Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім және тәрбие




Презентация қосу
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-
түрік
университеті

БӨЖ
Факултеті:Теология

Тақырыбы:Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тарбиенің
маңызы

Қабылдаған: Қожамбеков Д.
Орындаған: Абдикасим Д.
Жоспар

Кіріспе

1. Сыбайлас жемқорлық ұғымы
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім және тәрбие
3. Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың сыбайлас
жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру ерекшелігі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Кіріспе

Қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістер жағдайында елде қабылданған бағдарламалық
құжаттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне айрықша назар
аударылады. 2014 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға
арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басты ерекшеліктеріне қазіргі
кезеңдегі жұмыстың басым бағыттарының бірі – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мәдениетті қалыптастыру жатады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда
барынша табысқа жеткен елдердің тәжірибесін талдау қоғамда сыбайлас жемқорлықты
рухани- этикалық деңгейде қабылдамау ахуалын қалыптастыру мейлінше тиімді тәсіл
екенін көрсетті. Осыған байланысты елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті
қалыптастыру бойынша мақсатты жұмыс келешек түлектердің қызмет бейініне қарамастан
барлық оқу орындарын қамтуға тиіс. Өткен жылдан бастап барлық жоғары оқу
орындарындағы оқу процесіне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» атты
жаңа пән енгізіле бастады. Дегенмен, бізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің
дүниетанымдық, этикалық, рухани аспектілерін жан-жақты көрсететін тиісті әдебиет әлі
аз, ал бұл проблема бойынша қолда бар әдебиет көбіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрестің құқықтық аспектілерін ашуға бағытталған. Қалыптасқан мән-жайды назарға ала
отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару
академиясының ғалымдар тобы бұл проблема бойынша оқу процесін әдістемелік
қамтамасыз ету үшін оқу құралын жасау туралы бастама білдірді. Ұсынылатын оқу құралы
Академияның профессор-оқытушылар құрамының жұмыс нәтижесі болып табылады, оқу
орнының құрылымдық бөлімшелерінде құқық қорғау, экономикалық және тәрбиелік
моделдерін қамтитын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың пәрменді тетіктері жүйелі
түрде әзірленуде.
1. Сыбайлас жемқорлық ұғымы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін «сыбайлас жемқорлық»
ұғымының мазмұнын, осы этностық әлеуметтік құбылыстың тарихи түп-тамырын
түсінбейінше, ұғыну мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлық ұғымы қазіргі ғылыми
және қоғамдық-саяси әдебиетте кеңінен қолданылады. «Сыбайлас жемқорлық»
сөзі (латын тілінен «corumper») көптеген мағынасы бар: бүлдіру, құлдырау,
параға сатып алу, азғыру, тура жолдан тайдыру, притон, құбылмалылық, істі
бұзу, күйреуге әкелу, бұрмалау, алдау, қорлау, ар-намысын таптау, «rumpere» көп
мағыналы (бұзу, қирату, заңнан аттап өту, шартты бұзу) етістігімен қатар
қолданылатын «со» қосымшасы сыбайлас жемқорлық – бұл бірнеше
субъектілердің қатысуымен іс-қимыл жасау екенін көрсетеді. Бұдан өзге,
латынша «corruptio» «параға сатып алу», «іріп-шіру» дегенді білдіреді,
«сыбайласу» етістігі «біреуді ақшамен немесе өзге де материалдық игіліктермен
параға сатып алу» дегенді білдіреді. Рим құқығында «corrumpire» сөзі «сындыру,
бүлдіру, бұзу, зақымдау, алдау, бұрмалау, параға сатып алу», сондай-ақ
«құлдырау, бұзылғандық, нашар жағдай, (пікір немесе көзқарастың)
құбылмалылығы» деген мағынаны білдіреді. Сыбайлас жемқорлық ұғымының
жалпыға танымал тұжырымдарымен қатар, латын термині «corruptio» екі түбірлі
сөзден «cor» (жүрек, жан, рух, ақыл-ес) және «ruptum» (бүлдіру, бұзу) шығады
деген пікір бар. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың мәні лауазымды тұлғаны
параға сатып алуда немесе оларды байытуда емес, ал әлеуметтік жүйені, оның
ішінде мемлекеттік билік жүйесінің бірлігін бұзуда (ыдырату, іріп-шіру),
мемлекеттің, азаматтардың заңды мүдделерін қоғамдағы өзінің жағдайын жеке
мақсатына пайдакүнемдік арқылы сатып кетуде.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім және тәрбие

Ағарту және тәрбиелеу жұмыстары. Жас ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін
қалыптастыру жөніндегі ағарту және тәрбиелеу жұмыстары қазақстандық қоғамдық өмірдің әртүрлі
салаларында сыбайлас жемқорлықты туғызатын және соған себеп болатын себептер мен шарттарды
жою (барынша азайту) жөніндегі мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бір бөлігі
болып табылады. Бұл тұрғыдан алғанда білім берудің аса маңызды бағыты сыбайлас жемқорлық
көріністерін қабылдамайтын білім беру ортасын құру, сыбайлас жемқорлықты қабылдамайтын
моральдық деңгейі жоғары, адамгершілігі мүліксіз азаматтарды тәрбиелеу болуға тиіс.
Бүгінде жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу жұмысының теориясы мен практикасына басқаша зер
салу керек. Азаматтық қоғамды нығайту және дамыту, құқықтық көзқарас тұрғысынан сауатты, өзінің
азаматтық құқықтары мен міндеттері туралы қажетті ілімдерге ие, бұл білімдерді күнделікті өмірде
қолдануға қабілетті, сыбайлас жемқорлықты өзінің азаматтық құқықтарының бұзылуы деп түсінетін
және бұл құқықтарды қорғауға дайын азаматтарды тәрбиелеу қажеттілігі Қазақстанның барлық білім
беру мекемелерінің өзекті міндеті болып отыр. Бұл үшін, ең алдымен әртүрлі жас топтарындағы
балалар мен жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбие әдістері мен
құралдарының мақсатын, олардың мазмұнының, нысандарының ерекшеліктерін педагогикалық
тұрғыдан қайта салмақтау қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбие
педагогикалық кең мағынасында – бұл құнды ұстанымдар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімді
қалыптастыру және жас азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты азаматтық ұстанымдардың
қалыптасуы үшін қажетті қабілеттерді дамыту мақсатында арнайы ұйымдастырылған, мақсатты және
басқарылатын ықпал ету. Ауқымсыз педагогикалық мағынада – бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл ұйымдастыруға бағытталған арнайы ағартушылық және тәрбие жұмысы процесі мен оның
нәтижесі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбиенің мәні интериоразацияны білдіреді,
яғни қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарын ішкі құндылық ұстанымдарына айналдыру
және әрбір білім алушының соған көзін жеткізу. Бұл іске асқан жағдайда, ол оның кейінгі өміріндегі
бет түзер бағыты болады. Бұл тұрғыдан сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие жөнінде
олардың біртұтас процесс екенін айтуға болады. Бір жағынан білім алушыларға қажетті білім көлемін
және тиісті моральдық идеалы туралы, рухани және адамгершіліксіз әрекет, моральдық қағидаттар
мен нормалар туралы ұғымдарды қалыптастыруды болжайды. Екінші жағынан, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы тәрбие адамның рухани сана- сезімнің қабылданған және игерілген
элементтеріне сәйкес әрекет етуінің терең ішкі қажеттілігін қалыптастыруды білдіреді.
Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру – бұл үздіксіз процесс, оның негізгі бағыттары: 1)
сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды сіңіру; 2) тиісті моральдық сенімдерді, қасиеттер мен сезімдерді
қалыптастыру; 3) қажетті моральдық қажеттіліктер мен әдеттерді дамыту. Бұл бағыттар сыбайлас жемқорлыққа
қарсы тәрбие міндеттерін білдіреді. Бүгінде білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие жүйесінің
мынадай негізгі компоненттері бөліп көрсетіледі: – білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық әрекеттері
жағдайларының болмауы; – сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту ісі; – білім беру субъектілерінің өзара іс-қимылы
негізіндегі өмір-тіршілігі проблемаларын шешу тәжірибесін алу; – білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы
сана-сезімін қалыптастыру бойынша педагогикалық қызмет . Бұл жүйеде әртүрлі жас кезеңінде қалыптасуы мүмкін
бірқатар тұлғалық құрылымдарды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста (3-6
жас – әлеуметтік маңызды тәжірибені қарқынды жинақтау және әлеуметтік кеңістікте бағдар алу кезеңі) балаларға
Отанға деген махаббат, туған табиғатқа махаббат және оны қорғау қажеттілігі, өзін қоршаған адамдар мен
қазақстандық халықты құрметтеу, тәртіптілік, адалдық сияқты құндылықтарды сіңіруге айрықша көңіл бөлу керек.
Мектеп жасына дейінгі балалармен тәрбие жұмысының негізгі бағыттылығы – бұл олардың рухани-адамгершілік
және әлеуметтік-мәдени құндылықтарды, қоғамда қабылданған жүріс-тұрыс қағидалары мен нормаларын
қалыптастыру. Кіші мектеп жасында (7-10 жас – кемел балалық шақ, дене және рухани күш жинақтау уақыты)
біршама өзгермеген түрде өмір бойы сақталатын тұлғалық қасиеттер мен саралардың қарқынды қалыптасуы жүзеге
асырылады. Сондықтан бұл жаста рухани мәдениеттің қалыптасуының маңызы зор. Ар-ождан, абырой, ұят,
қайрымдылық, жанашырлық, адалдық, әділдік, жауапкершілік және т.с.с. рухани қасиеттердің қалыптасуына ерекше
назар салған жөн. Бұл кезеңде балалардың сыбайлас жемқорлық пен оның залалы туралы дүниетаным сипатындағы
түсінік пен ұғымның қалыптасуы маңызды. Негізгі дүниетаным идеясы қоғамды тану заңдарымен байланысты болуға
тиіс. Бұл ретте баланың ұғымды салмақтау білуіне, өз көзқарасын айтуына үйрету, оны қиын жағдайға қойып көру
қажет. Орта мектеп жасы – (10-14 жас – жасөспірім кезеңі, балалардың өміріндегі күрделі кез) – бұл балалық шақта
сіңірген рухани-эстетикалық қорын бекемдеу, оны салмақтап, байыту кезеңі. Бұл өмірлік кезеңнің нақты қиындығы
әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі, рухани-эстетикалық пайымдауды дамытудағы өзіндік түйсіктің, өзін-өзі танудың,
өзін-өзі бағалаудың бірте-бірте өспелі толқынын білдіреді. Бұл жаста патриотизм, интернационализм, өз Отанын
мақтан ету, елдің қоғамдық құрылымын құрметтеу, еңбек сүйгіштік, жауапкершілік, тәртіп, адамның азаматтық
құқықтарын білу және құрметтеу сияқты тұлғалық қасиеттерді сіңірудің маңызы зор. Бұл осы жас тобында құқықтық
сана-сезімді қалыптастыру сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиенің негізгі міндетін айқындайды. Біздің
көзқарасымызша бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие жүйесінің негізгі міндеті. Жасөспірім жасында білім
алушылардың өмірлік проблемаларды шешу қағидаларын саналы түрде қабылдау білу даңдысын қалыптастыру
маңызды. Бұл үшін олар билікпен қарым-қатынаста өз проблемаларын тиімді шешу тәжірибесін жинайтын
практикалық жағдай туғызу керек. Бұл тұста, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағарту бөлігінен басқа жеке
таңдау негізінде өмірлік проблемаларды шешу жағдайларын туғызған жөн. Жоғары мектеп жасы (14-18 жас –
жастық шақ) – бұл дене және психологиялық кемелденудің аяқталатын, қоғамдық пайдалы өндірістік еңбекке және
азаматтық жауапкершілікке әлеуметтік дайын болатын кезең. Жоғары сынып оқытушылармен жұмыс кезінде
сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие жүйесінің басты міндеті білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы
құқықтық сана-сезімін қалыптастыру болуға тиіс, ол сыбайлас жемқорлық әрекеттен саналы түрде бас тартуға
мүмкіндік береді. Бұл жаста сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сананы қалыптастыру жүйелі, мақсатты және
үздіксіз процесс болуға тиіс. Білім алушылардың жалпы білім беру мектебі деңгейін аяқтауға жылжуына қарай
олардың сыбайлас жемқорлық, оның көріністері, жауапкершілік шаралары туралы, сыбайлас жемқорлық құбылысын
Қоғамдық құндылықтар тұлғаға өз ықпалын жоғалта бастады және бұл жас
азаматтардың ілгерінді құнды бағдарларының қалыптасуына әсер етеді. Бұл
жағдайда жастар көбіне өз таңдауының дұрыстығына сенімділігін жоғалта
бастайды, оған қоса сыбайлас жемқорлықтың әртүрлі көріністеріне бейім бола
бастайды. Осының салдарынан сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қатысты
дұрыс таңдау қажеттігі кезінде қиындық пайда болады. Осы орайда тұлғаның
сыбайлас жемқорлық ұстанымын қалыптастыру маңызды шарт болмақ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы нұсқама – бұл адамның әрекетінен, іс-қимылы
мен толқуынан көрінетін сыбайлас жемқорлыққа таңдамалы тікелей қарым-
қатынасының интеграцияланған көрсеткіші. Тұлғаның сыбайлас жемқорлық
нұсқамасын қалыптастыру қажет- тігі өзін-өзі тануын, ішкі еркіндікті, өз таңдауы
мен әрекеті үшін жауапкершілікті сезінуін білдіреді. Бұл ретте, студенттер
сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеялардың маңыздылығын сезініп қана қоймай,
сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет үшін практикалық біліктілікті игеру
қызметіне қатысуы қажет, бұл олардың күрделі жағдайларда ойдағыдай
бейімделуінің маңызды алғышарты болуы мүмкін. Осылайша, әртүрлі жас
топтарындағы балалар мен жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу
жүйесінің мақсаты білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты орнықты
азаматтық ұстанымын сіңіру арқылы тәрбиеленушілердің сыбайлас
жемқорлыққа қарсы құқықтық санасын қалыптастыру қажеттігі болып
табылады.
3. Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-
сезімін қалыптастыру ерекшелігі
Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін
қалыптастыруды құқықтық мәдени тәрбиеден бастаған жөн. Құқықтық мәдени тәрбиелеу – Бала құқығы
туралы конвенцияны ратификациялаған мемлекеттің міндетті саяси бөлігі болып табылады. БҰҰ негізгі құжат
ретінде қабылдаған, әлемдік қоғамдастық таныған «Бала құқығы туралы конвенция» баланы дербес құқық
субъектісі деп жариялайды. Бірақ, бала құқықтарын іске асыруды құқықтық қорғау заңдарын қабылдау және
олардың орындалуын қамтамасыз етудің тетіктерін құру арқылы қол жеткізу мүмкін емес. Дегенмен, барлық
қоғамның, ересектер мен балалардың, әрбір адамның баланы өз құқықтары мен міндеттері бар дербес тұлға
ретінде тануы маңызды болып табылады. Құқықтық тәрбие – баланың құқықтық тұрғыдан тәрбиесін қалып-
тастыру мақсатында баланың санасы мен әрекетіне мақсатты және жүйелі әсер ету, яғни мектепке дейінгі
балалар мен кіші мектеп жасындағылардың терең және орнықты құқықтық білімдер мен сенімдердің болуы
мен оларды қалыптастыру дәрежесімен сипатталатын, тұлғаның кешенді сапасын білдіреді, ал оны күнділікті
тіршілікте іске асыру қоғам талаптарына сай келеді . Баланың өзін-өзі, өз әрекетін бағалай білмеуі оның рухани
сана- сезімін қалыптастыру қиындығының бірі болып табылады. Ол өзін-өзі қайраткер ретінде сезінуі мүмкін
(зерделі – зердесіз, әдемі жазады – жазуы шимай), бірақ балалардың өзін тұлға ретінде бағалау тетігі 12 жасқа
дейін, кейбіреуінде одан да кеш оянады. Ал рухани әрекет негізінде осы тетік болады. Рефлексия – бұл өз
әрекетін сезіну және бағалау қабілеті. Бұл өте құнды қасиет. Мектеп жасына дейінгі балалардың рефлекстік
құрылымын дамыту тәсілдерінің бірі – баланың өзін әдеби персонажбен салыстыру арқылы өзін-өзі бағалауын
қалыптастыру. Біз рухани әрекет туралы атқан кезде біз бағалау критерийлерін қолдануға мәжбүр боламыз.
Бұл ретте көбіне адамның өзі емес оның әркез «жақсылық пен жамандық» деген санатпен айқындауға
болатын әрекеті бағаланады. Екінші жағынан әрбір адам, оның ішінде бала да өз әрекетін осы эталондармен
салыстырады. Алайда, балаға өз әрекетін теріс полюспен салыстыру қиын. Егер бала бұл эталонмен
салыстырса, онда көбіне бұл формальды түрде жасалады. Ол әділетсіздік жасай отырып, өзін ақтайтын сылтау
табады. Әрекетті бағалау кезінде баланың жаман әрекеті үшін алаңдаушылығын туғызу проблема болып
табылады. Классикалық балалар әдебиеті баланың жас кезден-ақ кітап кейіпкерлеріне еліктеу, аумалы
заманда дұрыс бағдар алуына көмектесетін әрекетін реттеу үшін құнды мәлімет береді. Мұндай жұмысты
интерактивті әдістердің жәрдемімен де (ойындар, мультфильмдер, комикстер және т.б.) ұйымдастыруға
болады. 5-6 жастағы балалар (мектепке дейінгі жоғары жас) өзіне қатысты да басқаларға (достары, туыстары)
қатысты да әділетсіздікті толықтай түйсініп, сезінеді. Әділдік сезімі көрінісіне сүйене отырып, баланың кез
келген адамның және өзінің құқықтары мен міндеттерін түсінуіне есеп жасауға болады. Мектеп жасына дейінгі
балалардың зияткерлік мүмкіндігі шынайылықтың алуан саласындағы елеулі байланыстар мен тәуелділікті
көрсететін түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тұлғаның дамуы саласындағы
психологиялық зерттеулердің авторлары өзі, өзінің «Мені» туралы ұғымның құндылығы мен маңыздылығын
дәлелдеп берді. Олардың тұтастай «Мен образын» құрудағы, ілгерінде өзін-өзі бағалау қабілетінің пайда
болуындағы, өзін-өзі жасампаздыққа бастау қабілетін дамытудағы рөлі көрсетілді . Құқықтық мәдениет
бойынша материалды балалардың игеру тиімділігін арттыру үшін: «Баланың құқықтары туралы декларация»,
«Баланың құқықтары туралы конвенция» сияқты әлеуметтік құжаттар жөнінде әңгіме құру түрінде алдын ала
сауат ашу жұмысын жүргізу қажет. Белгіленген міндеттерді жүзеге асыру үшін іс-шаралар барысында
оқытудың: көрнекі (бала құқықтары туралы плакаттар, ертегілерге иллюстрациялар, «Баланың құқықтары
Балаларға тікелей білім беру қызметін олардың қызығушылығына, даму деңгейіне
сүйеніп, сондай-ақ олардың жеке ерекшеліктері мен бастамаларын ескере отырып,
құрылуға тиіс. Балалардың өз әрекетіне жауапкершілігі пайда болады, өйткені
құқықтар мен міндеттердің нақты шегін айқындай алады. Құқықтық білімдерді өмірде
қолдана отырып, балалар өзінің әлеуметтік тәжірибесін кеңейтіп, өз құрбы-
құрдастарымен және ересектермен жанжалсыз байланысуды үйренеді, үйдегі және
қоғамдық орындағы жүріс-тұрыс нормасын игереді. Кіші мектеп жасындағы баланың
елеулі тану қызығушылығын жандандыру, өз-өзіне сенімді болуына, ерік-жігерін,
адамдарға қайрымды қатынас қалыптастыру, өзін Жер Шарының және өз елінің
азаматы ретінде сезінЖасампаз, үйретуші және ойын әрекеттері, тәрбие іс-
шараларын, практикумдар мен сюжетті-рөлдік ойындар мейлінше тиімді және пәрменді
болады. Бірінші кезекте имитациялық және іскерлік ойындар ұйымдастыру қажет, оның
шеңберінде білім алушылар белгілі бір билік өкілеттіктеріне ие болып, оны ойын
барысында іске асырады. Мазмұны бұл жастағы балаларға түсінікті болатын ойын
ретінде әртүрлі кейіпкерлерді бейнелеуге болады. Осылайша мектеп жасына дейінгі
және кіші мектеп жасындағы балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін
қалыптастыру тиімділігі рухани тәрбиелеудің жалпы жүйесі аясында төмендегі
жағдайларда іске асыру мүмкін болады: – балаларға адам құқығының ізгілік мәнін,
оның міндеттерін, әрекет нормалар мен қағидаларын терең сезінуге мүмкіндік беретін
тәрбиенің әртүрлі құралдары мен әдістерінің кешенін пайдалану; – балалар тобының
ізгілік сезімдері мен сыйластық қатынастарын көрсетуді ынталандыратын ахуал жасау;
– педагогтар мен ата-аналардың тәрбиелік ұмтылыстарының сабақтастығын
қамтамасыз ету. Балалар өз-өзіне сенімді болу, өзін-өзі сыйлау және басқаларды
құрметтеу тұрғысынан тәрбиеленуі тиіс. Әрбір бала өзіне қажетті жағдайда жеңіл
қолдана алатын өз құқықтарын, міндетін білуге тиіс.
уіне ықпал ету қажет. Кіші мектеп жасындағылар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы
сауат ашу мақсатында «Өзін-өзі тану» пәні аясында арнайы сағаттар енгізуге болады.
Қорытынды
Жасөспірімдерді (орта мектеп жасындағы) сыбайлас жемқорлыққа
қарсы тәрбиелеудің негізгі міндеттерінің бірі оларға қажетті білім беру
болып табылады, олар балалардың: – сыбайлас жемқорлықты танып-
білуін үйренуіне (сондай-ақ оны басқа қылмыс түрлерінен айыруға; –
сыбайлас жемқорлық неліктен жамандықтың көзі екенін білдіретін
уәжді ұғынуға; – сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету
мүмкіндігін көрсетуге көмектеседі. Бұл жаста білім берудің этностық
компоненті – рухани құндылықтың мазмұны мен маңызын ашуға және
жасөспірімдердің ізгілік рухани бағдарын қалыптастыруға назар аудару
қажет. Дәл осы ізгілік рухани бағдарлар, егер олар рухани білім беру
мен тәрбие жүйесінің бастапқы кезеңінде жасақталса, ол орта
сыныптарда құқықтық құбылыстарды, ілгерінді құқықтық сезімдер мен
ұстанымдарды әлеуметтік пайдалы бағалау бойынша құқықтық білім
беру процесінде қалыптастыру үшін іргетас болуға тиіс. Осының
негізінде, нақ осы орта мектеп жасы білім алушылардың құқықтық білімі
жүйесін қалыптастыруда шешуші фактор ретінде қаралады, Қазақстан
Республикасы азаматтарының құқықтары, бостандығы мен міндеттері
олардың өзегі болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. https://kk.wikipedia.org/wiki/Сыбайлас_жемқорлық
2. adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000410
3. egov.kz/cms/kk/articles/20korrupciu

Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие берудің негізгі бағыттары
Жоғары мектеп оқушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие беру
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері
Құқықтық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ГРУЗИЯНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТӘЖІРИБЕСІ
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢДАР
Сыбайлас жемқорлық субъектілері
Пәндер