Бронх демікпесі
Этиологиясы
Жіктелуі
Клиникасы
Демікпелік статус
Астмалық жағдай
Жедел көмек
Қолданылған әдебиеттер:
КІРІСПЕ
Соңғы жылдары бронх демікпесімен ауыру өте жиілеп кетті.Мұны негізгі
3 факторлармен байланыстыруға болады. Біріншіден, аллергиялық
реактивтіліктің жоғарылауы. Екіншіден, химиялық өнеркәсіптердің
дамуымен, қоршаған ортаның ластануымен және тағы басқа
жағдайлармен қатынастың жоғарылауынан аллергендермен байланыс
артты. Үшіншіден, бронх демікпесінің дамуына ықпал етуші тыныс алу
жолдарының созылмалы аурулардың жиілеуі. Сонымен бірге аурудың
жастық құрылымы да өзгереді. Қазіргі таңда бронх демікпесімен
ауыратын барлық науқастардың 44% -ын қарт және егде жастағы адамдар
құрайды. Қарт және егде жаста аурудың инфекциялық аллергиялық түрі
кездеседі. Ол көбіне тыныс алу мүшелерінің қабыну ауруларының
(созылмалы пневмония, созылмалы бронхит және т.б.) нәтижесінде
туындайды. Осы инфекциялық ошақтан ағза өз тіндерінің ыдырау
өнімдерімен, бактериялармен және токсиндермен сенсибилизацияланады.
Бронх демікпесі өкпедегі қабыну үдерістерімен, жиі бронхит, бронхиолит,
пневмониямен бірге басталуы мүмкін.
Бронхты демікпе
бұл бронх реактивтілігінің (аллергендер мен бейспецификалық факторларға
бронхтардың қабылдағыштығы) артуымен, тыныс алу жолдарының қайтымды
бітелу (тесіктің тарылуы) симптомдарымен сипатталатын, созылмалы қабыну
ауруы.
БРОНХ ДЕМІКПЕСІНІҢ КАУІП-ҚАТЕР ФАКТОРЛАРЫ

Кене аллергендері, үйдегі тозаңдар,
темекі тарту(өзі темекі тартады
немесе басқалар тартқанда,
түтінімен дем алады),түбітпен
қапталған жануарлар аллергендері,
таракан аллергендері, бөлме ішіндегі
зеңдік саңыраукұлақтар,
физикалық белсенділік, дәрілер.
■: >10,1
■: 7,6—10,0
■: 5,1—7,5
■: 2,5—5,0
■: 0—2,4
■: Нақты мәлімет жоқ
Бронх демікпесімен ауыратын
науқастардың демікпе туралы
білімдері

22% Білімі
жоқ

ХАБАРДАР,
БІРАҚ
КӨБІРЕК
АҚПАРАТ
АЛҒЫСЫ
КЕЛЕДІ
46%
Жеткілікті
мөлшерде
біледі
32%
Астматикалық статус - бронхиальді обструкция
және науқаста жасалған терапияға резистенттілік нәтижесінен
жедел прогрессирленген тыныс жеткіліксіздігінен болатын
тұншығудың ауыр ұстамасы.
Аурудың ауырлығына байланысты (2)
бөледі:
- I дәреже (жеңіл интермиттирленген): күндізгі
симптомдар саны. Аптасына 2 рет; өршу кезінде
ТШШЖ (тыныс шығарудың шыңдық жылдамдығы),
симптомдардың түнде айқындылығы; аптасына 2
рет: ТШШЖ көрсеткіші 20% төмен.
- II дәреже (жеңіл персистирленген); күндізгі
симптомдар саны > аптасына 1 рет, бірақ < күніне1
рет; ұстама активтілікті бұзады; түнгі симптомдар >
айына 2 рет; ТШШЖ көрсеткіші 20%-30%.
- III дәреже (персистирленген, ортаңғы ауырлықта);
симптомдар күнделікті болады, ұстама активтілікті
бұзады; түнгі симптомдар > аптасына 1 рет;
ТШШЖ > 30% көрсеткіші.
- IV дәреже (ауыр персистирленген): симптомы
үнемі, физикалық активтілігі шектелген; түнгі
симптомдар жиі; ТШШЖ< 60%
Клиникалық көрінісі.

Науқастардың көбінде бронх демікпесі созылмалы
ағымда кездеседі және физикалық күш түскенде
үдейтін, тұрақты қиналдыратын ысқырықты тыныс
және ентігумен сипатталады. Кезеңді түрде өршу
тұншығу ұстамасының туындауымен байқалады. Аз
мөлшерде ашық түсті, қою, кілегейлі қақырықты жөтел
пайда болады. Көбіне ауырудың өршуі мен тұншығу
ұстамасының туындауындағы маңызды рольді тыныс
алу мүшелеріндегі инфекциялық – қабыну (жіті
респираторлы-вирусты инфекциялар, созылмалы
бронхиттің өрлеуі) үдерістері алады.
Бронх демікпесінің ұстамасы әдетте түнде немесе таңертеңнен
басталады. Бұл, бірінші кезекте ұстаманың туындауына алып келетін
рецепторларды, шырышты қабықты кезінде тітіркендіретін
бронхтарда ұйқы кезінде жиналған секреттермен байланысты
болады. Бұл кезде белгілі рольді кезбе жүйкесі тонусының
жоғарылауы ойнайды. Барлық жастағы адамдардағыдай, демікпе
кезіндегі функционалдық өзгеріс болып табылатын бронхоспазмнан
басқа, қарт және егде жастағы адамдарда оның ағымы өкпе
эмфиземасына асқынуы мүмкін. Нәтижесінде, өкпелік
жетіспеушіліктен кейін жүректік жетіспеушілік тез қосылады.
Жас кезінде бір рет туындаған бронх демікпе қартайған уақытта да
сақталуы мүмкін. Бұл кездегі бронх демікпесінің ұстамасы өткір
ағымының төмендігімен ерекшеленеді. Аурудың ұзақ уақыт жүруіне
орай, өкпеде (обструктивті эмфизема, созылмалы бронхит,
пневмосклероз) және жүрек тамыр жүйесінде (өкпе текті жүрек)
айқын өзгерістер байқалады.
Астмалық жағдай – симпатомиметикалық препараттарға резистентті 6
сағат және одан жоғары ұзақтықта басылатын БА ұстамасы және бронхтың
дренажды функциясының бұзылысы мен гипксемия және гиперкапния.

Астмалық жағдайдың классификациясы (АЖ)
Астмалық жағдайдың түрлері:
1. Анафилактиялық түрі ( АЖ-ның тез дамитын түрі) аллергиялық
реакцияның кең көлемді медиаторларының бөлінуімен жүретін
псевдоаллергиялық реакция немесе иммуналогиялық емес реакция
басымдылығымен сипатталады. Бұл кезде гипоксия прогресті түрде
жоғарылайды, сондықтан барлық клиникалық көріністер интенсивті және
айқын, бір біріне ауысып отырады. Жедел және ауыр тұншығу ұстамасы
коматозды жағдайға алып келеді.
2. Метаболиттік түрі ( АЖ-ныі жай дамитын түрі ) – негізгі орынды β-
адренергиялық рецепторлар блокадасы алады. Науқастың қозғалыс активтігі
шамалы мөлшерде сақталады (бөлмеде, әжетханада), бірақ ол шектелген,
әрдайым жедел ентігу және жалпы жағдайының төмендігімен көрінеді.
Ауырлық дәрежесіне қарай АЖ бөлінеді:

Iдәреже – салыстырмалы компенсация дәрежесі – ұзақ, симпатомиметик
және бронходилятаторлармен басылмайтын резистентті, бронхиальді астма
ұстамасы.
IIдәрежесі. – декомпенсация стадиясы мен «мылқау» өкпе:
Кеуде қуысы эмфозематозды ісінген, экскурсиясы онша байқалмайды, өкпе
дыбысы – қорапты.
IIIдәрежесі.– гипоксиялық гиперкапниялық команың үшінші
дәрежесі.
Егер «мылқау өкпенің» кері қайтуы болмаса, онда тамыр ішілік енгізулерден
еш әсер болмайтын гипоксиялық қозу :
Науқастар жағдайы өте ауыр, жүйке психикалық бұзылыстар мен естен тану
және тырысу болуы мүмкін.
Тынысы ырғақсыз, сирек, беткей.
сұр диффузды цианоз, тершеңдік, сілекей ағу.
жіп тәрізді пульс, гипотония, коллапс;
Жедел жәрдем:
Науқастың гемодинамикалық жағдайын бақылау

Глюкокортикоидты гормондарды т\і ағынмен енгізу:
преднизолон т\і ағынмен 500-1200 мг тәуліктік доза (300
мг ға дейін),

Ипратропия бромид моногидраты/фенотерол гидробромиді
осы дозада + будесонид-суспензия небулайзер аркылы
1000-2000 мкг (1-2 небула)

Инфузиялық терапия, сұйықтық жеткіліксіз
кезінде,гемоконцентрацияны жою үшін, - тамыр ішіне
0,9% натрий хлорид ерітіндісін 1000 мл тәулігіне
тамшылатып 540 мл/сағ (180-ге дейін тамшы/минут).

5% глюкоз ерітіндісін тамыр ішіне тамшылатып 7 мл/мин
(150тамшы/мин), максимальді тәуліктік доза 2000 мл.
Комалық жағдайда:
Спонтанды тыныс алуда жедел трахея интубациясы.
Өкпенің жасанды вентиляциясы
Қажет болғанда – жүрек-өкпе реанимациясы;

Кеңірдек интубациясы және ЖӨЖ көрсеткіштері:
Гипоксиялық және гиперкапниялық кома;
Жүрек-тамыр коллапсы;
Тыныс алу қозғалыс жиілігі минутына 50-ден жоғары.
Видеосілтеме

https://youtu.be/CZbX7SKuuoY
Кері байланыс
1 )Бронхиалды астма ұстамасына күдіктенесіз, егер ауқаста анықталса:
2. Бронхылық демікпесінің тұншығу ұстамасы қанша уақытқа созылғанда астмалық
статус дамиды:
3. Бронхылық демікпесіндегі қан талдаудағы өзгеріс:
4. Бронхылық демікпесіндегі ентігудің сипаты:
5. Қақырықтың құрамынан Куршман спиралi мен Шарко-Лейден кристалы
анықталады:
6. Бронхылық демікпесінде эуфиллин ерітіндісін енгізу мақсаты:
7. Бронхылық демікпесінің себебіне жатады:
8. Кеуде қуысының бөшкеленуі қандай ауруға тән:
9. Бронхылық демікпесінің тұншығу ұстамасында қолдатынлатын ингаляция түрінде
қолдатын бронходилятатор:
10. Науқаста тұншығу ұстамасы 24 сағаттан ұзаққа созылған. Жалпы қарағанда
науқаста экспираторлы ентігу терісі жайылмалы цианоз, мойын күре тамыры
білеуленген шығыңқы. Аускультацияда өкпеден ешнәрсе естілмейді «үнсіз өкпе»
симптомы. Бұл көрініс қандай патологиялық өзгеріске тән белгі:
11. Бронхылық астмаға тән клиникалық белгінің бірі:
12.Терапия бөліміне А. атты 27 жастағы пациент мынадай шағымдармен келді:
жөтелмен қиын бөлінетін шырышты қақырық, ентігу, әр күні бірнеше рет тұншығу
ұстамасы мазалайды. Қарағанда тыныс алу жиілігі минутына 32 рет, өкпеде әртүрлі
құрғақ сырылдар естіледі. Пациентте анықталған өзгерістер қай ауруға тән?
Қолданылған әдебиеттер:

1.Доказательная медицина. Ежегодный справочник. Вып.2. 4.1.
2.Медиа Сфера.2013 г. 2 .Неотложная терапия в пульмонологии.
И.Г. Фомина, В.Ф. Маринин, М.:
Медицина, 2008.-248 с.
4,https://kazmedic.org/archives/5931
5,https://diseases.medelement.com/disease/2005
5.Приказ Министра Здравоохранения Республики Казахстан от 22
декабря 2010 года
№883 «Об утверждении Списка основных (жизненно важных)
лекарственных средств».
Назар аударғандарыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Бронх демікпесінің ұстамасы кезіндегі мейірбике жұмысының алгоритімі
Бронхтық демікпе туралы түсінік
ҚАБЫНУҒА ҚАРСЫ ДӘРІЛІК ЗАТТАР
Эфферентті жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер
Қарсы көрсеткіштер
Науқастың жүруі қалыпты жағдағыдай
Қақырық түсіретін заттар
Шеткі қан тамырларының бұзылыстары
Демікпе ауруына арналған жаттығулар
Стероидты қабынуға қарсы препараттар
Пәндер