Жас маман



Қазақстан Республикасы
Жамбыл облысы
Қордай ауданы
№26 Жамбыл Жабаев атындағы орта мектебі
«Жас маманның
әдістемелік жинақтамасы»
Жас маман: ағылшын тілі пәні мұғалімі Тургалиев Темірхан
Тәлімгер: ағылшын тілі пәні мұғалімі Ерназаров Нурлыбек
2020 -2021 оқу жылы

«Жас мамандар» мектебінің жұмыс жоспары Мақсаты: Теориялық білім- біліктері мен педагогикалық біліктілігін арттыру үшін жас мамандарға практикалық көмек көрсету. Міндеті: -жас мамандарда өздігінен үздіксіз кәсіби білім алуға деген көзқарас қалыптастыру; -оқушыларды оқу пәндерінің негіздеріне оқытуда, олармен сыныптан тыс жұмыс жүргізуде тиімді психология -педагогикалық әдіс- тәсілдерді іріктеу, оларды қолдану дағдыларын дамыту; -кәсіби қызметіне тікелей қатысы бар нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа ала білуге баулу.

Тәлімгердің жас маманмен жұмыс жасау жоспары Мақсаты: Жас мұғалімге қазіргі өмір талабына сәйкес, бағдарланған білім берудегі жаңашыл қызметте жаңа педагогикалық жаңа технологиялармен жан- жақты жұмыс істеуге жұмылдыру. Міндеті: 1. Мұғалімнің кәсіби тұлғасын қалыптастыру 2. Жас маманға тікелей және топтық көмек көрсету. 3. Педагогикалық шеберліктерін жетілдіруге баулу жұмыстарын жүргізу. 4. Педагогикалық жаңашылдықты үйрену -меңгеру - өмірге өндіру -дамыту.

Тәлімгер туралы мәлімет 1. Аты жөні: Ерназаров Нурлыбек К. 2. Туған жылы, күні, айы: 31. 05. 1987 жыл 3. Жүргізетін пәні: ағылшын тілі 4. Жұмыс орны: №26 Жамбыл Жабаев атынд. орта мектебі 5. Білімі: Жоғары 6. Бітірген оқу орны: ТИГУ Тараз қаласы. Шет тілі педагогикасы. 7. Еңбек өтілі: 13 жыл 8. Санаты: педагог-зерттеуші 9. Өз білім көтеру тақырыбы: «Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын, жан-жақты біліктіліктерін арттыру

Жас маман туралы мәлімет 1. Аты жөні: Тургалиев Темірхан О. 2. Туған жылы, күні, айы: 21. 02. 2000 жыл 3. Жүргізетін пәні: ағылшын тілі 4. Жұмыс орны:№26 Жамбыл Жабаев атындағы ОМ 5. Білімі: Арнаулы орта 6. Бітірген оқу орны: Қордай ГЭК 7. Еңбек өтілі: 6 ай 8. Санаты: - 9. Өз білім көтеру тақырыбы: «Түрлендіріп оқыту арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру» 10. Сабақ беретін сыныптары: 1 «а, ә, б, в, г» сынып ОНД :4 «в» 3 «а» 1 «а» сынып

Жас маманмен жүргізілетін жұмыстың ережелері I. Жалпы ережелер Ереженің басты мақсаты: •Жас педагог мамандардың педагогикалық, оқушылар, ата-аналар ұжымына қалыптасуына көмек көрсету; •Жаңадан келген педагог мамандардың кәсіби дайындығын жетілдіру; •Жас мамандарға әдістемелік және психологиялық көмек көрсету; •Жас мамандарды еңбек жолындағы жетістіктерімен мадақтау. ІІ. Негізгі міндеттері. *Жаңадан келген педагог мамандардың кәсіби дайындық деңгейін анықтау; *Жаңадан келген педагог мамандардың оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізу дайындығындағы әдістемелік және жалпы дидактикалық деңгейін арттыру; *Жас педагог мамандардың оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарына практикалық көмектер беру; *Педагогикалық теория мен практиканы үздіксіз игеруін қамтамасыз ету; *Педагогикалық қызметте жеткен жетістіктерімен тәжірибе алмасу; *Жас педагог мамандардың өзіндік даму бағдарламасын құру; *Практикада кәсіби жетілген жас педагог мамандардың жұмысын насихаттап, мадақтау.

ІІІ. Қызметті ұйымдастыру. Психологиялық қолдау мен әдістемелік көмек көрсету мақсатында пән бірлестігі жас педагог мамандармен үздіксіз жұмыстар ұйымдастырылып жүргізіледі. Жас педагог мамандармен жүргізілетін жұмыстар оқу жылының басында құрылған жоспар негізінде ұйымдастарылады. Жұмысты жоспарлау келесі бағыттарды қамтиды: •Ұйымдастыру жұмыстары; •Пән бойынша жұмыстарды жоспарлау мен ұйымдастыру; •Әдістемелік жұмыстарды жоспарлау мен ұйымдастыру; •Мектепішілік іс-құжаттармен жұмыс; •Өзіндік білім жетілдіру жұмыстары; •Жас педагог мамандардың қызметін бақылау.

Қызмет мазмұны: •Жас педагог мамандардың кездескен қиындықтарына талдау жасау, сараптама негізінде қажеттілігін өтейтін көмек көрсету формасын таңдау; •Қызметті жоспарлау мен талдау жасау; •Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың мазмұны, формасы және әдістері туралы нұсқаулық дайындау; •Жас педагог мамандарға оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру тиімділігін арттыруға бағытталған көмек беру; •Оқушылардың сыныптан тыс уақыттарда танымдық, ғылыми-зерттеушілік қызметтерге белсенділігін арттырудың негізгі бағыттары мен формаларын (олимпиадалар, байқаулар, пәндік апталықтар, білім аукциондары т. б. ) таңдап жұмыс жасауға көмектесу; •Жас педагог мамандардың қызмет нәтижесінің мониторингін жасау; •Жас педагог мамандардың кәсіби шеберлігін жетілдіруге қолайлы жағдайлар жасау: •Тәжірибелі ұстаздармен кездесулер өткізу, педагогикалық қызметте жетістікке жеткен іс-тәжірибелерімен таныстыру; •Жаңадан келген педагог мамандарды жас педагог мамандардың сабақтарына қатыстыру мақсатында он күндіктер (декада) өткізу; Тәжірибелі педагог мамандардан жас педагог мамандарға тәлімгерлер бекітіледі. Жас педагог маман тәлімгермен бірге мектеп директоры бекіткен жоспар бойынша жұмыс жасайды. Тәлімгер ұстаз жас педагог маманның практикасындағы жұмыстарды қорытындылап, кәсіби дайындығы жан-жақты талданатын бағалау парағын толтырады және оқу-тәрбие жұмысын жетілдіруге нұсқау береді. Жас педагог маман талдау жұмысымен аттестациялық комиссияға дейін бір апта бұрын танысуы тиіс.

ІV. Жас педагог маман біліктілігінің мазмұны. Жас педагог маман өз еңбек жолында пәні бойынша теориялық білімді, оқыту әдістемесін, педагогика және психологияны, тәрбие жұмысын толық игеруі тиіс. Үш жыл ішінде жас педагог маман мұғалімдік қызметтің жан-жақты қырынан танылуы керек. 1. Оқыту жұмысы. Жас педагог маман меңгеруі тиіс: oМектептегі оқу-тәрбие жұмысын перспективалық және жылдық жоспарлау негіздерін тануға, жұмысты жоспарлауда белсене ат салысуға; oОқу жылы ішінде пәні бойынша оқу-тәрбие жұмысын жоспарлауды; oКүнделікті оқу жоспарын жасап, білім беру мекемесінің басшылығына бекітуге ұсыну; oОқыту үрдісінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын әдістер, құралдар мен формаларды (әңгіме, сұхбат, дәріс, зертханалық жаттығулар, оқушының жеке жұмысы, сынақ жұмыстары, демонстрация, оқу фильмдері, жазылған үнтаспалар, компьютерлік бағдарламалар, т. б. ) қолдануды; oБарлық пәндер бойынша оқушыға жеке көмектер көрсетуді; oПән бойынша оқушылармен сыныптан тыс жұмыстарды ұжымдық (саяхат, оқу фильмдерін көру, конференциялар, дәрістер, т. б. ) және жеке формаларда ұйымдастыру мен өткізуді; oПәні бойынша факультативтік курстарды ұйымдастыру мен өткізуге қатысуы; oПән кабинетін жабдықтауға қатысу және бұл жұмыстарға оқушыларды тарту.

V. Қызметті ұйымдастыру формалары. Жас педагог мамандармен жұмыстарды ұйымдастыруды мектеп келесі формада жүргізеді: Семинарлар; Практикалық жаттығулар; Тәжірибелі ұстаздармен кездесулер; Жеке және топтық кеңестер; Сұхбаттар; Шығармашылық кештер; Тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына қатысу; Жас педагог мамандардың ашық сабақтары. VI. Қорытынды ереже. Жас педагог мамандар аудандағы «Жас мамандар мектебі» жұмыстарына ат салысып, мәдени көпшілік іс-шараларға, семинарлар, практикалық жаттығуларға қатысады. Мектеп басшысы жас педагог мамандармен ұйымдастырылатын жұмыстарды, оның кәсіби дамуын басшылық жанындағы кеңестерде, жеке кеңес беруде талдайды. Оқу жылының соңында жас педагог мамандармен жүргізілген жұмыстар қорытындысы шығарылады.

"Жас мамандар" мектебінің жұмыс жоспары 3 жылға арналған
Айы
1 жыл
2 жыл
3 жыл
09
1. Сабақ жоспарын әзірлеу;
Жұрнал толтыру талаптарымен танысу.
2. Тақырыптық,
сабақ жоспарларының құрылымын жасап үйрену.
3. Өз білімін жетілдіру жоспарын құрып жұмыс жасау.
4. Нормативттік құжаттар жөніндегі нұсқаулықпен таныстыру
5. Лауазымдық міндеттермен таныстыру
Диагностикалық сауалнама жүргізу.
1. Оқыту әдістемесі
құрылымы мен функциясы.
2. Оқыту әдістерінің дамыту функциясы
3. Сабақ үлгерімдерін мониторингілеуге жаттығу.
4. Нормативттік құжаттар жөніндегі нұсқаулықпен таныстыру
5. Лауазымдық міндеттермен таныстыру
Диагностикалық сауалнама жүргізу.
Педагогикалық технологиялардың негізін зерттеу жолдарын жоспарлау.
Сабақ жоспарларын даярлап бекіту
4. Нормативттік құжаттар жөніндегі нұсқаулықпен таныстыру
5. Лауазымдық міндеттермен таныстыру
Диагностикалық сауалнама жүргізу.

Айы
1 жыл
2 жыл
3 жыл
12-01
1. Сабаққа мақсат қою.
Мақсат құрылымымен танысу:
Білімділік,
дамытушылық,
тәрбиелік мақсат аспектілерін
қарастыру.
2. Сабаққа қатысу дәптерлерін бастау.
1. Оқытудың жаңа педагогикалық технологялары СТО әдісінің түрлері
2. Үлгермеуші оқушымен жұмыс жоспарын құрып жұмысты қалыптастыру.
3. Оқыту ісіндегі дербестендіру формалары
1. Әріптестердің сабақтарына қатысу.
2. Сабақ талдау жолдарын жетілдіру.
3. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін қалыптастыру тренингтерін жүргізу
02-03
1. Сабаққа қойылатын қазіргі талаптармен танысу.
2. Сабаққа жаңа көзқарастар.
3. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін қалыптастыру тренингтерін жүргізу
1. Сабаққа сараптама түрлерімен танысу.
2. Дөңгелек стол : «Жас маман ідістемелік жинақтары»
1. Жас маман мектепінің Шығармашылық есеп беру
Зерттеу нәтижелерімен таныстыру, қорытындылау.

Айы
1 жыл
2 жыл
3 жыл
04-05
1. Оқыту дың дидактикалық принциптерін танып талдау.
2. Әріптестер сабағына қатысу
1. Өз білімін көтеру жоспарымен жұмыс жасау.
2. Ашық сабақтар беру
Мектеп ішілік
Оқушының білімге қызығушылығын дамыту жолдарымен танысу
06-07
1. Әдістемелік жинақтармен жұмыс жасау.
2. Портфолио жинақтау.
Бағалау талаптары мен критерийлерімен танысу
2. Мониторинг жасау
Тәжәрибе жинақтау жқмыстарын жүйелендіру. Қорытындылау
2. Мұғалімнің кәсіби мінездемесін қалыптастыру, бекіту.

Жас маманды мұғалімдердің лауазымдық міндетімен таныстыру 1. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері білім беру ұйымдарының жарғыларымен, ішкі тәртіп ережелерімен және қызмет нұсқаулықтарымен айқындалады. 2. Педагогтік қызмет атқаратын адамдар педагог қызметкерлері болып есептеледі. 3. Білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің: 1. Педагогтік қызметті ұйымдастыру. 2. Оқу орнының жұмыстарына қатысу. 3. ҚР заңдарын оқып, үйрену. 4. Бес жылда бір рет өздерінің біліктілігін арттыру. 5. Әкімшілік бұйрықтарын орындау. 6. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тиісті мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттарында көзделген деңгейден төмен емес білім, шеберлік және дағды алуын қамтамасыз етуге тиісті. 7. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке және шығармашылық қабілетерін ашып, оны дамытуға жәрдемдесуі тиіс. .

8. Өз біліктілігін арттыру. 9. Педагогтік әдет нормаларын сақтау. 10. Білім алушылардың және тәрбиеленушілердің қадір-қасиетін құрметтеуге, салауатты өмір салтын жүргізіп, оны білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында насихаттауға міндетті. 11. Олимпиадаға оқуша дайындау. 12. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс ұйымдастыру. 13. Дарынды оқушылармен жұмыс ұйымдастыру. 14. Оқушылардың дәптерлерін уақытылы тексеру. 15. Сабақ беретін сыныптардың журналдарын күнделікті толтырып отыру. 16. Мектепішілік, қалалық іс-шараларға оқушыларды тарту. 17. Ақпараттармен уақытылы танысып, сабақтарда қолдану. 18. Жаңа технолгоияны меңгеру. 19. Педагогикалық кеңестерде баяндама оқу. 20. Санатын көтеру, қызметінде өсу мақсатында мерзімнен бұрын аттестатталуға міндетті

Жас маман Тургалиев Темірханмен жүргізілген диагностикалық карта нәтижесі
Жүргізілген диагностикалық карта бойынша көмек қажет ететін және әдістемелік көмек беруде төмендегідей жұмыстар:
Тәрбие жұмысының жоспары
Өзіндік білім көтеру жоспары
Педагогикалық шеберлікті шыңдау жұмысының жоспары, іс әрекетті ұйымдастыру
Жаңа оқу бағдарламасымен оқушылармен жұмыс жасау
Сабақта түрлі оқу формаларын қолдану
Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Дәстүрлі емес оқыту формаларын қолдану
Дамыта оқыту теориясы
Өзіндік бағалау түрлері
Әріптестердің жұмысын бағалауда көмек қажет екендігі анықталды. Жас маман Уббиева Фардауси Көмекбаевнаға жоспардан тыс тәлімгер ретінде арнайы тақырыптарда әдістемелік көмек берілді.

Жас маманға арналған сауалнама нәтижесі
Тарих пәні мұғалімі жас маман Ф. К Уббиевамен жүргізідген сауалнамада он бағыт бойынша сұрақтар берілді. Берілген сауалнама жауаптарында мұғалімнің орта меңгергені:
Бағдарламаны талдау
Күнтізбелік жоспардың жасалуы
Құжаттармен жұмыс жасауды
Сабақ кезеңдерін жоспарлауды
Қазіргі педагогикалық технологияларды
Сабақты талдау
Өз білімін көтеру
Тәрбие жұмысы бойынша
Сауалнама бағытында алынған бір бағытты мұғалім орташа меңгерген. Ол сабақ типтерін таңдау.
Жас маманның сауалнамасын талдай келе қиналған деңгейіне төмендегідей әдістемелік көмек берілді. Сабақ типтерін таңдауда жүргізілетін сабақтың құрылымына қарай отырып. Бағдарламаға сәйкес меңгерілетін жаңа білім жүйесі: ауызша, түсіндіру, әңгімелеу, дәріс, аралас сабақтар түрлері меңгертілді.

Жас маманның педагогикалық шеберлігін дамытуда әдістемелік тест сұрақтары жүргізіліп отырады
Сабақты өзіндік талдау. (сұрақ-жауап)
1) Сабақ талдауда қандай басшылықты міндетке аласыз?
2) Оқушылардың жас ерекшелігін қалай анықтауға болады?
3) Оқу материалын қалай дұрыс таңдауға болады?
4) Мұғалім мен оқушы-арасында байланысты қалай анықтай аласыз?
5) Өзіндік жұмыстың құндылығы неде?
6) Сабақта оқытудың әдіс -тәсілдерін іріктеу негіздігі мен дұрыстығын қалай анықтау қажет?
7) Сынып жұмысына жалпы бағаны қалай баға беруге болады
8) Оқушылардың дербес оқу жұмысын ұйымдастыру, оқу еңбегін ұтымды пайдалануды қалай анықтауға болады?
9) Сабақ материалынан жеке идеяларды бөліп көрсет (жағдаят, жаңа білім)
10) Сабақта орындалатын жұмыс көлемі қандай болуы керек?

Тест «Педагогика» 1. Педагогикалық қызметтің нәтижесі деп түсінетініміз: А) үздік бағаларды В) білімділік, тәрбиелілік, жеке тұлғаның дамытушылығы С) жақсы денсаулық Д) үздік көрсеткіштер Е) жақсы психологиялық климат 2. Ауызша оқыту әдісіне мыналар енеді: А) Практикалық сабақ В) Жаттығулар, бақылаулар С) Иллюстрациялар. Д) Әңгімелесулер, түсіндірулер, оқулықпен жұмыс* Е) зертханалық сабақтар, иллюстрациялар 3. Педагогикалық процеске қатысушылардың неғұлым тиімді әсер беретін өзара ынтымақтастық жүйесі: А) өзін-өзі басқару В) авторитарлық басқару С) коммунарлық әдістеме Д) ынтымақтастық педагогикасы* Е) либералды басқару 4. Оқушылардың дамуы өзара байланысқан үш бағыт бойынша жүреді. Дұрыс емес бағытты көрсетіңіз А) биологиялық, психологиялық, әлеуметтік. В) психологиялық, физиологиялық, адамгершілік С) әлеуметтік, еңбек, экономикалық Д) құқықтық, ақыл-ой, экологиялық Е) тұқымқуалаушылық, биологиялық, эстетикалық, діни.

5. Мұғалімнің инновациялық қызметіне мынылар жатады: А) оқушылардың ойындық қызметін ұйымдастыру. В) танымдық қызметтік белсенділігін арттыру С) оқытудың дәстүрлі формаларын қолдану Д) алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибемен танысу Е) оқытудың авторлық бағдарламасын дайындау 6. Физикалық жас деп мынаны түсінеміз: А) туған сәтінен бастап өткен жылмен, аймен және күнмен саналатын баланың өмір сүрген уақыт кезеңі аралығы. В) зерттеу сәтіне дейінгі жасы. С) сол сәттегі психологиялық даму деңгейін көрсетеді. Д) тексеру сәтіндегі физикалық бойы Е) ағзаның даму деңгейі. 7. Жеке тұлғаның қалыптасуы деп түсінетініміз: А) Түрлі жағдайлардың адамдарға (олардың саналы іс-әрекетіне қарамастан) әсер етуі. В) адам ағзасындағы сандық өзерістер процесі мен нәтижесі. С) білім меңгеру негізінде практикалық және теориялық іс-әрекеттерді саналы және өздігінен орныдауға дайындығы. Д) нақты тәрбиелік міндеттердің шешімін табыға бағытталған тәрбие жұмысының процесі мен нәтижесі. Е) барлық фокторлардың: экологиялық, әлеуметтік, идеялогиялық, психопедагогикалық және т. б.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz